Главная страница
Навигация по странице:

  • Волейбол Волейбол

  • Шаңғы жарысы Шаңғы жарысы

  • Үзіліссіз Қуу жарыстары (дуатлон

  • Жарыс форматы Қашықтық ұзындығы (км)

  • реферат физра. Тоызмала


    Скачать 0.62 Mb.
    НазваниеТоызмала
    Дата08.05.2018
    Размер0.62 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлареферат физра.docx
    ТипДокументы
    #43107

    Тарихы

    Соңғы деректерге қарағанда, оның шығу тарихы 4 мың жылдық кезеңді қамтиды. Ал кейбір мамандардың айтуынша, оның пайда болған кезі бұдан да көп уақыт болуы әбден мүмкін. Тоғыз-құмалақ өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең кең тараған ойын болатын.

    Әлемде

    картинки по запросу тоғызқұмалақ реферат

    Тоғыз-құмалақ

    Қазіргі кезде әлемнің көптеген елдерінде тоғыз-құмалақ жақсы насихатталып жатыр. Мәселен, Қырғызстанда мектептерде тогуз-коргоолдан олимпиада өтеді екен. Қытайда, Қарақалпақстанда кітаптар, ғылыми еңбектер шығуда. Сондай-ақ, көршілес Алтайда, Қарашай-Шеркеште, Сахада үйірмелер ашылып, Еуропаның бірнеше елдерінде тоғыз-құмалақ ойналып жатыр деген дерек бар.

    Мәселен, Африкадағы Уганда елінің омвесо деген ұлттық ойыны бар. Оның тоғыз-құмалақтан ерекшелігі отау саны көп (32 отау) те бірақ құмалақ саны аз (64 құмалақ). Осы ойынды угандалықтар әлемдік интеллектуалдық ойындардың қатарына кіргізіп, одан жыл сайын біресе Америкада, біресе Англияда олимпиадалар өткізеді екен. Немесе Шри-Ланканың манкала типіндегі жеті отаулық олинда калия ойын түрін алайық. Белгілі тоғыз-құмалақ маманы Мақсат Шотаевтың айтуынша, қазір бұл ойын, Интернет арқылы жедел дамып келе жатыр.

    Қазақстанда

    Қазіргі таңда республикада оның жеке қауымдастығы бар, облыс орталықтарында тоғыз-құмалақты үйренемін деушілерге қауымдастықтың бөлімшелері мен үйірмелері ашылған. Бүгінде Қазақстанда осы жұмыстардың ұйытқысы болып отырған танымал бірнеше азаматтар бар. Солардың ішінде тоғыз-құмалақ федерациясының президенті Әлихан Байменов, вице-президенті Сардар Шәріпов пен «Таңғажайып тоғыз-құмалақ» кітабының авторы, тоғызқұмалақтан мемлекеттік жаттықтырушы Мақсат Шотаев деген азаматтардың есімін атау тұрарлық.

    Қазақстан тәуелсіздік алған жылдан бері тоғыз-құмалақ жылдан-жылға дамып келеді. Бұл жерде жаңа құрылған тоғыз-құмалақ федерациясының ықпалы зор болып отыр. Бүгінгі таңда осы қауымдастықтың арқасында елдің түкпір-түкпірінде үйірмелер ашылып, тоғыз-құмалақтан жарыстар жиі өткізіліп келеді.

    Тоғызқұмалақ ережесі

    Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы – 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі.

    Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп атайды. Кейде бастаушы үшін – ақ жағы, қостаушы үшін қара жағы деген тіркестерді де қолданамыз.

    Тақтаның жалпы құрылысы төмендегідей:
    http://www.9kumalak.com/images/ereje/ereje_1.jpg

     

    Бұл жерде - №1 №2 №3 №4 №5 №6 №7 №8 №9 - отаулар

    Берілген диаграммада  бастаушының отаулары төменгіжағында,  ал қазандағы құмалақтар  саны жоғарғыжағында орналасқан.

    Жүріс жасау ерекшеліктері

    Жүріс ойыншылар тарапынан кезектесіп жүріледі. Жүрісті кімнің жасайтыны жеребемен немесеқарсыластардың  келісімімен анықталады.

