дәрістік сабақ. 6-клин.сабақ. Тркістан облысы Оамды денсаулы басармасыны жетісай жоары медицина колледжіШЖ мкк
Скачать 52.24 Kb.
|
Клиникалық сабақтың әдістемелік әзірлемесі Пән: Денсаулықты нығайту Оқытушы: Жусупбекова Эльмира Дуйсенбеккызы Мамандық: Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры Курс: 1 Топ:_ ___________________________________ Күні:_____________________________________ Тақырыбы: Балалардың даму кезеңдері Сабақтың мақсаты: Б Тәрбиелік: денсаулықты нығайту бөлімі арқылы логикалық ойлауға бейімдеу және ұқыптылыққа тәрбиелеу. Дамытушылық: студенттердің логикалық,клиникалық ойлау қабілеттерін дамыту,өз мамандығына деген және пәнге деген қызықушылығын арттыру,оқу,іздену,өзін-өзі дамыту. Сабақтың уақыты: 90мин Сабақты өткізу орны:________________________ Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдісі: жалпы шолу өзекті материалдар. Пәнішілік байланыс: Мейіргерлік процессті ұйымдастыру. Пәнаралық байланыс: тағам гигиенасы, жұқпалы аурулар. Сабақтың жабдықталуы: Материалдық: әзірлеме жинағы,тест сұрақтары,бақылау сұрақтары. Техникалық-программалық:интерактивті тақта,теледидар,DVD. Пайдаланылатын әдебиет: Негізгі: https://ru.wikipedia.org/ Қосымша: интернет ресурстары Оқушы білуі тиіс: Балалардың даму кезеңдерін Баланың дамуына әсер ететін факторларын Баланың физикалық дамуын Баланың танымдық дамуын Сабақтың хронокартасы І Ұйымдастыру кезеңі – 3-5 мин ІІ Үй тапсырмасын тексеру – 15-20 мин ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру – 30-45 мин ІҮ Жаңа тақырыпты бекіту – 10-15 мин Ү Қорытындылау – 3-5 мин ҮІ Үйге тапсырма – 3-5 мин Сабақ барысы І Ұйымдастыру кезеңі Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың мақсаты мен міндеті. ІІ Үй тапсырмасын тексеру Үй жұмысын ауызша тексеру ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру Такырыбы: Балалардың даму кезеңдері Жоспар: кіріспе Балалардың даму кезеңдері баланың дамуына әсер ететін факторлар Даму салалары деген не? Өмірінің алғашқы жылдары балалардың бойы ғана емес, салмағы да өседі. Олар бірнеше бағытта немесе салада дамиды. Жалпы, осындай салаларға келесілер кіреді: • Физикалық даму – қимыл-қозғалысты меңгеру, тепе-теңдікті сақтау және денедегі ірі бұлшық еттерді (мысалы, жүгіру, секіру және баспалдақпен көтерілу үшін қажет болатын арқадағы және аяқтардағы бұлшық еттерді) және ұсақ бұлшық еттерді (мысалы, ұсақ заттармен іс- әрекеттер жасау үшін немесе қарындаш ұстау үшін қажет болатын саусақтардағы бұлшықеттерді) пайдалану қабілетін дамыту; аталмыш үдерістер сәйкесінше ірі және ұсақ моториканы дамыту атауымен белгілі. • Әлеуметтік-эмоциялық даму – бұл баланың қарым-қатынас орнату және сақтау қабілеті. Кіші жастағы балалар достасуды, топтық ойындарға қатысуды, өзгелерге жанашырлық танытуды, ынтымақтасуды, әділдік және белгілі бір әрекеттерді кезек-кезекпен орындау, сонымен қатар, әлеуметтік ортада ненің лайықты және лайықсыз екені сияқты ұғымдардың