өлең қыс туралы. Тнімен долы дауыл рыстаан секілді арыстандай жыны стаан
Скачать 16.01 Kb.
|
Түнімен долы дауыл құрыстаған секілді арыстандай жыны ұстаған. Жамылып ақ көрпесін енді ғана маужырап байтақ дала тыныстаған. Қалыпты қарауылда жыңғыл, құрақ, іліп ап ақ мамықтан бір-бір тұмақ. Мәз болып жас баладай, айналаға қарайды әр бұтадан күн жылтырап. Қыс күні Жапалақтап ала қар Жауды күнде қайталап, Қырға шықты балалар, Шаңғыларын арқалап. Жұлдыз болып ағамыз Ақ мамықтың үстімен. Біз спортшы боламыз, Үлгі аламыз күштіден. Қуаныштың бүгінгі Басылмайды ыстығы. Жылдамырақ жүруді Үйретеді қыс күні! Ауыл маңы қар аппақ, Қызықтар көп не түрлі. Ақ дәптерді парақтап, Қыс отырған секілді. Далада қар борайды, Ақ мамыққа орайды Мұз болады, қатады Жып жылтыр боп жатады. Аралайды бақшаны, Үзілмейді жақсы әні. Гүлденеді бақшалар, Жауса жаусын ақша қар. Жауды,міне қар аппақ, Айналаның бәрі аппақ. Жасырыпты жолдарды, Тегістепті оларды. Үстін жауып көлдердің, Бетін бүркіп белдердің. Жастық етіп тауды асқақ, Жантайыпты жамбастап. Уақыт мол бөлеміз, Қыс қызығын көреміз. Сары аязға шыңдалып, Шымыр болар денеміз. Жылда осылай келеді, Көп қуаныш береді. Шашу етіп біздерге, Ақ күмісін төгеді. Қыс қызығы Қар жамылды бар алқап, Жүрмедік біз құр қарап. Бір топ бала бірлесіп, Жасап алдық сырғанақ. Қыс қызықты балаға, Ойнаймыз көп далада. Қарды үйіп аулаға, Сырғанайды бар бала. Қыс келгенде Қыс келгенде далама, Қызығып тек тұрмаймын. Ат жегіп-ап шанама, Аппақ қармен зырлаймын. Қыс Қыста қармен ойнаймыз, Қызыққа біз тоймаймыз. Таудан төмен сырғанап, Шаңғы,шана тебеміз. |