|
отчет практики для Таншолпан. туран астана университеті факультетпедагогика жне психология кафедра Бизнес жне менеджмент
«ТУРАН - АСТАНА» УНИВЕРСИТЕТІ
ФАКУЛЬТЕТПедагогика және психология
КАФЕДРА «Бизнес және менеджмент» кафедрасы
Кафедра атауы
Күндізгі бөлімде оқитын магистранттың ғылыми – тәжірибе бойынша Курманова Анар Ибрагимовна ЕСЕБІ
Университеттегі тәжірибе жетекшісінің аты – жөні
Искаков Б.
Астана 2018 жыл Мазмұны
1.Кіріспе
2. Негізгі бөлім
3.Магистранттың өзіндік жұмысы
4. Қорытынды
Кіріспе Мен Курманова Анар Ибрагимовна ғылыми тәжірибемді Астана қаласы «АСТАНА ЖЕЛСЕРВИС» жауапкершілігі шектеулі компаниясынан өттім.Тәжірибенің өту аралығы 05.02. – 27.04.2018 аралығында өтті.Ғылыми тәжірибеден өту мақсатым диссертациялық тақырыбымның зерттеу бағытына байланысты және де болашақ менеджерлердің лидерлік сапасын зерттеу мақсатында эксперименттік зерттеу жұмыстарымды жүргіздім. Астаналық «АСТАНА ЖЕЛСЕРВИС» компаниясында көптеген тесттерді қолдана отырып, өз білімімді шыңдадым. Ондағы ережелермен, заңдармен танысып сондай – ақ келуші клиенттермен тренигтерге қатысып өз көмегімді көрсеттім.
Негізгі бөлім
Бітіру жұмысының мақсатына жету үшін зерттеу әдістемелері қарастырылды. Зерттеу жұмысының тақырыбына байланысты көптеген зерттеулерге назар аударылды. Тұлғаның өзін-өзі бағалауын зерттеуде: Q- сортировка әдістемесі, Спилбергер мен Ханиннің «Өзін-өзі бағалау шкаласы» және «Автопортрет» әдістемелері қарастырылды. «Автопортрет» әдістемесі проективті әдістемелердің ішінде негізгі орынды алады. Жоғарыда аталып кеткен әдістемелер бітіру жұмысында қойылған мақсатқа жетуге мүмкіндік береді деп есептеп, оларды зерттеу әдістемелері ретінде таңдап алдық. Енді осы әдістемелерге тоқталып кетейік.
«Q- сортировка» әдістемесі немесе өзіңіздің өзіңіз туралы пікіріңіз.
Мақсаты. Зерттелушінің өзі туралы өзқарасын зерттеу. Сонымен қатар индивидтің «идеалды Менін» анықтауға немесе басқа адамдардың ол туралы көзқарасын анықтауға пайдаланылады. Берілген параметрлер адамның мінез-құлқының 6 тенденциясының анализі негізінде зерттеле алады. Олар: тәуелділік, тәуелсіздік, қарым-қатынаста жақсы, қарым-қатынас жасай алмайды, күресті қабылдау, күрестен қашу, шегіну.
Зерттеу барысы.Әдістеме тексті 60 пікірден тұрады және ол зерттелушіге тізім түрінде немесе жеке карточкалар түрінде беріледі. Зерттелуші әрбір пікірмен танысып, ол пікір өзі туралы көзқараспен сәйкес келсе «иә» деп, сәйкес келмесе «жоқ» деп жауап беруі тиіс. Кейбір жағдайларда «күмәнданамын» деген жауап қайтаруға рұқсат етіледі. Жауаптар тіркелу бланкісіне белгіленеді (41-кесте). Карточканы пайдалану жағдайында зерттелуші оларды бірімен жауаптарына байланысты 3 топқа бөліп қояды.
Нұсқау. Сізге адамның топтағы мінез - құлқына байланысты немесе қатысты 60 пікір ұсынылады. Олардың әрбірін оқып, ол пікір өзіңіздің өзіңіз туралы көзқарасыңызға сәйкес келсе «иә» деп, сәйкес келмесе «жоқ» деп жауап қайтарыңыз.
Әдістеме тексті.
