Трбие саатыны масаты
Скачать 184.45 Kb.
|
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды Абай шығармашылығын сүйіп оқуға шақыру. Абай өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлықтарын арттыру. Тәрбие сағатының міндеттері: Халқымыздың дана ақыны, ғұлама ойшылы, сазгер Абай Құнанбаевтың өлеңдері мен әндерінің таралуын насихаттау. Оқушының дүниетанымын кеңейту, өз ойларын тиянақты жеткізе білуге дағдыландыру. Оқушыларды жақсы қасиеттерді бойға сіңіріп, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, туған табиғатқа қамқорлық жасауға тәрбиелеу ортасын құру. Тәрбие сағатының көрнекілігі: Абай Құнанбаевтың портреті, конверттер, ребус. Тәрбие сағатының түрі: Танымдық сағат/мәнерлеп оқу Тәрбие сағатының әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап. Тәрбие сағатының барысы: Кіріспе Ұйымдастыру Сәлеметсіңдер ме, балалар? Жаттығу «Амандасу». -Барлығымыз орнымыздан тұрып, амандасайық. Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз, Сәлем бердік бәріне, Құрметпенен біз! Мен М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінен келген машықкер Жақсыбаева Аружан Жасұланқызы боламын. Балалар бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбын білу үшін барлығымыз бірге ребус шешейік. ,,, ,, ,,, Жарайсыңдар!Бұл ребустың жауабы-Абай. Ақпарат беру:Халық тарихи дамудың қаншама биігіне көтерілседе, Абай аты мен Абай сөзі әрдайым оның аузындағы жыры , көкірегіндегі иманы, санасындағы ұжданы болып қала береді. Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатында ұлы ақын атамыз – Абай Құнанбайұлы туралы сөз қозғамақпыз. Сендермен бірге Абай еліне саяхатқа шығайын! Бірінші аялдама-Бөрілі.Аялдама сендерге тапсырма дайындапты. Ол тапсырма Абай өміріне байланысты сұрақтар екен. Абай Құнанбайұлы қай жылы дүниеге келді? (1845 жылы) Абай Құнанбайұлының шын есімі. (Ибраһим) Абай Құнанбайұлы қай жерде дүниеге келді? (Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауының бауырында, Қасқабұлақ) Биылғы жылы Абай Құнанбайұлының неше жылдығы тойланады? (175 жылдығы) Абай Құнанбайұлы қашан дүние салды? (1904 жылы) Абай Құнанбайұлының қанша қара сөзі бар? (45 қара сөзі бар, 46-аяқталмаған) Абай Құнанбайұлын әлемге танытқан жазушы? (Мұхтар Омарханұлы Әуезов) Ақпарат беру: Абай- ұлы ақын, ойшыл, замана суреткері, аудармашы. сазгер, композитор. Абай Құнанбайұлы 10-12 жасында мұсылманша оқып, хат таныған.12 жасында Семейдегі Ахмет Риза медресесіне оқуға түскен.14 жасында сықақ өлеңдер шығарған. 15 жасынан бастап, әкесіне көп көмегін тигізген. Ел-жұрт Абайды би етіп сайлады. 20 жасында Абай от тілді шешен болған. Абай өз өлеңдерінде жастарды өнер, білім алуға шақырады.Адал еңбек етуге,халқына пайда келтіруге үндейді. Абай Құнанбайұлының өмірі туралы бейнеролик. Екінші аялдама «Қасқабұлақ» Жақсы балалар, онда келесі аялдамамызға да жеттік. «Қасқабұлақ» аялдамасына қош келдіңдер! Бұл аялдама сендердің Абай өлеңдерін қаншалықты білетіндеріңді көрсетеді. Онда балалар Абай өлеңдерімен танысайық! (5 оқушы Абай өлеңдерін оқиды) 1-оқушы. Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба, Құмарланып шаттанба Ойнап босқа күлуге. Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, Адам болам десеңіз. Тілеуің, өмірің алдыңда, Оған қайғы жесеңіз. Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ — Бес дұшпаның білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым ойлап қой — Бес асыл іс, көнсеңіз. 