мәнін түсінуді үйренеді. Балалар өз-өзіне деген сенімділігін, өзін-өзі құрметтеуді және эмоцияларын тізгіндеуді дамытады. • Танымдық даму – оқу-үйрену және күрделірек ақыл-ой қабілетінің барған сайын артуы. Балалар өмірінің алғашқы жылдары білімқұмарлығы дамиды және олар «қалай?», «қашан?» және «неге?» деген сияқты сұрақтар қоюды үйренеді. Балаларда зейін қою ұзақтығы артады, олар тапсырмаларға көңіл бөлуді және мәселе шешуді үйренеді, түстерді ажырата бастайды,сандар мен әріптерді оқып үйрене бастайды. • Коммуникативтік даму – сөз түсіну, қажеттіліктерін, ойларын және эмоцияларын ауызша жетізу қабілеті. Өмірінің алғашқы жылдары балалар былдырлаудан бір немесе екі сөзді қосып айтуға көшеді, ал кейін толық сөйлемдерді қолдану арқылы сөйлеп үйренеді. Бала алған әсерлерін сипаттауды, өткен, осы және келер шақ туралы әңгімелеуді, әңгімеге қатысуды үйренеді. Балада өзіне оқып беретін кітаптардағы әңгімелерді және хикаяларды тыңдауға құштарлығы оянады. • Бейімделу дағдылары – балада қоршаған ортаға бейімделу және күнделікті қайталанатын іс- әрекеттерді жасауға үйренісу дағдыларының дамуы. Ерте балалық шақ аяқталарда балалардың көпшілігі ересектердің көмегінсіз киіне алады, тамақ іше алады, жуына алады, тісін тазалай алады және дәретханаға бара алады. Сонымен қатар, олар тамақтану кезінде қасық пен шанышқы ұстауды, ойыншықтарын және кітаптарды жинауға көмектесуді және қарапайым тәртіппен өмір сүруді, мысалы белгілі бір уақытта ұйықтауды, ойнауды және тамақтануды үйренеді. 2.2 Даму кезеңдері деген не? Алғашқы қадам, алғаш рет күлімсіреу және қолмен «сау бол» деген ишарат білдіру сияқты дағдылар даму кезеңдері деп аталады. Балалар ойнағанда, әлденені үйренгенде, сөйлегенде, түрлі мінез көрсеткенде және қимылдағанда (еңбектегенде, жүргенде және т.с.с.) даму кезеңдерінен өтеді. Балалар түрлі даму салаларындағы даму кезеңдерінен бірдей реттілікпен өтеді. Баланың бойында ірі моторика дамуы әдетте келесі ретпен жүреді: аударылудан отыруға, еңбектеуге, тік тұруға, ал кейін жүруге ұласады. 2.3 Қандай факторлар баланың дамуына әсер етеді 2.3.1 Жақсы тамақтану және тиісті медициналық қызметтер көрсету Жақсы тамақтанудың баланың өсуі мен дамуы үшін өмірлік маңызы бар. Жүкті әйелдің және кіші жастағы баланың тамағы әртүрлі және құнарлы болуы тиіс. Онда бала ағзасына өсуге көмектесу үшін ақуыздар және қажетті майлар, балаға сырқаттарға қарсы тұруға көмектесетін А дәрумені, баланың миы дұрыс дамуын қамтамасыз ету үшін йод және баланың ақыл-ой және физикалық қабілеттерін қорғау үшін темір сияқты қажетті құнарлы құрамдас бөліктер болуы тиіс. Алғашқы алты айда талап еткен сайын тек емшекпен емізу, емізуді екі және одан да көп жыл бойы жалғастыру, сонымен қатар, алты айлығынан бастап қауіпсіз және нәрлі өнімдерді уақытылы енгізу кіші жастағы балалардың денсаулығына оңтайлы азықпен және пайдамен қамтамасыз етеді. Тамақтандыру уақыты – баланың бауыр басуы үшін және оны эмоциялық