Главная страница
Навигация по странице:

  • 2-СӨЖ

  • 3-СӨЖ

  • 5-СӨЖ

  • 6-СӨЖ

  • Муравьев Владимир Павлович

  • Шишигина Ольга Васильевна

  • Ольга Сергейқызы Рыпакова

  • 7-СӨЖ

  • эссе. 1-7СӨЖ ДШ ҚҰРМАНЖАН ГҮЛДЕНАЙ. 1Сж волейбол ойыныны шыу тарихы


    Скачать 165.87 Kb.
    Название1Сж волейбол ойыныны шыу тарихы
    Дата06.10.2021
    Размер165.87 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла1-7СӨЖ ДШ ҚҰРМАНЖАН ГҮЛДЕНАЙ.docx
    ТипДокументы
    #242665

    ОРЫНДАҒАН:ҚҰРМАНЖАН ГҮЛДЕНАЙ ДЕФ- 103

    ҚАБЫЛДАҒАН:СЕЙСЕНБЕКОВ ЕРЛАН

    1-СӨЖ

    ВОЛЕЙБОЛ ОЙЫНЫНЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ

    Волейбол - менің сүйікті ойындарымның бірі. Волейболдың шығу тарихына келсек, волейбол ойыны АҚШ-та пайда болған. Мағынасы «ұшатын доп» дегенді білдіреді. Кейінірек келе, волейбол ойыны көпщілік назарына ұсынылды және ережесі жасалынды. Еуропа елдеріне 20ғасырда таралды және тұңғыш рет Чехословакия мемлекетінде алғашғы жарыс ұйымдастырылды. 14 елдің қатысуымен парижде 1947 жылы Халықаралық волейбол федерациясы құрылды. Бұл волейболдың халықаралық деңгейде беделін арттыруға көп септігін тигізеді.

    Бізде Қазақстанда волейбол 20ғасырдың ортасында жақсы дамыды.

    Қазіргі кезде волейболдан үлкен жетістіктер өте көп. Бала мектептен бастап волейбол ойнауды үйренеді. Волейболдың адам өмірінде маңызы өте зор.



    Волейбол ойынына тән ерекшелік – оның ұжымдық сипаты, ол жастар үшін тәрбиенің шешуші факторы және біздің қоғам жағдайында бала өмірін ұйымдастырудың негізгі формасы да десе қателеспейміз.жеке тұлғаның жан – жақты дамуы үшін ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет. Тұлға жарасымды даму мүмкіншілігін ұжымнан алатын болғандықтан ұжымда тұлғаның бас бостандығы болуы басты шарт. Себебі әрбір өзінің мүшелерін ұйымдастыру қажеттігі қоғамның өзі бетбұрыс ұжым ретінде өмір сүретіндігінен туындайды.

    Қоғамда ұжымдарды ортақ іс-әрекеттерінің түрлеріне қарай ажыратады, солардың ішінде спорт ұжымдары шешуші орындардың біріне жатады. Себебі дене тәрбиесі – мәдениет пен спорт, денсаулық кепілі, олай болса ұжымдық іс-әрекетті тез шешуге көмектесетін спорт ойындары, оның ішінде волейбол ойыны және ол ойынға қатысушылар еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуын тездету, қоғам дамуының жаңа деңгейін жоғары дәрежеге көтереді. Осы жағдайда барлық жастағы қоғам мүшелері үшін ортақ спорт ойыны волейбол адамның өмірін, оқуын, спорттық жетістіктерін, жасампаздығын, күш қуат мәдениетін ұйымдас-тырудың ең тиімді құралы.

    2-СӨЖ

    ВОЛЕЙБОЛ ОЙЫНЫНЫҢ БҰҚАРАЛЫҚ МАҢЫЗЫ

    Волейбол ойынын кез келген адам кез келген жаста ойнай алады.

    Волейбол ойынының адамға берер пайдасы өте көп. Ең біріншіден, қозғалыстар, жүгіру, секіру, лақтыру, жүру сияқты жаттығулар денсаулығымызға өте пайдалы және сымбатты болып өсеміз. Және де біздің ойлау, ақыл- ой қабілетімізге әсер етеді. Яғни допты қалай лақтыру, қалай дәл беру және допты қарсыласының алаңына алдау түсіру сынды техникалар арқылы ойлау қабілетіміз жақсарады және тез шешім қабылдауды үйретеді.

