бақылау,өздік жұмыстары 4-сынып. Тсінік хат
Скачать 281.5 Kb.
|
Математика пәнінен бақылау және өздік жұмыстары 4-сынып Дайындаған: Солтүстік Қазақстан облысы Ғ.Мүсірепов атындағы ауданы Новосёлов орта мектебінің Бастауыш сынып мұғалімі Сердалина Меруерт Есенжолқызы 2015-2016 оқу жылы Түсінік хат Математика-мазмұнына сандар мен оларға қолданылатын амалдарды,шамаларды,есептерді,алгебра геометрия элементтерін біріктірген,олардың өзара байланысы мен өзара әсерлесуін жүзеге асыратын кіріктірілген оқу пәні. Бастауыш мектеп математикасы негізгі орта мектеп математикасының табиғи бір бөлігі болып табылады. Мақсаты: -Оқушыларға грамматикалық білім, білік, дағдыларын игерту; -Шығармашылық қабілеттерін арттыру; -Зейінін, еске сақтау, байқағыштык, қиялдау, танымдық іс-эрекетгерімен өздігінен білім алуға, ізденуге бейімдеу. - Окушының оқу мен жазу дағдыларын жетілдіріп, өз ойы мен пікірін еркін жеткізе алатын дара тұлға тәрбиелеу. Міндеттері: -Мемлекеттік білім стандарты деңгейді білім,білік және дағдыларын игерту -«Математика»пәнінің мазмұны арқылы танымдық және коммуникативтік іс-әрекетке,өздігінен білім алуға және еңбекке бейімдеу,сондай-ақ ата-дәстүр,әдет-ғұрып,салт-сана,халықтық ұлттық болмысты жалпы адамзаттың мәдени мұраларымен үндестіру аркылы баланы түлға ретінде қалыптастыру -Оқушының ақыл-ойының математикалық стилін,интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыту -Мектептің негізгі сатысында окуға,меңгерген математикалық білімін өмірде қолдануға жан- жақты дайындауды жүзеге асыру Математиканың өмірде болып жатқан нақты құбылыстарды жалпылауға және қоршаған болмысты танып-білуге көмектесетін ғылым болып табылатыны туралы түсініктердің қалыптасуына ықпал ету. Оқушының өмір сүруіне және мектептің келесі деңгейде оқуын жалғастыруы үшін қажетті білім,білік және дағдыларды қалыптастыру. Күтілетін нәтиже: Бір таңбалы сандар қатарының ретін білу. Қосумен азайтуға байланысты таңбалар мен терминдер. Қосудағы жэне азайтудағы нөл мен бірдің қасиеттерін.Қосудың ауыстырымдылық қасиетін 100 көлеміндегі косу кестесін білуі тиіс Геометриялык фигураларды атай алуы Берілген ұзындығы бойынша кесіндіні сала алуы. Миллион көлеміндегі сандардың натурал қатарының ретін .Қосудың және көбейтудін қасиеттерін. Жақшалы және жақшасыз санды өрнектерде арифметикалық амалдардың орындалуын ретін, тәртібін. Есептің құрамдас бөліктерін және оны шығару үдерісін кезеңдерін білуі тиіс. Сандарды жазбаша көбейту баған түрінде және бөлу тәсілдері. Оқу әрекетінде өз бетінше жұмыс дегеніміз – оның барлық компоненттерін меңгеру деген сөз. Оқу әрекетінде өз бетінше жұмыс жасау көрсеткішін анықтау үшін бір жағынан осы көрсеткішердің оқу әрекеті компоненттерімен байланысын, екінші жағынан өз бетінше жұмыс жасаудың құрылымы мен ара қатынасын қарау керек. Қазіргі сабақтарда ол ерекше маңызға ие болып отыр. Себебі, өз бетінше жұмыс істеу әрекеті үрдісінде ғана оқушы білімді меңгеруде жетістікке қол жеткізеді. Сабақ үстінде оқушылар өз мүмкіндіктерінше өздігінен еңбектенуі қажет, ал мұғалім оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу барысын жетекшілікке алып, оны орындауға бағытталған тапсырма беруі қажет. Оқу үрдісіндегі өз бетінше жұмыс деп – белгілі уақыт ішінде алға қойған дидактикалық мақсатты орындауға бағытталған білімді іздеу, оны ұғыну, бекіту, білік және