түсінік хат 10 сынып. түсінік хат биология 2022-2023 — копия. Тсінік хат. Кнтізбеліктаырыпты жоспар биология пнінен 7 сынып
Скачать 31.81 Kb.
|
Түсінік хат. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар биология пәнінен 7 сынып (аптасына 2 сағат, жылына 72 сағат) 7-сыныпқа арналған «Биология» пәнінен жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы оқушыларға алған білімдерін нысандар мен ақпаратты бақылау, топтастыру, жүйелендіру, салыстыру, талдау, себеп-салдарлық байланыстарды орнату сияқты дағдыларын дамыту үшін қолдануға көмектеседі. «Биология» пәні: биологияның оқу құрал-жабдықтарын пайдалану бойынша, эксперименттік зерттеу жоспарын құру, зерттеулер жүргізу, алынған мәліметтерді жинау, өңдеу және түсінік беру сияқты бірқатар практикалық дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді. Биологияны оқу, оқушыларға алған білім, білік пен дағдыны күнделікті өмірде қолдануға мүмкіндік береді. «Биология» пәнінің мақсаты – оқушыларға органикалық дүниенің көптүрлілігі, ондағы болып жатқан құбылыстар мен үдерістердің заңдары мен заңдылықтары, сонымен қатар адам оның ажырамас бөлігі туралы білім мен түсінік жүйелерін беру. Оқу пәнінің міндеттері: 1) жер бетіндегі барлық тірінің құндылығын түсіну үшін өмірдің құрылымды-функционалды және генетикалық негіздері туралы, тірі табиғаттың негізгі патшалықтары ағзаларының көбеюі мен дамуы, экожүйе, биоалуантүрлілік, эволюция туралы білім жүйесін асыру; 2) экологиялық этика нормалары мен ережелерін, табиғатқа жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру; 3) генетикалық сауаттылықты қалыптастыру - салауатты өмір салты негіздері, психикалық, тән және моральдық денсаулық сақтау; 4) оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамыту, биологиялық білімдерін практикада қолдануға ұмтылу, медицина, ауыл шаруашылығы, биотехнология, экологиялық менеджмент және қоршаған ортаны қорғау саласындағы практикалық іс-шараларға қатысу; «Биология» пәні бойынша жаңартылған оқу бағдарламасының негізі оқытудың төрт бөлімін қамтиды: «Тірі ағзалардың алуан түрлілігі, құрылымы және функциялары»; «Көбею, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік»; «Эволюциялық даму, ағза және қоршаған орта»; «Кіріктірілген қолданбалы ғылымдар». Биология бойынша білім беру бағдарламасы оқытудың бастапқы сатыларының өзінде пән туралы бүтіндей түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді. Биология бойынша оқу бағдарламасына мынадай бөлімшелер енгізілді: «Тұқым қуалаушылық және өзгергіштік заңдылықтары», оның шеңберінде тұқым қуалайтын және жүре пайда болған белгілері қаралады, «Микробиология және биотехнология» – микроорганиздер, антибиотиктер және антисептиктер туралы түсініктер енгізіледі. Аталған бөлімшелерді оқыту оқушыларды қоршаған ортаны түсіну, сонымен қатар жоғары сыныптарда пәнді барынша тереңірек одан әрі зерделеуге көмектеседі. Биология бойынша бағдарламаның негізгі ерекшеліктері болып биология бөлімдерін зерделеу жүйелілігінде оқытудың «шиыршық» принципін пайдаланылады. Бағдарламада 7-сыныптан бастап біртіндеп мазмұнының тереңдеуімен және күрделенуімен биология курсының барлық негізгі мәселелері оқытылады. Демек, оқушылар ағзалардың әртүрлі топтарына тән биологиялық процестер мен құбылыстарды бір мезгілде зерделеу және салыстыру мүмкіндігін алады. Оқу бағдарламасының мынадай бөлімдері бойынша тақырыптарды зерделеудің күрделілік және тереңдік деңгейіне назар аудару керек: «Тірі ағзалардың әралуандылығы» – оқушыларды ағзалардың әр түріне арналған анықтау-кілттерін құрастырған кезде дихотомия әдісіне оқыту. «Қорек» – адамның ас қорыту жүйесі бойынша білім негіздерін қалау (аталған тақырыпты оқушылар 9-сыныпта барынша толық зерделейтін болады). «Жасушалық цикл» – генетикалық материал туралы түсінікті енгізу (химиялық формуланы ғана және ДНҚ-мен байланысты оқушылар 10-сыныпта жан-жақты зерделейтін болады). Сабақтарды жоспарлаған кезде практикалық дағдыларды дамытуға бағыталған белсенді оқыту әдістерін көбірек қарастыру керек. «Биология» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі 7 сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 72 сағатты құрайды «Биология» пәні бойынша жиынтық бағалау саны.