Мен жолдастарыма сын көзбен қараймын.
Топта конфликт туындаса менде мазасыздық сезімі пайда болады.
Мен лидердің ақылымен жүруге бейіммін.
Мен жолдастарыммен тым жақын қарым-қатынас жасауға икемсізбін.
Маған топтың достығы ұнайды.
Мен лидерге қарсы пікір айтуға бейіммін.
Мен белгілі 1-2 жолдасқа симпатияны сезінемін.
Топтық жиналыстар мен кездесулерден қашқақтаймын.
Маған лидердің мақтауы ұнайды.
Мен мінез-құлық мәнерім мен көзқарастарымда ешкімге тәуелсізбін.
Мен таласта біреудің жағына шығып, оны жақтауға дайынмын.
Мен жолдастарымды басқаруға бейіммін.
1-2 жолдасыммен қарым-қатынас жасауға қуаныштымын.
Топ мүшелері тарапынан жаугершілік пайда болса мен сырттай салмақтылық көрсетемін.
Мен бүкіл топтың көңіл-күйін қолдауға бейіммін.
Топ мүшелерінің жеке бас қасиеттеріне мән бермеймін.
Мен топты өз мақсатынан тайдыруға бейіммін.
Өзімді лидерге қарсы қою арқылы қанағаттанушылықты сезінемін.
Топтың кейбір мүшелерімен жақындасқым келеді.
Таласта нейтралды қалғанды қалаймын.
Маған лидердің белсенділігі және жақсы басшылық жасауы ұнайды.
Келіспеушілікті суыққандылықпен талқылауды қалаймын.
Мен сезімдерді бірден көрсетіп қоямын.
Өзімнің маңайыма пікірімді қолдаушыларды жинауға ұмтыламын.
Өте формальды іскерлік қатынасқа риза емеспін.
Мені кінәлағанда мен үндемеймін және не айтарымды білмеймін.
Топтағы негізгі бағыттармен келісуді қалаймын.
Мен белгілі жолдастарға қарағанда топқа жақынмын.
Менталасты созуға және қайрауға бейіммін.
Барлық адамдардың назарында болуға ұмтыламын.
Мен кішкентай топтың мүшесі болғым келеді.
мен компромиске бейіммін.
Лидер менің күткен шешімдеріме қарсы келсе іштей мазасызданамын.
Достарымның ескертулері маған ауы тиеді.
Қу бола аламын
Топта басшылық жасауды өз қолыма алуға бейіммін.
Мен топта ашықпын.
Топтық келіспеушілік кезінде менде жүйкелік мазасыздық туындайды.
Жұмысты жоспарлауда лидердің жауапкершілікті өз мойнына алуын қалаймын.
Мен біреудің достық сезіміне жауап қайтаруға икемсізбін.
Мен жолдастарға ыза болуға бейіммін.
Мен басқаларды лидерге қарсы шығуға итермеймін.
Топтан тыс таныстарды жеңіл баулап аламын.
Таласқа қатыспай, шеттеп қалуды қалаймын.
Топтың басқа мүшелерінің пікірлерімен жеңіл келісемін.
Топтың кішкентай топшаларға бөлінуіне қарсылық көрсетемін.
Ыза болғанда мен күлемін және мысқылдаймын.
Мен оқшауланғысы келген адамды жақтырмаймын.
Кішкентай, интимді топты қалаймын.
Шынайы сезімдерімді көрсеткім келмейді.
Топтық келіспеушілікте лидер жағына шығамын.
Қарым-қатынаста контакт жасауға келгенде мен инициатива көрсетемін.
Жолдастарымды мысқылдаудан қашамын.
Басқаларға қарағанда лидермен қатынас жасауды қалаймын.
Маған топтағы қатынастың тым фамильярлы болғаны ұнайды.
Талас тудыруды ұнатамын.
Топта өзімнің жоғарғы деңгейімді сақтауға ұмтыламын.
Мен таныстарымның контактілеріне кірісіп, оларды бұзуға икемдімін.
Мен төбелеске бейіммін.
Мен лидерге риза еместігімді көрсетуге икемдімін.
Мәліметтерді өңдеу және нәтижені интепритациялау.