дағдыны қалыптастыру және дамыту, білімді жүйелеу және талдап қорытуды айтамыз. Енді танымдық жаттығулардың түрлері туралы айисақ, бұлардың өзіндік жасалу жолдары мен тәсілдері бар. Бастауыш мектептің математика курсы бойынша дайындалған оқу- әдістемелік құрал мұғалімдерге әдістемелік тұрғында көмек беру мақсатын көздейді. Құралды құрастыруда бастауыш мектеп математикасының оқу бағдарламасы басшылыққа алынды. Стандартқа сәйкес бастауыш математикалық білім берудегі аса мәнді өзгерістердің бірі оқушыларды математиканы оқыту барысында шығармашылық ізденіске жетелейтін іс- әрекеттерге баулу мақсатының көзделуі болып табылады. Бақылау бастауыш буындағы оқытудың нәтижесінің көрсеткіші мұғалімнің іс- әрекетінің де көрсеткіші болып табылады.Кіші мектеп жасындағы оқушыларға білім берумен қатар өзін- өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру. Математикадан өздік және бақылау жұмыстары оқушылардың алған білім деңгейінің нәтижесін байқауға, өтілген материалды меңгеруге, жетістігін ой – қылықтарын айқындауға көмектесу үшін құрастылған. Құралымның негізгі мақсаты: жас мамандарға іс- тәжірибемді тарату. Оқушылармен жеке жұмыс ұйымдастыру арқылы олардың сабақта алған білімін тиянақтап бекіту мақсаттары көзделген. Бақылау және өзіндік жұмыстардың мөлшері:
Бақылау жұмысы №1 1- нұсқа 1. Есепті шығар: 32 м матадан бірдей 8 көйлек тігілді. 12 көйлек тігу үшін неше метр мата қажет ? 2. Өрнектің мәнін тап. 109 * 7 486 * 2 686 : 7 608 – 359 3 * 251 436 : 4 792 : 3 328 + 296 3. Амалдарды орында: 72 + 48 : ( 3 * 2 ) ( 1.230 + 600 ) – ( 570 – 70 ) 4. Ұзындығы 8 см ,ені 3 см-ге тең тіктөртбұрыштың периметрі мен ауданын есепте. 5. Сандар қатарын жалғастыр: 608, 618, 628, …, …, … . 6. Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте 32кг 50г= г 5дм2 = см2 =мм2 6545м =см 320 ц= кг 5500см =дм =мм 2135 кг = тцкг 7.* Шығармашылық тапсырма. Менің ақшама осы ақшамның жартысын қосса, 150 теңге болар еді. Менде қанша ақша болған? 2- нұсқа 1. Есепті шығар: 32 м матадан бірдей 8 көйлек тігілді. 60 метр матадан неше көйлек тігуге болады ? 2. Есепті баған түрінде орында. 407 * 2 2 * 462 278 * 3 706 – 428 812 * 2 536 : 8 774 : 2 246 + 479 3. Амалдарды орында: 41 – 3 * ( 63 : 9 ) ( 980 – 800 ) + ( 320 – 20 ) 4. Қабырғалары 7 см-ге тең шаршының периметрі мен ауданын тап. 5. Сандар қатарын жалғастыр: 995, 985, 975, …, …, … . 6. Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте 6м2= см2= мм2 10см2 = мм2 4580м =см 120 ц= кг 2500см =дм =мм 5154 кг = тцкг 7. * Шығармашылық тапсырма. Бөртегүл ағашының бұтағында 4 және 5 күлтеден тұратын 35 гүл бар. Барлық күлтелердің саны 153. Сонда 5 күлтелі гүлдер нешеу екенін тап. Бақылау жұмысы № 2 1- нұсқа
Дүкенге әрқайсысында 32 килограммнан 8 қорап кәмпит және әрқайсысында 32килограммнан 7 жәшік вафли әкелінді. Кәмпит пен вафлидің қайсысы неше килограммға ауыр?
