Главная страница
Навигация по странице:

  • Математика пәні

  • I апта

  • Психологиялық дайындық

  • III. Жаңа сабақ.

  • Ой ширату.

  • «Кім шапшаң»

  • Тапсырма

  • бөж цифр. Тургалиева Гулнур пмно 208 топ


    Скачать 0.75 Mb.
    НазваниеТургалиева Гулнур пмно 208 топ
    Дата14.10.2022
    Размер0.75 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлабөж цифр.docx
    ТипДокументы
    #734320

    Тургалиева Гулнур ПМНО 208 топ

    БӨЖ № 1

    1 тапсырма

    Акаунтты тіркеп, Classroom қосымшасында математика курсын аштым.Тапсырмалар жасадым.



    Курс кодын жіберіп, екі тапсырушының тапсырмасын тексердім.



    Бір тапсырушы барлық тапсырманы дұрыс орындады. Бағалау критерийі бойынша бағаладым.



    2 тапсырма

    Математика пәні

    Сабақтың  тақырыбы:  Үш  таңбалы сандарды  баған  түрінде  қосу  және  азайту.

    Сабақтың  мақсаты: 100 ден 110-ға дейінгі  сандардың таңбалануын үйрету.

    Сабақтың  міндеттері:

    Білімділік: Үш  таңбалы сандарды  баған  түрінде  қосу  және  азайту  дағдыларын  қалыптастыру.

    Түзете-дамытушылық: Таным, ойлау  қабілеттерін  дамыту.

    Тәрбиелілік: Шапшаңдыққа,  алғырлыққа  тәрбиелеу.

    Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, жаздыру,сергіту  сәті, ажырата  білу, ойлау,ойын.

    Көрнекі-құралдар:  кеспе  цифрлар, үлестірме  материалдар, тақта, бор.


    I апта

    Сабақтың  барысы: I. Ұйымдастыру   кезеңі:қызмет  алушылардың  зейінін  сабаққа  аудару, оқу құралдарын   жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер  арқылы).

    Психологиялық  дайындық:

    Көңіл  күйлерің  қалай?

    Керемет!(Қолдарын  көтереді)

    Сабаққа  дайындықтарың  қалай?

    Тамаша! (Алақандарын  соғады)

    Ынталарың  ше?

    Ғажап!(Қолдарын  көтереді)

    Ендеше  бастайық

    О-О-О (Бас  бармақтарын  көрсетеді)                     

    III.  Жаңа  сабақ. Бүгін  үш  таңбалы сандарды  баған  түрінде  қосып, азайтамыз. Сандар  қандай  түрлерге бөлінеді( бір, екі, үш таңбалы) -5,7,2 цифрларын  қатыстырып үш таңбалы сандарды санап  жазу.

     Ой ширату.

        
    Тақтаға  үш  таңбалы  сандар қатары ілінген. Балалар мұғаліммен  бірге сандарды  қосып  азайтамыз.   Балалар  шаттық  шеңберде  өлең  шумақтарың  қимыл- қозғалыспен  айтады .


                 Оқып білім аламыз
                 Біздер зерек баламыз
                 Математика пәнінде,
                 Тапқыр, алғыр боламыз.


    «Кім  шапшаң»  Үш  таңбалы  сандарды  жазып,  орында!

    101, 102, 103, 104, 105, т.б

    IY.Сергіту сәті. Ұзын  мұртты  құмырсқа 

                                   Келе жатыр  жұмысқа

                                   Допты алды  қолына

                                   Допты қойыды  жолына

                                   Оңға қарады, солға қарады

                                   Үлкен тау деп  ойлады.

    Тапсырма: Сандарды өсу ретімен орналастыр.  

    1. Қорытындылау. Сұрақ-жауап арқылы тақырыпты  қорытындылау.     

    3 тапсырма

    BilimLand –платформасы мұғалімдер үшін оқу үдерісін ұйымдастыру барысында , сабақтан тыс іс-шараларды өткізу кезінде аса тиімді

    - Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша 2000 интерактивті сабақ

    Математика (1–4 сыныптар)

    Жаңартылған мазмұндағы бағдарлама бойынша қазақ және орыс тілдерінде 396 сабақ:

    * ашық әрі түрлі түсті дизайн;

    * әр тапсырманың дыбысталуы;

    * өзіндік жұмысқа арналған жұмыс парақтары

    Математика (5-11 сыныптар) Геометрия

    Жаңа бағдарлама бойынша қазақ және орыс тілдерінде 886 сабақ:

    * видеотүсіндірмелелер мен көрнекі суреттер;

    * толық теориялық материалдар;

    * интерактивті тапсырмалар;

    * қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттарына бөлу.

    Химия (7–11 сыныптар)

    Қазақ және орыс тілдерінде 486 сабақ:

    * видео мен мәтін түріндегі материалдар;

    * қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі терминологиялық сөздіктер;

    * интерактивті жаттығулар мен зертханалық жұмыстар;

    * қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттарына бөлу

    Платформа білім беру ұйымдарымен және жеке пайдаланушылармен жазылу бойынша жұмыс істейді. Оқыту контенті қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қолжетімді. Онлайн-платформа Қазақстанның 7000-нан астам мектебінде қолданылады.

