Главная страница
Навигация по странице:

  • Студент: Өтепова Нұршат

  • Туберкулез және қант диабеті патогенезі және патологиялық анатомиясы

  • Жеке бас гигиенасы ережесін сақтау – жуу құралдары мен ағын суды пайдаланып қолды, ыдысты жуу, бөлмеге ылғалды тазалық жүргізу және желдету.

  • Жеке гигиеналық құралдар мен ыдыстарды пайдалану.

  • Пайдаланылған әдебиеттер

  • туберкулез. ҚД туберкулез. Тобы 404Б Тексерген Капашева Ляззат Кенжебековна


    Скачать 1.3 Mb.
    НазваниеТобы 404Б Тексерген Капашева Ляззат Кенжебековна
    Анкортуберкулез
    Дата27.04.2021
    Размер1.3 Mb.
    Формат файлаpptx
    Имя файлаҚД туберкулез .pptx
    ТипДокументы
    #199454



    БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ



    Тақырыбы: «Басқа аурулармен үйлесімдегі «туберкулез»



    Ақтөбе 2019 жыл.

    Студент: Өтепова Нұршат

    Тобы: 404«Б»

    Тексерген: Капашева Ляззат Кенжебековна
    • Туберкулез және қант диабеті туралы түсінік.
    • Туберкулез және қант диабеті патогенезі және патологиялық анатомиясы
    • Туберкулез және қант диабеті клиникалық белгілері
    • Алдын алу шаралары
    • Емі

    Жоспары:

    Өзектілігі

    Туберкулез – қант диабетінің ауыр асқынуларының бірі болып табылады, қант диабеті оның өту ағымын қиындатады. Сау адамдарға қарағанда қант диабетң бар науқастар туберкулезбен 2-6 есе жиі ауырады. Туберкулезбен ауыратын көптеген науқастарда жасырын түрде өтетін қант диабеті болады, туберкулез үрдісінің өршуі қант диабетінің ағымын асқындырады. Туберкулез және қант диабетімен ауыратын науқастардың ішінде 20-40 жастағы ер адамдардың саны басым.

    Симптомдары

    Өкпе және кеуде ішілік лимфа бездерінің туберкулезінен кейінгі қалдықты өзгерістердің белсенді түрге көшуі нәтижесінде, туберкулез, қант диабетімен ауыратын науқастарда екіншілік туберкулез түрінде дамиды. Қант диабетімен ауыратын науқастарда туберкулездің дамуына және оның ағымының ауыр түрде өтуінде ағзаның табиғи қарсыласу күшін анықтайтын лейкоциттердің фагоцитарлы белсенділігінің және басқа имунитет реакцияларының төмендеуі, ферменттердің тепе теңдігінің және зат алмасуының бұзылуы әсер етеді. Қант диабетінің ауыр ағымымен өтуі туберкулездің де өту ағымын ауырлатады. Сонымен қатар қант диабетіне қосылған туберкулез ауруы да диабеттің өтуін қиындатады.

    Патогенезі

    Туберкулездің алдын алу шаралары
    • БЦЖ вакцинасы перзентханада баланың 1-4 күндерінде міндетті түрде енгізіледі. Келесі ревакцинация 6-7 жаста жасалады. Бұлар өз кезегінде милиарлы туберкулезден және туберкулезді менингиттің дамуы мен асқынуын және таралуын тежейді.
    • Уақтылы анықталып, дер кезінде емдеу басталғанда туберкулез емделетіндігін есте сақтаған жөн. Әйтпегенде, кеш анықталса, өлімге әкеп соқтыруы да әбден мүмкін. Өкпе туберкулезін уақтылы анықтау үшін қақырыққа бактериоскопиялық зерттеу жүргізіледі. Балалардың туберкулезді жұқтыруын уақтылы анықтау үшін Манту сынамасы салынады. Манту сынамасы бір жастан бастап, жылына 1 рет салынады. Нәтижесі 72 сағаттан кейін жарық жерде мөлдір сызғыштың көмегімен папуланы (түйінді) өлшеу арқылы белгілі болады. Папуланың тек көлденең өлшемі тіркеледі, ал қызарған аймағы есептелмейді. 
    • Жеке бас гигиенасы ережесін сақтау – жуу құралдары мен ағын суды пайдаланып қолды, ыдысты жуу, бөлмеге ылғалды тазалық жүргізу және желдету.
    • Дұрыс тамақтана отырып (ет, сүт өнімдері, балық, дән тағамдары, көкөністер мен жидектерді асқа жеткілікті мөлшерде пайдалану), салауатты өмір салтын ұстану, тұрақты түрде денешынықтыру жаттығуын жасау, қалыпты демалыс, таза орта, темекі, алкоголь, есірткіден аулақ болу.
    • Жеке гигиеналық құралдар мен ыдыстарды пайдалану.
    • Ет пен сүтті міндетті түрде термиялық өңдеуден өткізу.
    • Қоршаған орта гигиенасы, мақсаты – анықталмаған және уақтылы ем қабылдамаған науқастардан ауруды жұқтыру қаупін төмендету:

    Острый туберкулезный панофтальмит


    Пайдаланылған әдебиеттер

    1.Жайшева К.Т Өкпе туберкулезінің ажырату диагностикасы

    Қараганды,2013

    2.М.И.Перельман. И.В.Богадельникова “Фтизатрия” 2014

    3. А.С. Ракишева,Г.Цогт “Фтизатрия”Алматы 2014

    4.Игембаева Р.С “Фтизатрия” Алматы 2013


    написать администратору сайта