Главная страница
Навигация по странице:

  • 2. Электр қозғаушы күш және кернеу.

  • 3. Дифференциал түрдегі Ом және Джоуль-Ленц заңдары. Интеграл түрдегі Ом заңы.

  • j=

  • 4. Кирхгоф ережелері.

  • Тұрақты ток тізбегінің кез келген контурында ЭҚК-інің алгебралық қосындысы осы контурға кіретін барлық элементтердің кернеулерінің түсуінің алгебралық қосындысына тең

  • Ибрагимов Джасур АКИ-111 9-апта. ТРАты электр тогы электр тогыны пайда болу шарттары жне сипаттамалары


    Скачать 20.87 Kb.
    НазваниеТРАты электр тогы электр тогыны пайда болу шарттары жне сипаттамалары
    Дата23.12.2021
    Размер20.87 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаИбрагимов Джасур АКИ-111 9-апта.docx
    ТипДокументы
    #316028

    ТҰРАҚТЫ ЭЛЕКТР ТОГЫ

    1. Электр тогының пайда болу шарттары және сипаттамалары.XVIII ғасырдың бірінші жартысында электр өткізгіштік, электрленудің екі түрі, конденсатордың көмегімен заряд жинау және тағы да басқа мәліметтер пайда бола бастады. Әсіресе америка ғалымы Б.Франклин зерттеулері маңызды болды. Алғаш электр тогы туралы итальян анатомы және физиологы Л.Гальвани көп еңбек етті. 1780 жылы контактсы бар екі текті металмен бақаның бұлшық етіне жасалған тәжірибесі арқылы электр құбылысын бақылады. Гальваниға қарсы сын көзқараспен итальян ғалымы А.Вольта шықты. Ол алғашқы тұрақты ток көзін ашты. 1777 жылы Вольта электрофорды ойлап тапты. Содан кейін сезімтал электроскоп, жазық конденсаторды ойлап тапты.

    Зарядталған макроскопиялық денелерді немесе электрлік зарядтардың қозғалысы туралы құбылыстар мен процестерді, сонымен қатар электр тогы сияқты негізгі ұғымдарды қарастыратын бөлім-электр динамикасы деп аталады.

    Электр тогы дегеніміз зарядталған бөлшектердің немесе макроско-пиялық денелердің реттелген қозғалысы.

    Электр тогының екі түрі бар: өткізгіштердегі электр тогы және конвекциялық ток.

    Заттардағы немесе вакуумдағы зарядталған бөлшектердің, яғни ток тасымалдау-шылардың реттелген қозғалысынан немесе өріс әсерінен өткізгіште пайда болатын ток өткізгіштегі ток деп аталады. Мысалы: металдардағы, электролиттердегі, ионданған газдардағы, жартылай өткізгіштердегі токтар, вакуумдағы электрондар немесе иондардың шоқтары тудырады.

    Кеңістіктегі зарядталған макроскопиялық денелер қозғалысынан туатын электр тогы конвекциялық ток деп аталады. Немесе тасымалдаушы ток деп атайды, зарядтарды өзі тұрған ортамен қоса көшіреді. Мысалы: электростатикалық генератордың диэлектрик материалдан жасалған, қозғалыстағы лентасы конвекциялық ток тудырады.

    Электр тогының бағыты ретінде қозғалыстағы оң зарядтардың бағыты алынады. Өткізгіштегі ток электр өрісінің әсерінен туады. Металдарда ток тасымалдаушы электрондар болса, электролиттерде-оң және теріс иондар, жартылай өткізгіштерде-өткізгіш электрондар мен кемтіктер болады.

    Токты ұстап тұру үшін қандайда бір энергия түрін электр тогы энер-гиясына айналдыратын қондырғы-электр энергиясының көзі қажет болады.

    Электр тогын сипаттайтын негізгі шама ток күші деп аталады.

    Ток күші дегеніміз-уақыт бірлігі ішінде берілген өткізгіштің көлденең қимасы арқылы өтетін заряд шамасы I=dq/dt (10.1)

    өлшем бірлігі- ампер.

    Егер ток күшінің мәні мен бағыты өзгермейтін болса,онда ток тұрақты ток деп аталады. Тұрақты ток шамасы шамасы: I=q/t (10.2)

    Қарастырып отырған беттің әр нүктесіндегі токтың бағытын және ток күшінің таралуын (біртекті бөлінуін) анықтау үшін ток тығыздығы деп аталатын векторлық шама енгізіледі.

