Главная страница
Навигация по странице:

  • отарлау

  • жүйе жағдайының күштілігі, кенеттен және тұрақты өзгеруі

  • Аргентинадағы этноцид

  • президенттік

  • аралас

  • Задание 1 history. Тсініктеме Определение


    Скачать 53.43 Kb.
    НазваниеТсініктеме Определение
    Дата11.10.2021
    Размер53.43 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЗадание 1 history.docx
    ТипДокументы
    #245054

    Термин

    Түсініктеме / Определение

    1. Тарих / История


    адамзат баласының өткенін зерттейтін қоғамдық ғылым.

    Тарихтың негізгі пәні ретінде - адам рухы қарастырылады, соған байланысты тарихтың мақсаты адамдарға тек өткенін ғана білгізу емес, рухани дүниесін қалыптастыру екенін айта кеткен жөн. Тарих - үздіксіз даму үстінде болатын ғылым. Өткенін білмей қазіргісі мен болашағын бағалау мүмкін емес, қоғамның дұрыс бағытта дамуы үшін азаматтардың тарихи сауаттылы мен белсенділігі орасан зор маңызға ие. Халықсыз - тарих жоқ, тарихсыз - халық жоқ деген нақыл бекерге айтылмаса керек. Тарихи зерделеу арқылы тарихи сана, мәдениет, дәстүр, ұрпақтар сабақтастығы қалыптасады. Тарих болып жатқан оқиғаларды жан-жақты әрі тереңінен көре білу қасиетін дамытады және болашаққа дұрыс қадам жасауға жәрдемдеседі.



    2. Этнология



    қоғамдық ғылымдардың тайпалар мен халықтарды зерттейтін саласы. Этнология қазіргі халықтарды және ертеде өмір сүрген көне этностық топтардың шығу тегін, ру-тайпалық құрамын, қонысын, олардың өзіндік ерекшеліктері мен бәріне бірдей ортақ жайларды, тарихи және мәдени қарым-қатынастарын, күнделікті тұрмысын, кәсібін, қоғамдық және отбасылық қарым-қатынастарын, рухани мәдениетін жан-жақты ғыл. негізде зерттейді

    3. Этнография



    қоғамдық ғылымның тайпалар мен халықтарды зерттейтін саласы. Этнография қазіргі халықтарды және ертеде өмір сүрген көне этностық топтардың шығу тегін, ру-тайпалық құрамын, қонысын, олардың өзіндік ерекшеліктерін зерттейді.

    4. Антропология



    адамның шығу тегін, дамуын, дене құрылысын, нәсілдік ерекшеліктерін зерттейтін жалпы биология ғылымының қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысы бар саласы.


    Қазақтар арасында арнайы антропологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізген Ресей ғалымы Аркадий Ярхо. Оның қолжазба түрінде сақталған «Алтай – саян түріктері» деген очеркін антрополог Георгий Францевич Дебец өңдеп, 1947 ж. Абаканнан бастырып шығарды. Бұл зерттеуде Алтай – Саян өңіріндегі түркі халықтары антропологиялық тұрғыдан үш топқа (кіндіказиялық, алтайлық және оралдық) бөлініп жүйеленген. Бірінші топтың антропологиялық өкілдері ретінде моңғолдар мен буряттар, екінші топқа қазақтар мен қырғыздар, үшінші топқа – шорлар алынған да, барлығы монғолоид расасына жатқызылған.

    5. Археология



    тарих ғылымының ежелгі дәуір мен орта ғасырдағы адамзат қоғамы дамуының заңдылықтары мен негізгі кезеңдерін зерттейтін саласы. Басты зерттеу объектісі алғашқы қауымнан, ерте заман мен ерте ғасырдан қалған материалдық ескерткіштер жатады.( еңбек құралдары, қару-жарақ түрлері, мекен-жай, қоныстардың, керуен сарайлар мен әскери бекіністердің жұрты, үй-іші заттары, зираттар, обалар т.б.)
    Бесшатыр қорым (Жетісу), Қызыл ауыз сақ қорымы (Жетісу), кимақтардың Белокаменка қорымы, Қарашат 1 қорым, Шалқар қорымы (Батыс Қазақстан)

    6. Отарлау / Колонизация



     отарлау бұл екі топ араласатын үстемдіктің түрі: үстемдік тобы, оны отарлық күш деп те атайды және доминатордың еркіне бағынатын үстем топ. Бұл құбылыс жалпы аумақты иеленумен байланысты. Сонымен бірге колонизация деп бір топтың екінші топтың мәдениетін немесе мінез-құлқын басқаруы немесе әсері деп түсінеді.
    Мысалы, испандықтар католицизм арқылы Латын Америкасындағы аборигендерді отарлады.