Кесте кілті
1
| Тәуелділік
| 3,9,15,21,27,33,39,45,51,54.
| 2
| Тәуелсіздік
| 6,12,18,24,30,36,42,48,57,60.
| 3
| Қанағаттанарлық, жақсы
| 5,7,13,19,25,31,37,43,49,52.
| 4
| Қанағаттанарлық, жаман
| 4,10,16,22,28,34,40,46,55,58.
| 5
| Күресті қабылдауы
| 1,11,17,23,29,35,41,47,56,59.
| 6
| Күрестен қашуы
| 2,8,14,20,26,32,38,44,50,53.
| Зерттелушінің жауаптары кілтке сәйкес 6 тенденция бойынша бөлінеді. Әрбір тенденцияның байқалу жиілігі есептеледі. Бір тенденциядағы «иә» жауаптарының саны соған полярлы тенденцияның «жоқ» жауаптарының санымен қосылады. Мысалы, «тәуелді» шкаласындағы «иә» жауаптарның саны «тәуелсіз» шкаласындағы «жоқ» жауаптарының санына қосылады.
Тәуелділікке деген тенденция индивидтің топтық нормаларды, стандарт пен моральды этикалық құндылықтарды қабылдауға деген ішкі ұмтылысы.
Қарым-қатынасқа деген тенденция – топтағы және топтан тыс эмоцианалды байланысты ұйымдастыруға ұмтылысты, контактілікті көрсетеді. Күресті қабылдау тенденциясы – жеке бастың топтық өмірге қатысуындағы белсенді ұмтылысты, өзара жеке бастық қарым-қатынас жүйесінде жоғары статусқа жетуге деген ұмтылыс. Қарама-қарсы тенденция – күрестен қашу өзара әрекеттен қашу, топтық пікірталаста нейтралитетті сақтау, компромиссті шешімдерге деген икемділік. әрбір тенденцияның ішкі және сыртқы сипаттамасы бар яғни олар адамның шынайы бет-әлпетін жасырып тұратын «маска» тәріздес. Егер шыққан сан 20-ға жақын болса онда индивидке сол тенденция тән және ол белгілі топқа ғана емес, топтан тыс жерде де көрінеді. Егер 1 тенденцияның «иә» жауаптарының саны қарама-қарсы тенденцияның «иә» жауаптар санына тең болса онда бұл жағдай жеке бастың ішкі конфликтісінің бар екендігі туралы айтады. Жеке тенденциялар бойынша 3-4 «күмәнданамын» деген жауап – шешім қабылдай алмаушылық, қашқақтау, астеникалықтың белгісі.
Зерттеу қайталанып 2-ші реет жүргізіледі. Экспериментатор берген нұсқау зерттеу мақсатына байланысты бейімделеді.
2. Ч.Стилбергер мен Ю.Ханиннің «Өзін-өзі бағалау шкаласы» әдістемесі.
Мақсаты: Адамның өзін-өзі бағалауын, оның мазасыздық деңгейін зерттеу.
Зерттеу барысы: Әдістеме текстін экспериментатор оқиды немесе алдын-ала даярланған бланкілермен зерттелушіге беріледі. Текст 2 шкаладан тұрады. Әрбір шкалада 20 пікір жазылады. Зерттелуші сауалнаманың 1-ші бөлігіне жауап Бере отырып мына жауаптардың бірін беруі тиіс.
Жоқ
Жоқ деп ойлаймын
Иә деп ойлаймын
Иә
Сауалнаманың 2-ші бөлігіне берілетін жауаптардың варианттары мынадай:
Ешқашан
Кейде
Жиі
Әрқашан
Нұсқау: Сізге пікірлер қатары оқылады. Олардың әрбіреуін зейін қоя тыңдап, жауаптардың біреуін таңдаңыз. Пікір нөмірінің қатарына таңдалған жауапқа сәйкес санды жазыңыз. 1-20 дейінгі пікірлерге 1) жоқ 2) жоқ деп ойлаймын, 3) иә деп ойлаймын, 4) иә деп жауап бересіз. Келесі 20 пікірге 1)ешқашан, 2) кейде, 3) жиі, 4) әрдайым деп жауап бересіз.