    3-СӨЖ

    ДЕНЕ ҚАСИЕТТЕРІН ЖЕТІЛДІРЕТІН ЖАТТЫҒУЛАРМЕН ОЛАРДЫҢ ОРЫНДАУ ЕРЕКШЕЛІГІ

    Дене жаттығулары — белгілі бір мақсаттарға жетуге (қозғалыс міндеттерін шешуге) бағытталған үздіксіз бір-бірімен байланысқан қозғалыс қимылдарының жиынтығы. Жарыстық спорттық жаттығуда қозғалыс әрекеттерінің тұтастығы барынша жоғары спорттық нәтижелерге жетуге бағытталған.

    Дене жаттығуының ең көбірек жалпы физиологиялық жіктелуі сол жаттығуды орындауға қатысатын еттер белсенділігінің үш негізгі сипаттамасының бөлінумен:

    белсенді еттер салмағының көлемімен;

    еттердің жиырылу түрімен (статикалық немесе динамикалық);

    жиырылудың күшімен және қуаттылығымен байланысты.

    Белсенді еттер салмағының көлеміне байланысты дене жаттығуын шектеген (жаттығуларды орындауға бүкіл ет көлемінің үштен бірінен азырақ қатысқандар); аймақтық (жаттығуларды орындағы бүкіл ет көлемінің жартысынан астамы қатысқанды) деп бөлінеді. Спорттық жаттығулардың басым көпшілігі оның ауқымына байланысты. Сол жаттығуды орындауға қатысатын негізгі ет топтарының жиырылу түріне сәйкес, олар

    статикалық жәнединамикалық болып бөлінеді.

    Статикалық жаттығуға ұстап тұратын қалыпты қамтамасыз ететіндерді (мысалы, гимнасшы мен мәнерлеп сырғанаушыда) жатқызады.

    Дегенмен де дене жаттығуының көпшілігі динамикалық (жүру, жүгіру, жүзу) болады.

    Күштің, қуаттылықтың және олармен байланысты жұмыс жасаудың ең жоғары ұзақтығы көрініс беру дене жаттығулары күшті, шапшаңдық - күштілікті және шыдамдылықты арттыратындар болып үш топқа бөлінеді. Қимылдың аз ғана шапшаңдығымен (сыртқы үлкен қарсылықпен) статикалық немесе динамикалық режимде көрініс беретін негізгі еттердің барынша жоғары немесе барынша жоғары шамасындағыларды күш жаттығулары деп атайды.

    4-СӨЖБаскетбол ойынының жалпы сипаттамасы

    Баскетбол алыптар ойыны - ден те атайды.Баскетболды ойлап тапқан американдық, колледж оқытушысы Джеймс Нейсмиг деген адам. Жаңалықтың пайда болуы кездейсоқ жағдайда да байланысты екені хақ, осындай тосын жағдай баскетбол тарихына байланысты екен. Бірде, Д. Нейсмиг дене тәрбиесі сабағында өз оқушыларын зеріктірп алыпты, олардың көңілін бір затқа аудару және тыныштаңдыру мақсатымен бос тұрған екі карзинаға кезектесіп тастауға бұйрық беріпті. Бұл қарапайым ойынның аяғы қазіргі оқушыларымызға кеңінен таныс - баскетбол ойының дүниеге келтіреді.

    Баскетбол екі сөздің құрамынаң тұратын ұғым «баскет» - корзина, «бол» - доп. 1894 жылғы дейін футбол добымен ойналып, ол кейіннен қазіргі баскетбол добына көшті, оның салмағы 600-650 грамм, дөңгелегі 75-78 см. Баскетбол ойынымен алғашқы рет көрермендерді таныстыру ІІІ Олимпиадада басталып, ол 32 жылдан кейін ғана олимпиадалық ойындардың бағдарламасына кірді.

    Қазақстан ойыншыларының ішіндегі ең ұзын ойыншы Уайс Ахтаев деген спортшы болған. У. Ахтаевтың өмірінде бір қызық оқиға болғак көрінеді, бірде жарыс алдында оның спорт киімдері ұрланып, алаңға шыға алмапты

    Әлемдегі табысы мол баскетболшы, американдық Майк Джордан. Ол 1995 жылы әр күн сайын 120 мың доллар табыс тауыпты. Оны уақыт безбеніне салсаңыз, секундтына 1,39 , минутына 83,5, ал сағатына 5 мын доллар болып кете береді.

    5-СӨЖ

    Қысқы спорт түрлерін оқу орындарында өту ерекшеліктері,тіәртібі,ережелері

    Қысқы спорт түрлері өте көп және қай түрін алсақта бәрі пайдалы. Мысалы,түрлеріне коньки тебу,сноубордпен сырғанау,шанамен сырғанау, тау шаңғы,мәнерлеп сырғанау,қыста жүгіру,шайбалы хоккей жатқызамыз.