    7. Манифест

    манифест бұл адамның немесе топтың сенімдерін сипаттайтын құжат немесе хат.
    Есептеуге байланысты әйгілі манифест Хакердің ар-ожданы деп те аталады Хакерлік манифест. Бұл манифест 1986 жылы 8 қаңтарда жазылған Тәлімгер (Лойд Бланкеншип) және Phrack жер асты хакерлік журналында жарияланған


    8. Марксизм



    19 ғасырдың 40-жылдары Карл Маркс пен Фридрих Энгельс негізін қалаған философиялық, экономикалық және әлеуметтік-саяси көзқарастар жүйесі.

    ???

    9. Ленинизм



    Ленинизм саяси болып табылады идеология орыс тілінде жасалған Марксистік революциялық Владимир Ленин құруды ұсынады пролетариат диктатурасы, революционер басқарды авангардтық кеш, құру үшін саяси кіріспе ретінде коммунизм. Лениндік авангардтық партияның қызметі - жұмысшы таптарына саяси сана  және төңкеріске қажетті революциялық көшбасшылық капитализм ішінде Ресей империясы (1721–1917). Лениндік революциялық басшылыққа негізделген Коммунистік манифест (1848) коммунистік партияны «әр елдің жұмысшы партияларының ең дамыған және шешуші бөлімі; басқаларды алға сүйрейтін бөлім» деп айқындады. Авангардтық партия ретінде Большевиктер теориялық шеңбері арқылы тарихты қарастырды диалектикалық материализм, ол капитализмді ойдағыдай құлатуға, содан кейін социализм орнатуға саяси міндеттеме қабылдады; және революциялық ұлттық үкімет ретінде әлеуметтік-экономикалық ауысуды барлық тәсілдермен жүзеге асыру.

    10. Оппортунизм



    аз күш қолданып өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін мүмкін болатын кез келген жағдайға икемделуге дайын болу[1]; бейімделушілік, келісімге келу; жұмысшы қозғалысында - пролетариаттың буржуазиямен таптық келісімге, ынтымақтастыққа келуіне бағытталған саясат.

    11.Ұлт зиялысы / интеллигенция



    Интеллегент дегеніміз – адамға тән рухани, зерделі қабілет, тар мағынада алып қарасақ – тез арада шешім қабылдай білетін, дұрыс және тез ұғатын, кез-келген тығырықтан шыға алатын, қорытындылай білетін, этиканы ұстанып, эстетикалық көзқарастарын қалыптастырған адам. Алайда, оқыған, көзі ашық азамат бола тұра, білгенін ұлт мүддесіне жұмсай алмаса, өзін рухани емес, материалдық пирамиданың ғана шыңына жетелесе, яғни білімінің халқына тигізер еш пайдасы болмаса – оның ұлт зиялысы атануға хақы жоқ.

    Бұл тұрғыда тарихтан келе жатқан ұлт интеллегенциясын екі топқа бөліп қарастыруға болады. Біріншісі – бедел иелеріне жағымсынып, өз қара басының қамын ойлайтын қауым болса, екіншісі, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Мұхамеджан Қаратаев, Жақып Ақбаев, Ахмет Байтұрсынов сынды ағартушылықпен айналысқан, әділетсіз билікке қысым көрсете білген, өз тағдырын қауіпке тіге отырып, өмірінің соңына дейін елім деп өтіп, зиялы қауымға айналған ұлт жанашырлары.


    12.Ағартушы / просветитель



    Ағартушы - ағарту ісімен, яғни мәдениет пен білім берумен айналысатын адам. Ағартушылар мақсаты – сауат ашу, білім тарату.

    Өкілдері: Дулат Бабатайұлы (1802-1871), Шортанбай Қанайұлы (1818-1881), Мұрат Мөңкейұлы (1843-1906), Оларға дейінгі Бұқар жырау (1668-1781), Ақтамберді жырау (1675-1768) тағы басқалар

    .




