Конспект. Конспект к теме_ Топографиялық карталардың номенклатурасы.. Топографиялы карталарды номенклатурасы
Скачать 32.31 Kb.
|
Топографиялық карталардың номенклатурасы. Топографиялық карталар үлкен территорияларға жасалады, олар көптеген беттен тұрады. Картаның бетке бөлінуін жол-жол сызық, ал беттің белгісін картаның номенклатурасы деп атайды. Топографиялық картаның әрбір беті трапеция болып саналады, оған номенклатура беріледі. Карта бетінің номенклатурасы рамканың солтүстік қабырғасының үстінде орналасқан. Номенклатураның жанында, одан баска осы жерде, ең ірі болып саналатын елді мекеннің аты жазылады. Әрбір бетте тағы да қатар жатқан беттердің номенклатурасы көрсетіледі, мұның өзі карталарды жалғастырып жапсырған кезде оларды іріктеуді жеңілдетеді. Осы жазулар беттің рамкасының сыртындағы қабырғасының ортасында орналасады. Карталардың номенклатурасы негізін 1 : 1000000 масштабтағы карта құрады, оның рамкасының өлшемі бойлықта 6°, ал ендікте 4°. Осы масштаб бетінің номенклатурасы белдеуді білдіретін латын алфавитінің бас әрпінен және реттік нөмірін көрсететін цифрлардан тұрады. Мысал ретінде М-41-60-Б-Г карта бетінің номенклатурасының 1 : 1000000 масштабтан бастап рет-ретімен құрастыруды карастырамыз. М-41 бет 1 : 100000 масштабтағы 144 бетке бөлінеді, олар 1, 2, 3, . . , 144 цифрларымен белгіленеді. Осы масштабтың 60-нөмірлі бетінің номенклатурасы М-41-60 болады. 1:100000 масштабтағы М-41-60 картасының бір беті 1 : 50000 масштабтағы картаның 4 бетіне сәйкес келеді: олар А, Б, В және Г әріптерімен белгіленеді. Осы масштабтың екінші бетінің номенклатурасы М-41-60-Б болады. Осы бетті 4-ке бөлуден 1 :25000 масштабтағы картаның 4 бетін алады; бұл беттер а, б, в, г әріптерімен белгіленеді. Осы масштабтағы картаның ең соңғы бетінің номенклатурасы М-41--60-Б-г-4 болады. 1:5000 масштабтағы картаның номенклатурасының негізі болып 1 : 10000 масштабтағы картаның беті саналады, ал ол болса 1 :5000 масштабтағы картаның 256 бетіне бөлінеді. 1 : 5000 масштабтағы картаның ең соңғы бетінің номенклатурасы М-41-60 (256) болады. 1:2000 масштабтағы картаның номенклатурасын алу ушін 1:5000 масштабтағы картаның беті 9 бөлікке бөлінеді; оларды орыс алфавитінің кіші әріптерімен белгілейді. Сонымен 1: 2000 масштабтағы картаның ақырғы бетінің номенклатурасы М-41-60 (256-и) болады. Топографиялық карталардың масштабына байланысты жеке беттерінің өлшемі туралы мәліметтер және номенклатура үлгілері 2-кестеде берілген. 2 - к е с те Карталардың номенклатурасы
1 : 5000, 1 :2000, 1 : 1000 және 1 :500 масштабтағы топографиялық пландарды жасаудың негізгі ережелеріне сәйкес ауданы 20 км2-тан аз учаскелердің планын жасау үшін тікбұрышты жол-жол сызық қолданылады. Оның рамкасының өлшемі 1: 5000 масштаб үшін 40Х40 см, ал 1 : 2000, 1 : 1000 және 1 : 500 масштабтар үшін 50X50 см болады. Бұл жағдайда жол-жол сызықтың негізі ретінде 1 :5000 масштабтағы картаның беті қабылданып, олар араб цифрымен белгіленеді. Оған 1 :2000 масштабтағы картаның 4 беті сәйкес болады. Олардың әрқайсысы 1 :5000 масштабтағы беттің нөміріне орыс алфавитінің бас әріптерінің (А, Б, В, Г) бірін қосып жазу арқылы белгіленеді. Мысалы: 14-Б. 1 : 2000 масштабты картаның бетіне рим цифрларымен (I, II, III, IV) белгіленген 1 : 1000 масштабтағы төрт бет жәие араб цифрымен (1, 2, 3, ..., 16) белгіленген 1 : 500 масштабтағы 16 бет сәйкес келеді. Осыларға сәйкес, 1 : 1000 масштабтағы карта бетінің номенклатурасы 14-Б-ІУ (17-сурет), ал масштабы 1 : 5000 үшін 14-Б-16 болады. Геологиялық барлау жұмыстарын келешекте жүргізілетін ауданның керекті карта беттерін табуға және олардың номенклатурасын тез анықтауға арналған карталардың кұрама кестелері атты жинактар бар. Олар меридиандар мен параллельдер арқылы осы масштабтағы карта бетіне сәйкес келетін торларға бөлінген ұсақ масштабты схемалық карталар болып табылады. |