    1.Жүріс жасау үшін өз жағыңыздағы отаулардың бірінен біреуін орнына қалдырып, қалған құмалақтарды қолға алып, солдан оңға қарай бір-бірлеп таратамыз. Тарату сәтінде құмалақтар өз отауларымыздан асып кететін болса, қарсыластың отауына таратамыз. Егер соңғы құмалақ қарсыластың тақ санды құмалағы бар отауына түсіп, ондағы құмалақтарды жұп қылса (2, 4, 6, 10, 12), сол отаудағы құмалақтар ұтып алынып, өз қазанымызға салынады.

    Егер соңғы құмалақ қарсыластың жұп санды құмалағы бар отауына түсіп (3 құмалақтан басқа), тақ қылса немесе өз отауымызға түссе, құмалақ ұтып алынбайды.

    Мәселен, жоғарыдағы тақтадағы алғашқы жағдайда бастаушы №7 отаудағы 9 құмалағын таратса, соңғысы қарсыласының №6 отауына барып түседі және ондағы 9 құмалақ соңғы құмалақпен 10 болып, ұтып алынады және қазанға салынады.

     

    Сол кезде тақтада төмендегідей жағдай қалыптасады.
    http://www.9kumalak.com/images/ereje/ereje_2.jpg

     

    2.Отаудағы жалғыз құмалақ көрші отауға жүргенде орны бос қалады.

    3.Жүріс жасаған кезде отауларға құмалақ салмай немесе 2-3 құмалақ бөліп алып жүруге болмайды.

    Тұздық алу ережесі

    Тоғызқұмалақ ойынында құмалақтан басқа ойында бір рет қарсыластың отауын ұтып алуға да болады. Оны ежелде – “тұзды үй”, қазіргі тілде – тұздық деп атайды.

    4.Тұздық алу үшін жүріс жасаған кезде, қарсыластың екі құмалағы бар отауына таратқан құмалағыңыздың соңғысын түсіру керек.

    Сонда сол отауда қалыптасқан 3 құмалақпен бірге отау да ұтып алынып, ойынның аяғына дейін сіздің меншігіңізге айналады.

    Енді жүріс жасалған сайын тұздық алынған отауға түсетін бір құмалақ, міндетті түрде сіздің қазаныңызға салынып отырады.

     

    Тұздық алынған отауға арнайы белгі қойылады. Жазбаша түрде – Х деген шартты таңбамен белгіленеді. Мәселен, төмендегі диаграммаға қарайық.

     

      http://www.9kumalak.com/images/ereje/ereje_3.jpg

     

    Осы жағдайда қостаушы ойыншы №7 отаудағы 10 құмалағын тарату арқылы, соңғы құмалағын бастаушының №7 отауына түсіріп, ондағы 2 құмалақты үшеу етіп, осы құмалақтарды ұтумен қатар, осы отауға тұздық жариялайды. Сонда төмендегі жағдай қалыптасады.
    http://www.9kumalak.com/images/ereje/ereje_4.jpg

     

    Ендігі кезде бүкіл ойын барысында №7 отау – қостаушының меншігіне айналады.

    5.Тұздық ойында бір рет алынады және №9 отаудан ешқашан алынбайды.

    6.Тұздық аттас отаулардан алынбайды.

    Мысалы, жоғарыдағы диаграммадағы жағдайда қостаушы ойыншы №7 отаудан тұздық алды, енді бастаушы ойыншы ойын барысында бұл отаудан тұздық алуға қақысы жоқ.

    Егер ойыншы ойын барысында 82 құмалақ жинаса ойын бірден тоқтатылады.