Сауалнама тексті.
Мен салмақтымын.
Маған ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
Мен қозу үстіндемін.
Мен өкінемін.
Мен өзімді еркін сезінемін.
Мен реніштімін (ренжулімін).
Мені мүмкін болатын сәтсіздіктер толғандырады.
Мен өзімді жақсы демалғандай сезінемін.
Мен алаңдаймын.
Мен іштей қанағаттану сезімін бастан кешірдім.
Мен өз-өзіме сенімдімін.
менің жүйкем қозып тұр.
Мен өзіме орын таба алмай отырмын.
Мен басқаларға кінә тағамын.
Мен қозуды сезінбеймін.
Өз-Өзіме көңілім толады.
Мен өзімді кінәлі сезінемін
Мен қатты қозу үстіндемін.
Мен қуаныштымын.
Маған ұнайды
Мен қанағаттану сезіміне бөленемін
Мен жылдам шаршаймын.
Мен тез жылай аламын.
менің басқалар сияқты бақытты болғым келеді.
Мен шешімді жылдам қабылдайтынымдықтан жиі ұтылып қаламын.
Әдетте мен өзімді сергек сезінемін
Мен салмақты, жинақы және суыққандымын.
Күтілетін қиыншылықтар әдетте мені қатты мазасыздандырады.
Мен мәнсіз нәрселерді қатты уайымдаймын.
Мен бақыттымын.
Мен барлығын жүрегіме жақын аламын.
Маған өз-өзіме деген сенімділік жетіспейді.
Мен әдетте өзімді қауіпсіз сезінемін.
Мен дағдарыстық ситуациялар мен қиыншылықтардан құтылуға ұмтыламын.
Мен қатты ызаланамын.
Менің өз-өзіме көңілім толады.
Кез келген мағынасыз нәрселер мені мазасыздандырады.
Мен сәтсіздіктерді қатты уайымдаймын және оларды көпке дейін ұмыта алмаймын.
Мен салмақты адаммын.
Мен өз жұмыстарым туралы ойланғанда қатты мазасызданамын.
Нәтижені өңдеу.
№ 3,4,6,7,9,12,13,14,17,18 = Σ 1 пікірлеріне берілген жауаптар есептеледі.
Сосын № 1,2,5,8,10,11,15,16,19,20 = Σ 2 жауаптарына берілген жауаптар саны есептеледі. Кейіннен реактивті мазасыздық деңгейінің көрсеткіші есептеледі. ΡΜ=Σ 1 - Σ 2 + 35. Осы сияқты анологиялық түрде тұлғалық мазасыздық деңгейі саналады. ΤΜ= Σ 1 - Σ 2 + 35. Бұнда, Σ1 № 22,23,24,25,28,29,31,32,34,35,37,38,40 пікірлерге берілген жауаптар санының қосындысы.
Σ 2 № 21,26,27,30,33,36,39 пікірлеріне берілген жауаптар саны.
Ендігі кезекте «Автопортрет» әдістемесіне тоқталатын болсақ, тұлғаның өзінде сана–сезімінің құрылымы негізінен мына басты компоненнтерді бөліп көрсетед: өзіндікқасиеттер, адамның сырт бейнесі, өз-өзіне деген қатынасы, өзін-өзі бағалауы т.б.
Тұлғаның өзіндік сана-сезімін, өзін-өзі бағалауын, өз-өзіне деген қатынасын анықтау үшін «автопортрет» тестін жүргізуге болады.
Бұл тесті АҚШ ғалымы Р.Бернс бейімдеген. Осы әдістеме бойынша зерттелуші өзін салуы тиіс. Адамның барлық психологиялық ерекшеліктері, эмоционалды жай-күйі, өзіне деген қатынасы оның салған суретінен көрінеді. Автопортрет тестінің интерпритациясы төмендегідей болады:
Адамның басы – оның интелектісін, ақыл-ойын білдіреді. Бас жіңішке сызықтармен, әлсіз етіліп салынса адам өзінің ақыл-ойына көңілі толмайды. Бас майлы сызықтармен, қатты бастырылып салынса ақыл-ойына көңілі толады. Басы денесіне қарағанда кішкентай болса онда тағы да ақыл-ойына көңілі толмаушылықты білдіреді.