2 500 мм … 25 см 3 км 205 м …3 250 м 6 т 800 кг … 68 ц 10 250 кг …10 т 2 ц 5 249 … 5 * 1000 + 2 * 100 + 9 * 10 +4 3.Мысылдарды шығар: 25 819 + 1 395 000 : 100 500 000 - 1 309 * 100 75 800- 10 000 130 007 +8 000 4. Есепте: Қабырғаларының ұзындықтары 3см,4см,5см болатын ұшбұрыштың периметрін тап. 5.Сандарды өсу ретімен жаз: 5 дм , 50 см, 500 дм, 5000см 6. * Шығармашылық тапсырманы орында: Үш сөмкеде екі ондық дәптер бар. Бірақ біреуіндегі дәптерлер басқа сөмкелерден екі есе аз. Әр сөмкеде қанша дәптер бар екенін тап. 2-нұсқа 1. Есепті шығар : Қоймаға әрқайсысында 46 килограммнан 6 қап ұн және 48килограммнан 5қап күріш әкелінді.Ұн мен күріштің қайсысы неше килограммға ауыр? 2. Салыстыр: 12 дм 80 мм …1 280 мм 52 мм … 2 см 5 мм 2 400 кг … 240 ц 6 т 8 кг … 6 080 кг 814 129 … 814 100 + 2 * 10 + 9 3. Мысалдарды шығар: 73 549 +1 326 000 – 1 000 84 600 : 10 30 000 – 1 268 * 1 000 206 317 – 300 4. Есепте: Қабырғаларының ұзындықтары8см 3см 4см 5см 2см көпбұрыштың периметрін тап. . 5. *.Сандарды өсу ретімен жаз: 7 дм , 70 см, 700 дм, 7000см 6. * Шығармашылық тапсырма : Бөртегүл ағашының бұтағында 4 күлтеден тұратын 35 гүл бар. Барлық күлтелердің саны 153. Сонда 5 күлтелі гүлдер нешеу екенін тап. Бақылау жұмысы № 3 1- нұсқа 1. Есепті шығар : Еңбек сабағында екінші сынып оқушылары 24 балға, ал үшінші сынып оқушылары 72 балға жасады. Үшінші сынып оқушылары 2 сыныпқа қарағанда неше балға артық жасады? 2. Есепті шығар және тексер : 700 000 – 24 618 804 608 + 96 395 312 879 – 179 542 3. Өрнекті баған түрінде орында : 28 км 640 м – 9 км 890 м 18 т 360 кг + 16 т 740 кг 4 сағ40 мин – 55 мин 4. Теңдеуді шеш : 290 + Х = 640 – 260 5. Өрнектерді жазып, олардың мәнін тап. 184 пен 12-нің қосындысын 5 есе арттыр 1000 мен 45-тің айырмасын 5 есе кеміт 6. * Тура теңдік шығу үшін сандар арасына амалдар таңбасын және жақша қой. 1 2 3 4 5 6 7 = 24 2 -нұсқа 1. Есепті шығар: Асханаға 300кг күріш және одан 3 есе аз қант алып келді. Асханаға қанша килограмм қант алып келді?? 2. Есепті шығар және тексер : 600 600 – 24 863 143 807 + 57 296 529 631 – 181 479 3. . Өрнекті баған түрінде орында : 16 т 230 кг – 9 т 750 кг 32 км 560 м + 19 км 540 м 2 сағ 2 мин – 45 мин 4. Теңдеуді шеш: 400 – Х = 275 + 25 5. * Өрнектерді жазып, олардың мәнін тап. 125 пен 5-тің көбейтіндісін 118-ге кеміт 900 бен 456-ның айырмасын 2 есе кеміт 6. * Тура теңдік шығу үшін сандар арасына амалдар таңбасын және жақша қой. 3 3 3 3 3 = 33 Бақылау жұмысы№ 4 1- нұсқа 1.Есепті шығар: Үш сөреде 522 кітап жинаулы тұр. Бірінші сөреде – барлық кітаптың үштен бір бөлігі.Біріншіге қарағанда екіншісінде 56 кітап артық. Қалған кітаптар үшінші сөреде жинаулы тұр.Үшінші сөреде неше кітап жинаулы тұр? 2. Амалдарды орында: ( 10 283 + 16 789 ) : 9 5 * ( 125 +75 ): 20 + 80 ( 200 496 – 134 597 ) * 2 3. Салыстыр : 6 т 20 кг … 6т 2 ц 20 км 300 м … 23 000 м 3 тәул 10 сағ …190 сағ 4. Теңдеуді шеш : 3 * Х = 87 – 6 5. Ұзындығы 8 см, ені 5 см, биіктігі 4 см параллелепипедтің көлемін тап 6. * Немере атасынан: «Жасың нешеде? „деп сұрады.Атасы егер өзімнің қазіргі жасымның жартысындай уақыт және тағы бір жыл өмір сүрсем, онда маған 100 жас болар еді.Атасының жасы нешеде? 7. * Дүкенде 4 әртүрлі қасық, 5 әртүрлі кесе, 3 әртүрлі тәрелке бар. Неше әдіспен 1тәрелке, 1 қасық және 1 кесені сатып алуға болады? 2- нұсқа 1.Есепті шығар : Дүкенге 850 кітап қоймадан әкелінді.Бірінші күні барлық кітаптың екіден бір бөлігін сатып алды.Біріншіге қарағанда 84 кітап кем сатылды.Қалған кітап үшінші күні сатылды. Үшінші күні неше кітап сатылды? 2. Амалдарды орында: ( 18 370 + 23 679 ) : 7 156 – 96 : ( 12 : 4 ) : 2 ( 800 035 – 784 942 ) * 6 3. Салыстыру : 6 т 200кг … 62 000 кг 5 км 4 м … 5 км 40 дм 245 ч … 4 сут 5 ч 4. Теңдеуді шеш : 84 : Х = 6 * 7 5. Ұзындығы 7 см, ені 4 см, биіктігі 5 см параллелепипедтің көлемін тап 6. * Әкесі 27 жаста болғанда баласы 3 жаста болды. Ал казір баласының жасы әкесінің жасынан 3 есе кем. әрқайсының жасы нешеде? 