Главная страница

2.Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі. Восточноказахстанский государственный университет имени с. Аманжолова


Скачать 497 Kb.
НазваниеВосточноказахстанский государственный университет имени с. Аманжолова
Дата19.09.2021
Размер497 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла2.Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі.docx
ТипПрограмма дисциплины
#233910
страница2 из 3
1   2   3

Тақырып 6. Жазатайым жағдайларды тексеру және есепке алу

Жұмысқа байланысты сәтсіз оқиғалар қалай бөлінеді:

- жұмыс орнында,

- жұмысқа бара жатқан және жұмыстан қайтқан жолда.

Әдебиеттер 1,2,3,4
Тақырып 7. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды зерттеу жасап, рәсімдеу және есепке алу

Еңбек әрекетімен байланысты жұмысшылар денсаулығының әртүрлі жарақаттар алу және уақытша бір күндік және одан да көп мерзімде зақымдалуы және қаза болуы, сәтсіз жағдай деп қарастырылады және Н-1 форма бойынша актімен тіркеледі. Акт 3 данамен тіркеледі және архивте 45 жыл аралығында сақталынады. Бір данасын жарақат алушыға, екіншісін жұмыс берушіге, үшіншісін инспекторға береді.

Әдебиеттер 1,2,3,4
Тақырып 8 Өндірістік ортаның метеорологиялық жағдайлары

Еңбек әрекетін тиімді жүргізу үшін ауаның тазалығын және қалыпты метеорологиялық жағдайларды қамтамасыз ету қажет.

Өндірістік әрекеттердің нәтижесінде ондірістік ортаға әр түрлі зиянды заттар бу, газ, шаң түрінде түсуі мүмкін.

Әдебиеттер 1,2,3,4
Тақырып 9. Метеорологиялық факторлардың адам ағзасына және еңбек қауіпсіздігіне әсер етуі

Барлық зиянды заттарды адамға әсер ету сипаты бойынша екі топқа бөлуге болады: улы және улы емес.

Улы заттар әсер еткенде денсаулықта әр түлі ауытқулар пайда болады.

Улы емес заттар әсер еткенде көпшілік жағдайда тыныс алу органдарына тітіркендіргіш әсері болады.

Әдебиеттер 1,2,3,4
Тақырып 10. Өндірістік жарықтандыру

Жарық (көрінетін) өзінің табиғаты бойынша ұзындығы 380-нен 760 нм (1нм –нанометр – тең 10-9 м) болатын электромагнитті толқындар.

Өндірістерде табиғи және жасанды жарықтарды дұрыс ұйымдастыру қажеттігі туындайды. Жасанды жарықты табиғи жарықты компенсиациялау үшін қолданады. Физиологиялық тұрғыдан жасанды жарық қолайсыздау болып келеді.
Тақырып 11. Жұмыс орындарындағы жарықтандырудың еңбек қауіпсіздігіне әсер етуі.

Жасанды жарықты ұйымдастыру.

Жасанды жарық көбінесе табиғи жарық жетіспегенде немесе түнгі уақыттарда қолданады.

Жасанды жарықты ұйымдастыру үшін төмендегі шараларды қарастырады.

А.Жарықтандыратын учаскенің, жұмыс орнының, ауданын анықтау.

Б.Жарықтандырудың нормасын анықтау.

В. Жарық жүйесін таңдау.

Г. Жарық көзін таңдау және оның қажетті санын анықтау.

Д.Учаске бойынша жарық беру құралдарын орналастыру жобасын жасау.Әдебиеттер 1,2,3,4
Тақырып 12. Өндірістік шу мен діріл

Шу өндірісте және тұрмыста үлкен экономикалық және әлеуметтік шығын әкеледі. Адам ағзасына жағымсыз әсер ете отырып , ол психологиялық және физиологиялық өзгерістерге әкеледі, еңбек ету қаблеттілігі төмендейді және жалпы және кәсіптік аурулардың шығуына алғы шарттар жасайды.

