2.Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі. Восточноказахстанский государственный университет имени с. Аманжолова
Скачать 497 Kb.
|
9. Ұпай қою саясаты Бірінші және екінші рейтинг ағымдық үлгерімін анықтаудағы ұпайларын үлестіру
Пәнді оқып үйрену барлық өтілген материалды қамтитын, әр түрлі үлгідегі (жазбаша немесе ауызша емтихан, тестілеу) емтихан тапсырумен аяқталады. Емтиханға жіберілудің міндетті шарты бағдарламада қарастырылған барлық тапсырмалардың орындалуы болып табылады. Әрбір тапсырма 0-100 ұпаймен бағаланады. Ағымдағы сабақтарда орындалған барлық тапсырмалардың арифметикалық ортасынан рейтингке кіру рұқсаты шығарылады (сабаққа қатысу, үй тапсырмалары, БӨЖ бойынша тапсырмалары, іс-тәжірибе және басқадай тапсырмалар мен межелік бақылаулар бойынша). Пән бойынша қорытынды бақылауға жұмыс оқу бағдарламасының барлық талаптарын орындаған (барлық практикалық (семинар, зертханалық) жұмыстар мен БӨЖ, БОӨЖ тапсырмаларын орындап тапсырған), рейтингке кіру рұқсатын алған (50 ұпайдан кем емес) студенттер ғана жіберіледі. Әр пән бойынша (сонымен қатар, қорытынды бақылау МЕ түріндегі пәндер бойынша) студенттің оқу жетістігінің деңгейі сабаққа қатысуымен ескеріліп, рейтингтік бақылау және емтихан бағалары қосылған қорытынды бағаменанықталады (формуланы қараңыз). Қ= +ҚБ*0,4; (мұндағы n1,n2 – сабаққа қатысу, p1, p2 – межелік бақылаулар). Егер білім алушының рейтингке рұқсаты, сонымен бірге қорытынды бақылау бойынша дұрыс бағалары болған жағдайда ғана пән бойынша қорытынды бағалары есептелінеді. Қорытынды бақылауға себепсіз келмей қалған жағдайда «қанағаттанарлықсыз» деген бағамен теңеседі. Пән бойынша аралық аттестация мен емтихан нәтижесі студенттерге дәл сол өткізілген күні немесе, егер жазбаша емтихан сол күннің екінші жартысында өткізілсе, онда келесі күні айтылып жеткізіледі. Білім алушының білімі нақты болу үшін қорытынды бағаны есептеу межелік бақылау мен қорытынды емтихан кезінде 0 ден 100% пайызға дейін бағаланады. Рейтингтік бақылау бағасы ағымдағы бағалар мен межелік бақылау бағасының қосындысы болады. Баға қою шкаласы:
10. Оқытушы талабы, саясатыментәртібі Білім алушының барлық аудиториялық сабақтарға кешікпей, сабаққа қатысуы міндетті болып табылады. Сабақтан қалған жағдайда деканатта тағайындалған тәртіппен өтелінеді. Берілген курстың студенттер контингентіне кірмейтін бөгде адамдардың дәріске қатысуына тыйым салынады. Жұмысты көрсетілген мерзімде тапсыру қажет. Барлық тапсырмаларды тапсырудың соңғы мерзімі емтихан сессиясына 3 күн қалғанға дейін беріледі. Әрбір оқу сабағы бойынша тақырыпты қайталау мен өтілген материалды өтеу міндетті. Оқу материалының меңгерілу дәрежесі жазбаша жұмыстармен немесе тестпен тексеріледі. Студенттерді тестілеу ескертусіз жүргізілуі мүмкін. Білім алушының оқытушымен өзіндік жұмысын(БОӨЖ) орындау кезінде келесі негізгі функциялар ескеріледі: - бірінші – оқу пәні бойынша бағыттау-бағдарлау сабақтары кезінде оқытушы берген ақпаратты студенттердің белсенді қабылдауын іске асыруды көздейді; - екінші - оқытушының ұсынымы негізінде студенттердің өздігінен оқу-әдістемелік құралдарды, әдебиеттерді оқуын, үй тапсырмаларын, бақылау, курстық жұмыстарды және т.