7. * Дүкенде 5 әртүрлі кесе және 3 әртүрлі тәрелке бар. Неше әдіспен 1тәрелке мен 1 кесені сатып алуға болады Бақылау жұмысы№ 5 1 нұсқа 1. Есепті шығар: Бумадан 120 бет қағаз алынғаннан кейін, онда 380 бет қағаз қалды. Бумада қанша бет қағаз болған?? 2. Есепте : 62 240 : 40 238 800 : 600 4 050 * 600 7 320 * 40 3. Амалдар тәртібін анықта және есепте.: 563 430 : 70 + 9 204 * 40 4. Теңдеуді шеш: 204 * 500 – Х = 390 5. Тіктөртбұрыштың периметрін және ауданын тап. Тіктөртбұрыштың ұзындығы 54 мм, ал ені одан 24 мм қысқа. Тіктөртбұрыштың периметрі мен ауданын тап. 6. * Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді.Бір ат неше шақырым жүрді?? 2 нұсқа
Шипажайға 26 адамнан тұратын топ келгеннен кейін, онда 120 демалушы болды.Бастапқыда шипажайда неше демалушы болған? 2. Есепте : 75 270 : 30 205 100 : 700 2 700 * 900 4 080 * 50 3. Амалдар тәртібін анықта және есепте : 432 360 : 60 + 7 021 * 30 4. Теңдеуді шеш: 701 * 200 – Х = 920 5. Тіктөртбұрыштың периметрін және ауданын тап. Тіктөртбұрыштың ені 25мм, ал ұзындығы 12мм артық. Тіктөртбұрыштың периметрі мен ауданын тап. 6. * Екі адам шахматты 2 сағат ойнады.Бір адам неше сағат ойнайды? Бақылау жұмысы№ 6 1 -нұсқа
Балалар лагері үшін 2096 төсек қап сатып алынды, бұл ересектердің төсек қабына қарағанда 1956-сы артық.Ересектерге арналған неше төсек қап сатып алынды? 2.Мысалдарды шығар: 50 092 : 28 12 096 : 56 16 533 : 33 43 м – 6м 8мм = … м … дм … см … мм 34 ц – 4 ц 47 кг = … ц … кг …г 3.Амалдарды орында: 2 503 * 85 + ( 100 000 – 1 975 ): 75 4. Теңдеуді шеш : 5 * Х – 30 = 105 5. Тіктөртбұрыштың ауданы мен периметрін анықта : Ұзындығы 8 см , ені 6 см тіктөртбұрыш сыз. Осы тіктөртбұрыштыі 3тен бір бөлігін боя.Тіктөртбұрыштың және боялған бөлігінің ауданы мен периметрін тап. 6. * Түйеқұс 2 аяғымен тұрса 1 пұт тартса,1 аяғымен тұрса неше пұт тартады? 2- нұсқа 1.Есепті шығар : Таудың басындағы лагерде 48 спортшы демалды.Олардың бір бөлігі серуенге аттанғаннан кейін, лагерді барлық спортшыға қарағанда 36 адам кем қалды.Лагерде қалған адамдар серуенге кеткен адамдардан неше есе артық? 2. Мысалдарды шығар : 5 070 : 78 12 502 : 14 15 652 : 26 14 сағ – 12 мин = … сағ … мин … сек 5 ц 82 г – 93 г = … ц … кг …г 3. Амалдарды орында : 17 168 : 16 + ( 830 * 65 – 8 548 ) 4. . Теңдеуді шеш : 68 + Х * 6 = 164 5. Тіктөртбұрыштың ауданы мен периметрін анықта: Ұзындығы 6 см , ені 4 см тіктөртбұрыш сыз. Осы тіктөртбұрыштың 3тен бір бөлігін боя.Тіктөртбұрыштың және боялған бөлігінің ауданы мен периметрін тап. 6. * Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг,2 аяғымен тұрса неше кг болады? Бақылау жұмысы № 7 1-нұсқа 1.Есепті шығар: Үш үлескіден 2 т сәбіз жиналып алынды. Бірінші үлескіден 50 кг жиналды, бұл екіншіге қарағанда 2 есе кем.Ал қалғаны үшінші үлескеден жиналды.Үшінші үлескіден неше килограмм сәбіз жиналды? 2. Есепте : 7 247 * 5 930 760 – 845 999 1 305 : 9 68 754 + 224 689 6 098 * 83 16 727 : 389 38 744 : 58 189 088 : 622 3. Өрнектің мәнін тап : 2 т 2 ц 88 кг + 7 ц 86 кг = …т …ц …кг 2 мин 52 с + 43 с = …мин … с 8 тәул. 17 сағ – 5 тәул. 22 сағ 10 мин = … тәул …сағ …мин 4. Теңдеуді шеш : 112 : Х = 48 : 6 5. * Үстел үстінде үш кесе шие тұр. Марат бір кесе шиені жеп қойды. Неше кесе қалды?