Әдебиеттер 1,2,3,4
Тақырып 13. Техника қауіпсіздігі

Еңбек - адамдардың өмiрi үшiн қажеттi материалдық, рухани және басқа да құндылықтар жасауға бағытталған адам қызметi;

еңбек қатынастары - тараптардың әдетте жеке еңбек және ұжымдық шарттар негiзiнде белгiлi бiр еңбек қызметiн жүзеге асыруы жөнiнде туындайтын жұмыс берушi мен қызметкер арасындағы қатынастар;

жұмыс берушiнiң актiлерi - жұмыс берушiнiң (жұмыс берушiлер өкiлiнiң) шығаратын актiлерi (бұйрықтар, өкiмдер, нұсқаулықтар, iшкi еңбек тәртiбiнiң ережелерi);

жеке еңбек шарты - қызметкер мен жұмыс берушiнiң арасында жазбаша нысанда жасалатын екiжақты келiсiм, ол бойынша қызметкер жұмыс берушiнiң актiсiн атқара отырып, белгiлi бiр мамандық, бiлiктiлiк немесе лауазым бойынша жұмысты орындауға мiндеттенедi, ал жұмыс берушi қызметкерге жалақысын және заңдар мен тараптардың келісiмiнде көзделген өзге де ақшалай төлемдердi уақытында және толық көлемiнде төлеуге, еңбек туралы заңдар мен ұжымдық шартта көзделген еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге мiндеттенедi. Әдебиеттер 1,2,3,4
Тақырып 14. Электр қауіпсіздігі

Электрқауіпсіздігі – зиянды және қауіпті электр тоғы, электр доғаы, электр магниттік өріс және статистіу электр әсерінен адамды сақтауды қамтамасыз етету шаралары мен техникалық құралдардың жиынтыңы.

Электрзақымы деп электр тогы мен электр доғасының әсерінен болған зақымды айтады.

Әдебиеттер 1,2,3,4
Тақырып 15. Өнеркәсіптік кәсіпорындарындағы өрт қауіпсіздігі

Жанғыш заттар – отпен жанасқанда жанады және от алу көзін әкеткенде де жануын жалғастырады.

Жану температурасы – заттың жану кезіндегі температурасы.

Тезтұтанатын заттар – отпен немесе ұшқынмен жанасқанда тез жана бастайды және тұтану көзін әкеткенде де жануын жалғастырады.

Тұтану температурасы – зат қысқа уақыт ішінде отпен немесе ұшқынмен жанасқанда жана бастайды немесе жануын жалғастыратын ең аз температура.

Әдебиеттер 1,2,3,4
7. Практикалық (семинарлық) сабақтар мазмұны

Тақырып 1. Еңбек кауіпсіздігін камтамасыздандыратын шаралар.

Мақсаты: Еңбек қорғау жағдайын бақылау.

Талдауға арналған сұрақтар:

1. Кәсіпорындары, олардың цехтары, учаскелері мен жұмыс орындары деңгейінде еңбек қорғау жағдайын қоғамдық бақылауды кім жүргізеді:

2. Әр түрлі жұмыстар мен кәсіпкерлік үшін техника қауіпсіздігі бойынша ведомствалық деңгейде типтік нұсқамалар және кәсіпорындарында жергілікті нұсқамалар қандай мөлшерлік-құқықтық құжаттар негізінде жасалады:

3. Жұмысқа қабылданғаннан кейін қандай мерзімде жұмыскерлерге еңбек қорғау бойынша курстық оқытуды жүргізудің қамтамасыз етілуі міндетті?

4.Еңбек қауіпсіздігінің талаптарын бұзуына байланысты лауазымды адамдардың жауапкершіліктері.

Тапсырмалар: Еңбекті қорғау бойынша заңды бұзуына байланысты,

жауапкершіліктіңі түрлерні қарастыру.

Қосымша әдебиеттер 1,2,3,4

Тақырып 2 Еңбекті қорғаудың” нормативті-құқықтық және ұйымдық негіздері.

Мақсаты: Еңбек қорғаудың ережелері мен нормалары олардың қолдану шеңберін қарастыру.

Талдауға арналған сұрақтар:

1. Еңбек қорғаудың ережелері мен нормалары олардың қолдану шеңбері бойынша қалай бөлінеді.

2."Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесінің мемлекеттік стандарттары"(ЕҚСЖС);

3.Мемлекеттік санитарлы – эпидеммиологиялық ережелер мен нормалар (санитарлы ережелер,гигеналық нормативтер,санитарлы ережелер мен

нормалар,СанЕмН,санитарлы нормалар);

- Құрылыстық нормалар мен ережелер (ҚНмИ),құрылыс және жобалау бойынша ережелер жиыны;

- Еңбекті қорғау боцынша сала аралық ережелер,

- "Еңбекті қорғау" бойынша сала арлық типтік нұсқаулама;

- Тапсырмалар: 03.04.02 жылғы "Қауіпті өндірістік объектілердегі,өндірістік қауіпсіздік туралы "КРзаңы.

