Мұғалімнің аты-жөні:
| Сакенова Нургул Токеновна
|
Пән/Сынып:
| Химия, 10 қоғамдық- гуманитарлық сынып
|
Аптаның нешінші сабағы
| 3 сабақ
|
Тарау немесе бөлім атауы:
| 10.3 В. Маңызды s- элементтер және олардың қосылыстары
|
Сабақтың тақырыбы:
| Маңызды s-элементтері және олардың қосылыстары. Калий мен натрий.
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
| 10.2.1.21 натрий , калий және кальцийдің сумен реакциясын әр түрлі химиялық белсінділігін түсіндіру
|
Сабақ мақсаттары
| Сабақтың соңында оқушылар: - натрий , калий және кальцийдің сумен әрекеттесуін айта алады; - натрий , калий және кальций иондырын сапалығын анықтай алады (жалын түсі).
|
Бағалау критериі:
| Оқушы мақсатына жетеді, егер:
-сілтілік металдардың қасиеттерін біледі; -химиялық реакция теңдеуін құрастырады және теңестіреді.
|
Тілдік мақсаттар
| Терминология: cілтілік металдар, сілтілік жер металдар
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
|
Құндылықтарды дарыту
| Нақтылық, тазалық, ұқыптылық, жан-жақтылық, патриотизм
|
Пәнаралық байланыстар
| Физика-физикалық құрамы; Биология-адам өміріндегі физикалық рөлі;
|
АКТ қолдану дағдылары
| Интерактивті тақта, Powerpoint презентациялары, Googleды қолданып ақпарат іздеу
|
Саралап оқыту тапсырмалары
|
Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі
| Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету
| Жеке жұмыс
Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы
|
Уақы ты
| Кезеңдері
| Тапсырма
| Тапсырма ның мақсаты
| Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?
| Бағалау
| Ресурстар
|
1 минут
00:00 – 03:00
| Ұйымдас тыру
| Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу. Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.
Оқушыларға бүгінгі сабақта алдыңғы сабақта берілген үй тапсырмаларын қаншалықты меңгергенің тексеру, онда жіберілген кемшіліктермен жұмыс істеу мақсатында үй тапсырмалары сұралады.
Оқушылардан бірқатар сұрақтарға жауап беруді сұрау арқылы ауызша
талқылау/әңгімелесу жүргізіледі, қажет жерлерінде жазбаша түрде де сұралады.
|
|
|
| Суреттер
https://yadi.sk/d/ncXLeI-23TLushПрезентация Слайд 1
|
8 минут 03:00 – 11:00
11:00-14:00
| Жаңа сабақ
| Химиялық қасиеттері
1.Сумен әрекеттесуі.
Барлық сілтілік металдар сумен жылдам әрекет тесіп сілті мен сутегі газын түзеді. Литий басқа ларына қарағанда тыныш (жарылыссыз) сумен әрекеттеседі: Li +2HOH =LiOH + H2
Натрий сумен реакцияға түскен кезде сары жалынмен жанады және кішігірім жарылыс болады. Калий одан да активті сумен әрекетте седі, жарылыс та күштірек болады, ал жалын түсі күлгінге боялады.
2. Оттегімен әрекеттесуі. Сілтілік металдар аса күшті тотықсыздандырғыш болғандықтан, көптеген бейметалдармен әрекеттеседі. Сілтілік металдар ауада тотығып кетеді, сондықтан оларды керосинде сақтайды. Рубидий мен Цезий ауада өздігінен жанып кетеді, ал басқалары аздап қыздырғанда жанады. Жанудың кезінде литий қалыпты оксид, натрий пероксид, ал калий, рубидий, цезий супероксидтер түзеді.
