Главная страница
Навигация по странице:

  • Авторлары Технологиялар атауы

  • Курстың негізгі мақсаты

  • Курстың бағдарламалары төмендегі міндеттерді шешуге көмектеседі

  • Күтілетін нәтиже

  • КУРС МАЗМҰНЫ

  • Қолданылған әдебиеттер

  • «Геоэкология» элективті курсының бағдарламасы (барлығы 36 сағат аптасына 1 рет) 10 «Г» - сынып

  • Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Ескерту

  • Геоэкология. Тсінік хат Геоэкология


    Скачать 60.13 Kb.
    НазваниеТсінік хат Геоэкология
    Дата22.10.2022
    Размер60.13 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаГеоэкология.docx
    ТипДокументы
    #747877
    страница1 из 3
      1   2   3

    Түсінік хат

    Геоэкология – бұл георграфия ғылымының бір бағыты. Ол экология жағынан таза ортаны сақтау және табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді.

    Геоэкология бұл антропогенді үрдістердің әсері нәтижесінде табиғи орта мен биосферадағы қайталанбас үрдістер мен құбылыстарды зерттейді. Жаратылыстану пәндерінің негізгі ұғымдарын зерделеу кезінде әлеуметтік, жаратылыстану және техникалық ұғымдарды бір-бірімен байланыстыра оқыту, оқушылардың экологиялық дүниетанымын кеңейтіп, жаңа әлеуметтік – экологиялық ұғымдар жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

    Жалпы білім беретін орта мектептің 10-сыныптарына ұсынылып отырған геоэкология білім беру бағдарламасы оқушылардың Жер ғаламшары, биосферасы, жанды және жансыз табиғаты, жеке адам мен бүкіл адамзатты биосфералық үрдістегі орны туралы ұғымдарын одан әрі дамытуға арналған.

    Осы бағдарламаны енгізу нәтижесінде мынаны біліп үйренуі керек:

    - Негізгі экологиялық түсініктердің анықтамасы;

    - Адамзаттың қазіргі ғаламдық проблемалары және оларды шешу жолдарын қарастыру негізінде оқушыларды қоғам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасқа дайындау;

    - Оқушыларды әр түрлі қосымша ақпарат көздерімен жұмыс істеуге, өз бетімен қорытындылар жасауға үйрету;

    - Оқушыларды статистикалық, картографиялық деректерді өз бетімен өңдеуге үйрету;

    - Табиғатты қорғаудың қазіргі мәселелерін (ауа, су, топырақ, жер байлығы);

    - Өсімдік және жануарлар әлемін қорғау мен пайдаланудың қазіргі кездегі жағдайы туралы;

    - Шаруашылық қызметтердің әр түрлерін талдауда экология заңдарын біліп пайдалануы;

    - Жақын табиғи айналадағы қоршаған орта жағдайын бағалау (көше, аула, мектеп жанындағы үлескі т.б.);

    - Табиғат байлығы мен сұлулығын қорғау және жақсарту үшін әркімнің өз үлесін қосуы;

    - Мүмкіндігінше жергілікті аймақтық мәселелерді көтеру, оған оқушылардың араласуын, туған өлкесіне патриоттық сана- сезімін ояту.

    - Геоэкологиялық білім беруде, жаратылыстану пәндері (география,биология, химия, математика, физика т.б.) пәндерімен байланысы жүзеге асырылады.

    Бұл геоэкология пәнінде бүкіл әлемнің соның ішінде Қазақстандағы апатты аймақтар және туған өлкеміздегі болып жатқан жайсыздықтар мен жетістіктер жайында баяндалады. Бұл жағдайлардан оқушылар хабардар болып қана қоймай өз ойларын ортаға сала отырып, білімдерін әрі қарай шыңдауына мүмкіндік алады. Міне осылай біз оқушылардың өз туған жерінің құлдырауына емес көркеюіне үлес қоса алатындай дәрежеде білім бере отырып көптеген нәтижелерге қол жеткізуге болады. Сабақтың көбіне конференция, ойын, тест түрінде жүргізілу барысы оқушыларға тиімді болып келеді. Әсіресе, конференция сабағы оқушылардың ой-өрісін дамыта отырып, саясатқа деген қызығушылығын  оятары сөзсіз. Сабақтың осылай өтілу барысы оқушылар мен мұғалімдерді қарым-қатынасын, пәнге деген қызығушылығын арттырады. Геоэкология пәнінің әр тақырыбындағы тақырыпшаларға тоқталып өткенде түрлі сызбанұсқалар, суреттер, плакаттар, Қазақстанның физикалық картасы, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық картасы, Қазақстанның экологиялық картасы т.б.көрнекіліктер пайдаланылады.

    Төмендегі кестеде көрсетілгендей, әр сабағымды әртүрлі жаңа технологиялардың элементтерін пайдаланамын.