    Ток тығыздығы дегеніміз-j, қарастырып отырған нүктедегі токтың бағытымен сәйкес келетін және сан мәні жағынан беттің кішкене бөлігі арқылы өтетін ток күші шамасының бетке перпендикуляр ауданға қатынасына тең шама j=dI/dS (10.3), өлшем бірлігі-А/м2.

    2. Электр қозғаушы күш және кернеу.Тізбекте өткізгіштегі токты ұстап тұру үшін ток тасымалдаушыларға кулондық күштерден басқа, электрлік емес, бөгде күштер деп аталатын күш әсер етуі керек. Бөгде күштер әр текті зарядтардың бөлінуіне және өткізгіш ұштарында потен-циалдар айырымын ұстап тұру үшін қажет. F=Fk+Fб=q(Eк+Eб(10.4)

    Eб=Fб/q (10.5)-бөгде күш кернеулігі. Eк dl=- dφ (10.6)

    12Eкdl=φ1–φ(10.7), мұндағы φ1-тізбек бөлігіндегі потенциалдың түсуі. φ-электр өрісінің потенциалы.

    Бірлік оң зарядтарды тізбек бөлігінде 1-2 аралығыда тасымалдауға кеткен бөгде күш жұмысына тең шама электр қозғаушы күш (e12) деп аталады, өлшем бірлігі-вольт. e12 1Eбdl (10.8)

    Тізбек бөлігінің 1-2 аралығында бірлік зарядтар орын ауыстырған кезде Fk және Fб күштер істеген жұмысына тең шама кернеу деп аталады U1,2=12(Eк+Eб)dl (10.9) немесе U1,2=121–φ2)+e12 (10.10)

    Тұйық тізбек үшін электростатикалық күштің жұмысы нольге тең.

    3. Дифференциал түрдегі Ом және Джоуль-Ленц заңдары. Интеграл түрдегі Ом заңы.1827 жылы неміс ғалымы Ом көптеген тәжірибелердің нәтижесінде мынадай қорытынды шығарды: тұрақты температурада өткізгіш ұштарындағы кернеудің ток шамасына қатынасы әр уақытта тұрақты болады: I=U/R, мұндағы R- өткізгіштің кедергісі деп аталады. Өткізгіш кедергісі оның пішініне және мөлшеріне, сол сияқты табиғаты мен температурасына тәуелді, өлшем бірлігі-Ом. Бір текті цилиндр тәрізді өткізгіштердің кедергісі оның ұзындығына тура пропорционал да, көлденең қимасына кері пропорционал болады: R=r(l/S) (10.11), мұндағы пропорционалдық коэффициент r-өткізгіштің меншікті кедергісі, ол өткізгіштің қандай заттан жасалғанын көрсетеді, өлшем бірлігі-Ом*м, r=1/g (10.12), осы өрнектегі g-өткізгіштің меншікті өткізгіштігі, өлшем бірлігі-сименс/метр. Осы айтылғандар бойынша Ом заңын жазатын болсақ, бір текті металл өткізгіш арқылы өтетін ток күші өткізгіштегі кернеудің түсуіне тура пропорционал кедергіге кері пропорционал I=U/R немесе I=(φ1–φ2)/R (10.13). Осы теңдік-тізбектің бөлігі үшін жалпы түрдегі Ом заңы, немесе тізбектің бір текті емес бөлігі үшін Ом заңы деп аталады. Егер тізбек тұйықталған болса, онда ток көзінің э.қ.к.-і ішкі бөлігіндегі кернеу мен сыртқы кернеудің қосындысына тең: e=Ir+U. Тізбек бөлігі үшін Ом заңын ескеріп, тізбектегі ток күшін тапсақ:

    =e/(R+r) (10.14)

    Осы формула тұйық тізбек үшін Ом заңы деп аталады.

    Токтың тығыздығы j=I/Sекенін ескерсек және g=1/r меншікті электр өтімділігі десек, онда соңғы өрнек мына түрде жазылады: j=gЕ(10.15)

    Осы формула ток тығыздығы үшін Ом заңының дифференциалдық түрі деп аталады.