1.Есепті шығар : . Бақтан 1550 кг алмұрт жиналды.Алмұрттың бестен бір бөлігі 62 жәшікке тең бөлініп салынды.Жәшіктің әрқайсысына неше килограмм неше килограмм алмұрттан салынды? 2. Есепте: 5 289 * 9 48 909 + 298 698 13 518 : 9 92 800 – 217 995 15 698 : 47 19 152 : 684 240 542 : 86 41 097 : 399 3.Өрнектің мәнін тап : 33 м 49 см + 22 м 68 см = … м … см 8 мин 10 с – 7 мин 45 с = …мин … с 3 т 2 ц 75 кг – 8 ц 98 кг = … т … ц …кг 4. Теңдеуді шеш: 126 : Х = 54 : 6 5. * Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? Бақылау жұмысы №8 1 -нұсқа 1. Есепті шығар: Жылыжайға 900 гүл отырғызылды. Оның 630 -қалампыр, қалғаны - қызғалдақ. Әр жүйекке 35 қалампыр және 30 қызғалдақ отырғызылды. Барлығы неше жүйек болды? 2. Есепті баған түрінде орында. 365 + 137 536 – 284 38 * 6 207 : 3 3. Тіктөртбұрыштың төртінші қабырғасының ұзындығын тап: Тіктбұрыштың периметрі 3 м. Оның бірінші қабырғасы 88 см, екіншісі біріншісінен 12 см артық, ал үшінші қабырғасы екіншісінен 2 есе кем. 4.Өрнектердің мәнін тап 200 мм = … дм 15 000 кг = … т 600 с = … мин 2 530 м = … км … м 700 дм = … м 17 а = … м 2 -нұсқа 1. Есепті шығар : Айдын 180 беттік кітапты күніне 20 беттен оқып бітіріп, содан соң басқа кітапты күніне 22 беттен оқыды. Екі кітапты ол 19 күнде оқып бітірді. Екінші кітап неше беттен тұрады? 2. Есепті баған түрінде орында. 523 + 186 231 – 97 242 * 4 912 : 4 3. Тіктөртбұрыштың төртінші қабырғасының ұзындығын тап: Тіктбұрыштың периметрі 2 м. Оның бірінші қабырғасы 58 см, екіншісі біріншісінен 24 см артық, ал үшінші қабырғасы екіншісінен 2 есе кем 4. Өрнектердің мәнін тап 300 см = … м 5 т 200кг = ….кг 25 000 мм = … м 2 сағ 15 мин = … мин 30 см = … мм 28 а = … м Бақылау жұмысы №9 1-нұсқа 1. Есепте. 19·4 505:5 903:3 23·4 820-120·3 8·(360:90) 2.Өрнектерді баған түрінде жазып, есепте. 456+198 802-456 669:3 224·4 3.Есепті шығар. Жиһаз жасайтын фабрикаға әрқайсысында 120 метрден 4 орам мата әкелінді. Оның 192 метрі жұмсалды. Неше метр мата қалды? 4.Теңдеуді шеш. 30·х=960 х+230=50·9 *Балабақшада Ақнұр, Бақыт, Айжан, Нұрлан және Жанат болды.Олардың әрқайсысында бір жұптан қолғап болса, оларда барлығы неше қолғап бар? 2-нұсқа 1.Есепте. 16·6 707:7 802:2 42·4 420+230·2 960:(270:90) 2. Өрнектерді баған түрінде жазып, есепте. 650+195 630-456 442:2 114·2 3.Есепті шығар. Қораптан 110 шардан 3 рет алғанда, онда тағы 57 шар қалды. Қорапта неше шар болды? 4.Теңдеуді шеш: х·40=480 х·50=900-450 * Шелек пен себеттің әрқайсысында 10 алмадан бар. Шелектен себетке 2 алма алып салынды. Шелекке қарағанда себетте неше алма артық болды? Бақылау жұмысы №10 1-нұсқа 1.Есепті теңдеу құру арқылы шығар: Екі сөреде 75 ойыншық бар.Бірінші сөреде екіншіге қарағанда 9ойыншық артық.Екінші сөреде неше кітап бар? 2. Есептеулерді орында. 4651* 256 20608*402 587962+123329 1060*390 150200:25 810000-547127 3.Теңдеулерді шеш: 33170-х=1406 2570+(х-520)=6579 4. 200 мм = … дм 15 000 кг = … т 600 с = … мин 2 530 м = … км … м 700 дм = … м 17 а = … м 5. Параллелепипедтің биіктігі 9см, ені 2см, ұзындығы 8см. Тік бұрышты параллелепипедтің көлемін есепте. 2-нұсқа