Қосымша әдебиеттер 1,2,3,4

Тақырып 3 Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар. Олардың жіктелуі

Мақсаты: Өндірістік зиянды және қауіпті факторларға анықтама беру,оларды ескеру бойынша іс-шараларды карастыру.

Талдауға арналған сұрақтар:

1. Зиянды, улы газдармен уланған кездегі дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету.

2. Ауадағы зиянды улы газдарды есептеу әдістемесі.

3. Зиянды улы газдарды есептеу әдістемесі.

4.Өндірістік зиянды және қауіпті факторларға анықтама беріңіздер ?

5.Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың кері әсерлері қандай салдарға әкеліп соқтырады?

Тапсырмалар: Өндірістік зиянды және қауіпті факторлар; оларды ескеру бойынша іс-шаралар.

Қосымша әдебиеттер 1,2,3,4
Тақырып 4. Микроклимат параметрлерін нормалау. Өндірістік эстетика.

Мақсаты: Ғимараттардағы микроклиматты анықтау.

Талдауға арналған сұрақтар:

1. Барлық өндірістік санитарлық нормалар.

2.Микроклимат қандай көрсеткіштермен анықталады ?

3. Ауаның салыстырмалы ылғалдығы және қозғалыс жылдамдығы қандай аспаппен өлшенеді?

4. Өндірістік шаңдар мен газдардың зияндылығы қандай гигиеналық параметрлермен бағаланады?

5. Жұмыс орындары ауасында шаңның концентрациясын анықтау әдістерін көрсетіңіз.

Тапсырмалар: Өндірістік бөлмелердің ауа-райының (шағынклиматының)

параметрлері.Олшеу әдістері қандай ?

Қосымша әдебиеттер 1,2,3,4
Тақырып 5. Зертханаларда, ұстаханаларда және цехтарда окушылардың еңбегін қорғау. Жұмыс орындарын табиғи және жасанды жарықтандыру.

Мақсаты: 1.Техника қауіпсіздігінің жалпы ережелері.

2. Жұмыс орындарын жарықтандыру түрлері.

Талдауға арналған сұрақтар:

1. Ғимараттардағы жарықтандыруды есептеу.

2. Өндірістік ғимараттардағы жарықты есептеу әдісі.

3. Өндірістік ғимараттардың жарық түсетін ойықтарының ауданы қандай болуы қажет?

4. Радиоактивтік сәулеленуден қорғаудың негізгі әдістері.

Тапсырмалар: Жарықты анықтау аспаптарымен танысу .

Қосымша әдебиеттер 1,2,3,4
Тақырып 6. Ауаны желдету.Желдету түрлері. Желдету жабдықтары

Талдауға арналған сүрақтар:

1. Өндіріс ғимараттарын желдетуді есептеу әдістемесі.

2. Желдеткіш аспаптармен танысу.

Тапсырмалар: Желдетудің ұйымдастырылу түрлері.

2.7 Орташа желдің бағыты a азимутпен көрсетіледі. Азимут градуспен өлшенеді. Қосымша әдебиеттер 1,2,3,4
Тақырып 7. Бөлмелердің табиғи жарықтануына талдау жасау және есептеу

Жұмыс орындарындағы жарықтандырудың екңбек қауіпсіздігіне әсер етуі. Негізгі жарық-техникалық шамаларТабиғи және жасанды жарықтандыру, жарықтандыру түрлері, нормалау.Өндірістік жарықтандыруға қойылатын негізгі талаптар.

Қосымша әдебиеттер 1,2,3,4
Тақырып 8. Бөлмелердің жасанды жарықтануына талдау жасау және есептеу

Жұмыс орындарындағы жарықтандырудың екңбек қауіпсіздігіне әсер етуі. Негізгі жарық-техникалық шамалар.Табиғи және жасанды жарықтандыру, жарықтандыру түрлері, нормалау.Өндірістік жарықтандыруға қойылатын негізгі талаптар.

Қосымша әдебиеттер 1,2,3,4
Тақырып 9. Жермен қосқыш қондырғының кедергісін есептеу

Микроклимат параметрлдерін нормалау. Еңбектің нормативтік метеорологиялық жағдайларын жасау тәсілдері, өндірістік жайларды желдету.

Қосымша әдебиеттер 1,2,3,4
Тақырып 10. Шудың және дірілдің сипаттамасы. Олардың деңгейлерін нормалау.