    Авторлары

    Технологиялар атауы

    1

    Джинни Л, Стилл С, Крутис, Меред И, Чарльз Темпл.

    Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

    2

    Жанпейісова М.М.

    Модульдік технологиясы

    3

    Қараев Ж. А.

    Саралап деңгейлеп оқыту технологиясы

    4

    Ғалиев Т.Т.

    Жүйелік тұрғысынан оқыту технологиясы

    Біздің алдағы мақсатымыз оқушылардың бағдарлы мектеп мүмкіндіктерін пайдалану арқылы жан-жақты терең геоэкологиялық білім алуға жұмылдыру.
    Курстың негізгі мақсаты:

    Жеке адамның бойында табиғатқа деген ізгілік қатынастарды қалыптастыра отырып «адам – қоғам - табиғат»  арасындағы үйлесімділік рухында тәрбиелеу. Экологиялық білім беру жеке адамның экологиялық мәдениетін қалыптастырудан бастап көпшілікке үздіксіз экологиялық білім беруді қарастырады. Қоршаған табиғи ортаның өзі мен қоғам үшін мәңгі қажеттілігін сездіре отырып, оқушының дүниеге деген ізгі көзқарасын қалыптастырамыз.
    Курстың бағдарламалары төмендегі міндеттерді шешуге көмектеседі:

    • Экологиялық және табиғат қорғау заңдарын жетілдіру.

    • Табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды үйрету.

    • Қоршаған ортаның тазалығы мен адам денсаулығының үйлесімділігін сәйкестендіру.

    • Оқушы бойында экологиялық білім жүйесін қалыптастыру.

    • Экология саласындағы ғылым жетістіктерімен хабардар ету.

    • Оқушылардың өз туған жеріне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.

    Курс бағдарламасы бір жылға яғни 10-сыныпқа есептелген, барлық сағат саны  34, аптасына 1-сағаттан.

    Күтілетін нәтиже:

    • Жеке адаммен қоғамның табиғатқа деген оң көзқарасын, экологиялық мәдениетін білім беру барысында қалыптастырады.

    • Экологиялық дағдарыстың ұлғаюынан мейлінше тежеу, табиғат пен қоршаған ортаны қорғау тәсілдерін үйретеді.

    • Туған жердің геоэкологиясын толық білуді қамтамасыз етеді.

    • Мектеп қабырғасында экологиялық білім мен тәрбиені ұштастырады.

    • Оқушылардың экологиялық сауатын ашады.

    КУРС МАЗМҰНЫ

    Геоэкология ұғымы батыс елдерінде ХХ ғасырдан 30-шы жылдарында пайда болған. Кеңестік дәуірде академик В.Б. Сочава алғашқыларының бірі болып география мен экологияның өзара байланысын зерттеді. Геоэкология бұл антропагенді үрдістердің әсері нәтижесінде табиғи орта мен биосферадағы қайталанбас үрдістер мен құбылыстарды зерттейді.Жаратылыстану пәндерінің негізгі ұғымдарын зерделеу кезінде әлеуметтік, жаратылыстану және техникалық ұғымдарды жоғарыдағы кестеде көрсетілгендей етіп, бір-бірімен байланыстыра оқыту оқушылардың экологиялық дүниетанымын кеңейтіп, жаңа әлеуметтік – экологиялық ұғымдар жүйесін қалыптатыруға мүмкіндік береді.

    Геоэкология ғылымына үлес қосқан ғалымдар. Экологиялық білім сонау антикалық дәуірден жинақталған. Табиғаттың тылсым сырын түрлі бағытта зерттеген жараталыстанушылар организмдердің өзара қатынасына көңіл аударған.

    Әйгілі эколог Ч. Элтон «Өте ежелгі пәннің жаңа атауы  - экология» деп атап өткен болатын. «Экология» деп «адам – қоршаған орта» қатынасы туралы ілімді 1866 жылы Э. Геккель енгізді.

    Қазақстан Республикасында «экология» ғылымының дамуына экологияның оқыту үрдістерін жетілдіруге үлес қосқан профессорлар:

    1. Ә.Бейсенованың «экологияны» жеке оқу пәні ретінде мектепте оқытуға енгізді.

     2. Ж. Шілдебаев.Қазақстан табиғаты мен экологиясы, экологиялық білім мен тәрбие беруде үлкен үлес қосқан ғалым
    Қолданылған әдебиеттер:

    1.«География және табиғат» журналы. 2003 ж.№2 №4, 2004 ж. №3 №4 №5, 2005 ж. №4.

    2. «Биология география және химия» журналы. 2001 ж. №2, 2000 ж №6.

    3. «Атамекен» газеті. 2002 ж. 23.01, 8.02, 15.04, 5.05, 10.07, 12.09, 15.08, 15.09.

    4. «Атамекен» газеті. 2003 ж. 25.02, 25.03.

    5. «Атамекен» газеті. 2004 ж. 24.11, 25.02.