Көз – үлкен етіліп салынса адам басқаларға сенімсіздікпен қарайды, басқалардың пікіріне сынмен қарайды.
Кірпік – ұзын болса адам құбылып өзгеріске түсіп отырады.
Көзі кішкентай етіліп салынса онда адам өз-өзімен болғанды ұнататын, көп ойлайтын, интроверт болғаны.
Ауыз - дөңгелек, қатты батырылып салынса – адам өз ойын жеткізе алмайды, тіл байлығы жоқ. Егер ауыз салынбаса немесе әлсіз етіліп салынса онда депрессияда жүрген адамды көруге болады.
Құлақ – адамның интеллектісіне байланысты. Құлақ кішкентай болса адам мәліметтерге аса назар аудармайды. Ал құлақ үлкен болса адам сынға қарсы тұра алады, мәліметтерге аса назар салып тыңдайды.
Мұрын қатты сызылып, бастырылса онда адамның сексуалды өмірінде проблемалары бар. Ал мұрын кішкентай әлсіз сызықтармен салынса сексуалды проблемалары жоқ.
Қол – басқа адамдармен жасалатын қарым-қатынасты көрсетеді. Нәзік қолда салынса адам басқа адамдарға тәуелді, қолдары үлкен болса – қарым-қатынаста мықты. Қолының басы домалақ болса – агрессия.
Аяқ – ұзын болса онда өмірде еркін, бостандықты жақсы көреді. Егер аяқ жоқ болса немесе әлсіз етіліп салынса онда адам жасқаншақ, қорқақ.
| Персоналдың жауапкершілігін дамытуға сипаттама
| Персоналдар өзін-өзі бағалауын зерттеу үшін ең алдымен менеджерлермен танысудан басталады. Осы мақсатта «Q- сортировка» әдістемесі жүргізілді. Алынған мәліметтерді сараптай келе мынадай нәтиже алынды.
Тәуелділік – 36 %;
Қарым-қатынас – 58 %;
Күресті қабылдау – 6 %.
Аталған көрсеткіштерге нақты тоқталатын болсақ, респонденттердің 36 %-ы яғни персоналдың11-і топтық нормаларды, стандарттар мен моральдік – этикалық құндылықтарды қабылдайтындығын көрсетті. 17 персонал қарым-қатынас жасаудағы шеберліктерін көрсетсе, 2 персоналт жоғары статусқа ұмтылатынын айқындады.
Осы зерттеудің нәтижесін төмендегі диаграмадан көре аламыз.
Келесі кезекте яғни ақпан айында менеджерлерге автопортрет әдістемесі жүргізілді. Енді осы әдістеме нәтижесіне тоқталатын болсақ, ол төмендегідей сипатқа ие болды.
Бастың салынуы 2 тұрғыдан қарастырылды:
Бастың үлкен етіп салынуы
Бастың кішкентай етіп салынуы.
Басты үлкен етіп салған респонденттер саны – 18, олар 60% құраса, ал қалған зерттелінушілер 12 адам яғни персоналдың 40% өз ақыл-ойларына көңілдері толмайтынын көрсетті. Көрсеткіштер төмендегі диаграммада ұсынылады.
Автопортрет әдістемесінің келесі элементі – көз. кішкентай көз салған респонденттер саны – 16 адам яғни 53 % құралды. Олар өз ойларымен жүретін интерверт адамдар. Ал респонденттердің 8-і көзді үлкен етіп салып 26% құрады. Олар өз-өздеріне сенімсіздікпен қарайды. Ал қалған студенттер яғни 6 адам көзге кірпік салған және олар 21% пайызды құрады. Көрсеткіштер төмендегі диаграмада көрсетіледі.
Аталған әдістеменің келесі элементі – ауыз. Респонденттердің 20% яғни 6 адам қарым-қатынас жасауда қиыншылық көріп жүргендерін көрсеткен. 68% респондент ауызды қалыпты етіп салған, ал 12 % студенттер ауызға тістің суретін салып агрессия деңгейлерін байқатқан.
Осы көрсеткіштер төмендегі диаграммада көрсетіледі.
