Пояснительная записка. Түсініктеме хат. Тсініктеме хат
Скачать 23.06 Kb.
|
Түсініктеме хат 2022-2023 оқу жылында АӘжТД пәніне арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспар төмендегідей нормативтік құжаттар негізінде жасалынды; «Мектепке дейіңгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі – МЖМБС) (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығы; «Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» (ҚР МП 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығы); өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 12 тамыздағы №365 бұйрығы). «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндер, таңдау курстары мен факультативтер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығы); «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығы); Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында алғашқы әскери және технологиялық дайындықты жастарға ұйымдастыру және өткізу үшін негіз болып табылады: 1) «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңы; 2) «Бастапқы әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 347 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15725 болып тіркелген); 3) «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 болып тіркелген). Алғашқы әскери және технологиялық дайындық меншік түрі мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық типтегі жалпы білім беретін мектептерде әскерге шақырылуға дейінгі және әскерге шақырылу жасындағы білім алушы жастардың міндетті оқытылатын пәні болып табылады. «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу пәні – білім алушыларды отаншылдық рухқа және Отанды қорғауға дайын болуға тәрбиелеуге бағытталған пән. Ол білім алушылардың төтенше жағдайларда әскери іс негіздері мен адамның өмір қауіпсіздік әрекеті бойынша білім алуына және әскери қызметтің дағдыларын меңгеруге мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектебінің 10-11-сыныптарына арналған «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнін оқыту ҚР БҒМ 2020 жылғы «21» сәуірдегі № 154 бұйрығына қосымша, ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына 425-қосымшамен бекітілген жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (жаратылыстану-математикалық бағыттағы, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы) арқылы жүзеге асырылады. Пәннің мақсаты – білім алушыға мемлекетті қорғау негіздері туралы ойының қалыптасуын, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің арналуын және түрлері мен ерекшеліктерін түсіндіру, әскери қызметтің маңызын, Қазақстан Республикасының әр азаматының қасиетті парызы және міндетін оқыту. «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің базалық мазмұны. 10-сынып. «Кіріспе сабағы» бөлімі: 1) білім алушыларға «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәніне оқыту мақсат-міндеттері мен мазмұнын; 2) «Қазақстан Республикасының қорғаныс және Қарулы Күштер туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы», «Ұлттық қауіпсіздік туралы», «Азаматтық қорғану», «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, «Бастапқы әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 347 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15725 болып тіркелген), «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 болып тіркелген). Алғашқы әскери және технологиялық дайындық сабағында білім алушылардың құқықтары мен міндеттерін қамтиды. Бөлімдер: 1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері – мемлекеттің әскери қауіпсіздігінің кепілі». 2. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа әскерлер және әскери құрылымдарының жалпыәскери жарғылары». 3. «Тактикалық дайындық». 4. «Атыс дайындығы». 5. «Саптық дайындық». 6. «Әскери топография». 7. «Әскери роботты техникалардың негіздері». 8. «Өмір қауіпсіздігі және ақпараттық технологиялар негіздері». Тактикалық дайындық алғашқы әскери және технологиялық дайындық бойынша оқу материалын кешенді оқытуды қамтамасыз етеді. Атыс дайындығы бойынша сабақ өткізу кезінде қару және оқ-дәрілерді қолданудың қауіпсіздік ережелеріне баса назар аударған дұрыс. Саптық дайындық бойынша сабақтар саптық алаңда өткізіледі. 10-сыныпта әскери топография сабақтарын білім алушыларға оқытқанда таныс емес аймақтарда картасыз және картамен бағдарлау, сол ауданда өзінің орналасқан орнын анықтау және азимут бойынша жүру бағытын компастың көмегімен және компассыз табуды, сонымен қатар ұшқышсыз қашықтықта ұшатын аспаптардан алынған ақпараттарды қолдануын үйретуді қарастырады. «Әскери роботты техникалардың негіздері» бөлімі: Әскери роботты техникалардың негіздері – Роботтар туралы жалпы мәліметтер. Роботтарды әскери істе пайдалануды. Роботтарды басқару алгоритмі – Роботтың қозғалу траекториясын жоспарлау. Роботтар тобын ұжымдық басқару үлгісі және алгоритмдерін. Роботтарға арналған тапсырмалар – Роботтардың атқара алатын қызметтері. Жекелеген тактикалық міндеттерді шешу: жергілікті жерлерде бағдарлау, роботтардың қиын жағдайларда қызмет ету тәртібін қамтиды. «Өмір қауіпсіздігінің және ақпараттық технологиялар