б. орындауын көздейді. Бұл кезеңде студенттерден жұмыс істеудің әдіс-тәсілдерін білу, қиындықтарды анықтау, өзін-өзі ұйымдастыру және өзіндік тәртіп талап етіледі; - студенттердің үшінші функциясы – өздерінде қиындық тудырған жағдайларды талдау мен жүйелеу, оқу материалын түсіну мен меңгерудегі қиындықтар себебін анықтау, басқа оқу әрекетін орындау. Студенттер шешімі табылмаған қиыншылықтарды оқытушыларға арналған сұрақтар жүйесіне айналдырады (оларды саралайды, реттейді, ресімдейді), бұл сұрақтарға өз жауаптарының нұсқаларын дайындайды; - студенттердің төртінші функциясы түсініктеме, ақыл-кеңес, консультация алу үшін оқытушымен сұхбаттасуын білдіреді. 11. Емтихан сұрақтары 1.“Еңбек қорғау” курсы қандай бөлімдерден тұрады? 2. Еңбек қорғау жөніндегі нормалар мен стандарттарды, ережелерді қайтадан қарастыру кезеңділігін, сонымен қатар техника қауіпсіздігі бойынша нұсқауларды атаңыз 3. Үш сатылы ведомствалық-қоғамдық бақылау кезіндегі, кәсіпорын цехтарындағы, учаскелерін және жұмыс орнындағы еңбек қорғаудың жағдайын бақылаудың кезеңділігі қандай? 4. Физикалық зиянды өндірістік факторлары 5. Жұмысқа байланысты сәтсіз оқиғалар қалай бөлінеді? 6. Өндірістік жарақаттың талдау әдісі қандай? 7. Жұмысқа қабылданғаннан кейін қандай мерзімде жұмыскерлерге еңбек қорғау бойынша курстық оқытуды жүргізудің қамтамасыз етілуі міндетті? 8. Кәсіпорындарда еңбек қорғаудың жағдайын жақсарту шаралары бойынша қандай жоспарлар жасалынады ? 9. Кәсіпорындар мен өндірістердің санитарлық- қорғағыш алаңдарының өлшемдеріне сәйкес қандай санитарлық класстары бар? 10. Өндірістік ғимараттардың жарық түсетін ойықтарының ауданы қандай болуы қажет? 11. Өндірістік бөлмелердің ауа-райының (шағынклиматының) параметрлері қандай ? 12. Ауаның салыстырмалы ылғалдығы және қозғалыс жылдамдығы қандай аспаппен өлшенеді? 13. Өндірістік шаңдар мен газдардың зияндылығы қандай гигиеналық параметрлермен бағаланады? 14. Бөлмеге аэрацияны қолдану қандай факторлардың болуы кезінде тиімдірек? 15. Дыбыстың негізгі параметрлері қандай 16. Шу мен дірілдің мөлшерлену параметрлерін көрсетіңіз 17. Өндірістік бөлмелерде шудың деңгейі қай жерлерде өлшенеді? 18. Радиоактивтік сәулеленудің сандық бағалануы үшін қандай сипаттамаларды қолданады? 19. Жасанды жарықтаманы мөлшерлеу кезінде қандай факторлар ескеріледі? 20. Әрбір жұмыс орнындарында жарықтандыру қандай мерзім ішінде өлшенілуі керек? 21. Қандай бөлмелер дымқыл деп айтылады? 22. ГОСТ 12.4.125-83 бойынша жұмыс жасаушыларды коллективтік қорғаудың техникалық құралдарын атаңыз 23. Жүк қармауыш құрылғылар мен тараларды байқау мерзімдері қандай? 24. 18 және одан да үлкен жастағы әйелдерге қандай шектегі жүкті тасымалдауға болады? 25. Адамның электр тоғымен зақымдануының түрлерін атаңыз? 26. .Электр тоғы адамға әсер ету шамасы бойынша қалай бөлінеді? 27. Қорғағыш жерлеме қандай электр тораптарында қолданылады ? 28. Жарылысқауіпті бөлмелерде қорғағыш жерлеме қандай жағдайларда қажетті? 29. Кәсіпорындарда (мекемелерде) ережелер мен нормаларға сәйкес, өртке қарсы қандай шаралар қолданылады? 