Келесі элемент – құлақ. Құлақ үлкен және кіші етіп салу деп бөлінді. Респонденттердің 75% құлақты үлкен етіп, ал 25% кіші етіп салған. Көрсеткіштер диаграммада көрсетіледі.
Келесі элемент – мұрын. Мұрын үлкен, кіші деп жіктелді.
Персоналдың 82% мұрынды қатты батырып салған, ол сексуалды проблемалардың бар екендігін көрсетеді. Ал 18% персоналдыңбұндай проблема болмаған. Нәтиже төмендегі диаграммада бейнеленеді.
Келесі элемент – қол. Респонденттердің 26%-да қол төмен қаратылып салынған. Ол адамның қарым-қатынас жасаудағы әлсіздігін білдіреді. Ал менеджерлердің 9 % қолды салмаған, ол ұялшақтықты білдіреді. Ал 65 % адамдар қолды нәзік етіп салып басқаларға тәуелді екендіктерін көрсеткен. Нәтиже төмендегі диаграммада көрсетіледі.
Келесі элемент – аяқ бөлігі. Респонденттердің 82 % аяқты ұзын етіп салып, тәуелсіз еркін болғылары келетінін білдірген. 18% аяқты салмай қорқақтықты, жасқаншақтықты көрсеткен. Көрсеткіштер төмендегі диаграммада көрсетіледі.
Зерттеу жұмысымызда қолданатын келесі әдістеме Ч.Стилбергер мен Ю.Ханиннің «Өзін-өзі бағалау шкаласы».
Бұл әдістеме ұйым жағдайындағы менеджерлердің ақпан айында жүргізілді. Зерттеуден алынған мәліметтер көрсеткендей респонденттердің 78 %-ң мазасыздық деңгейі жоғары, 12%- орташа, ал 10%-төмен мазасыздық деңгейін көрсетті. Оны төмендегі диаграммадан көре аламыз.
Бітіру жұмысының тақырыбына сәйкес қойылған мақсатқа жету үшін «Автопортрет» әдістемесі мен «Өзін-өзі бағалау шкаласы» әдістемесінің көмегімен нәтижелердің өзара байланысын Спирменнің корреляциялық коэффициенті арқылы мәнділікті тексереміз. Спирменнің корреляция коэффицентті есептеу формуласы мынадай:
r = 1 - 6 Σ d2 ≈ 0.28
n 3 - n
Мұндағы:
d - шамалардың арасындағы айырмашылықтары.
n – қатысқан адамдар саны.
Рангтік корреляция коэффиценттерін есептеудегі мағыналылық шектеулер 5 %-дың мағыналылық деңгейінде 30 адам үшін 0,36 құрайды. Ал біздің алған нәтижеміз 0,28 болғандықтан коррелциялық байланыс орнаған жоқ деуге болады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен өзін-өзі бағалау жеке адамның өмірінде, отбасының дамуында, әрбір мемлекеттің, қоғамының, мекеменің, мектептің күнделікті қызметінде және бүкіл адамзат өмірінде маңызды рөлді атқарады. Адамның басқа адамдармен қарым-қатынас жасау икемділігінің қалыптасуына басты рөл атқаратын – ұйым. Адамның интенсивті дамуының көп кезеңін ұйым алады. Теориялық-эксперименттік зерттеу арқылы ұйымның персоналдары өзін-өзі бағалауының бірқатар нақты мәселелері айқындалды.
Дипломдық жұмыста ұйымның менеджерлері өзін-өзі бағалаудың теориялық және практикалық мәселелерін тиімді шешу үшін менеджменттік алғышарттар анықталды; зерттеудің теориялық-әдіснамалық бағдары, шарттары негізделді. Осылайша, мақсатқа сәйкес зерттеу міндеттері диссертациялық жұмыста толық шешімін тапты.
Дипломдық жұмыста алынған зерттеу нәтижелерін білім беру жүйесінде, түрлі салалардағы қызмет көрсету іс-әрекетінде, зерттеу нысанына, пәніне, әдістеріне, мазмұнына байланысты психологиялық-педагогикалық ғылыми жұмыстарда қолдануға болады. |
|
|