Главная страница
Навигация по странице:

  • Түрі

  • Көрнекілігі

  • ІІ.Кіріспе бөлім.

  • IҮ. Бекіту бөлімі.

  • 1.Сұрақ

  • 2. Сұрақ

  • II. Сахналық көрініс

  • Мәди;

  • Мәди

  • Автор

  • Айдос

  • ІІІ. Бекіту бөлімі.

  • ІҮ. Қорытынды

  • оқушымен жұмыс. Трі аралас саба дісі


    Скачать 17.59 Kb.
    НазваниеТрі аралас саба дісі
    Анкороқушымен жұмыс
    Дата23.12.2021
    Размер17.59 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла1580971915.docx
    ТипДокументы
    #315191

    «Нашақорлық- індет, алдын алу міндет»

    Мақсаты: Оқушының бойында салауатты өмір салтын берік қалыптастыру, жеке тұлғаның санасын дамыту, денсаулығын сақтай білуге үйрету, зиянды нәрселерден аулақ болуға тәрбиелеу, нашақорлықтың алдын алу.
    Түрі: аралас сабақ
    Әдісі: сұрақ-жауап, пікірталас, рөлдік ойын,«Қара жәшік», «топтық ән»
    Күтілетін нәтиже:

    1. Нашақорлық туралы ойларын тиянақтайды;
    2.Зиянды әдеттерді ажырата біледі;
    3. Салауатты өмір салтын насихаттай алады;
    4. Өз болашағына сеніммен қарай алады;
    Көрнекілігі: плакат,түрлі түсті суреттер,интерактивті тақта

    Тәрбие сағатының барысы:
    І.Ұйымдастыру.

    Жағымды күйге ену:Топпен ән айту «Қазақтай ел қайда» әні.

    ІІ.Кіріспе бөлім.

    Мұғалім сөзі.
    ІІІ. Негізгі бөлім.
    Сахналық көрініс: «Мен кінәлі емеспін!»
    IҮ. Бекіту бөлімі.

    «Қара жәшік» әдісі.
    Ү.Қорытынды.

    Кіріспе бөлім:
    I. Мұғалімнің сөзі:
    Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында көрсетілген негізгі өзекті мәселелердің бірі ол салауатты өмір салты, оны насихаттау мәселесі.
    «Салауатты өмірге кері ықпалын тигізетін жағымсыз әрекет – ол нашақорлық» деп Елбасы айтқандай қазіргі таңда әрбір жанұяның есігі мен терезесіне үңіліп, үй айналасын торып ғасыр індеті жүр. Бұл індеттің аты - нашақорлық. Халқымыздың денсаулықты байлық пен басқадан да жоғары қоюынан-ақ оның қадірі қаншалықты екенін білуге болады. Осындай баға жетпес байлықтың қадірін түсінбей, өз өміріне өз қолдарымен балта шауып жүрген жандар қаншама.


    1.Сұрақ: «Салауатты өмір сүру дегеніміз не?»

    1. Оқушы: ол - әлеуметтік өмірді жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану, зиянды нәрселерден аулақ болу.

    2. Сұрақ: «Зиянды әрекеттер дегеніміз, не?»

    2. Оқушы: қазіргі таңда кең етек алған, заманымыздың кеселді дерттері - шылым шегу, насыбай ату, маскүнемдік, нашақорлық.
    Сол сияқты зиянды әдеттің уысына түскен Айдос атты бала жайындағы сахналық көрініске назар аударуларыңызды сұраймын.
    II. Сахналық көрініс «Мен кінәлі емеспін!»

    Автор: Мәди әрі жақын туысы, әрі жастайынан бәрге ойнап өскен кластас досы Айдостың жазғы демалысты өзімен бірге өтізетінін есітіп, қуанып қалды. Айдостың ата-анасы жазғы демалысын ауылда өткізеді деп шешті.

    (Құлағына құлаққап,шапкасын теріс киіп,сумкасын арқалап,билеп басып,сахнаға Айбол шығды.)

    Автор: Айдос - ата-анасы жұмыс бабымен қалаға көшкенде 1- сыныпқа енді барып жүрген болатын. Әкесі де, анасы да жұмыс басты, ұлынан алыста, іс сапарларда жүреді. Айдос болса көбіне күтушісімен қалатын.

    (Сахнада екі дос құшақтасып көріседі)

    Мәди; Қош келдің Айдос, өзің туған ауылды, тума –туыстарды, сыныптас достарыңды сағынған шығарсың?

    Айдос : ( мақтанып, масаттанып) ж-о-о-о-қ, менің әр күнім көңілді, тамаша өтеді, достарым да көп. Сен менімен жүріп көрсей,менде біреуді сағынуға уақытта жоқ.

    Мәди: Иә, қалада қызықты жерлер көп, қаланың аты қала ғой, шіркін!....

    (Мәди қиялға беріліп, біраз тұрып қалады.)

    Мәди: Оу, Айдос, сен жолдан келдің емес пе? Үйге кірейік, қымыз ішіп шөліңді бас!

    (Екеуі құшақтасып, сахнадан шығып кетеді.)

    Автор: Екі күн өтіп, үшінші күні, Айдостың көңіл-күйі бұзылып, бір түрлі өзін жайсыз сезіне бастайды.

