Тәуелсіздік. Туелсіздік баа жетпес байлыым
Скачать 15.16 Kb.
|
Тәуелсіздік – баға жетпес байлығым Сан ғасырлар бойы аңсап жеткен тәуелсіздік әрбірімізге құнды, әрбірімізге қасиетті, әрбірімізге қастерлі! Тәуелсіздік жайлы айтарымыз таусылмақ есмес, таусылмайды да. Жырласақ жырымыз, әндетсек әніміз болған тәуелсідік – баға жетпес байлығымыз! Тәуелсіздіктің дәмін сезген біз қандай бақытты ұрпақпыз?! Ендеше ше, бұл тәуелсіздікті сезіне алмаған қаншама ел бар әлемде. Тәуелсіздік – еш нәрсемен салыстыруға келмейтін құндылық. Оны сатып ала алмайсың. Ол бізге ата-бабамыздың ақ батасымен, жанкешті қанымен, білектің күшімен, найзаның ұшымен келгені анық. Әр ғасырда елдігімізді сақтай отырып, сыртқы жауларға тайсалмай, өз Отанын қорғап, біздерге аманат еткен ата-бабаларымыздың бұл тәуелсіздікте алар орны ерекше! Неміс философы Ницше: "Бізді өлтіре алмаған нәрсенің бәрі – бізді қайратты қыла түседі!" – деген қанатты сөзі бар. Соншама қиын тағдыры бар тарихымыздан соң осындай егеменді ел болып, ойып тұрып орын алып отырғанымыз – бізідің қайратты, өр халық екеніміздің дәлелі. Сондай рухты, батыр елдің ұрпағы міне, еркіндікке жетті. Ұрпағы тәуелсіздіктің бал ғасырында, бейбітшілікте ғұмыр кешуде. Осындай қасиетті байлығымыз бар біз қандай бақыттымыз?! Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында басым мақсаттардың қатарында егемендікті нығайту, ұлттық қауіпсіздігімізді қамтамасыз ету, экономикамызды көтеру болған еді. Биыл Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Бұл – қазақ елінің, ата-бабаларымыз аңсап жеткен азаттықтың тұғыры нығая түскенін дәлелдейтін маңызды белес болмақ. Бүгінгі күні еліміз өткеннен қалған тарихи өнегені, ұлтына деген махаббатты, отансүйгіштікті әрі қарай болашақ жастардың патриоттық сезіміне енгізу керек деп ойлаймын. Әрбір халық өзінің арғы-бергі тарихын өзі жазуға тиіс. Болашақ тарих міне, біздің қолымызда. Ендеше, баға жетпес құндылығымыз – тәуелсіздігімізді сақтай отырып, өз тарихымызда жаңа белестерді бағындыруға бар күшімізді салуымыз қажет-ақ! Тәуелсіздігімізді сақтай білейік! Қолымыз жеткен егемендігіміз баянды, тұрақты, мәңгілік болсын! Жамбыл облысы Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылы №29 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Төлебаева Айгерім Құрманайқызы |