2-оқушы. Құлақтан кіріп, бойды алар Жақсы ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең, менше сүй. 3-оқушы. Әсемпаз болма әрнеге Өнерпаз болсаң, арқалан. Сен де — бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та, бар, қалан! 4-оқушы. Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан, Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан. Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма, Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан? 5-оқушы. Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге. Артық ғылым кітапта, Ерінбей оқып көруге. Жақсы балалар, дәл осы қалыппен ары қарай Абайды оқиық. Себебі, «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы, Қиыннан қиыстырар ер данасы.»,- деген екен Абай атамыз. «Қасқабұлақ» аялдамасында кішкене сергіп алайық, бұл аялдамада сендерге түрлі заттар алуға болады. Онда бірінші барлығымыз тарақ сатып алайық. Барлығымыз сол тарақпен шашымызды тарайық. Күн бүгін ерекше шыжып тұрған сияқты, барлығымыз желдеткіш сатып алып, кішкене салқындайықшы. Онда шашымызды тарап, желпісікте жүруді жалғастырайық. Жақсы, балалар! Келесі аялдамамызға барайық! Үшінші аялдама «Абай ауылы» Ақпарат беру:Ұлы ақын, ағартушы Абай музыкалық салада да айтарлықтай мұра қалдырды. Өзінің асыл өлеңдерін, қара сөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа жазып қалдырса, музыкалық жағынан оның мұндай мүмкіншілігі болмады. Өйткені, Абай өмір сүрген кезеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықта музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері де қазақтың басқа халықтық ән-күйлері сияқты, ауыздан-ауызға, заманнан заманға ауыса отырып жетті. Онда балалар Абайдың қандай әндерін білесіңдер? - «Айттым сәлем ,Қаламқас», «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», әндері бар. Домбыра тартқан, 3 – 4 күйі бар. «Май түні», «Абай желдірмесі». Онда балалар, Абайдың «Желсіз түнде жарық-ай» әнін барлығымыз бірге тыңдайық.(Желсіз түнде жарық-ай әні тыңдалып, талданады) -Өте жақсы, балалар. «Дұрыс, қате» ойынын ойнайық. Сендерге жасыл және қызыл түсті қағаздар таратылды, мен сөйлем оқимын, егер сол сөйлемді дұрыс десеңдер, жасыл түсті, қате десеңдер қызыл түсті көтеріңдер. 1. Абай Құнанбайұлы-аудармашы.(Дұрыс) 2. Абайдың шын аты-Ибрагим.(Дұрыс) 3. Абай Құнанбайұлы- сазгер, композитор.(Дұрыс) 4.Абайдың әжесі –Ұлжан.( Қате) 5. Абай Құнанбайұлы 1845 жылы дүниеге келген.(Дұрыс) Қорытынды. Бүгінгі тәрбие сағатында Абай өмірімен, шығармашылығымен таныстық. Сөздері шарлап қазақ пен әлем арасын, Абай деп таныр қазақтың байтақ даласын. Өлеңі бізге рухани азық секілді, Абайдан биік тұлғаны қайдан табарсың? 2019 жылы ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын тойлауға арналған шаралар басталады. Рефлексия. «Конверт» әдісі. (Оқушылар сабақ туралы ойларын, не түсінгендерін хатқа жазып, конвертке салады) Мұхтар Әуезов – «Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы- заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр»,-дей келе тәрбие сағатымызды аяқтайық. №171 Ғани Мұратбаев атындағы орта мектеп «Бекітемін» №171 Ғани Мұратбаев атындағы орта мектептің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Жакупова « » сәуір 2022жыл Тәрбие сағатының тақырыбы Абай-дана, Абай-дара қазақта С ынып жетекшісі: Батырбек А. Сынып:4«А» Қызылорда,2021жыл |