Шу өндірісте және тұрмыста үлкен экономикалық және әлеуметтік шығын әкеледі. Адам ағзасына жағымсыз әсер ете отырып , ол психологиялық және физиологиялық өзгерістерге әкеледі, еңбек ету қаблеттілігі төмендейді және жалпы және кәсіптік аурулардың шығуына алғы шарттар жасайды.

Өндірістік ортанйң жағымсыз әсерленінің бірі діріл болып табылады.

Қосымша әдебиеттер 1,2,3,4
Тақырып 11. Шу мен дірілден қорғау шаралары

Шу көздерін изоляциялайтын құралдар : дыбысты изоляциялайтын қоршағыштар, қабшықтар, экрандар, дірілді изоляциялайтын құралдар. Қоршағыштар арқылы шу шығаратын көзді немесе бөлмені шудан изоляциялайды. Изоляция әуелі шуларды таралу жолында герметикалы кедергілер қою арқылы жүзеге асырылады. Қосымша әдебиеттер 1,2,3,4
Тақырып 12. Статикалық және атмосфералық электр тоғынан қорғау.

Статикалық тексерістің мақсаты жүк көтергіш машиналардың металл конструкцияларының беріктігін тексеру. Статикалық сынақ кранның жүк көтергіштігінен 25% артық күшпен сыналады. Жүк 300...200мм (стрелді крандарда 200...100мм) биіктікке көтеріліп, 10мин ұсталады.

Қосымша әдебиеттер 1,2,3,4
Тақырып 13. Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстардың қауіпсіздігі

Кез келген өнеркәсіп орындарында негізгі және жөндеу жұмыстарын жүргізгенде қысыммен жұмыс істейтін сосудтарды және құралдарды пайдаланады. Мұндай құралдар жарлысқа қауіпті.

Өнеркәсіптерде қысыммен жұмыс істейтін құралдарға сұйытылған газдармен толтырылған баллондар, цистерналар, сонымен қатар компрессорлар, бу қазандықтары да жатады.Қосымша әдебиеттер 1,2,3,4
Тақырып 14. Өрт сигналдары. Өрт сигналдары өртті бастапқы стадиясында анықтау үшін, өрттің болған жерін және уақытын хабарлау үшін ,қажет болған жағдайда өрт сөндіру және түтінді әкету жүйелерін іске қосу үшін арналған.

Сигнал берудің маңызды элементтері датчиктер - өртті хабарлағыштар жану процесіне байланысты жылулға, жарыққа және түтінге әсер ететін болып бөлінеді

Қосымша әдебиеттер 1,2,3,4
Тақырып 15. Өртті сөндіру тәсілдері мен құралдары. Өртті өшіру қондырғылары.

Сумен қамтамасыз ету.

Сумен қамтамасыз ету жүйесі дегеніміз – суларды табиғи көздерден алуға, оларды биіктікке көтеруге, тазалауға(қажет болғанда) су қорларын сақтауға және оларды тұтынатын жерлерге жеткізуге арналған инженерлік-техникалық құрлыстар.

Өртке қарсы құбырлар төмен және жоғарғы қысывмды болып бөлінеді

Сонымен қатар өртке қарсы қбырлар сыртқы (ғимарат сыртында) және ішкі (ғимарат ішінде) жүйелер болып бөлінеді.

Қосымша әдебиеттер 1,2,3,4
8. БӨЖ мен БОӨЖ бойынша тапсырма



Сабақтар атауы

БӨЖ тапсырмалары

Тапсырмаларды бақылау және мазмұны

1

Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі ұғымы


Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі ұғымы


Еңбек заңдары еңбекті қорғаудағы ұлттық саясат пен мемлекеттік басқару қағидаттарын белгілеуін талап етеді

2

Еңбек қорғау және өмір тіршілік қауіпсіздігіне жалпылама түсініктеме.



Еңбек қорғау пәнінің бөлімдері Қауіпті өндірістік факторлар

Зиянды өндірістік факторлар

Еңбек жағдайының қауіпсіздігін және салауаттылығын қамтамасыз ету проблемасымен еңбек қорғау қызметі айналысады

3

Қауіпсіздік және еңбек қорғау аймағының негізгі принциптері.

Еңбекті қорғаудың құрамдас бөліктері

еңбек жағдайларын қамтамасыз етуі тиіс құралдар мен шаралар.

принциптерді басшылыққа алып еңбек ұйымдастырылса оның қауіптілігі азаяды.

4

Еңбекті қорғаудың құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері.Еңбекті қорғау заңдарын бұзған тұлғалардың жауапкершілігі

Мемлекеттік саясат қауіпсіздік және еңбекті сақтау аймағына бағытталады

.