негіздері» оқу курсының мазмұны 10-сыныпта «Алғашқы әскери дайындық» оқу курсының аясында 12 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы жүзеге асырады. Өмір қауіпсіздігінің негіздері бойынша сабақтар міндетті болып табылады және оқу процесі кезінде жүргізіледі. Білім алушылардың практикалық дағдылары мен біліктіліктерін шыңдау және жетілдіру, сонымен қатар әскери істі оқып-үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында оқу жылының соңында спорттық-қорғаныс сауықтыру лагерлерінде, әскери бөлім базаларында (әскери бөлім басшылығымен келісе отырып) 10-сынып ұлдарымен 30 сағат көлеміндегі бес күндік оқу-далалық (лагерьлік) жиыны өткізіледі. Далалық-оқу жиынындағы (лагерьлік) оқу материалдарын тақырыптар бойынша жоспарлау үлгісі (ұлдарға арналған). 10-сынып. Бөлімдер: 1. «Тактикалық дайындық». 2. «Атыс дайындығы». 3. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа әскерлер және әскери құралымдарының жалпыәскери жарғылары». 4. «Саптық дайындық». 5. «Әскери топография». Оқу-дала жиыны курсы алғашқы әскери және технологиялық дайындық бағдарламасының міндетті кезеңі болып табылады. Ол жергілікті атқару органдарымен бірлесіп ұйымдастырылады және білім беру ұйымдарының оқу сағаттарымен қамтамасыз етіледі. «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің оқу нәтижелерін бағалау үшін ауызша сұрақ қою, жазба жұмыстың және практикалық жаттығулар бақылауын қолдану арқылы жүзеге асырады. 5. «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу пәнінің мазмұны. 11-сынып. Бөлімдер: 1. «Әскери қызметтің құқықтық негіздері». 2. «Атыс дайындығы». 3. «Саптық дайындық». 4. «Технологиялық дайындық». 5. «Өмір қауіпсіздігінің негіздері». 11-сыныпта технологиялық дайындыққа арналған бөлім жол қозғалысы ережесін және автокөлік құралдарын қауіпсіз жүргізуді зерделеу қарастырылады. «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны 11-сыныпта «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу курсының аясында 16 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы жүзеге асырады. Өмір қауіпсіздігінің негіздері бойынша сабақтар міндетті болып табылады және оқу процесі кезінде жүргізіледі. Теориялық және зертханалық-практикалық оқу сабақтарының ұзақтығы – 40 минут, ал міндеттерді белгілеу, қорытынды шығару, құжаттама ресімдеу және білім алушыларды ауыстыру уақытын қоса алғанда, автомобиль жүргізу бойынша практикалық сабақтардың ұзақтығы – 60 минут. Зертханалық-практикалық сабақтарды үзіліссіз 80 минут ішінде өткізуге рұқсат етіледі. Теориялық және зертханалық-практикалық сабақтарды оқытушы өткізеді, автомобиль жүргізу бойынша практикалық сабақтарды көлік жүргізуге үйрету шебері білім алушылармен жеке жүргізеді. Зертханалық-практикалық сабақтар бір немесе бірнеше тақырып бойынша тиісті теориялық материалды зерделегеннен кейін иллюстрациялық және зерттеушілік жоспарда жүргізіледі. Практикалық сабақ басталғанға дейін білім алушылар негізгі ережелерді орындау мен қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша міндетті нұсқаулықтан өтеді. Практикалық жүргізу сабақтары әрбір білім алушылармен жеке автотренажерлерде, автодромдарда (жүргізіп үйренуге арналған алаңдарда) және 3 жылда кемінде 1 рет жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық уәкілетті органда келісуден өткен үйрету бағыттарында өткізіледі. Білім алушылардың деңгейін анықтау және оның білімін бағалау үшін қорытынды сабақтар өткізіледі. Сабақтың, сабақтан тыс және сыныптан тыс іс-шаралардың тәрбиелік мақсатын «Мәңгілік Ел» идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады. «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2022-2023 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады. Үлгілік оқу жоспарына сәйкес (ҚР БҒМ 2022 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығы) «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» (АӘжТД) оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 1) 10-сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына 36 сағат, сондай-ақ далалық оқу жиынына (лагерьлік) вариативті бөлімнен 30 сағат қарастырылған; 2) 11-сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына 36 сағат. Пояснительная записка Календарьно-тематический план по НВиТП на 2022-2023 учебной год составлен на основе следующих нормативных документов: - «Об утверждении государственных общеобязательных стандартов дошкольного воспитания и обучения, начального, основного среднего и общего среднего, технического и профессионального, после среднего образования» (далее-ГОСО) (приказ Министра просвещение Республики Казахстан от 3 августа 2022 года №348); - «Об утверждении типовых учебных планов начального, основного среднего, общего среднего образования Республики Казахстан» (приказ МОН РК от 8 ноября 2022 года №500); О внесении изменений и дополнений «Об утверждении типовых учебных планов начального, основного среднего, общего среднего образования РК» (приказ Министра просвещения РК от 12 августа 2022 года №365); - «ОБ утверждении типовых учебных программ по общеобразовательным предметам, курсам по