Вирус. Данышпанова Мереке- мақала. Вакцинация ауіпсіз мірге апаратын адам! Жасспірімдерді covid19 а арсы вакцинациялау
Скачать 28.25 Kb.
|
Вакцинация - қауіпсіз өмірге апаратын қадам! Жасөспірімдерді COVID-19 –ға қарсы вакцинациялау. Ата-аналар не білуі керек. Қазақстанда 12 жастан асқан жасөспірімдерді вакцинациялау үшін КОМИРНАТИ (PFIZER- BIONTECH) вакцинасына қолжетімді. Жасөспірімдерді COVID-19 –ға қарсы вакцинациялау ерікті және тек ата-аналардың келісімімен ғана жүргізіледі. КОМИРНАТИ – мРНҚ –ға негізделген вакцина ,оның құрамында тірі вирус жоқ. 21-28 күн аралықпен 2 дозадан тұрады. COVID-19 бен ауырып жазылған адамдарды вакцинациялауға сауыққаннан соң жол беріледі. Жасөспірімдердің ата-аналары қалауы бойынша вакцинация жүргізу кезінде қатыса алады. Вакцинациялау алдында - препаратқа арналған нұсқаулықпен танысыңыз. Балаңызда қарсы көрсетілімдердің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Ақпаратталған келісімге қол қойыңыз. Вакцинациялау алдында короновирусқа антиденелердің болуын тексеру қажет емес. Вакцинациялау кезінде - дәрігер вакцинациялау алдында қарап тексеру жүргізеді.Анамнез жинау кезінде дәрігерге ықтимал қарсы көрсетілім туралы ескерту керек.Өзіңіз және балаңыз дәрігерге вакцинациялау туралы кез келген сұрақты қоюға, вакцинаның қаптамасын қарап тексеруге, нұсқаулықты өзіңізбен бірге алуға құқылысыз. Вакцинациялауды ем-шара кабинетінде мейіргер жүргізеді. Жасөспірімдердің жас ерекшеліктеріне қарай оларда дәрі егу салдарынан қорқыныш пен күйзеліске байланысты уақытша және өздігінен кететін реакциялар ( Мысалы: бас айналу, жүрек соғысының жиілеуі, сирек- естен тану) жиі болуы мүмкін. Мұндай реакцияларды болдырмау үшін баланы отырғызып вакцинациялаған дұрыс. Ұйымдастырылған ұжымдарда жасөспірімдерге КВИ-ге қарсы вакцинация жүргізу кезінде:КВИ-ге қарсы вакцинациялау кезінде көп жиналуға жол бермеу; 1) 3 адамнан асырмай шақыру арқылы егу кабинетінің алдында көп жиналуды болдырмай, вакцинацияны жеке жүргізуді ұйымдастыру; 2) жасөспірімдерге вакцинациядан кейін кем дегенде 30 минут бойы әрбір егілгенге медициналық бақылау жүргізуді ұйымдастыру; келесі топты алдыңғы егілгендерді медициналық бақылау толық аяқталғаннан кейін ғана шақыру; 3) физикалық қашықтық талаптарын сақтай отырып, вакцинациядан кейін 30 минут бойы медициналық бақылау жүргізу үшін жеке жақсы желдетілетін үй-жай бөлу; Комирнати» вакцинасын енгізуге қарсы көрсетілімдер: 1) әсер ететін затқа немесе препараттың кез келген басқа компоненттеріне аллергия; жұмыртқаға немесе желатинге аллергияның болуы вакцинация үшін қарсы көрсетілім немесе ескерту болып табылмайды, себебі вакцина құрамында бұл компоненттер жоқ. 2) 12 жасқа дейін; 3) жүктіліктің 16 аптасына дейін; 4) анамнезінде полиэтиленгликолге немесе туыстас молекулаларға ауыр аллергиялық реакцияся бар адамдарға, себебі вакцина құрамында полиэтиленгликоль бар. Вакцинациялаудан кейін ең жиі кездесетін жанама әсерлер дене қызуының көтерілуі, ине орнында ауырсынудың болуы, қатты шаршау,қалтырау, бастың ауруы. Бұл әсерлердің барлығы вакцинаға қалыпты реакциялар,олар 2-3 күн ішінде өтеді. Бұл уақытта жүктемені шектеп,көп демалу керек. Температура 38,5С-тан артқан кезде дене қызуын түсіретін дәрі- парацетомол немесе ибуфенді пайдалануға болады. Вакцинация - жұқпалы аурулармен күресудің өте тиімді әдісі.Әр адамның вакцина алуына құқығы бар. Отырар аудандық СЭББ бас маманы; Данышпанова М.П
|