Еңбекті қорғау басқару ҚР үкіметімен және арнап даярланған мемлекеттік мекемелер және оның жергілікті шағын бөліктері өткізеді

5

Қызметкердің жеке деректерін қорғау

Өндірістегі қайғылы оқиға.

Қауіпсіздік нормалары.

Өндірістік санитария


зиянды өндірістік факторлардың қызметкерлерге әсерін болғызбайтын немесе азайтатын ұйымдастыру іс-шаралары мен техникалық құралдар жүйесі;


6

Метеорологиялық факторлардың адамның функционалдық әрекетіне, денсаулығына әсерін ұғындыру



Өндірістік ортаның метеорологиялық жағдайы деп ауаның температурасы, дымқылдығы,қозғалыс жылдамдығы арқылы қалыптасатын физикалық күйін айтады

7

Өндіріс жұмыс орындарына еңбек етуге қолайлы, қауіпсіз жағдайлар жасау үшін қажетті жарықтылықты қамтамасы ету

Жергілікті жарық. Қауіпсіздік нормалары.

Жасанды жарық


қызметкердің еңбек қызметі процесінде еңбек міндеттерін орындауы кезінде тұрақты немесе уақытша болатын орны;

8

Өндірісте адам ағзасына шу мен дірілдің зиянды әсерін тигізбеу шараларын ұғыну

еңбек жағдайлары

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативте.



қызметкерлердің денсаулығын сақтау, өндірістік орта мен еңбек процесінің қолайсыз әсерінің алдын алу шаралар мен құралдар кешені;


9


Мұнай және газ жабдықтарын монтаждау мен пайдалану кездегі қауіпсіздік шаралары, талаптарын ұғыну.


Қауіпсіздік нормалары

Қауіпті өндірістік фактор



қызметкер еңбек міндеттерін орындаған кезде еңбек процесі мен өндірістік ортаның еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі

10

Электр тогы немесе электр доғасының әсерінен пайда болатын электр тоғынан қорғану шараларын ұғыну

электр зақымы дегеніміз Термиялық әсер.

Механикалық әсер


еңбек қызметі процесінде қызметкерлерге зиянды және қауіпті әсерді болдырмайтын іс-шараларкешенімен қамтамасыз етілген қызметкердің қорғалу жай-күйі

11

ҚР аумағындағы еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ететін стандарттармен танысу.

Техника қауіпсіздігі

Өндірістік қауіпті фактор

Еңбекті қорғау ережелері

бұл адамға әсер ететін қауіпті
өндірістік факторларды болдырмауға бағытталған ұйымдастырушылық шаралары мен техникалық амалдары.


12

Өрт сөндіру құралдары мен әдістерін, мекемелерді өрттен сақтандыруды ұйымдастыруды ұғындыру.

Тұтану температурасы.

Өрт қауіпсіздігі негіздері.

Шамадан тыс жүктелудегі өрт қауіптілігі


адамның төтенше жағдай кезіндегі өмір сүру ортасымен қауіпсіз карым-катынасының,шаруашылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеу әдістерін, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен салдарын жою және осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуы мәселелерін зерттейді

13

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы Заңы


Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

 Осы Заң Қазақстан Республикасындағы еңбектi қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және еңбек қызметi процесiнде еңбек қауіпсiздігін қамтамасыз етуге, қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығын сақтауға бағытталған, сондай-ақ еңбек қауіпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi принциптерiн белгілейдi.

14

Еңбекті қорғаудың құқықтық негіздері

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 1-тармағында «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп жарияланған.

Еңбекті қорғауды құқықтық реттеуде еңбек заңнамасының еңбекті қорғау бойынша құқықтық шаралардың минимумын белгілейтін орталықтандырылған нормалары осы минимумды әлеуметтік-серіктестік келісімдердің, ұжымдық шарттардың, сондай-ақ еңбек шарттарының (контрактлердің) негізінде көтеретін, нақтылайтын шарттық әдіспен кең үйлесімділік тапқан.

15

Еңбекті қорғау туралы нормативтік құқықтық актілер

Мұндай актілерді бірнеше мемлекеттік органдар бірігіп жасауы керек.

Еңбекті қорғау туралы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөніндегі мәселені шешкенде кешенді амалдар қолдану қажет. Яғни, мемлекеттік бағдарламалар базасында еңбекті қорғау мәселелерін кешенді түрде шешу секілді еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың қағидасы жүзеге асатындай қызмет етуі керек.
1   2   3


написать администратору сайта