выбору и факультативам для общеобразовательных организаций» (приказ МОН РК от 3 апреля 2013 года №115); - «Об утверждении типовых правил проведения текущего контроля успеваемости, промежуточной и итоговой аттестации обучающихся» (приказ МОН РК от 18 марта 2008 года №125); Основанием для организации и проведения начальной военной и технологической подготовки обучающихся в организациях образования Республики Казахстан являются: 1) Закон Республики Казахстан от 16 февраля 2012 года «О воинской службе и статусе военнослужащих»; 2) приказ Министра обороны Республики Казахстан от 12 июля 2017 года №347 «Об утверждении Правил начальной военной подготовки» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 15725.); 3) приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 2 декабря 2014 года № 862 «Об утверждении Правил государственной регистрации и учета отдельных видов транспортных средств по идентификационному номеру транспортного средства, подготовки водителей механических транспортных средств, приема экзаменов и выдачи водительских удостоверений» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под№10056). 3. Начальная военная и технологическая подготовка является обязательным предметом для изучения обучающимися допризывного и призывного возраста в общеобразовательных школах всех типов независимо от форм собственности. 4. Учебный предмет «Начальная военная и технологическая подготовка» – дисциплина, направленная на воспитание обучающихся в духе патриотизма и готовности к защите Родины. Он позволит обучающимся приобрести знания по основам военного дела и безопасности жизнедеятельности человека в чрезвычайных ситуациях и усвоить навыки военной службы. 5. Цель предмета – формирование у обучающихся представления об основах обороны государства, назначении Вооруженных Сил Республики Казахстан, их характере и особенностях, воспитание осознанного отношения к воинской службе как священному долгу и обязанности гражданина Республики Казахстан. 6. Задачи предмета: 1) формирование знаний об основных требованиях военной присяги, уставах Вооруженных Сил Республики Казахстан; 2) ознакомление с вооружением и военной техникой воинских частей, с размещением и бытом личного состава; 3) формирование необходимых военных знаний и практических навыков по робототехнике, использованию IT-технологий и основам вождения колесных машин, основам безопасности жизнедеятельности человека в чрезвычайных ситуациях; 4) воспитание у обучающихся высокого казахстанского патриотизма и чувства верности своему Отечеству; 5) воспитание должного отношения к профессиям, связанным с военным делом; 6) формирование сознательного и ответственного отношения к вопросам личной безопасности и безопасности окружающих. 7. Начальная военная и технологическая подготовка осуществляется как на теоретических, так и на практических занятиях: 1) теоретические занятия проводятся преимущественно в форме рассказа и беседы с использованием дидактического материала, технических средств и инновационных методов обучения; 2) практические занятия направлены на закрепление изучаемого материала с использованием вооружения и военно-технического имущества, приборов и другого оборудования. 8.Изучение предмета «Начальная военная и технологическая подготовка» позволит обучающимся: 1) понять важность и необходимость защиты своей Родины и ответственность каждого гражданина за ее безопасность; 2)получить необходимые знания, умения и навыки для прохождения службы в Вооруженных Силах, других воинских формированиях Республики Казахстан; 3) применять приобретённые предметные знания, умения и навыки во время службы в Вооруженных Силах, других воинских формированиях Республики Казахстан; 4) осознать систему логически взаимосвязанных понятий о службе в Вооруженных Силах Республики Казахстан; 5) оценивать уровень двигательных компетенций в своём физическом развитии; 6) развивать личные нравственные качества и осознавать необходимость непрерывного саморазвития; 7) развивать навыки критического и творческого мышления, разрешения проблем и коммуникативные навыки. 8. Максимальный объем учебной нагрузки учебного предмета «Начальная военная и технологическая подготовка» составляет: 1) в 10 классе– 1 час в неделю, 36 часа в учебном году, а также 30 часов для проведения учебно-полевых (лагерных) сборов за счет часов вариативного компонента; 2) в 11 классе – 1 час в неделю, 36 часа в учебном году. 9. Во всех общеобразовательных школах независимо от типов и форм собственности предусмотрена учебно-материальная база по начальной военной и технологической подготовке в соответствии с нормами оснащения оборудованием и мебелью, наглядными пособиями, стендамипо наглядной агитации и техническими средствами обучения. 10. На занятие по начальной военной и технологической подготовке обучающиеся обязаны прибывать в форме, установленной приказом руководителя организации образования. Обеспечение макетами вооружения и другими военно-техническими средствами, учебными пособиями осуществляется за счет средств организации образования. |