деңгейде ынталандыру үшін маңызды мүмкіндік. Дұрыс тамақтандыруды және тиісінше медициналық қызмет көрсетілуін қамтамасыз ету үшін патронаж мейірбикесі ата-аналарға және балаға күтім көрсететін тұлғаларға келесілер туралы айтуы керек: 1. баланың темір және А дәрумені сияқты қоректі заттектерді жеткілікті алуын қалай қамтамасыз ету керек; 2. алты айдан асқан балаларда қаназдықты және паразиттік ауруларды қалай болдырмауға болады; 3. иммунизация және екпе алу кестесін сақтау қажеттілігі туралы; 4. құрттардан тазарту неліктен маңызды екені туралы; 5. балалардың арасында кең таралған сырқаттардың қалай алдын алуға және/немесе емдеуге болады. Екпелерді уақытылы алған, дұрыс тамақтандырылатын, медициналық қызмет көрсетілетін, махаббатқа бөленген, күтушілеріне бауыр басқан нәрестелердің тіршілік ету және өркендеу мүмкіндіктері жоғарырақ болады. Олар зерттеуге, оқу-үйренуге, әлеуметтік, эмоциялық, танымдық, тілдік және моторлық дағдыларды дамытуға зейін қоя алады. 2.3.2 Игілікті әлеуметтік орта Нәрестелер туыла сала тез үйрену қабілетіне ие. Мейірімді және қамқор ата-анасы болғанда және басқа адамдар оларға бауыр басқанда, көңіл бөлгенде және дамуын ынталандырғанда мейлінше жақсы өседі және үйренеді. Бұл кіші жастағы балаларға сенім мен қауіпсіздік сезімін дамытуға көмектеседі, ол өз кезегінде, бала есейген сайын бұл сезім өз-өзіне сенімділікке айналады. Балалар махаббатқа бөленгенін және қауіпсіздікте екенін сезінгенде, отбасы мүшелерімен және өзге жақын адамдарымен өзара әрекеттескенде және ойнағанда, барлығын тез үйренеді. Балалармен сөйлескенде, оларға ән салып және кітап оқып бергенде, құшақтағанда және бауырға қысқанда; өздеріне таныс жүздерді көргенде және таныс дауыстарды естігенде, түрлі бұйымдармен ойнау мүмкіндігі болғанда, ақыл-ойы тез жетіледі. Егер тіпті бала әлі сөздерді түсіне алмаса да немесе баллада мүгедектік болса да, ата-анасы және тәрбиелеушілері баламен сөйлесуі керек, нәрестелеріне және кіші жастағы балаларына ән салып және кітап оқып беруі керек. Осындай ерте өзара әрекеттестік эмоциялық, әлеуметтік және тілдік дағдыларды және оқу- үйрену қабілетін дамытуға септеседі. Осындай өзара әрекеттестік дұрыс тамақтану ағзаға қаншалықты маңызды болса, ақыл-ой дамуы үшін де соншалық маңызды. Өздерінің сүйіспеншілікке бөленгенін және қауіпсіздікте екенін сезінетін балалар әдетте кейінгі өмірінде көбірек табысқа жетеді, себебі, олар өздеріне көбірек сенеді, өздерін жоғарырақ бағалайды және өмірлік қиындықтарды оңайырақ жеңеді. Нәрестелер мен кіші жастағы балалар үнемі көңіл бөлінуіне мұқтаж. Оларды жалғыз қалдырмаған жөн, себебі, жазатайым оқиғалар орын алу қаупі төнеді, ал өзара әрекеттестіктің жоқтығы олардың психикалық қана емес, физикалық дамуын да бөгейді. 