Главная страница
Навигация по странице:

  • 2. Жарысты өткізу мерзімі және тәртібі 6. Жарыс 2022 жылғы 8 сәуірде

  • 2022 жылғы 1 сәуірге дейін

  • 4. Жарысты өткізу тәртібі және шарты

  • Радиомен басқарылатын көлік

  • Драгстер сызбасы бойынша а втотрассалық

  • Зымыран

  • 5. Жарыс қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау

  • Техникалық шығармашылық. уе, зымыран, клік, кеме растыру республикалы жарысыны облысты кезеін ткізу ережелері Жалпы ережелер


    Скачать 19.06 Kb.
    Названиеуе, зымыран, клік, кеме растыру республикалы жарысыны облысты кезеін ткізу ережелері Жалпы ережелер
    АнкорТехникалық шығармашылы
    Дата09.04.2022
    Размер19.06 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаТехникалық шығармашылық.docx
    ТипДокументы
    #457478

    Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың

    (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) республикалық жарысының облыстық кезеңін өткізу ережелері

    1. Жалпы ережелер

    1. Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) республикалық жарысының облыстық кезеңін өткізу ережелері (бұдан әрі – Жарыс) оның мақсатын, міндеттерін, ұйымдастыру форматын, оны өткізу және қорытынды шығару тәртібін анықтайды.

    2. Жарыстың мақсаты: Қазақстан Республикасында балалардың техникалық шығармашылығын дамыту, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру, білім алушылардың өзін-өзі кәсіби анықтауы үшін жағдай жасау.

    3. Жарыстың міндеттері:

    әр түрлі өңірлердің білім алушылары мен педагогтерінің тәжірибе алмасуына жағдай жасау;

    техникалық шығармашылық бойынша үздік жұмыс тәжірибесін насихаттау;

    балаларды инновациялық ғылыми-техникалық шығармашылыққа тарту;

    инновациялық технологиялар саласында жаңа құзыреттілікті қалыптастыру;

    техникалық шығармашылық және өнертапқыштық саласында оқитын дарынды, талантты білім алушыларды анықтау;

    топпен шығармашылық жұмыс дағдыларын қалыптастыру;

    іс-шаралар арқылы қосымша біліммен қамтылған балалар санын арттыруға ықпал ету.

    5. Жарысты ұйымдастырушылар Ұйымдастыру комитетінің және әділ қазылар алқасының құрамын қалыптастырады, тікелей өткізуді жүзеге асырады, нәтижелерді талдайды және қорытындысын шығарады.

    2. Жарысты өткізу мерзімі және тәртібі

    6. Жарыс 2022 жылғы 8 сәуірде өткізіледі

    7. Аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшыларының қолы қойылған форумға қатысу туралы іліспе хат пен өтінімдері 2022 жылғы 1 сәуірге дейін kosymsha.bilim.bery@mail.ru электрондық поштаcына қабылданады.

    8. Хатқа мыналар қоса тіркеледі:

    1) Жарыстың аудандық, қалалық кезеңдері жеңімпаздарының облыстық жарысқа қатысуы туралы өтінімі;

    2) қатысушылар туралы мәліметтер (Т.А.Ж., туған жылы, сыныбы, оқу орны, мекен-жайы және білім беру ұйымының мекен-жайы, телефоны);

    3) қатысушылардың жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

    4) www.youtube.com арнада орналастырылған бейнематериалға сілтемелер.

    3. Жарысқа қатысушылар

    9. Жарысқа аудандық, қалалық кезең жеңімпаз командалары – жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысады.

    Жарысқа қатысушылардың жас санаты: 11-17 жас (18 жасқа дейін).

    4. Жарысты өткізу тәртібі және шарты

    10. Балаларды іс-шараларға қатыстыру арқылы қосымша білім беру жүйесінде қамтылуын арттыру үшін Жарыс екі кезеңде өткізіледі:

    бірінші кезең (іріктеу) – өңірлік:

    мектепішілік жарыс;

    аудандық (қалалық) жарыс;

    облыстық жарыс;

    екінші кезең (қорытынды) – республикалық жарыс.

    11. Жарыстар келесі модельдердің кластары бойынша өткізіледі:

    Радиомен басқарылатын көлік модельдері:

    1) 1:10 масштабта көлік модельдерін мәнерлеп жүргізу; РЦБ класы;

    2) 1:10 масштабта багги жарысы (4wd). Багги -10Э;

    3) багги 1:8 ДВС, 1:10 ДВС.

    Драгстер сызбасы бойынша автотрассалық модельдеу:

    1) Production-32;

    2) Production-24.

    Әуе модельдері:

    1) F-3-Р (пенолёт) моделі;

    2) кордалы F-2-В;

    3) кордалы жарты копия, контурлы моделі;

    4) квадрокоптер.

    Кеме модельдері:

    1) F-4-В немесе F-4–С (бір модель);

    2) FSR –ЕСО- MINI EXPERT F-3-Е машруты бойынша;

    3) Ф -2-А;

    4) FSR- ЕСО-STANDART - F-3-Е машруты бойынша өткізіледі.

    Зымыран модельдері:

    1) S6А – стример;

    2) S9А – ротошют.

    Зымыран модельдері бойынша жарысты қашықтық форматында өткізу шарттары:

    1) видео түсірілім (модельдерді іске қосуды бастау, ротошют немесе стримердің ашылу сәті, зымыранның жерге тигенге дейін парашютпен ұшу уақытын белгілеу), 4 фотосуретті kosymsha.bilim.bery@mail.ru электрондық поштасына жіберіледі;

    2) қатысушылар ұсынған барлық видео жазбалар әділ қазылар алқасының қарауына беріледі.

    Жарыстың әрбір түрі санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын, дезинфекция, кварцтау, желдету режимін сақтау, адамдардың жаппай жиналуына жол бермеу арқылы өлшемдеріне сәйкес осы спорт түрлеріне арнайы жасалған далалық алаңда, немесе жабық ғимараттарда, немесе қашықтан өткізіледі.

    15. Жарыс номинацияларын бағалау өлшемдеріне, хаттамалық шешімдердің нәтижелеріне және АСФ, АМСФ, NAVIGA ережелеріне сәйкес кәсіби әділ қазылар алқасы бағалайды. Қазылар алқасының шешімі хаттамамен ресімделеді.

    16. Жарысқа жіберілген видеоматериалдар қайтарылмайды. Жарысты ұйымдастырушылар авторды көрсете отырып, жарыстың видеоматериалдарын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға құқылы.

    5. Жарыс қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау

    17. Жарыстың қорытындысы бойынша әділ қазылар алқасының мүшелері жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар I, II, III дәрежедегі дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады

    1-қосымша

    Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың

    (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) республикалық жарысына қатысуға өтінім

    Номинация

    Модельдердің кластары

    Қатысушының

    Т.А.Ә.


    Туған жылы, сыныбы

    Қатысушының тұрғылықты мекенжайы, электронды поштасы, байланыс телефоны

    Білім беру ұйымы

    Жоба жетекшісінің Т.А.Ә., тұрғылықты мекенжайы, электронды поштасы, байланыс телефоны






















    Топ жетекшісі: (Т.А.Ә., жұмыс орны, лауазымы, ұялы телефоны) ___________________________________________________ облысы


    написать администратору сайта