    Волейбол

    Волейбол (volleyball, volley — «қалқып ұру», ball — «доп» ) - спорт түрі, анығырақ айтқанда, командалық спорт түрі. Мұнда 2 команда тордың екі жағына бөлініп тұрып, әр команда өздеріне тиесілі арнайы алаңда ойнайды. Ойынның мақсаты - волейбол добын команда өкілдері өздерінің алаңдарына түсіріп алмау керек, керісінше, қарсылас команданың белгіленген алаңына түсіріп, ұпай алу қажет. Егер команда өкілдерінің біреуіне доп тиіп, ол доп аутқа кететін болса, қарсылас команда ұпай еншілейді. Сондықтан қарсыласты қателестіру арқылы ұпай алуға болады. Доп белгілі бір команданың алаңында болған кезде, ол командадан тек үш ойыншы ғана допты келесі жаққа асыруға көмек ете алады, яғни, үш реттен артық допқа қол тигізуге болмайды (блок қойған жағдайда ғана төртінші рет допты алаңда ұстауға болады).

    Волейболдың ережелерін бекітіп, басқа да волейболға қатысты маңызды істермен айналысатын басты кеңес - Халықаралық волейбол федерациясыFIVB (ағыл.).

    Волейбол - комбинациялық спорт түрі. Волейбол алаңында әрбір спортшы маңызды рөл атқарады. Волейбол ойыншысы биіктікке секіру қабілеті жоғары, реакциясы мықты, командаластарымен еркін түсінесетін, физикалық әлеуетін соққы жасау кезінде орынды пайдаланатын ойыншы болғаны жөн.

    Волейбол ойнаушы адамдардың бұл ойынды ұнатуының басты себептері: салауатты өмір салтын ұнату, ережелерінің оңай болуы және волейбол ойнау үшін көп құралдың қажет болмауы.

    Волейболдың бірнеше түрі бар: жағажай волейболы, мини-волейбол, пионербол, саябақтағы (парктегі) волейбол (1998 жылы Токиодағы FIVB кеңесінде бекітілген).

    Тарих беттерінен

    1995 жылы әлемдік спорт шеберлері волейболдың 100 жылдық мерейтойын тойлады. Бұл ойынның ресми туған күні 1985 жыл деп есептелінеді. АҚШ-тың Массачусетс штатындағы белгілі Гелиокс колледжінде дене шынықтыру пәнінен сабақ берген американдық азамат Уильям Дж. 1897 жылы волейболдың 10 шартын ұсынған. Оның басты қағидалары төмендегідей:

    • Алаңның ауқымы белгіленуі тиіс.

    • Алаң аумағы: 25х50 фут (7,6х15,1 метр).

    • Себеттің көлемі 2х27 фут (0,61х8,2 метр).

    • Биіктігі: 6,5 фут (198 сантиметр).

    • Доп резіңке теріден жасалуы керек. Оның салмағы - 340 грамм

    Уильям Дж. Морган бұл ойынды «МИНТОНЕТ» деп атаған екен. Негізінен волейболдың тарихы он тоғызыншы ғасырдан бастау алады. Кейбір ақпараттарға сүйенсек, Еуропа, Орталық және Оңтүстік Америка халықтары осы тектес ойынды мыңдаған жыл бұрын ермекке айналдырған көрінеді. Ежелгі Рим жылнамаларында да біздің заманға дейін III ғасырда волейбол сынды фаустбол ойын түрі ұйымдастырылып тұрған. Олар әр командада 3-6 ойыншыдан бөлініп, допты алса қабырғадан лақтыруға тырысқан. Фаустбол ойыны әсіресе, Еуропа халықтарына кеңінен танылған. Ойын 15 минуттан 2 таимға созылған.

    Десе де, волейболдың ресми күні 1895 жыл деп белгіленді. Оны алғаш ойлап тапқан- У. Дж. Морган.

    Арада бір жыл өткен соң, яғни 1896 жылы "минтонет" ойыны Спрингфилде ( АҚШ, Массачусетс штаты) Христиан Жастар Одағының конференциясында назарға ұсынылды. Аталмыш одақ волейболдың бастамашылары бола білді. Кейіннен тас қамалдан емес, арнайы тордан допты лақтыру мүмкіндігі пайда болған кезде профессор Альфред Хальстед "минтонетті" "волейбол" атауымен алмастыру қажет деп мәлімдеме жасады. 1897 жылы Христиан жастары қауымдастығы волейболдың ресми шарттарын айқындап, арнайы анықтама ретінде шағын кітапша басып шығарды.