4Li + O2 = 2Li2O
2Na + O2 = Na2O2
K + O2 = KO2 3. Басқа заттармен әрекеттесуі. Сілтілік металдар көптеген бейметалдармен әрекеттесе ді. Қыздырылған кезде олар сутекпен гидриттер түзеді, галоген, азот, күкірт, фосфор, көміртек және кремниймен әрекеттесіп сәйкесінше галогенидтер, сульфидтер, нитридтер, фосфидтер, карбидтер және силицидтер түзеді.
Қосылыстардан алу жолдары: Натрий карбонатын көміртекпен тотықсыздандыру
Натрий гидроксидін және натрий хлортерін элекпролиздеу
Оқушыларға натрий және калиймен жұмыс істегенде қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау қажет екені ескертіледі.
| Жаңа тақырыпты меңгеру
|
|
Дескриптор: Білім алушы
- сілтілік металдардың сыртқы қабатындағы электрондарды анықтайды;
- басқа топ металдар дан айырмашылығын көрсетеді;
- сілтілік металдардың сумен әрекеттескенде түзілетін газды біледі және анықтайды;
-топ бойынша метал дардың өзгеру теңден циясын түсіндіреді;
-сілтілік металдардың оттегімен, хлормен және сумен реакция теңдеулерін құрас тырып, теңестіреді.
|
Слайд 5
Слайд 6
|
9 минут 14:00-17:00 17:0020:00
| Тапсырма
| Натрийдің металдың сумен реакциясын демонст рация арқылы жүргізу: реакцияның сілтілік ері тінді түзетіне назар аударту.
Реакция теңдеулерін жазу
Басқа сілтілік металдардың сумен әрекеттесуін бейне-тәжірибе арқылы көрсету арқылы реакцияның күшіне назар аударту;
Жалпы реакция теңдеулерін жазу:
alkali metal + H2O → alkali metal hydroxide + H2
Кальций сумен күшті реакция түскенге қарамастан, тәжірибе қауіпсіз, ешқандай жарылыс болмайды. Кальций суда гидроксид түзіп ақ түске ластанады.
Ca + 2H2О = Ca(OH)2 + Н2
Осы реакцияны жазған соң видеосын көрсету.
Видео бойынша сұрақтар қою , түсіндіру.
| Жаңа тақырыпты меңгеру
|
|
| Бейне-тәжірибелер:
Натрий сумен реакциясы
https://www.youtube.com/watch?v=BVh5AnpEG4E
Калий сумен реакциясы
https://www.youtube.com/watch?v=nXijq0ditLU
Слайд 7
|
2 минут 20:00-23:00
| Бекіту
| Натрия , калий және кальций иондарын сапалы анықтау. Иондарын анықтау үшін тұздарын жандыру.
Видео бойынша сұрақтар қою, түсіндіру.
Реакциясын жазу.
Сұрақтар:
1.Не себепті берілген топ элементтері сілтілік металдар деп аталады?
2.Жоғарыдан төменге қарай топ белсенділігі қалай өзгереді?
3.Неліктен?
4. Сумен әрекеттескен кездегі реакция белгілері қандай?
5. Топтың қандай басқа заңдылықтарға сай өзгеру белгілері бар
6.Ең жеңіл сілтілік металл?
Рефлексия. Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім
- нені толық түсінбедім
- немен жұмысты жалғастыру қажет
Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптас тарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады
| Тақырыпты меңгергенін анықтау
|
| Дескриптор: білім алушы-
- натрий , калий және олардың маңызды қосылыстарын алу жолдарын айта алады; - натрий , калий және кальцийдің сумен әрекеттесуін айта алады;
- натрий , калий және кальций иондырын сапалығын анықтай алады (жалын түсі). -маңызды физикалық және химиялық қасиеттері біледі.
| Натрий тұзымен
https://www.youtube.com/watch?v=uXcawi1CtrM
Калий тұзымен
https://www.youtube.com/watch?v=plZt3UXu7Ak
Кальций тұзы
https://www.youtube.com/watch?v=F3Y_2MEkd5Y
|