    13.Контрибуция



     жеңген елдің жеңілген елден бітім шарты бойынша алатын салығы. Контрибуция шын мағынасында жеңілген елді салық төлеуге күшпен көндіру, тонау болып табылады.
    Мысалы, Германия 1870 ж. жеңілген Франциядан 5 млрд. франк Контрибуция алып, өзінің өнеркәсібі өркендеуін тездетті. Қазіргі халықаралық құқық Контрибуцияға тыйым салған

    14. Репарация



    халықаралық құқықта материалдық-құқықтық жауапкершілік түрі: мемлекеттің әскери шабуыл жасалған елге келтірген зиянын ақшалай не өзгедей нысандалық немесе ішінара өтеуі. Репарация төлеу әдетте бітім шартында қарастырылады.
    Мысалы, Бірінші дүниежүзілік соғыста жеңіліс тапқан Германия, жеңіс иегерлеріне, соғысты бастағаны үшін, осы соғыста шығынға ұшыраған мемлекеттерге ақшалай төлеуге міндеттелді.

    15. Петиция



     билік орындарына, өкілдеріне қаратылған ұжымдық өтініш.

    Ең танымал соңғы петициялардың бірі Санкт-Петербург қызметкерлері мен тұрғындарының [Санкт-Петербургтегі 1905 жылы 9 қаңтардағы] [петиция]сы, діни қызметкері Гапон Джордж Апполонович бастаған олар 1905 жылы 9 (22) қаңтар күні « қанды жексенбіде», патша Николай II-ге барды

    16. Капитализм



     жеке меншік пен нарықтық экономикаға негізделген қоғам тұрпаты. Капитализм бәсеке негізінде экон. мүмкіншіліктерді капитал немесе пайда алу құралы, әдісі түрінде қолданып, іске асыратын қоғамдық-экон. құрылым ретінде қалыптасты


    17. Коммунизм



    өндіріс құралдарындағы (жер мен өндіріс) жеке меншікті жою арқылы әлеуметтік таптардың теңдігіне ұмтылатын саяси, экономикалық және әлеуметтік ілім.
    1917 жылы Ресей революциясының жеңісінен кейін Латын Америкасында Аргентина (1918), Уругвай (1920), Куба (1925), Мексика (1929) және Венесуэла (1931) Коммунистік партиясы сияқты бірнеше коммунистік партиялар құрылды. 

    18. Анархия



    Анархия бұл қоғамдық биліктің болмауы. Бұл сөз сондай-ақ биліктің жоқтығына немесе әлсіздігіне байланысты абдырауды, абыржуды, хаосты немесе хаббубты білдіреді. 


    19. Буржуазия



    елдегі капиталдың едәуір бөлігін иемденген әлеуметтік топ. Буржуазия үш категорияға бөлінеді, олар: өндіріс құралдары мен жоғары саяси лауазымдарға жауап беретін жоғарғы буржуазия; либералды кәсіппен айналысатын адамдар болып табылатын орта буржуазия; және төменгі буржуазия, олар өнеркәсіптік және сауда секторына кіретін адамдар.

    20. Пролетариат



    Капиталисттік қоғамда жалдамалы жұмысшы табы.Бұл топтың өзіндік жекеменшік алуға құқығы жоқ.Пролетариаттарға басты табыс көзі тек жалдамалы жұмыс арқылы табыс алу.


    21. Декларация



    1. Мемлекеттік саясат пен құқықтық, халықаралық қарым-қатынастардың негізгі принциптерін салтанатты түрде жариялайтын құжат;



    22. Декрет



    жоғарғы биліктің белгілі бір мәселе бойынша шығарған заң қүші бар қаулысы

    23. Интервенция



    бір не бірнеше мемлекеттің басқа мемлекетке әскери басып кіруі, оның егемендігін бұза отырып ішкі істеріне қол сұғуы.

    Интервенцияға мысалдар — ХІХ ғасырда Жапония, Ресей, АҚШ, Германия, Франция, Австрия-Венгрия мен Италияның «христиандар мен шетелдіктерді өлтіріп жатыр» деп Қытайға басып кіруі; ХХ ғасырдың басындағы Атланта елдерінің (Ұлыбритания, Франция) Ресейді интервенциялауы.

    24. Капитуляция



     құқық теңсіздігімен сипатталатын келісімшарттардың ерекше түрі. 

    Мысалы, фашистік Германия 1945 жылы 8 мамырда, Жапония 1945 жылы 2 қыркүйекте сөзсіз капитуляция жөніндегі актіге қол қойды.

    25. Революция



    бұл жүйе жағдайының күштілігі, кенеттен және тұрақты өзгеруі кез келген түрдегі, яғни жағдайдың кенеттен қайта құрылуы. 