    1900 жылы волейбол танымалдығы жағынан АҚШ-тың шеңберінен шығып, әлемнің өзге елдеріне таныла бастады. Ойынға алғашында Канада, кейін Үндістан және Азия елдерін қызығушылық танытқан. 1905 жылы Куба, 1906 жылы Қытай, 1908 жылы Жапонияда волейбол құрамалары құрылды. 1909 жылдан бастап Пуэрто-Рикода бұқаралық ақпарат құралдырында волейбол матчынан репортаждар беріледі бастады. Мысалы, 1910 жылы Перу мен Филиппинде, 1912 жылы Уругвай да, 1914 жылы Англияда, 1917 жылы Мексика мен Францияда, 1918 жылы Италияда, 1919 жылы Чехословакияда, 1923 жылы Африка құрлығындағы Мысыр, Тунис, Марокко, ал 1924 жылы Испания мен Огославияда, 1925 жылы Голландияда Жастар Христиан Қауымдастығының бастамасымен арнайы командалар пайда болды.

    1900 жылы Американың «Spalding» фирмасы алғашқы волейболдық доп жасап шығарды. Бүгінде ресми жарыстарда допты дайындауды жапондық "Mikasa" корпорациясы мен ағылшындық "Molten" "Wilson" фирмасы жауапкершілікке алып отыр. 1900 жылы ойынның алғашқы ресми 12 ережесі қарастырылған. Оның ресми регламенті 20 жылдары қолданысқа енді. Сол кезде биресми халықаралық турнирлер өтіп тұрған болатын. 1913 жылы 16 ерлер командасымен Азия ойындары өтті. Оған Қытай мен Филиппин қатысты.
    1913 жылы Манилда Қиыр Шығыс елдерінің ойын бағдарламаларына волейбол енгізілді. І-дүниежүзілік соғысқа дейін американдық әскерилер волейболды уақытты тиімді өткізудің бір әдісі ретінде ойнаған.

    Қазақстандағы волейбол

    bulgaria-serbia volley 2012.jpg

    Қазақстанда алғашқы жарыс 1926 жылы Қызылордада ұйымдастырылды. Қазақстан волейболы 20 ғасырдың 60-жылдары жақсы дамыған. Ол спорт шебері, КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Октябрь Жарылғаповтың есіміне тікелей байланысты. Оның құрған «Буревестник» ерлер командасы 1969 жылы КСРО-ның, 1970 – 71 жылы Еуропа чемпиондарының кубогін жеңіп алды. Қазақстанда тәрбиеленген Валерий Кравченко, Олег Антропов, Надежда Смолеева 1968 жылы Мексикада өткен 19-Олимпиялық ойындардың, 1969 жылы Жәнібек Саурамбаев Еуропаның чемпионы атанды. Мұндай табысқа 1988 жылы Сеулдегі 26-Олимпиялық ойындарда Ольга Кривошеева, Елена Чебукина, Татьяна Меньшовалар жетті. Алматының АДК әйелдер волейбол командасы 1984 жылы КСРО-ның чемпионы атанды. Волейболшылардың халықаралық одағы 1924 жылы құрылған; 1992 жылдан осы одаққа Қазақстан Республикасының Волейбол федерациясы мүше.

    Шаңғы жарысы 

    Шаңғы жарысы — белгілі қашықтықтағы арнайы дайындалған трасса бойынша белгілі бәр спортшылар санаты бойынша (жастары, жынысы және т. с. бойынша) шаңғымен жарысу спорты.

    Алғашқы рет жылдамдыққа жүгіруден шаңғымен жарысу Норвегияда 1767 жылы өтті. Осыны үлгі етіп жарыс Швеция мен Финляндияда өте бастады, артынша Орталық Еуропада кең тарай бастады. 19 ғасыр аяғында— 20 ғасыр басында әлемнің көп елдерінде шаңғы клубтары пайда бола бастады. 1924 жылы Халықаралық шаңғы спорты федерациясы (FIS) құрылды. 2000 жылы FIS құрамында 98 ұлттық федерациялар болды.