Жәшікте барлығы 40 алма және алмұрт бар.Алманың алмұрттан 6-сы артық.Жәшікте неше алмұрт бар? 2. Есептеулерді орында. 2080*800 5576:34 564878+312654 4651*236 543879:623 97000-878761 3.Теңдеулерді шеш: 413+х=208*20 2470+(х-520)=6479 4. 300 см = … м 5 т 200кг = ….кг 25 000 мм = … м 2сағ 15 мин = … мин 30 см = … мм 28 а = … м 5. Параллелепипедтің биіктігі 8см, ені 4см, ұзындығы 7см. Тік бұрышты параллелепипедтің көлемін есепте. Бақылау жұмысы №11 1-нұсқа 1.Есепті шығар. Арақашықтығы 1332 км екі қаладан бір-біріне қарама-қарсы екі автокөлік шығып, 9 сағаттан кейін кездесті, бірінші автокөлік 58 км \сағ жылдамдықпен жүрді. Екінші автокөліктің жылдамдығы қандай? 2. Геометриялық фигураның ауданы мен периметрін тап. Тіктөртбұрыштың ені 8 см, бұл оның ұзындығынан 8 м кем. Осы тіктөртбұрыштың периметрі мен ауданын тап. 3. Салыстыр 8м 2 дм * 8 м 20 см 4 км 250 м * 4 250 м 80 км 100 м * 81 000 м 4.Есептеулерді орында. 56635 :241 4567458 * 12 160564 :548 145278 х*49 2-нұсқа 1.Есепті шығар. Автобус арақашықтығы 420 км екі қаланың арасын 7 сағатта жүріп өту керек. Алғашқыда 2 сағатта ол жүру керек жылдамдықтан 5 км\сағ кем жылдамдықпен жүрді. Ол кестедегі уақыт бойынша кешікпей келу үшін, қалған жолды қандай жылдамдықпен жүруі тиіс? 2. Геометриялық фигураның ауданы мен периметрін тап. Тіктөртбұрыштың ұзындығы 24 см, ал ені оның ұзындығынан сегізден бір бөлігін құрайды. Оның периметрі мен ауданын тап. 3. Салыстыр 5 т 300 кг * 5 т 3 ц 20 сағ * 15 сағ 40 мин 125 мин * 2 сағ 15 мин 4. Есептеулерді орында. 540 876 :548 145262* 47 274776:856 785421*12 Жылдық бақылау жұмысы №12 1- нұсқа 1. Есепті шығар: Қоймада 23250 кітап болды.Оның 6050-і көркем әдебиет, қалғаны оқулықтар.Көркем әдебиет оқулықтарға қарағанда нешеуі кем? 2. Есепті шығар : Арақашықтығы 1332 км екі қаладан бір-біріне қарама-қарсы екі автокөлік шығып, 9 сағаттан кейін кездесті, бірінші автокөлік 58 км \сағ жылдамдықпен жүрді. Екінші автокөліктің жылдамдығы қандай?. 3. Теңдеу құр және шығар: 987 мен белгісіз санның айырмасы 85 пен 60 сандарының көбейтіндісіне тең.Белгісіз санды тап. 4. Амалдардың орындалу ретін анықтап, өрнектердің мәнін тап. 600 200 – 123 321 : 303 + 2 458 * 26 5. Теңдеуді шеш : (х – 7836 )+ 7836 = 20546 1789 –х :751= 1788 6 * Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? 2- нұсқа 1. Есепті шығар : Үш күнде дүкенге 8т қант жөнелді.Бірінші күні 1589 кг, екінші күні одан 2 есе артық қант тиелді.Үшінші күні неше килограмм қант жөнелтілді? 2. Есепті шығар : Автобус арақашықтығы 420 км екі қаланың арасын 7 сағатта жүріп өту керек. Алғашқыда 2 сағатта ол жүру керек жылдамдықтан 5 км\сағ кем жылдамдықпен жүрді. Ол кестедегі уақыт бойынша кешікпей келу үшін, қалған жолды қандай жылдамдықпен жүруі тиіс? 3. Теңдеу құр және шығар: 987 мен белгісіз санның айырмасы 405 пен 45 сандарының бөліндісіне тең.Белгісіз санды тап. 4. Амалдардың орындалу ретін анықтап, өрнектердің мәнін тап. 800 010 – 11 520 : 288 + 1 879 * 79 5. Теңдеуді шеш : 16 + 48 : х = 40 (х – 4005)-470= 4005 6 * Жүгіру жарысынан Асет, Марат, Талғат үш орынды алды, егер: Марат екінші орын алмаса, ал Талғат –үшінші орын алмаса, кім қандай орын алды Өздік жұмысы №1 1- тоқсан I- нұсқа 1. Сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жаз: - Үш жүз бес мың қырық тоғыз - __________________; - Елу алты мың алты жүз төрт - __________________; - Он төрт мың сегіз жүз отыз екі - __________________; 2. Есептеулерді орында:
3. Мысалдарды шығар:
II -нұсқа 1. Сандарды разрядты қосылғыштардың қосындысы түрінде жаз: - Бес жүз қырық мың жиырма тоғыз - __________________; - Он төрт мың жеті жүз бес- __________________; - Алпыс алты мың қырық сегіз - __________________; 2. . Есептеулерді орында:
3. Мысалдарды шығар:
Өздік жұмысы №2 1- тоқсан I- нұсқа 1. Мысалдарды шығарып тексер:
2. Бөлуді орында:
3. Есепті шығар: Велосипедші 3 сағатта 60 км жүрді .Ол 7сағатта неше километр жүреді ? II- нұсқа 1. Мысалдарды шығарып тексер:
2. . Бөлуді орында:
3. Есепті шығар Машина 30 минутта25 км жүреді . Ол 4 сағатта неше километр жүреді? Өздік жұмысы №3 2-тоқсан I- нұсқа 1. Есептеулерді орында:
2. Есепті шығар: Оқушылар бірінші күні 3 тонна 540 кг алма терді.Екінші күні бірінші күнге қарағанда 300 кг кем алма жинады.Барлық жиналған алмаларды әр қапқа 30 килограммнан салды.Неше қап қажет? 3. Амалдарды орында: 475 * 8 + (3 745 - 2 495) = 4. Есепті шығар: Машина 90 км/сағ жылдамдықпен 450 км жол жүргеннен кейін,тағы 40 минут жүрді. Барлық жолға қанша уақыт жұмсады? II- нұсқа 1. . Есептеулерді орында:
2. Есепті шығар: Қоймада 3 тонна 340 кг қант болды. Әрқайсысында 45 килограммнан 10 қап тағы әкелді . Қоймада барлығы неше килограмм қант ? 3. Амалдарды орында: 295 * 7 + (9 753 - 1 294) = 4. Есепті шығар: Пойыз 70 км/сағ жылдамдықпен 4 сағат жүріп келе жатты.Сосын ол жылдамдығын 10 км/сағ азайтты да ,тағы 2 сағат жүрді. Ол қандай қашықтықты жүріп өтті? II нұсқа 1. Есептеулерді орында:
2. Есепті шығар: Мектепке 1 тонна 540 кг картоп әкелді. Бір күнде мектеп асханасында74 кг картоп жұмсалды. 9 күннен кейін қанша картоп қалды? 3. Амалдарды орында: 389 * 5 + (3 555 - 1 395) = 4. Есепті шығар: Велосипедші 30 км/сағ жылдамдықпен 4сағат жүрді. Ол 20 км/сағ жылдамдықпен тағы 30 минут жүрді. Ол қандай қашықтықты жүріп өтті? Өздік жұмысы №:4 2-тоқсан I нұсқа 1. Мысалдарды шығар:
2. Амалдарды орында:
3. Теңдеуді шеш:
4. Есепті шығар: Сиырлардың әрқайсысы күніне 16 литр сүт береді.Егер фермерде 9сиыр болса,ол аптасына неше литр сүт алады? 5. Суретке қарап, тапсырмаларды орында. 1. Тікбұрышты үшбұрыштылар: _______ 2. Доғалбұрышты үшбұрыштар: _______ 3.Сүйірбұрышты үшбұрыштар : _______ 6. Фигуралардың периметрі мен ауданын тауып жаз:
II нұсқа 1. Көбейту мен бөлуді орында:
2. Амалдарды орында:
3. Теңдеулерді шеш:
4. Есепті шығар: Бір тігінші күніне 18 жұп қолғап тігеді.Ұжымда7 адам жұмыс істесе,6 күнде олар неше қолғап тігеді? 5. Суретке қарап, тапсырмаларды орында. 1. Тікбұрышты үшбұрыштылар: _______ 2 Доғалбұрышты үшбұрыштар.: _______ 3 Сүйірбұрышты үшбұрыштар.: _______ 6. Фигуралардың периметрі мен ауданын тауып жаз
Өздік жұмысы №5 3- тоқсан I нұсқа 1. Көбейтуге берілген мысалдарды шығар:
2. Бөлуге берілген мысалдарды шығар:
3. Есепті шығар: Қоймаға 3 тонна 540 кг ұн әкелінді. Әрбірі 46 кг-нан 15 қап ұн жөнелтілді. Қоймада қанша килограмм ұн қалды? 4. Есепті шығар: Қашықтығы 960 км екі қаладан бір біріне қарама қарсы бағытта көлік шықты.Көліктердің бірі 100 км/сағ жылдамдықпен,екіншісі 60 км/сағ жылдамдықпен жүрді.Оллар неше уақыттан кейін кездеседі? 5. Амалдарды орында:
II нұсқа 1. Көбейтуге берілген мысалдарды шығар:
2. . Бөлуге берілген мысалдарды шығар:
3.. Есепті шығар: Асханаға 2580 кг қант. Әр күнде 75 кг қант жұмсалды. 22күннен кейін асханада қанша қант қалды ? 4.Есепті шығар: Аралары 700 км қашықтықта орналасқан екі қаладан бір- біріне қарама -қарсы бағытта екі автобус шықты.Бірі 80 км/сағ,екіншісі 60 км/сағ жылдамдықпен жүрді.Екі автобус қанша уақыттан кейін кездеседі? 5. Амалдарды орында:
Өздік жұмысы №6 3- тоқсан I нұсқа 1. Есепті шығар: Арман бір сан ойлап, оны 2-ге бөлді.Нәтижені 302 есе арттырып, 82748 санын алды.Арман қандай сан ойлады? 2.Есепті шығар Фермадан сүт зауытына цистернамен 208 л сүт және әрқайсысында 36 литрден 15 бидон сүт жіберілді.Фермаға барлығы қанша литр жіберілді? 3.Ұзындығы 68мм,ені одан 15мм кем тіктөртбұрыш сыз.Осы тіктөртбұрыштың ауданы мен периметрін тап. 4.Кему ретімен жаз. 9дм, 9900м, 900мм, 9 км 8м II нұсқа 1. Есепті шығар Марат бір сан ойлап, оны 2 есе арттырды, нәтижеден 20-ны алды, бәрін 5 есе арттырғанда , 50 саны шықты.