Тәрбие жұмысын жоспарлау технологиясы. Трбие жмысын жоспарлау технологиясы
Скачать 15.87 Kb.
|
Тәрбие жұмысын жоспарлау технологиясы Тәрбие жұмысындағы аса күрделі әр жарқтылықты жоспар тәрізді белгілі бір схемаға қалай сызығуға болады. Бұл педагог үшін оп – онай іске асыра салатын шаруа емес. Жоспар жасау дегеніміз - тәрбие жұмысының бүкіл барысын оны ұйымдастыру үшін жалпылай және ұсақ – түйегіне дейін ойластыру және қағаз бетіне түсіру оның нәтижелерін алдын ала көре білу деген сөз. Оқушылармен жұмыс кезінде, балалардың әр қайсысының жеке басын қалыптастыру үстінде мұғалім орындайтын міндеттер өте көп, мұнын өзі одан белгілі бір мерзімде тиісті негізгі міндеттерді келісіп алуды керек етеді. Мәселен, мұғалім бірінші сынып оқушыдармен жұмыстың алғашқы күндерінде бірден бір басты міндеті, балаларды, мектептегі сыныптағы негізгі мінез – құлық ережелеріне, үйрету, оларды осы ережелерді орындай білуге баулу, олардың бойларында ережелерді тезірек және дұрыс игеруге деген ынта – ықылас тудыру міндетін шешуге күш салатын болады. Негізгі міндетті орындаған педагог енді келесі бір негізгі міндеті балалардың бойында өзінің сыныптастарын жақын білуге деген ынта тудырып, оларды өзара таныстыру арқылы сыныпта жолдастық қарым – қатынас жасау міндетін алға қояды. Мерекелерде, эскурияларда, киноға бару кезінде жиындарда басқа да нақты міндеттерді жүзеге асырушы педагог қашанда басты міндетті жолдастық қарым – қатынасты қалыптастыру міндетін назарда ұстайды. Негізгі міндетті анықтап алу үшін өз сыныбын, балалардың тәрбиелік дәрежесін жақсы білуі керек. Падагог сыныпты тұтастай және оқушылврды жеке – жеке зерттеу негізіндеөз жоспарында бүкіл коллективпен, жекелеген балалармен жүргізілетін жұмыстарды білуге тіиіс және олардың мінез – құлық ерекшеліктерін, қабілеттерін, ынта – ықыластарымен мүмкіндіктерін еске алу керек. Мұғалім біріншірет кездесіп отырған балаларды яғни көп ретте бірінші сынып оқушыларын зерттеу әсірессе маңызды. Мұғалім ата – анамен әңгіме арқылы әрбір бала жөнінде алғашқы мағұлматтарға ие болады. Бала мектепке қуана келеме? Мектеп туралы не деп жүр? Үйге берілген тапсырмаларды ықыластана орындай ма? Уйде қандай міндеттерді тұрақты орындап отырады ма? Баланың достары кімдер? Бала үйдегі адамдармен таныстарының ішінен кімді жақсы сыйлайды? Бұл жекелеген балалардың ата –аналармен жұмысты жоспарлауға, бүкіл сыныптағы ата – аналардың негізінен алғанда балалардың бағаларын білуге әуестігін , баласының мектепте қандай жаңалықты, қызықты жыйларды білгеніне жете назар аудармайтынан, баласының сынптантыс жолдармен қарым –қатынастарына, кіммен достастасып жүргеніне , ол достықтың сипаты қандай екендігіне мүлде көңіл бөлмейтінін көрсетеді. Ал бала өмірінің бұл жағы ол ұшін өте маңызды және ол біртіндеп аса зор маңызға ие болды. Мұғалім осы себепті де балалармен тәрбие жұмысының жеке отбасы мен жұмымтың жоспарында жолдастық қарым – қатынасты қалыптастыру міндетін қояды. Тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана – сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, ар–ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу. Қай заманда да болашақсыз қоғам жоқ. Сол қоғамды одан әрі дамытып, жетілдіретін – ұрпақ. Ал осыған лайықты ұрпақты тәрбиелеу ата – ананың, мұғалімнің және сіз бен біздің борышымыз. Ұрпақ тәрбиесі – адамзат баласының асыл мұраты. Уақыт талабының күннен күнге күшейе түсуі және қоғам өміріндегі өзгерістер оқу – тәрбиеге жаңаша көзқараспен қарауды талап етіп отыр. Өйткені, бала – біздің болашағымыз, ұлт болашағы. Сондықтан, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлуіміз қажет. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы мектеп оқушыларының бойында адамгершілік және салауаттық тұрмыс негіздерін қалыптастыруға, азаматтықты тәрбиелеуге, шығармашылық қабілетін дамытуға жұмылдырылады. Осы міндеттерді шешудің жауапкершілігі, мектеп оқушыларының тәрбие ісін бағыттауы және ұйымдастыруы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарға және сынып жетекшілеріне жүктеледі. Олардың біліктілігі балалар әлемін терең түсінуге негізделген педагогикалық білім екендігі даусыз. Тәрбиеші – педагог өз назарынан тыс қалдырмайтын бірінші объект – тәрбиелік және дамытушылық маңызы бар әрекет ұйымдастыру. Бұл бастапқы міндет. Себебі, ұйымдастыру қызметі болмаған жерде тәрбиеде болмайды. Қорытынды Адамзат ХХІ ғасырға аяқ басты. Алдағы небір керемет жетістіктер қандай болмасын адамзатты алаңдататын проблемалар – барлығы адам проблемасымен ұштасады. Олай болмауы да мүмкін емес, себебі ХХІ ғасыр адам ғасыры болмақ. Сондықтан да еліміздің болашағы жарқын болуы үшін, ең алдымен “бесігімізді түзеуіміз” қажет. Ол үшін тәрбиеші өзі тәрбиелі болуымен қатар, тәрбиенің барлық қыр-сырын меңгеруі керек. Оның мектептің тәрбие жұмысын жоспарлау мен ұйымдастыруда жүргізетін жұмыстары, тәрбие жоспарларының түрлері, әкімшілік, ұйымдастырушылық жұмыстары дұрыс тәрбие беруге бағытталуы тиіс. Осы проблема – соңғы онжылдықта бүкіл Қазақстан көлемінде өзінің шешімін ерекше жолдармен табуда. |