7-сыныпта 14 зертханалық жұмыс, 4 модельдеу қарастырылған.
Түсінік хат. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар биология пәнінен 8 сынып (аптасына 2 сағат, жылына 72 сағат) «Биология» пәнінің мақсаты – білім алушылардың бойында органикалық дүниенің көптүрлілігітуралы, ондағы болып жатқан процестер мен заңдылықтар туралы білім жүйелерін қалыптастыру, сонымен қатар адам оның ажырамас бөлігі туралы саналы түсінік қалыптастыру. Оқу пәнінің міндеттері: жер бетіндегі барлық тірі ағзалардың құндылығын түсіну үшін өмірдің құрылымды-функционалды және генетикалық негіздері туралы, тірі табиғаттың негізгі патшылықтары ағзаларының көбеюі мен дамуы, экожүйе, биоалуантүрлілік, эволюция туралы білім жүйесін қалыптастыру; экологиялық этика нормалары мен ережелерін, табиғатқа жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру; генетикалық сауаттылықты қалыптастыру – салауатты өмір салты негіздері, психикалық, тән және моральдық денсаулық сақтау; оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамыту, биологиялық білімдерін практикада қолдануға ұмтылу, медицина, ауыл шаруашылығы, биотехнология, экологиялық менеджмент және қоршаған ортаны қорғау саласындағы практикалық іс-шараларға қатысу.«Биология» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:8-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты; тірі ағзалардың көптүрлілігі, құрылымы мен қызметтері;көбею, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік. Эволюциялық даму;ағза мен қоршаған орта;қолданбалы кіріктірілген ғылымдар Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасына жаңадан қосылған тақырыптар: 1.Дихотомиялық әдіс. Дихотомиялық кілттерді қолдану; 2.Аэробты және анаэробты тыныс алу 3.Дүниежүзілік Тұқым қоры; 4.Жасушалардың сызықтық ұлғаюын есептеу; 5.Биотехнологиялық үдерістің жалпы сызбасы және биотехнологияда алынатын өнімдері; Сонымен қатар жаңа бағдарламада терең меңгеруге арналған бірқатар тақырыптар берілген: 1.Өкпедегі газ алмасу және ұлпалық тыныс алу механизмдері; 2.Контрацепцияның маңызы; 3.Ағзалардың тірі қалу стратегиялары; 4.Түрлі жағдайлардың ферменттер белсенділігіне әсері. Сабақтарды жоспарлау кезінде практикалық дағдыларды дамытуға бағытталған белсенді оқыту әдістерін қолданған дұрыс. Оқу бағдарламасы бойынша 7-8-9-сыныптарда қарастырылатын зертханалық жұмыстар мен модельдеу жұмыстары міндетті түрде жүргізілуі тиіс.Себебі қарастырылатын зертханалық жұмыстар мен модельдеу жұмыстары білім алушының ізденіс қабілеттерін арттыруға мүмкіндік жасайды. Модельдеу жұмыстары білім алушының өзіндік ғылыми ізденіс жұмысына бағытталған болғандықтан тоқсанның басында беріледі, оны орындау үшін нақты уақыты айқындалады. Сонымен қатар берілген жұмыстар бағаланады. Оқу бағдарламасы бойынша қарастырылған демонстрациялық жұмыстар бағаланбайды . Демонстрациялық жұмысты орындау үшін мұғалім кез-келген ақпарат көзін пайдалана алады. 8 - сыныпта 14 зертханалық жұмыс, 2 модельдеу, 2 демонстративтік жұмыс қарастырылған, оның ішінде қолданыстағы бағдарламада 8-сыныптан –жұмыс алынған. 11 зертханалық жұмыс жаңадан қосылған. 8-сыныпта өткізілген зертханалық жұмыстар саны төменде 8-сыныпта өткізілген зертханалық жұмыстар саны.
«8-сынып Биология» пәні бойынша жиынтық бағалау саны.