    Қазан төңкерісі  1917 ж. 25 қазанда (қарашаның 7) Петроградта болған ірі әлеуметтік-саяси, тарихи оқиға.

    Желтоксан котерылысы



    26. Аннексия



    белгілі бір мемлекеттің басқа бір елдің немесе халықтың (этностың) аумағын немесе жерінің бөлігін басып алып, күшпен өз құрамына қосуы

    Тарихта Аннексия классикалық мысалы ретінде гитлершілердің 1938 ж. "аншлюс", яғни, Австрияны Германияға күштеп қосқандығын атауға болады. Бүгінгі күні Аннексия мысалы - Израильдің ежелгі араб жерлерін күшпен басып алып, заңсыз ұстап отырғаны - көрнекі.


    27. Диаспора



    • Диаспора дегеніміз - өз елінен кетуге мәжбүр болған немесе басқа елдерге қоныс аударуды таңдаған адамдар тобы.




    28. Ирредента



     Кезінде бір елдің жері болып,кейін келе екінші бір елдің жеріне айналған аймақтарды "ирредента" деу керекпіз. Яғни, Қытайдың Алтайы мен Тарбағатайындағы ресми қазақ автономиялық облыстары,ол жерде Наймандар мекен етеді,атамзаманнан бері,сол Қытайдағы Құлжа қазақ облысы,ол жерде Албандардың біраз саны мекен етеді,атамзаманнан бері.Бұлар кезіндегі қазақтардың жері,кейін келе Кеңестер кезінде ресми түрде Қытайға өтіп кеткен

    29. Депортация



    Депортация дегеніміз бір адамды не бірнеше адамды бір жерден өзге жерге күштеп көшіру. Мысалы Қазақстан аумағында жұмыс істеп жүрген шетелдік азаматтардың, Қазақстанда болу мерзімі аяқталса (визасы аяқталса), оларды өз еліне қайта жібереді. Депортациялайды.


    30. Иммиграция



    қоныстанушылық, келімсектік, бір мемлекет азаматтарының екінші бір мемлекетке тұрақты немесе уақытша (Қазақстан заңнамасы бойынша алты айдан көп мерзімге) тұру үшін көшіп келуі. Иммиграция субъектілері: шетелдіктер – басқа мемлекеттердің азаматтары, қос азаматтығы бар адамдар, азаматтығы жоқ адамдар, олардың отбасылары немесе қоныс аударуға тілек білдіруші ұжымдық қоғамдастықтар.

    31. Эмиграция



    өз еліңдегі тұрғылықты мекенін бөтен елдегі тұрғылықты жерге айырбастау.

    32. Геноцид



    қандай да бір ұлттық, этникалық, нәсілдік немесе діни топтың өкілдерін түгелдей немесе жекелеп қасақана қырып-жоюды білдіреді.

    Тарих бойында көптеген геноцидтер болған. Кейбір мысалдар:

    • Армян геноциди, сондай-ақ армян холокосты немесе or Եղեռն деп аталады (Medz Yeghern, 'Ұлы қылмыс'): бұл 1915 жылдан бастап Осман империясындағы жас түріктердің үкіметі шамамен бір жарым миллионнан 2 миллионға дейін болатын, армян азаматтарының анықталмаған санын мәжбүрлеп жер аудару және жою. 1923 жылға дейін.

    Вечером 24 апреля 1915 года начались вооруженные обстрелы, поскольку 300 армянских интеллектуалов

    33. Этноцид



     бұл этникалық топты немесе оның мәдени байлығын жою процесі, ол арқылы дәстүрлерді насихаттау, пайдалану және көтермелеу, сондай-ақ халықтың өнерін, тамырларын, тіпті ана тілін дамыту құқығынан айырылады. 

    Аргентинадағы этноцид

    Колумбиядағы этноцид


    34. Автономия



     мемлекеттің (аймақтың) немесе мекеменің кез-келген бөлігін (мысалы, университет автономиясы) басқару мәселелерін өз бетінше шешу құқығы.

    Мысалы, АҚШ-тың федералды штаттары, Испанияда - Каталония, Баскі мен Галисия, Канададағы - Квебек штаты, Ресей Федерациясындағы - автономдық республикалар, т.б.

    35. Республика



     мемлекеттік басқару нысаны.

    Республиканың бірнеше түрі бар: президенттік, парламенттік, аралас.