2.3.3 Ойнау және оқу-үйрену мүмкіндігі Ойын туа біткен мінез-құлықтың ажырамас белгісі, сонымен қатар, оқу-үйрену мен дамудың негізгі құралдарының бірі болып табылады. Ойын күнделікті өмірлік үдерістерге негізделеді. Бүкіл әлемде балалар жалғыз және топтасып ойнайды, белсенді түрде мән-мағына жасап шығарады және қоршаған ортаны зерттейді. Балалар ойнайды, себебі, ойнаған көңілді. Ойын арқылы адамдар идеялар табады, оларды сынайды және біріктіреді, ақыл-ой және физикалық дағдыларын дамытады. Ойындар, құрылымсыз болсын, құрылымды болсын, баланың кейінгі оқу-үйрену дағдыларын және басқа да өмірлік дағдыларын дамытудың негізін салады. Ойын балаларға: 1. білімін, тәжірибесін, білімқұмарлығын және өз-өзіне сенімділігін дамытуға көмектеседі; 2. түрлі іс-әрекеттерді жасап көру, нәтижелерін салыстыру, сұрақтар қою және мәселелерді шешу арқылы оқу-үйренуге көмектеседі; 3. тіл, ақыл-ой, жоспарлау, ұйымдастыру және шешім қабылдау дағдыларын дамытуға көмектеседі; 4. ата-анасымен және күтім көрсетушілермен байланыстарын нығайтуға көмектеседі. Осылайша, ойын әлеуметтік біліктілікті, ақыл- парасатты, тілді және жасампаздықты дамытуға әсер ете алады. Балаларды ойнауға және зерттеуге ынталандыру оларға мектепке дайындалуға көмектеседі. Ынталандыру, ойындар және басқа балалармен, ересектермен ойынға қосылу мүмкіндіктері шектеулі немесе АҚТҚ (ВИЧ) жұқпасын жұқтырған балалар сияқты созылмалы сырқаттарға шалдыққан балалар үшін өте маңызды. Ойнау мүмкіндігінен айырылған балалар өмірлік дағдыларын дамытудың маңызды мүмкіндіктерін жоғалтатыны бұрыннан мойындалған. Балаларға дамуына және оқу- үйренуіне лайықты, алуан түрлі қарапайым ойын материалдары қажет. Су, құм, картон қораптар, ағаш кубиктер және қақпақтары бар түбектер дәл дүкеннен сатып алынған ойыншықтар сияқты ойнау мен оқу-үйренуге жақсы үйрете алады. Балалар үнемі өзгеріп отырады және жаңа дағдыларды игеріп отырады. Тәрбиелеушілер осындай өзгерістерді байқап, баланың даму бағытына еруі керек. Егер бала қауіпсізідкте болса, онда әлдебір жаңа және күрделі іс-әрекет жасап көру оның дамуындағы оң қадам болып табылады. Балаларға қырағы көңіл бөлу және оларды қолпаштап отыру олардың дамуына көмектеседі. БҰҰ Бала құқықтары туралы конвенциясына сәйкес (БҚК – 31-бап) ойын мәртебесі қорғалатын «құқық» дәрежесіне көтерілген, бұл ойынның бала дамуында атқаратын маңызды рөлімен және әлем құрылысының құралы ретіндегі әлеуетімен байланысты. ІV Жаңа тақырыпты бекіту. Тест сұрақтары: 1.Баланың ерте жаста дамуына әсер ететін факторлар: А.Жақсы тамақтану және тиісті медициналық қызметтер көрсету В. Игілікті әлеуметтік орта С. Ойнау және оқу-үйрену мүмкіндігі Д. аталғандардың барлығы 2. Баланың даму кезеңдері қандай: А. аталғандардың барлығы В. Физикалық даму С. Әлеуметтік-эмоциялық даму Д. Танымдық даму Е. Бейімделу дағдылары, Коммуникативтік даму 3.Әлеуметтік-эмоциялық даму деген не? А. ірі және ұсақ моториканы дамыту В. оқу-үйрену және күрделірек ақыл-ой қабілетінің барған сайын артуы. С. баланың қарым-қатынас орнату және сақтау қабілеті Д. сөз түсіну, қажеттіліктерін, ойларын және эмоцияларын ауызша жетізу қабілеті. Е. балада қоршаған ортаға бейімделу және күнделікті қайталанатын іс- әрекеттерді жасауға үйренісу дағдыларының дамуы 4.