Түсінік хат. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар биология пәнінен 9 сынып (аптасына 2 сағат, жылына 72 сағат) «Биология» пәнінің мақсаты – білім алушылардың бойында органикалық дүниенің көптүрлілігі туралы, ондағы болып жатқан процестер мен заңдылықтар туралы білім жүйелерін қалыптастыру, сонымен қатар адам оның ажырамас бөлігі туралы саналы түсінік қалыптастыру. Оқу пәнінің міндеттері: 1) жер бетіндегі барлық тірі ағзалардың құндылығын түсіну үшін өмірдің құрылымды-функционалды және генетикалық негіздері туралы, тірі табиғаттың негізгі патшалықтары ағзаларының көбеюі мен дамуы, экожүйе, биоалуантүрлілік, эволюция туралы білім жүйесін қалыптастыру; 2) экологиялық этика нормалары мен ережелерін, табиғатқа жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру; 3) генетикалық сауаттылықты қалыптастыру – салауатты өмір салты негіздері, психикалық, тән және моральдық денсаулық сақтау; 4) оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамыту, биологиялық білімдерін практикада қолдануға ұмтылу, медицина, ауыл шаруашылығы, биотехнология, экологиялық менеджмент және қоршаған ортаны қорғау саласындағы практикалық іс-шараларға қатысу. Оқу бағдарламасының мынадай бөлімдері бойынша тақырыптарды зерделеудің күрделілік және тереңдік деңгейіне назар аудару керек: «Тірі ағзалардың әралуандылығы» – оқушыларды ағзалардың әр түріне арналған анықтау-кілттерін құрастырған кезде дихотомия әдісіне оқыту. «Қорек» – адамның ас қорыту жүйесі бойынша білім негіздерін қалау (аталған тақырыпты оқушылар 9-сыныпта барынша толық зерделейтін болады). «Жасушалық цикл» – генетикалық материал туралы түсінікті енгізу (химиялық формуланы ғана және ДНҚ-мен байланысты оқушылар 10-сыныпта жан-жақты зерделейтін болады). Сабақтарды жоспарлау кезінде практикалық дағдыларды дамытуға бағытталған белсенді оқыту әдістерін қолданған дұрыс. Оқу бағдарламасы бойынша 7-8-9-сыныптарда қарастырылатын зертханалық жұмыстар мен модельдеу жұмыстары міндетті түрде жүргізілуі тиіс. Себебі қарастырылатын зертханалық жұмыстар мен модельдеу жұмыстары білім алушының ізденіс қабілеттерін арттыруға мүмкіндік жасайды. Модельдеу жұмыстары білім алушының өзіндік ғылыми ізденіс жұмысына бағытталған болғандықтан тоқсанның басында беріледі, оны орындау үшін нақты уақыты айқындалады. Сонымен қатар берілген жұмыстар бағаланады. Оқу бағдарламасы бойынша қарастырылған демонстрациялық жұмыстар бағаланбайды. Демонстрациялық жұмысты орындау үшін мұғалім кез-келген ақпарат көзін пайдалана алады. "Биология"пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 1 тоқсанға сағат саны-17 2 тоқсанға сағат саны - 16 3 тоқсанға сағат саны-20 4 тоқсанға сағат саны - 19 9- сыныпта: 8 зертханалық жұмыс, 1 модельдеу, 7 демонстративтік жұмыс қарастырылған.
9-сынып Биология пәні бойынша жиынтық бағалау саны.
Түсінік хат Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау 10 сыныпқа арналған биология бойынша жаратылыстану-математикалық (аптасына 2 сағат, жылына 72 сағат) және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы (аптасына 1 сағат, жылына 36 сағат) 10 сынып «Биология» пәніне жасалған күнтізбелік тақырыптық жоспар «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына сәйкес және Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығы(өзгерістер мен толықтырулармен 2020 жылғы 27 қарашада №496 бұйрығы ) сүйене отырып жасалды. «Биология» пәні жаратылыстану ғылымдарының құрамдас бөлігі ретінде оқушыларға қоршаған ортаның көп түрлілігі мен эволюциясы туралы білім береді, тірі ағзалардың даму заңы мен заңдылықтарын қарастырады, сонымен қатар әлемнің таңғажайып құбылыстарын оқып-тануға және зерттеуге мүмкіндік береді. Биологияны оқытудың мақсаты-білім алушылардың қазіргі заманғы биологиялық білімі мен іскерлігін дамыту; оны ұйымдастырудың әртүрлі деңгейлеріндегі өмірдің мәнін, дамуы мен көріністерін түсіну; өмірдің мәнін ең жоғары құндылық ретінде түсінетін жан-жақты дамыған тұлғаны дайындау. Оқу пәнінің міндеттері: - адамның табиғаттағы рөлін оның даму заңдылықтарын түсіну негізінде анықтайтын маңызды биологиялық білім мен дағдыларды кеңейту - жаңа білім алудың, оларды одан әрі кеңейту мен тереңдетудің негізі мен құралы ретінде табиғаттың дамуы мен қызмет ету заңдары; - білім жүйесін және ғылыми дүниетаным негіздерін меңгеру барысында шығармашылық дербестік