    Коньки тебу спорты – қысқы танымал ойындардың бірі. Конькимен мұз үстінде жүрудің тарихы өте ежелден басталады. ХVI ғасырда коньки тебу Скандинавия елдерінде жарыс түрінде қалыптасқан. Ал конькимен жүгіру жарысы ең алғаш рет 1676 жылы өткізілген.

    Жалпы коньки тебу – қысқы демалыстың ең әдемі әрі ең қиын түрлерінің бірі. Коньки тебудегі қиындықтан құтылу үшін қарапайым ережерлерді сақтаған дұрыс. Коньки тебуді енді бастап жүргендер үшін роликті тебуге арналған экипировка жарай береді. Сонымен қатар мұздағы ауа температурасы төмен болғандықтан мейілінше жылы киінген дұрыс. Құлаған кезде жарақаттанбау үшін тізеқап, шлем мен қолғап кию керек.

    6-СӨЖ

    Қазақстандық жеңіл атлеттердің КСРО кезіндегі және тәуелсіздік алғаннан кейінгі әлемдік ареналар мен Олимпиадалық ойындардағы жетістіктері

    Ғұсман Қосанов - КСРО құрамында Олимпиадаға қатысқан тұңғыш қазақ желаяғы. 1960 жылы ХVІІ-нші Рим Олимпиадасынан 4x100 метрлік эстафеташылар жарысынан күміс медалға ие болды. КСРО чемпионатының 4x100 метрлік эстафеташылар жарысының жеңімпазы (Киев, 1960 жылы), 100 метрге жүгіруден КСРО чемпионатының күміс жүлдегері (Днепропетровск, 1966 жылы), КСРО – АҚШ кездесуінің 4x100 метрлік эстафеташылар жарысының жеңімпазы (Киев, 1965 жылы) болды. 1967 жылдан жаттықтырушылық қызметпен айналысып, 1968 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері атағына ие болды. Қосанов құрметіне арналған жеңіл атлетикадан ―Қосанов Мемориалық атты халықаралық жарыс 1991 жылдан бастап өткізіліп келеді.

    Әмин Тұяқов - 1962 жылғы КСРО чемпионатында тұңғыш рет КСРО чемпионы атанған қазақ желаяғы. 200 метр қашықтыққа жүгіруден 6 рет КСРО рекордын жаңартты. Ә.Тұяқов 100 метр, 200 метр қашықтыққа жүгіруден және 100х4 метр, 200х4 метр эстафетаға жүгіруден 8 рет КСРО чемпионы атанып, 10 мәрте күміс, қола жүлдеге ие болды. Ә.Тұяқов Еуропа кубогының жеңімпазы (1965 жылы), Еуропа біріншілігінің күміс жүлдегері (1966 жылы), 50-ге тарта ірі халықаралық жарыстардың жеңімпазы, әрі жүлдегері болды. 1965 жылы оған КСРО спортына еңбегі сіңген шебер жоғарғы атағы берілді және жеңіл атлетика саласында қазақ халқының даңқын әлемге аспандатқан желаяқ «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды.

    Солдатенко Вениамин - жеңіл атлет, спорттық жаяу жүрістен КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1976 жылы). Қазақстанның және халықаралық турнирлердің жеңімпазы. 50 км. қашықтыққа спорттық жаяу жүрістен жеті дүркін КСРО чемпионы (1967 жылы, 1969 – 1972 жылдары, 1975 – 1976 жылдары) және қола жүлдегері (1973 – 1974 жылдары). Еуропа чемпионы (1971 жылы, Финляндия, Хельсинки), қола (1969 жылы, Афины, Грекия), күміс (1978 жылы, Прага, Чехия) жүлдегері. Әлем чемпионы (1976 жылы, Швеция, Мальме). ХХ-Олимпия ойындарының күміс жүлдегері (1972 жылы, Германия, Мюнхен). Сонымен қатар ―Құрмет белгісі орденімен және медальдармен марапатталған.