Марат сан ойлады? 2.Есепті шығар Қаладан мектепке 36600 оқулық жіберілді.Бірінші мектепке осы оқулықтардың 6дан бір бөлігі , екіншісіне 9900 оқулық, ал қалған оқулық төрт мектептің әрқайсысына теңдей бөлініп, жіберілді.Әр мектепке қанша оқулық жіберілді? 3.Ұзындығы 84мм,ені одан 28 мм кем тіктөртбұрыш сыз.Осы тіктөртбұрыштың ауданы мен периметрін тап. 4.Өсу ретімен жаз. 8мин, 700с, 9сағ, 5с.,2 тәул Өздік жұмысы №7 3- тоқсан I нұсқа 1. . Амалдарды орында: (234 +566) * ( 346 + 234 ) *0 26 * 6 : 3 + ( 203 – 78 ) * 2 + 300 : 10 2.Есепті шығар Екі айлақтан бір мезгілде бір-біріне қарама –қарсы катер мен қайық шығып, 3 сағаттан кейін кездесті.Қайықтың жылдамдығы 15 км/сағ, ал катердің жылдамдығы одан 4 есе артық.Екі айлақтың ара қашықтығын тап. 3.Теңдеуді шеш. 9410 - 220 – а =232 555 + х + 595= 40000 4.Бос орындарды толтыр. : 98 = 3090 (54 қалд.) : 32 = 7120 (24 қалд.) II нұсқа 1. Амалдарды орында: 399 : 7 + 67 – ( 271 + 194 ) : 5 + 81 : 9 *27
2.Есепті шығар Жеңіл машина мен автобустың арасы 60км. Жеңіл машина 70км/сағ жылдамдықпен, автобус 50 км/сағ жылдамдықпен қозғалды. Жеңіл машина неше сағаттан кейін автобусты қуып жетеді? 3.Теңдеуді шеш 1256 + у =3020 -856 500 *9 * с = 45000 4.Бос орындарды толтыр : 40 =48 79 (39 қалд.) : 207 = 48 79 ( 79 қалд.) Өздік жұмысы №8 4 тоқсан I нұсқа 1. Бөлуді орында:
2. Көбейтуді орында:
3. Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнете:
4. Есепті шығар: Бір ауылда 600 адам тұрады.Ал екінші ауылдың тұрғындары бұл санның үштен бір бөлігін құрайды.Екінші ауылда қанша адам тұрады? II нұсқа 1. Бөлуді орында:
2. Көбетуге берілген есепті шығар:
3. Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте :
4. Есепті шығар: Қала алаңында ағашқа ілінген шамтізбеде 600 көк шам бар,бұл қызыл шамдарға қарағанда3 есе кем және сары шамдарға қарағанда 3есе артық.Шамтізбеде барлығы неше сары,көк және қызыл түсті шам бар ? Өздік жұмысы №:9 4 тоқсан I нұсқа 1. Мысалды шығар:
2. Амалдар бойынша жаз және өрнектердің мәнін тап: 5600 : 70 - 640 : 80 = ( 123 299 - 22 395 ) : 2 - 23 * 89 = 3. Есепті шығар: Бір қаладан бір бірінен қарама қарсы екі бағытта автокөлік және велосипедші жолға шықты.Автокөліктің жылдамдығы 82 км/сағ, ал велосипедшінің жылдамдығы 21 км/сағ. 3 сағаттан кейін олардың арасындағы қашықтық нешеге тең болады? II нұсқа 1. Мысалды шығар:
2. Амалдар бойынша жаз және өрнектердің мәнін тап: 7200 : 80 + 240 : 80 = ( 16 299 - 2 885 ) : 2 - 23 * 34 = 3. Есепті шығар: Арасы 360 км болатын екі қаладан бір біріне қарама қарсы бағытта екі автокөлік жолға шықты.Біріншісінің жылдамдығы 48 км/сағ, ал екіншінің жылдамдығы 72 км/сағ.Олар қанша уақыттан кейін кездеседі? Өздік жұмысы №10 4 тоқсан I нұсқа 1.Амалдарды орында (3мин48с + 16 36с – 6мин 54с) х 120 2. Есепті шығар: Бақшаның ұзындығы 60м, ені 20м.Оның ⅓ бөлігіне картоп егілді.қалған жердің ½ бөлігіне қызанақ, одан қалғанына қияр егілді.Қияр қандай аумақты алып жатыр? 3.Теңдеуді шеш. 3879 – а = 545 *4 у + 261 * 78 = 32000 -1989 4.Өрнектердің мәнін тап с - d:713, мұнда с =82896 d= 182 528 (а-с) :721. мұнда а =56959 с= 25956 II нұсқа 1.Амалдарды орында (4 тәул.6сағ 15с – 16сағ 28мин + 3тәул12 сағ 14мин) * 2 2. Есепті шығар: Мектепте 3000кг қағаз қалдығы жиналды.Бастауыш сынып оқушылары 1/6 бөлігін, 5-8 сынып оқушылары бастауыш сыныптан 278 кг артық, ал қалғанын жоғары сынып оқушылары жинады.Жоғары сынып оқушылары қанша қағаз қалдығын жинады? 3.Теңдеуді шеш 876 + у + 9869 = 78000 ( х- 240) * 3 – 360 = 540 4.Өрнектердің мәнін тап. (а -485)* 124 ,мұнда а=789, 1000,897 |