пен сыни ойлау, зерттеу біліктерін қалыптастыру; ; - қоршаған шындықты еркін бағдарлауға, этикалық мәселелерге және қоғамның әлеуметтік өміріне және еңбек қызметіне жеке қатысуға байланысты дербес шешімдер қабылдауға дайын болуға мүмкіндік беретін бастамашыл тұлғаның қасиеттерін дамыту; - білім алушылардың бойында білім алуды жалғастыруға және өз бетінше білім алуға қажетті зияткерлік дағдыларды дамыту. "Биология"пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі (ЖМБ): 1 тоқсанға сағат саны-17 2 тоқсанға сағат саны - 16 3 тоқсанға сағат саны-20 4 тоқсанға сағат саны – 19 "Биология"пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі (ҚГБ): 1 тоқсанға сағат саны-8 2 тоқсанға сағат саны - 8 3 тоқсанға сағат саны-10 4 тоқсанға сағат саны – 10
10 ЖМБ - зертханалық жұмыстар саны - 5, модельдеу-4. 10 ҚГБ – зертханалық жұмыстар саны – 3, модельдеу – 1. Негізгі оқу құралы ретінде жалпы білім беретін мектептердің жаратылыстану-математика бағытындағы 10 –сыныпқа арналған "Биология" оқулығы пайдаланылады, редакциялаған: Очкур Е .А., Курмангалиева Ж. Ж., Нуртаева М. А. - Алматы, "Мектеп" баспасы 2019.г. Негізгі оқу құралы ретінде жалпы білім беретін мектептердің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10 –сыныпқа арналған "Биология" оқулығы пайдаланылады, редакциялаған: Асанов Н.Г., Соловьева А.Р., Ибраимова Б.Т. – Алматы, «Атамұра» 2019 ж. Түсінік хат Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау 11 сыныпқа арналған биология бойынша жаратылыстану-математикалық (аптасына 2 сағат, жылына 72 сағат) және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы (аптасына 1 сағат, жылына 36 сағат) «Биология» пәні жаратылыстану ғылымдарының құрамдас бөлігі ретінде оқушыларға қоршаған ортаның көп түрлілігі мен эволюциясы туралы білім береді, тірі ағзалардың даму заңы мен заңдылықтарын қарастырады, сонымен қатар әлемнің таңғажайып құбылыстарын оқып-тануға және зерттеуге мүмкіндік береді. Биологияны оқытудың мақсаты-білім алушылардың қазіргі заманғы биологиялық білімі мен іскерлігін дамыту; оны ұйымдастырудың әртүрлі деңгейлеріндегі өмірдің мәнін, дамуы мен көріністерін түсіну; өмірдің мәнін ең жоғары құндылық ретінде түсінетін жан-жақты дамыған тұлғаны дайындау. Оқу пәнінің міндеттері: - адамның табиғаттағы рөлін оның даму заңдылықтарын түсіну негізінде анықтайтын маңызды биологиялық білім мен дағдыларды кеңейту - жаңа білім алудың, оларды одан әрі кеңейту мен тереңдетудің негізі мен құралы ретінде табиғаттың дамуы мен қызмет ету заңдары; - білім жүйесін және ғылыми дүниетаным негіздерін меңгеру барысында шығармашылық дербестік пен сыни ойлау, зерттеу біліктерін қалыптастыру; ; - қоршаған шындықты еркін бағдарлауға, этикалық мәселелерге және қоғамның әлеуметтік өміріне және еңбек қызметіне жеке қатысуға байланысты дербес шешімдер қабылдауға дайын болуға мүмкіндік беретін бастамашыл тұлғаның қасиеттерін дамыту; - білім алушылардың бойында білім алуды жалғастыруға және өз бетінше білім алуға қажетті зияткерлік дағдыларды дамыту. "Биология"пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 1 тоқсанға сағат саны-17 2 тоқсанға сағат саны-15 3 тоқсанға сағат саны-20 4 тоқсанға сағат саны - 16 "Биология"пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі (ҚГБ): 1 тоқсанға сағат саны-8 2 тоқсанға сағат саны - 8 3 тоқсанға сағат саны-10 4 тоқсанға сағат саны – 10
11 ЖМБ - зертханалық жұмыстар саны - 7, модельдеу-2. 11 ҚГБ - зертханалық жұмыстар саны - 4, модельдеу-1. Негізгі оқу құралы ретінде Н.Т. Аблайханова, А .М. Қалыбаев, А. М. Паримбекова, Б. А. Усипбек, Е.И. Швецова - Алматы редакциясымен жалпы білім беретін мектептердің жаратылыстану –математика бағытындағы 11-сыныбына арналған "Биология" оқулығы екі бөлікте қолданылады, "Мектеп" баспасы, 2020 ж. Негізгі оқу құралы ретінде Н.Г.Асанов, А.Р.Соловьева, Б.Т.Ибримов, С.А.Куприй – Алматы редакциясымен жалпы білім беретін мектептердің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған «Биология» оқулығы екі бөлімде қолданылады, «Атамұра» баспасы, 2020 ж. Нормативт 7-8-9 сыныптар «Биология» пәніне жасалған күнтізбелік тақырыптық жоспар «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына сәйкес және Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығы(өзгерістер мен толықтырулармен 2020 жылғы 27 қарашада №496 бұйрығы ) сүйене отырып жасалды. |