    Техникасы

    Шаңғымен жүгірудің негізгі екі түрі бар — «классикалық стиль» және «еркін стиль».

    Классикалық стиль

    Бастапқы «классикалық стилге» алдын ала дайындалған екі коллеядан тұратын шаңғы іздерімен бүкіл қашықтықты жүгіріп өтуді жатқызады. «Классикалық» шаңғымен жүгіруде спортшы екі таяқты кезек кезек пайдалану (яғни итеру) немесе екеуімен бір уақытта итеріп қозғалады. Бір циклдағы қадам бойынша бірқадамды, алмакезек екіқадамды және қадамсыз жүру бойынша бөлінеді.

    Еркін стиль

    «Еркін стиль» аты айтып тұрғандай сопртшы өзі қалай жүгірем десе солай ерікті дегенді білдіреді, , ал «классикалық» жүгіру жылдамдығы бойынша «конькиліктен» баяу болғандықтан, «Еркін стиль» мен «конькилік жүгіру» синоним болып кеткен. Конькилік жүгіру 1981 жылдан бері кең тараған, сол жылы оны алғашқы рет сол кездегі 40 жастан астқан финн шаңғышысы Паули Сиитонен пайдаланып (55 км жарыста) жеңіп шыққан. Ең кең тараған бір уақыттағы екіқадамды конькилік жүгіру (жазықтар мен аз және орта көлбеуліктерде пайдаланылатын) мен бір уақыттағы бірқадамды конькилік жүгіру (стартта үдеуду,жазықтар мен 10-12° төбелерде пайдаланылады).

    Өрді бағындыру

    Өрді бағындыру үшін конькилік жүгіру әдісімен немесе: сырғанау қадамы (өрлігі 5° тен 10°), ступающим шагом (10° тан 15°), жүгіру қадамымен (15° тен жоғары), «жартылайшыршалық», «шыршалық», «баспалдақтық» (жарыстарда қолданылмайды).

    Төмен түсу

    Сопртшылар төмен түсерде тұрудың тізе бүгілу айырмашылығы бар әртүрлі бірнеше әдісін пайдаланады. Жоғарғы тұруда тізе бүгу бұрышы 140—160°, орта тұруда 120—140° , екеуі де тегіс емес еңістіктерде пайдаланылады. Тегіс еңістерде ең жылдам, төменгі тұру, тізе бүгілу бұрышы 120° пайдаланылады.

    Жарыстардың негізгі түрлері

    • Бөлек стартты жарыстар

    • Ортақ стартты жарыстар (масс-старт)

    • Қуу жарыстары (персьют, Гундерсен жүйесі)

    • Эстафеталар

    • Жеке спринт

    • Командалық спринт

    Бөлек стартты жарыстар

    Бұл жарыста спортшылар белгілі бір ретпен белгілі уақыт аралықтарында стартпен жарысты бастайды. Әдетте уақыт аралығы 30 с (өте сирек — 15 с немесе 1 мин). Спортшылар реті жеребемен немесе сол мезеттегі сопртшылар рейтингісімен (мықты спортшылар соңында) анықталады. Жұпты бөлек старттар болады. Спортшының жарыс уақыты «фиништегі уақыт» минус «старттағы уақыт» формуласымен есептеледі.

    Ортақ стартты жарыстар

    Масс-старт барлық спортшылар бір уақытта стартқа шығады. Ең жоғарғы рейтингілі сопртшылар ең ыңғайлы орындарда тұрады. Жарыс уақыты сопртшылардың фиништегімен уақытымен бірдей болады.

    Қуу жарыстары

    Қуу жарыстары (персьют, ағылш. pursuit — қуу) бірнеше этаптан тұратын жарыс болып табылады. Спортшылардың старттық орындары алдыңғы этап нәтижелеріне байланысты (алғашқы этаптан басқасында). Әдетте құұ жарыстары екі этаптан тұрады: бір этапты классикалық жүгірумен, ал екіншісін — еркін стильмен жүгіреді.

