БОТАНИКА. №3 Ботаника. Тобы бо21
Скачать 23.28 Kb.
|
Студент: Иманнурова Нұргүл Пән:»Ботаникадан үлкен практикум» Тобы: БО-21 Тақырып № 3. Ұлпалар және олардың классификациясы. Жасаушы, жабындық ұлпалар. Сұрақнама: 1. Жабындық ұлпаның негізгі қызметтерін атаңыз? 2. Алғашқы және соңғы ұлпаларға қандай ұлпалар жатады? 3. Неліктен эпидермис күрделі ұлпа деп аталады? 4. Эпидермистің негізгі қызметтерін атаңыз? 5. Неліктен ағаштар мен бұталарда эпидермистің орнына тоз пайда болады? 6. Феллема, феллоген, қыртыс қалай пайда болады? 1. Жабындық ұлпалар өсімдіктің ішкі нәзік бөліктерін шамадан тыс буланудан, төменгі және жоғары бөліктерін температурадан, құрғап кетуден, зиянды микроорганизмдердің әсерінен жәнее т. б. сондай сыртқы ортаның қолайсыз әсерлерінен сақтайды. Сонымен қатар өсімдіктердің әрбір мүшесінің жабын ұлпасының өзіне тән физиологиялық қызметі бар. 2. Алғашқы жабындық ұлпаларға: эпидерма (эпидермис) және эпиблема, ал соңғы жабындық ұлпаға тоз, қыртыс жатады. 3. Эпидермисте пішіні мен құрылысы әр түрлі көптеген өсінділер, яғни түктер дамиды. Түктер бір және көп жасушалы, жай, күрделі, өлі және тірі болады. 4. Эпидермистің қызметі ағзаны зиянды сыртқы әсерлерден қорғауда жатыр. Терінің жоғарғы қабаты ретінде эпидермис зиянды микроорганизмдердің енуіне жол бермейді және ультрафиолет сәулесінен және механикалық стресстен қорғайды. 5. Тоз — Эпидермис өсімдікте бірнеше айдан 2-3 жылға (омела өсімдігінде 15 жылға дейін сақталады) дейін сақталып қорғаныштық қызметін атқарады. Ол түлеп түскен соң түзуші ұлпа жасушалары бөлініп, өте берік, жасушааралық кеңістіктері болмайтын және жасушалары өте тығыз кірпішше қаланып жататын жаңа ұлпа, яғни тоз пайда болады. 6. Тоз камбийі немесе феллоген клеткаларының тангетальды бөлініп жіктелуінен сыртқа қарай феллема, ішке қарай феллодерма клеткаларары пайда болады. Феллема көп қатарлы, феллодерма клеткалары пайда болады. |