Главная страница
Навигация по странице:

  • NaCl, KNO3, NaClO4, KBr, KF т.б..

  • Бір зарядты

  • Гидролиз константасы және гидролиз дәрежесі Гидролиз дәрежесі

  • Лек_7_ТФП_2021. Тздар гидролизі


    Скачать 225.48 Kb.
    НазваниеТздар гидролизі
    Дата29.10.2021
    Размер225.48 Kb.
    Формат файлаpptx
    Имя файлаЛек_7_ТФП_2021.pptx
    ТипДокументы
    #259278

    Тұздар гидролизі


    Еріген заттың сумен алмасу реакциясына түсіп, ерітіндінің рН-ын өзгерте ыдырауын гидролиз деп атайды. Гидролизге тұздар және әр түрлі органикалық қосылыстар белоктар, майлар, қанттар ұшырайды.


    Гидролиз өте күрделі процесс. Тұздағы электртерістігі үлкен элемент немесе топ сутек ионымен, ал электртерістігі аз элемент немесе топ ОН- ионымен байланысады.


    Тұздардың табиғатына және сыртқы жағдайға қарай, гидролиз сатылап, әр түрлі жылдамдықпен жүреді.
    Тұздарды түзілу тегіне қарай, төрт топқа бөлуге болады.


    1) күшті қышқыл мен күшті негіздің тұздары гидролизге ұшырамайды, бұл тұздар негізінен І және VII топтардың


    элементтерінен құралады және олардың аниондары ретінде күшті қышқылдардың аниондары қызмет атқарады. Мысалдар ретінде келесі тұздар қарастырылады: NaCl, KNO3, NaClO4, KBr, KF т.б..


    2) күшті қышқыл мен әлсіз негіздің тұздары (CuCl2, NH4Cl, Al2(SO)3, SnCl2, AlCl3, NH4NO3) гидролизге ұшырайды. Гидролиз катион арқылы жүреді, орта қышқылдық, рН<7. Гидролиздің молекулалық реакциясы:


    Бір зарядты катион үшін:
    NH4NO3 + H2O = NH4OH + HNO3
    NH4+ +NO3- + HOН = NH4ОH + H++NO3-


    қысқартылған иондық реакция:
    NH4+ + HOН = NH4ОH + H+ (pH<7)


    Көп зарядты катион үшін:
    AlCl3 + HOH = AlOHCl + HСl
    І саты: Al3+ + HOH = AlOH2+ + H+
    ІІ саты: AlOH2+ + HOH = Al(OH)2+ + H+


    Түзілген Н+-иондар гидролиздің аяғына дейін жүруіне кедергі жасайды. Сондықтан бұл гидролиз ІІ-ші сатыда тоқтайды.
    ІІІ саты тек арнайы жағдайлар жасалғанда іске асады:
    Al(OH)2+ + HOH = Al(OH)3 + H+


    3) Әлсіз қышқыл мен күшті негіздің тұздары: (СН3СООNa, Na2CO3, KCN, Na2SO3, KNO2.) гидролизге ұшырайды.
    Гидролиз анион арқылы жүреді. Бір зарядты анион үшін:


    Бір зарядты анион үшін:
    Молекулалық реакция:
    KCN + HOH = HCN + KOH


    иондық реакция:
    K+ + CN- + HOH = HCN + K+ + OH-


    қысқартылған иондық реакция:
    CN- + HOH = HCN + OH- рН > 7, орта негіздік


    Көп зарядты анион үшін:
    Na2CO3 + HOH = NaHCO3 + NaOH


    І саты: CO3 2-+ HOH= HCO3- + OH -
    Түзілген ОН--иондар қайтадан көмір қышқылымен әрекеттеседі, сондықтан гидролиз І-ші сатыда тоқтайды.


    ІІ саты тек арнайы жағдай жасалғанда іске асады:
    HCO3 -+ HOH = H2CO3 + OH-


    ІV тип. Әлсіз қышқыл мен әлсіз негіздің тұздары толық гидролизденеді. Бұл тұздардың негізгілері: СН3СООNH4, Fe(CH3COO)3, (NH4)2S, Al2S3, PCl3, Cr2S3, SO2Cl2, BeSO4.


    Мысал ретінде аммоний ацетатын қарастырайық, реакция толық жүреді:
    СН3СООNH4 + HOH = СН3СООH + NH4OH


    иондық түрі
    СН3СОО- + NH4++ HOH = СН3СООH + NH4OH


    Ортаның қандай болуы әлсіз негі және әлсіз қышқылдың диссоциациялану константасының мәніне тәуелді. Егер екеуінің диссоциациялану константаларының мәндері тең болса, орта нейтрал болады, демек, рН =7.


    Салыстырайық: Кдисс.(СН3СООH) = 1,8∙10-5 және Kдисс.(NH4OH) = 1,8∙10-5. Демек, аммоний ацетатының гидролизінің нәтижесінде орта нейтрал болады.


    Ал көп зарядты анион немесе көп зарядты катион болса, қайсысының диссоциациялану константасы жоғарылау болып келсе, сол ортаға әсер етеді.


    Егер қышқылдың диссоциациялану константасының мәні жоғарылау болса, орта әлсіз қышқылды болады. Ал егер негіздің диссоциациялану константасының мәні жоғарылау болса, орта әлсіз негізді болады. Мысалдар келтірейік:


    Көп зарядты катион үшін
    Fe(CH3COO)3 +HOH = Fe(OH)(CH3COO)2 + CH3COOH
    негіздік тұз иондық түрі:
    Fe3++3(CH3COO) - +HOH= FeOH2++2 CH3COO - + CH3COOH


     Сірке қышқылының диссоциациялану константасының мәні: Кдисс.СН3СООH = 1,8∙10-5, ал Fe(ОН)3 қосылысының диссоциациялану константасының мәні -
    Кдисс.Fe(ОН)3 = 1,82∙10-11. Демек, сірке қышқылының диссоциациялану константасының мәні жоғарылау, сол себептен темір (ІІІ) ацетаты толдық гидролизге ұшырайды, ал орта әлсіз қышқылдау болады.


    Көп зарядты анион үшін
    (NH4)2S + HOH = NH4OH + NH4HS
    2NH4+ +S2- + HOH = NH4OH + NH4+ +HS-
    Әлсіз негіз бен қышқылдық тұз түзіледі.
    Өте әлсіз қышқыл мен өте әлсіз негіздің тұздары аяғына дейін гидролизденеді:
    Al2S3 + 6НОН = 2Al(OH)3 + +3H2S


    Гидролиз константасы және гидролиз дәрежесі
    Гидролиз дәрежесі (αг) деп гидролизденген молекулалардың саны мен ерітіндідегі молекулалардың санының арақатынасын айтады.


    nгидр
    αг = ____________
    nжалпы




    αг - гидролиздену дәрежесі,
    nгидр - гидролизденген молекулалар саны,
    nжалпы -молекулалардың жалпы саны.
    Гидролиз дәрежесі (αг) еріген заттың табиғатына, концентрациясына, температураға тәуелді.


    жүретінін көрсететін шаманы айтады. Кг - неғұрлым үлкен болса, гидролиз соғұрлым терең жүреді.


    Гидролиз константасын есептеу жолдары:
    КГ = KW / KHA


    KW - судың иондық көбейтіндісі;
    KHA - әлсіз қышқылдың диссоциациялану константасы;
    КГ = KW / KktOH


    KW
    KГ =
    КHAn . КKtOH



    Гидролиз константасы және гидролиз дәрежесін байланыстыратын формула:


    KГ = Сα 2 ,

    сонда

    α = KГ / С



    написать администратору сайта