    Үзілісті Қуу жарыстары екі күнде өтеді, сирек — бірнеше сағат үзіліісмен. Әдетте бірінші этап бөлек стартты болады. Оның нәтижесі бойынша сопртшылардың көшбасшыдан қалған уақыты анықталады. Екінші этап гандикаптары сол бірінші этаптағы уақыт айырмашылығына тең болатындай басталады. Яғни бірінші этап жеңімпазы екінші этапты бірінші бастайды. Жалпы нәтиже екінші этап фиништік уақытымен сәйкес болады.

    Үзіліссіз Қуу жарыстары (дуатлон; 2011 ж. маусымда ФИС ресми түрде «дуатлонды» «скиатлон» деген атпен ауыстырды[1]) жалпы стартпен басталады. Бір стильмен жарыстың бірінші бөлімін аяқтап арнайы жерде сопртшылар шаңғыларын ауыстра салып екінші стильмен екінші бөлімін бастайды. Жалпы нәтиже фиништік уақытпен сәйкес келеді.

    Эстафеталар

    Эстафеталарда төрт спортшыдан тұратын командалар жарысады (сирек — үштен). Төрт этаптан тұрады (сирек — үштен). Эстафеталар бір стильмен өтуі мүмкін (барлық қатысушылар классикалық немесе тек қана еркін стильмен жүгіреді) немесе екі стильмен де (1 мен 2 этапты классикалық, ал 3 мен 4 этапты — еркін стильмен) өтуі мүмкін . Эстафета масс-стартпен басталады, жақсы орындарда жеребе бойынша немесе алдыңғы баламалы жарыстарда жоғары орын алған командалар жайғасады. Эстафетаны беру стартта тұрған өз командасының қатысушысын алақанымен кез келген дене мүшесіне тигізуімен жүргізіледі, екі қатысушы да бұл кезде эстафета беру аймағында болулары тиіс. Команда уақыты деп «команда соңғы қатысушысының фиништік уақыты» минус «алғашқы қатысушының старттық уақыты» (әдетте ол нөлге тең).

    Жеке спринт

    Жеке спринт жарысы жеке старт формантында өтетін іріктеуден (пролог) басталады. Одан кейін іріктелген спортшылар финалдық спринтта, әр форматтағы масс-старт жарысына түседі, масс-старт төрт (өзгеріп тұрады) адамнан тұрады. Финалдық жарыстарға іріктелетін сопртшылар саны 30дан аспайды. Алдымен ширек финал, сосын жартылай финал, ақыры финал А өтеді. Қоыртынды нәтижелер былай құралады: А финалы нәтижесі, жартылай финла қатысушылары, ширек финалшылар, ақыры іріктеуден өтпегендер.

    Командалық спринт

    Командалық спринт екі адамнан тұратын командалық эстафета түрінде өтеді. Әр қатысушы трассад 3-6 айналым жасап бір бірімен алмасады. Қатысушы командалар көп болса екі жартылай финал ұйымдастырылады, олардан бірдей комнда саны финалға шығады. Командалық спринт масс-старттан басталады. Қорытныды нәтиже эстафета ережесімен есептеледі.

    https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/b/bb/rr5219-0018r.png/220px-rr5219-0018r.png

    Қашықтықтар ұзындығы

    Ресми жарыстарда қашықтықтар 800 м ден 50 км ге жетеді. Бір қашықтық (қызықты болуы үшін) бірнеше айналымнан тұруы мүмкін.

    Жарыс форматы

    Қашықтық ұзындығы (км)

    Бөлек стартты жарыстар

    3, 5, 7.5, 10, 15, 30, 50

    Масс-стартты жарыстар

    10, 15, 30, 50, 70

    Қуу жарыстары

    5, 7.5, 10, 15

    Эстафеталар (бір этап ұзындығы)

    2.5, 5, 7.5, 10

    Жеке спринт (ерлер)

    1 — 1.4

    Жеке спринт (әйелдер)

    0.8 — 1.2

    Командный спринт (ерлер)

    2х(3-6) 1 — 1.6

    Командалық спринт (әйелдер)

    2х(3-6) 0.8 — 1.4


    написать администратору сайта