Балаға жақсы тамақтануды және тиісінше медициналық қызмет көрсетілуін қамтамасыз ету үшін ата-аналарға/ күтім көрсетішулерге не туралы айту керек? А.Баланың темір және А дәрумені сияқты құнарлық заттарды жеткілікті түрінде алуын қалай қамтамасыз етукерек В.Қаназдықты, паразиттердің және құрттардың еніп кетуін қалай болдырмауғаболады С.Ұлтты иммунизация жоспары шеңберінде баланың барлық екпелерді алу қажет екені туралы Д.Балалар арасында кең таралған аурулардың қалай алдын алуға және/немесе емдеуге болады Е.Жоғарыда аталғандардың барлығы 5.Физикалық даму деген не? А. ірі және ұсақ моториканы дамыту В. оқу-үйрену және күрделірек ақыл-ой қабілетінің барған сайын артуы. С. баланың қарым-қатынас орнату және сақтау қабілеті Д. сөз түсіну, қажеттіліктерін, ойларын және эмоцияларын ауызша жетізу қабілеті. Е. балада қоршаған ортаға бейімделу және күнделікті қайталанатын іс- әрекеттерді жасауға үйренісу дағдыларының дамуы 6.Коммуникативтік даму деген не? А. ірі және ұсақ моториканы дамыту В. оқу-үйрену және күрделірек ақыл-ой қабілетінің барған сайын артуы. С. баланың қарым-қатынас орнату және сақтау қабілеті Д. сөз түсіну, қажеттіліктерін, ойларын және эмоцияларын ауызша жетізу қабілеті. Е. балада қоршаған ортаға бейімделу және күнделікті қайталанатын іс- әрекеттерді жасауға үйренісу дағдыларының дамуы 7.Бейімделу дағдыларыдеген не? А. ірі және ұсақ моториканы дамыту В. оқу-үйрену және күрделірек ақыл-ой қабілетінің барған сайын артуы. С. баланың қарым-қатынас орнату және сақтау қабілеті Д. сөз түсіну, қажеттіліктерін, ойларын және эмоцияларын ауызша жетізу қабілеті. Е. балада қоршаған ортаға бейімделу және күнделікті қайталанатын іс- әрекеттерді жасауға үйренісу дағдыларының дамуы 8.Танымдық даму - А. ірі және ұсақ моториканы дамыту В. оқу-үйрену және күрделірек ақыл-ой қабілетінің барған сайын артуы. С. баланың қарым-қатынас орнату және сақтау қабілеті Д. сөз түсіну, қажеттіліктерін, ойларын және эмоцияларын ауызша жетізу қабілеті. Е. балада қоршаған ортаға бейімделу және күнделікті қайталанатын іс- әрекеттерді жасауға үйренісу дағдыларының дамуы 9. Баланың тамақ іше алуы, жуына алуы қай даму саласы бойынша қалыптасады: А. аталғандардың барлығы В. Физикалық даму С. Әлеуметтік-эмоциялық даму Д. Танымдық даму Е. Бейімделу дағдылары 10. кіші жастағы балалар достасуы және топтық ойындарға қатысуы қай даму саласы бойынша қалыптасады: А. аталғандардың барлығы В. Физикалық даму С. Әлеуметтік-эмоциялық даму Д. Танымдық даму Е. Бейімделу дағдылары Жауабы:
Сабақ бойынша рефлексия Оқушылардың үй тапсырмасын орындауы және сабақтағы белсенділіктерін, берген жауаптарын, жұмысқа жұмсалған уақыт, еңбек мәдениеті, жұмыс орнының және өзінің тазалығын ескере отырып баға қою. VI Үйге тапсырма Негізгі: htt0 ps://ru.wikipedia.org/ Қосымша: интернет ресурстар |