    Муравьев Владимир Павлович - жеңіл атлет, техникалық ғылымдар кандидаты (1991 жылы). Спорт шебері (1977 жылы), спортқа еңбегі сіңген шебері (1980 жылы). 200 метр қашықтыққа жүгіруден КСРО халықтары спартакиадасының жеңімпазы (1983 жылы Мәскеу), 200 метрге және 4х100 метрлік эстафетаға жүгіруден Еуропа кубогінің иегері (1985 жылы, 1987 жылы), Дүниежүзілік чемпионаттың күміс жүлдегері (1987 жылы), 100 метрге жүгіруден КСРО чемпионы (1985 жылы). ХХІІ- (1980 жылы, Мәскеу) және ХХІV-Олимпия ойындарының (1988 жылы, Сеул) чемпионы. 2 рет ―Құрмет белгісі орденімен марапатталған

    Шишигина Ольга Васильевна - қазақстандық жеңіл атлет, кедергілі жүгіру спринтершісі, Сидней олимпиадасының чемпионы (2000 жылы), Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. 1994 жылғы Жапонияның Хиросима қаласында өткен Азия ойындарында жеңімпаз болған, осыдан кейін оған "Қазақстан Республикасының спортқа еңбек сіңірген шебері" атағы берілген. 1995 жылдардағы жазғы (Гетеборг, Швеция) және қысқы (Барселона) әлем чемпионаттарының күміс медаль иегері. 1999 жылғы жабық жайда өткен (Маэбаши, Жапония) әлем чемпионатында алтын жүлде мен 2000 жылғы Сидней олимпиадасындағы жеңісі.

    Дмитрий Карпов - қазақ жеңіл атлетикасының серкесі, қарағандылық онсайысшы. 2004 жылы Афины олимпиадасының қола жүлдегері. 2003 жылы, 2007 жылы, 2008 жылы Әлем чемпионаттарының қола жүлде иегері, Азия ойындары жеңімпазы (2006 жылы Катар). 2007 жылғы Әлем рейтингісінде онсайыстан 858ұпаймен 4-ші орында табан тіреді. Дмитрий Карпов - онсайыстан 8725 ұпайлық Азия рекорды иегері (Афина Олимпиадасындағы көрсеткіші).

    Ольга Сергейқызы Рыпакова — Қазақстанның үш аттап секіруден жеңіл атлеті. Ольга Рыпакова 2008 жылғы Бейжің олимпиадасында үш аттап секіруден 15 метр 11 сантиметр ұзындықты бағындырып, Азия рекордын жаңартып, 4-інші орында болды. Ольга Рыпакова 2010 жылы Шанхайда өткен «Гауһар лига» деп аталатын жеңіл атлетика сериясының бірінші кезеңінде алтын медальді 14 метр 89 сантиметрді бағындырып жеңіп алды. Ольга Рыпакова 2010 жылы қысқы әлем чемпионатында 15 метр 14 сантиметрге секіріп, әлем чемпионы атанды. 2011 жылғы жеңіл атлетикадан Тэгу қаласында өткен әлем чемпионатында Ольга Рыпакова күміс медаль жеңіп алды.

    2012 жылғы жеңіл атлетикадан Лондон қаласында өткен олимпиадада Ольга Рыпакова алтын медаль жеңіп алды.

    2000 және 2012 жылдардағы биіктеуі жекелеген спортшылардың тамаша көрсеткіштері — Ольга Шишигина және Ольга Рыпакова.

    7-СӨЖ

    Мамандық бойынша білім алушылардың ақыл-ой еңбегіне зейінді дамыту жаттығуларын үйрету әдістемесі мен ерекшеліктері

    Ақыл-ой тәрбиесі — балалардың ойлау қабілетін дамыту, интеллектуалдық ақыл-ой санасын, дүниеге ғылыми көзқарасын жетілдіру, ой еңбегі мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-әрекет.

    Ақыл-ой тәрбиесі жеке тұлғаны қоғамның өркениетті даму бағытына сай жан-жақты тәрбиелеудің құрамды бөліктерінің бірі. Ол білім жүйесін меңгеруге, оқушылардың рухани күшінің дамуына ықпал жасайды. Ақыл-ой тәрбиесінің басты міндеттері: оқушыларды табиғат, қоғам, адам жайындағы ғылым негіздерімен қаруландыру; қоршаған ақиқат дүниеге ғылыми көзқарасын, сенімін қалыптастыру; балалардың ойлау қабілетін (абстрактылы ойлау, ойлау операциялары — талдау, синтездеу, салыстыру, жинақтау, топтау, негізгісін ажырату, жіктеу т.б.), таным іс-әрекетін (іскерлік, дағды, бақылау, жазу т.б.) дамыту. Ол ой еңбегі мәдениетін меңгеруге, интелектуалдық іс-әрекетпен ұзақ шұғылдана білуге, оқушыларды дербес жұмыс істеуге дағдыландырады.


    написать администратору сайта