    6. Арал тағдыры. Құрастырған: М. Құлкенов. Рецензенті: Л. Нұрымбетов. Алматы «Қазақстан» баспасы, 1989 ж

    7. «Қазақстанның физикалық географиясы» оқулық (8-сынып)

    8. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы «Дүниежүзінің әлеуметтік-экономикалық географиясы» оқулық (10 сынып).

    «Геоэкология» элективті курсының бағдарламасы

    (барлығы 36 сағат аптасына 1 рет)

    10 «Г» - сынып

     



    Сабақтың тақырыбы

    Сағат саны

    Мерзімі

    Ескерту

    Кіріспе (1 сағат)

    1

    Геоэкология ғылымы және оған үлес қосқан ғалымдар

    1

    5.09




    Дүниежүзіндегі геоэкологиялық жағдайлар (4 сағат)

    2

    Дүниежүзіндегі экологиялық проблеманың туындау себебі, экологиялық дағдарыс

    1

    12.09




    3

    Экологиялық зардаптардың алдын алу шаралары, экологиялық кодекстің жобасы

    1

    19.09




    4

    Табиғат заңдылықтарына сүйене білу

    1

    26.09




    5

    Шет тілдерінен енген экологиялық термин сөздіктер

    1

    3.10




    Адам және табиғат экологиясы (3 сағат)

    6

    Қазіргі даму кезеңіндегі адам экологиясының оқытудың актуальдылығы

    1

    10.10




    7

    Адам тіршілігі үшін экологиялық қолайлы және қолайсыз аудандар

    1

    17.10




    8

    Апатты табиғат құбылыстарының адамға тигізетін әсері, олармен күресу жолдары

    1

    24.10




    Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайлары, еліміздегі

    теңіздер мен көлдердің экологиясы (5 сағат)

    9

    Каспий теңізінің ластануы

    1

    7.11




    10

    Каспийдегі «Элен» кемесі, экологияны реттеу станциясы

    1

    14.11




    11

    Арал теңізі мен Балқаш көлінің экологиялық аймаққа айналуы

    1

    21.11




    12

    Возрождение аралының әлемді алаңдатуы

    1

    28.11




    13

    Ембі мұнайды ауданының экологиялық жағдайы

    1

    5.12




    Елдегі өнеркәсіпті аудандардың геоэкологиялық жағдайы (5 сағат)

    14

    Алматы қаласының экологиялық жағдайы

    1

    12.12




    15

    Жамбыл облысының геоэкологиялық ерекшеліктері

    1

    19.12




    16

    Батыс экономикалық аудандарындағы экологиялық жағдайлар

    1

    26.12




    17

    Уран мен мұнайдан уланған жерлердің тағдыры

    1

    9.01




    18

    Өскемен өңіріндегі экологиялық жағдай

    1

    16.01




    Туған өлкенің геоэкологиясы, менің елім – Қазақстан (8 сағат)

    19

    Географиялық орны, жер бедері, табиғат ерекшелігі

    1

    23.01




    20

    Геоэкологиялық құрылысы

    1

    30.01




    21

    Географиялық зерттелу тарихы, Ұлы – Жібек жолы

    1

    6.02




    22

    Жер ресурстарының экологиясы

    1

    13.02




    23

    Су ресурстарының экологиясы

    1

    20.02




    24

    Топырақ эрозиясы

    1

    27.02




    25

    Жер туралы заңдағы кодастры мәселелері

    1

    6.03




    26

    Жер ресурсартарын бағалаудың ландшафтық экологиялық тәсілі

    1

    13.03




    Ішкі сулардың экологиясы (4 сағат)

    27

    Биосферадағы судың биологиялық айналымының экологиялық жағдайы

    1

    27.03




    28

    Шардара су қоймасының экологиялық жағдайы

    1

    3.04




    29

    Сырдария өзенінің қазіргі жағдайы

    1

    10.04




    30

    Ертіс өзенінің экологиялық жағдайы

    1

    17.04




    Өсімдіктер мен жануарлар әлемі. Туған өлкенің өсімдіктер мен

    жануарлар дүиесі (2 сағат)

    31

    Өсімдіктер мен жануарларды қорғау саласындағы өзекті мәселелер

    1

    24.04




    32

    Қорықтар - табиғат қорғаны

    1







    Тараз қаласының геоэкологиясы (4 сағат)

    33

    Өнеркәсіп орындары, транспорт түрлерінің, тұрмыстағы кейбір жағдайларының қала атмосферасына әсері.

    1



    15.05


    № 32 сабақ, №33 с. кірік

    34

    Тараз қаласының экологиялық әл-ахуалын жақсарту мақсатындағы жүргізілетін іс-шаралар

    1


    22.05

    № 34 сабақ, №35 с. кірік

    35

    Экологиялық проблемаларды оң шешу – елімізге сын

    1

    36

    Тараз қаласының көрікті жерлеріне саяхат

    1

    29.05




      1   2   3


    написать администратору сайта