    Көптеген тәжірибелер металдар кедергісі температураға тура пропорцио -

    нал болатынын, яғни температура артқан сайын кедергі артатындығын көрсетті: Rt=R0(1+at0(10.16)

    Кернеуі U болатын өткізгіштің бөлігі арқылы ток өткенде, өткізгіш қызып, бойынан жылу бөлініп шығады. Осы жылудың бөлініп шығуы зарядтарды тасымалдаушы электр күштерінің жұмысына байланысты: A=qU. Тұрақты ток үшін жазсақ, A=IUt (10.17)

    Токтың қуаты келесі өрнекпен есептеледі: N=dA/dt=(IUdt)/dt=IU (10.18)

    Егер ток қозғалмайтын металл өткізгіш арқылы жүрсе, онда біршама жылу бөлініп шығады, осы кезде ток жұмысы энергияның сақталу заңына байланысты жылуға айналады: dA=dQ. (9.19). Сөйтіп, бұл жылу мөлшерін (10.17) және (10.13) өрнектерінің мәндерін еске ала отырып былайша жазамыз: Q=IUt=I2Rt (10.20).

    Осы өрнек Джоуль-Ленц заңы деп аталады да былай оқылады: өткізгіштен бөлініп шығатын жылу мөлшері уақытқа, өткізгіштің кедергісіне және ток күшінің екі дәрежесіне пропорционал болады. Енді Джоуль-Ленц заңының дифференциалдық түрін жазатын болсақ, w=gE(10.21), бұл өрнек тұрақты және айнымалы токтар үшін орындала береді.

    4. Кирхгоф ережелері.Электр тізбектерінің тармақтарындағы ток күші мен ЭҚК-інің және кернеудің арасындағы қатынас электр тізбектерінде есептеулер жүргізу үшін Кирхгофтың екі ережесі арқылы жүзеге асырылады.

    Тармақталған тізбектің кемінде тогы бар үш өткізгіштің қосылатын нүктесі түйін деп аталады.

    Электр зарядтарының қозғалысының үздіксіздік принципін түсіндіру, яғни электр тізбектерінің кез келген түйініне келетін барлық зарядтар одан шығады. Кирхгофтың бірінші ережесі:

    åIk = 0(10.22)

    Теңдеуді жазу үшін тармақтағы ток бағытын шартты белгілеп, стрелкамен бағыты көрсетіледі. Түйінге келетін ток бағыты бір таңбамен, шығатын ток басқа таңбамен белгіленеді. 31,а-сурет бойынша Кирхгофтың 1-ережесі келесі түрде жазылады: I1–I2+I3-I4-I5=0 болып жазылады. Кирхгофтың 1-ережесі басқаша, тізбек түйініне кіретін токтардың алгебралық қосындысы шығатын токтардың алгебралық қосындысына тең I1+I3=I2+I4+I5. Кирхгофтың бірініші ережесі зарядтың сақталу заңынан шығады.

    Кирхгофтың 2-ережесі тармақталған тізбек үшін жалпы түрдегі Ом заңынан алынады:

    Тұрақты ток тізбегінің кез келген контурында ЭҚК-інің алгебралық қосындысы осы контурға кіретін барлық элементтердің кернеулерінің түсуінің алгебралық қосындысына тең,

    åεi = åRiIi (10.23)



     I1

    IR1 , I1

    e1 e2,R2,I2

    I2

    I4

    I3

    e3,R3,I3

    а 31-сурет б

     

    Кирхгофтың 2-ережесі бойынша теңдеу құру үшін алдын ала электр тізбегінің барлық тармақтарындағы токтың оң бағыттары белгіленеді және әрбір контур үшін айналып шығу бағыты таңдап алынады.

    31,б-суреттегі тізбек үшін Ом заңын қолдана отырып, Кирхгофтың екінші ережесін жазатын болсақ: I1R1-I2R2+I3R3=e1-e2+e3

    Кирхгофтың 2-ережесін пайдаланып, электр тізбегінің кез келген екі нүктесі арасындағы потенциалдар айырмасын анықтауға болады.

    Кирхгофтың 2-ережесі: Контурдың барлық элементтеріндегі кернеудің түсуінің қосындысы ток көзіне ЭҚК-ін қосып алғанда нольге тең.

    å Ui=0 (10.24)


    написать администратору сайта