    Kundelik –«kundelik.kz»-сайты қағаз күнделіктің мүмкіндіктерін оңай шешеді және басқа мүмкіндіктер береді: кесте, үй тапсырмалары, барлық қойылған бағалар, сабақ барысында пайдаланатын материалдар. Орташа балл, өткізілілген және келешектегі сабақтардың тақырыптары, мұғалімнің түсініктемелер

    -ҚР БҒМ жаңа жобасы. Ыңғайлы,жылдам əрі ұтқыр.

    -Kundelik kz сайтын қолдану арқылы ата-аналар өз балаларының жетістігін сырттай бақылай алады.

    -Оқушылар Е - кітапхана жəне т. б қызметтердің есебінен білімін толықтырып, қызықты ақпараттар жинай алады. Бұл парақшада:

    -Əріптестеріңізбен тəжірбие алмаса аласыз

    -Күн сайынғы қызықты деректер

    -Еліміздегі айтулы жаңалықтар

    -Мамандардан кеңес

    Mektep.EDUS -мектептерде күнделікті оқу-білім процесстерін электронды сандық түрге енгізу (электрондық білім жорналдары, мектеп оқу кестелері, үлгерім және оқушы күнделіктері, мектеп оқытушылары мен оқушылары контингенті) туралы мектеп мәліметтерін ортақ электронды форматқа қалыптастыруда бірыңғай мектептік оқу, тәрбие, білім мәліметтерін, мектеп ресурс қорларын өз-ара айырбастау мүмкіншіліктерін EDUS арқылы жүзеге асыру мақсатында жасақталды.

    Функциялары

    Жүйеге кіргеннен кейін "Сабақ кестесі", "Күнделік", "Пәндер", "Үлгерім", "Сынып", "Мұғалімдер", "Мессенджер" деген бөлімдер шығады: "Күнделіктен" әр күннің сабақ кестесін, сабақ тақырыбын, тапсырмалар мен бағаны, "Пәндер" бөлімінен оқушы өз бетінше игеруге арналған материалдарды көруге болады. "Мессенджер" бөлімінде оқушы немесе ата-ана мұғалімге хабарлама жаза алады.

    Daryn.Online -Платформаға 2,7 млн астам оқушы мен 200 мұғалім тіркелген. Күн сайын 700 мыңнан астам оқушы білім алады. Күніне 60-тан астам арнайы бейнесабақтар түсіріледі. Оқушыларға республикалық физика-математика және Назарбаев Зияткерлік мектептерінің, сондай-ақ орта мектептердің үздік мұғалімдері сабақ береді. Офлайн сабақтарға арналған мобильді қосымшасы да бар.

    Оқыту 2 форматта өтеді:

    синхронды – мұғалім видеоконференция ұйымдастырып, оқушылармен тікелей эфирде сабақ өткізеді;

    асинхронды – мұғалім дайын онлайн курстар, презентациялар, оқулықтар мен мультимедиа материалдарын оқуға береді.

    Әр оқушының жеке кабинеті болады. Кез келген адам тегін тіркеле алады. Жеке пайдаланушылар үшін барлық пәндер айына 2 мың теңге. Daryn.Online-мен келісімшартқа отырған мектеп оқушылары сабақты тегін пайдалана алады. Бүгінде мұндай мектептер саны – 1 491.

    Opiq.kz электронды оқулықтар платформасы 1 қыркүйектен бастап лицензия сатып алғаннан кейін ғана қолжетімді. Оқушылар платформаны тегін пайдалану үшін мектеп "Алматыкітап" баспасымен шарт жасасады.

    Функциялары

    Жүйеге кірген соң "Менің оқу материалдарым", "Нәтижелері", "Кітапхана" деген айдарлар шығады. Басты бетте "Жұмыстар" , "Ағымдағы параграф", "Соңғы тексерілген тапсырмалар" деген блоктар бар. "Жұмыстар" блогында мұғалімдер берген тапсырмалар мен оларды оқушының орындау деңгейі, "Ағымдағы параграф" блогында әр пәннен өтіп жатқан параграф тақырыптары, "Соңғы тексерілген тапсырмаларда" 7 күн ішінде мұғалімдер тексеріп, бағалаған тапсырмалар көрінеді. Кітапханада электронды мектеп оқулықтары мен барлық оқу жиынтығы орналасқан.

    СФЕРА - мұғалімдерді, оқушылар мен ата-аналарды біріктіретін және қашықтан оқыту процесін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін онлайн білім беру платформасы.

    Онлайн сабақтар кестесін көру үшін "Сабақ кестесі" бөліміне өту керек. Әр онлайн сабақ карточка түрінде бейнеленген. Карточкада сабақтың басталу уақыты, пән, сабақ тақырыбы, сабақтың сипаттамасы, мұғалімнің аты-жөні, сынып пен сабаққа кіру батырмасы бар. Карточканың түстері әртүрлі. Түстер сабақтың өтіп кеткенін, енді өтетінін немесе мұғалімнің сабақты болдырмау шешімін көруге болады. Сабаққа қатысу үшін "Сабаққа кіру" батырмасын басу керек. Камера мен микрофонды мұғалім ғана қосып өшіре алады. Оқушы "Қолын көтеру" батырмасын басып жауап беруге рұқсат ала алады. Сабақтан шығу үшін төмен бөлігіндегі "Сабақтан шығу" батырмасын басу керек.


    написать администратору сайта