    Мұңлы әуен ойнап тұрады.

    (Сахнада екі қолымен басын ұстап, қиналып Айдос отырады.)

    Айдос: (екі шекесін ұстап, бөлмеде оңды - солды жүгіріп,өзін - өзі аяусыз соққылап, сандырақтап, қиналып, жерге аунай бастайды.) А-а-а-ах,х,х,х... өліппп бараммм... ууууһһһһһ.

    Мәди: ( Осы кезде жүгіріп келіп, Мәди досының бұл қылығын түсінбей абдырап тұрып қалады).

    Айдос: ( Мәдидің аяғына жығылып, жалынып, жалбарына бастайды.)

    Ағатай...ағатай.... мені өлтірейін демесең, көмектесші маған!

    Мәди: (Сасқалақтап), Бауырым, бауырым- ау... тек не болғанын түсіндірші, маған! Көмектесем, әрине, көмектесем...

    Айдос: (Өте аянышты күйде, қол аяғы, ерні дірілдеп, қиналып, терлеп аузына сөз үспей қиналды. Жанына жетіп келген Мәдидің жағасынан екі қолымен шап беріп ұстап алады.)

    Б –б –б – берші... б- б- ер-р-рші, ә- ә- ә –лгі , әл- гіні, бер-рр-рш-і-і-і....

    Мәди: Шыдай алмай, досым –ау , не, не беруім керек?! Деп айқайлап жіберді.

    Айдос: Құлың болайын! Ағатай! , Әлгі, «Ақ ұнтақты».... б,берші!

    ( деп талықсып, құлап кетеді.)

    Мәди: (Құрақ ұшып жүріп) қазір, қа а зір.... ақ ұнтақты қайтесің?.. әжемнің ақ құртынан берейін, (қалтасынан) құрт алып, қайта ,қайта береді.

    Айдос: құртты алып ,қалтырап, дірілдеп отырып, қос қолдап ауызына салып пытырлатып шайнап, шайнап жей бастайды.

    Мәди: Міне, көрдің бе, Айдос?!, Сенің жағдайың жақсарып келеді. Жүр үйге сары самуырдың ыстық шайын ішіп терлеп ал. Бәрі де жақсы болады.

    (Айдосты ертіп сахнадан шығып кетеді.)

    Мұңлы әуен ойнап тұрады.

    Айдос: Әкешім, анашым, кешіріңіздерші! Мен әдейі істеген жоқпын. Менің қарындасым не бірге ойнайтын інім болған жоқ.

    Сіздер маған бәрін сатып әпердіңіздер. Менде бәрі бар! Барлық жағдайы жасалған үйде - мен жалғыз едім. Бірақ мен ешқашан да ақшаға сатылмайтын, отбасы жылулығына, ата-анамның менімен өткізген сәттеріне қатты мұқтаж едім....

    ( Тізерлеп отыра кетеді. Сахна жабылады)

    Көрінсті көрген оқушылардан көрінстегі басты кейіпкер Айдостың іс-әрекеті жайлы пікірлерін тыңдау.

    Оқушылар өз пікірлерін айтады.

    ІІІ. Бекіту бөлімі.

    «Қара жәшік» тәсілі

    Рефлексия ( балауыз шамды жағып көрсету)
    Құрметті оқушылар, мына жанып тұрған шырақ біздің болашақ өміріміз. Осы жанып тұрған өмірімізді неге өшіреміз, өзіміздің болашақ өмірімізге неге балта шабамыз?
    Хормен: Өз өміріміз үшін күресе білейік! Салауатты өмір салтын қолдаймыз!

    Біздің өз бойымызда жаман әдеттер болады. Сол жаман әдетті парақ бетіне жазып, бір оқып алып, қағазды умаждап,қоқысқа тастайық!
    Оқушылар, сабаққа қатысып отырған қонақтар өз бойларындағы өзіне ұнамайтын жаман қасиеттерін параққа жазып, қоқыс жәшігіне тастайды.
    ІҮ. Қорытынды
    Мұғалім сөзі:
    Біз бүгінгі тәрбие сағатымызда нашақорлық жайында көп мәлімет алдық. Осы тақырып төңірегіндегі өз ойларымызды ортаға салып, жолдастарымыздың пікірлерін білдік, тыңдадық.
    Ұлы ойшыл Сократқа кезінде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбат: байлық па, атақ па?» Сонда Сократ «Байлық та, атақ та, даңқ та шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап берген екен, яғни, адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек.
    Өсер елдің баласына лайық салмақты,сабырлы,білімді,жат қылықтан аулақ,елдің ертеңгі азаматы болып өсе берейік.Сондықтан,бәрімізге қастерлі тәуелсіздігіміздің нығаюы үшін,елімізде «салауатты өмір салтының» сақталуы үшін бір кісідей ат салысайық. Бірлігіміз бекем,тәуелсіздігіміз баянды болсын ағайын!.


    «Сарытөбе негізгі орта мектебі» КММ


    «Нашақорлық- індет, алдын алу міндет»

    (сынып сағаты)

    6-7 «А» сыныбы
    Сынып жетекшісі:Хайролхан О.

    2021-2022 оқу жылы


    написать администратору сайта