    Парламенттік Республикада жоғары билік иесі парламент болып табылады. Мысалы, Италия, Германия, Польша, Португалия, Түркия жане тб
    аралас.Парламенттік Республикаданын  негізгі белгісі үкіметтің - президенттің де, парламенттің де алдында қосарланған жауаптылығы. Жартылай президенттік республикада президент және парламент тікелей халықтың дауыс беруі арқылы сайланады

    Мысалы,Ресей Федерациясы, 85 «федералдық субъектілерден» тұратын жартылай президенттік республика.


    36. Азамат соғысы / Гражданская война


     мемлекет ішіндегі әлеуметтік топтар мен таптар, діни ағымдар мен кландар арасындағы өкімет билігі жолында жүргізетін қарулы күрес.

    Қазақстандағы азамат согысы жылдары(1918-1920)

    37. Коммунизм



    өндіріс құралдарындағы (жер мен өндіріс) жеке меншікті жою арқылы әлеуметтік таптардың теңдігіне ұмтылатын саяси, экономикалық және әлеуметтік ілім.
    1917 жылы Ресей революциясының жеңісінен кейін Латын Америкасында Аргентина (1918), Уругвай (1920), Куба (1925), Мексика (1929) және Венесуэла (1931) Коммунистік партиясы сияқты бірнеше коммунистік партиялар құрылды. 

    38. Социализм



    әлеуметтік әділеттілік пен теңдікке негізделген, мақсаттары мен мұраттары социалистік қоғам орнатумен байланысты ілім.

    39. Жеке басқа табынушылық / Культ личности

     саяси немесе діни билік иерархиясындағы жоғары лауазымды адамды асыра дәріптеу, оның атқаратын рөлі мен міндетті қызметін шектен тыс жоғары бағалау. Саяси кайраткерге тәнірдей табынып, шектен тыс ұлықтау.

    Мысалы, 20-жылдардың ортасынан Республикада И. В. Сталиннің жеке басына табынушылық жағдай қалыптасты.

    40. Репрессия


    бүтіндей жою, басып- жаншу мақсатында жүргізілетін жазалау шаралары. Үкімет басшыларының заң орындары арқылы өз халқын, оның жекелеген өкілдерін қуғынға ұшыратып, жазалау шаралары.

    Қазақстандағы тұнғыш репрессия 1928 жылдан басталды. Өйткені 1925 ж .Қазақстан өлкелік партия комитетінін 1 -хатшысы болып келген Ф.И.Голощекин республиканың саяси-экономикалық және әлеуеттік жағдайымен танысқаннан кейін «Қазақстанға Ұлы Қазан революциясының ешқандай ықпалы болмады,сондықтан мұнда «Кіші Қазан» революциясын жасау керек» деген теріс қорытындыға келіп, республикада репрессиялык шаралар жүргізе бастайды . Ол ең алдымен ескі зиялыларға ауыз салады. Солардын ішінде қазақстандық Ә.Бөкейханов, Ж.Ақбаев , Ә.Ермеков т.б. болды. Қарағандыдағы екінші репрессия 1937-38 ж . жүргізілді .Себебі бұл жылдары бүкіл елімізде, әсіресе Мәскеу мен Ленинградта жаппай репрессия басталған еді. Соның ызғары Қазақстанға да келіп жетті . Өйткені Карағанды еліміздегі үшінші көмір ошағы аталды. Мұнда көптеген партия, мемлекет және коғам қайраткерлері , белгілі ғалымдар, ақын - жазушылар , артистер жұмыс істеді.Сондықтан да 1937 жылғы Қазақстандағы репрессия ең алдымен Қарағандыдан басталды.Осы жылы маусымайында Қарқаралы округтік партия комитетінің хатшысы М.Ғатаулин ұсталды .Өйткені ол 1932 жылдын өзінде-ақ Ғ.Мүсірепов ,М.Дәулетқалиев ,Қ.Куанышев , Е.Алтынбековтермен бірге Қазақстан өлкелік партия комитетінін сол кездегі 1-хатшысы Ф.И.Голощекиннің үстінен БК(б) ПОК-не хат жазған болатын. Бұл хат Қазқстан Компартиясы тарихында «Бесеудің хаты» деген атпен белгіледі.Осы хатқа байланысты М.Ғатаулин үнемі бақылауда жүретін.Сол тұста онымен бірге Н.Нұрсейітовты , М. Орддбаевты, Ж .Баймолдинді тұтқынға алады. Сол жылдың күзінде осы іс бойынша А.Асылбеков, Н.Нұрмақов , С.Сейфуллин , Т.Рысқұлов т.б. ұсталып, ату жазасына кесілді


    написать администратору сайта