30. Жанғыш заттардың топтарын айтыңыз 31 Электр жабдығының тоқ жүрмейтін бөліктерінде, қорғағыш жерлемені не үшін қолданады? 32.Қорғағыш жерлеме қандай электр тораптарында қолданылады? 33. 1000 В дейінгі кернеулі электрқондырғыларына арналған қорғағыш жерлеменің кедергісі қандай шамада болуы керек? 34. Жерлеме қондырғылары жағдайын қалай бақылайды? 35. Қорғағыш нөлдеменің соңғы мақсаты неде? 36. Жерлеме нейтральды тораптағы 1000В дейінгі кернеулі электр қондырғысы үшін жерлеме құрылғылары кедергісінің шамасы қандай болуы керек? 37. «Еңбекті қорғау» пәні нені оқытады? 38. Еңбек шартын жақсарту және қызметкерлердің жұмысқа қабілеттілігін арттыру. 39. Өндірістік жұмысты игеру 40. Еңбек өнімінің сапасын арттыру 41. Жұмыста ақауды болдырмау 42. Еңбекті қорғау жөніндегі заңды сақтау 43. Еңбекті қорғау заңдылығы және ұйымдастыру сұрақтары нені жалпылайды? 44. Барлық өндіріс орындарында еңбек шартының қауіпсіздігін құру. 45. Ішкі цехты және көліктерді қолдану 46. Керекті құрал жабдықтардың барлығын қолдану 47. Заң актілерын қолдану 48. Еңбек шартын жақсарту 49. Еңбек туралы келіссөз қанша уақытқа созылуы мүмкін? 50. Еңбек заңдылығын қолдану 51. Еңбек кітапшасы нені білдіреді? 52. Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек өткен жайын тіркейтін негізгі құжат. 53. Ішкі еңбек бөлу ережесі 54. ҚР Еңбек уақыты және демалысы, қалай жүйеленеді? 55. Инструкция дегеніміз? 56. Еңбек заңдылығының сұрақтары қайда қарастырылған? 57. Өндіріс әкімшілігі бұйрығы дегеніміз? 58. Жұмыс істеуші міндеті 59. ҚР еңбек жөніндегі заңдар кодексі 60. Жоғарғы орган инструкциясы 61. Ересектер үшін жұмыс уақытының ұзақтығының қанша? 62. Жұмыс уақыты қалай жүргізіледі? 63. Жұмыс уақытынан тыс жұмысты кімнің рұқсаты бойынша жүргізеді? 64. Әкімшілік рұқсаты дегеніміз? 65. Шебердің рұқсаты дегеніміз? 66. Жоғарғы органдардың рұқсаты дегеніміз? 67. Кәсіподақ комитетінің рұқсаты дегеніміз? 68. Басшының рұқсаты? 69. Сынақ мерзімі қандай уақыттан аспайды? 70. Мерзімдік жұмысшылардың жұмыс уақыты қанша? 71. Түнгі жұмысқа жататын уақыт мөлшері қандай? 72. Бір күндік әрбір жұмысшының жұмыстан тыс уақыты аспауы керек? 73. Жұмысшыларға берілетін жылдық ақылы еңбек демалысының ұзақтығы неше күннен аспауы керек? 74. Еңбек демалысының графигі өзгергені жайында хабарды, міндетті түрде жұмысшыға неше күн бұрын ескертуі керек? 75. Әйелдерге бала туу немесе жүктілік демалысына берілетін уақыт ұзақтығы 12. Әдебиеттер тізімі /Список литературы Негізгі әдебиеттер/ основная: 1. 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі (13.06.2017 ж. берілген өзгерістер мен толықтырулармен). http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1500000414 2. «Еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасына жәрдемдесетін негіздер туралы конвенцияны (187-конвенция) ратификациялау туралы» 2014 жылғы 20 қазандағы № 243-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңы. http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1400000243 3. Республика ұйымдарындағы өндірістік жарақаттану 2018ж. 4. Петров И.В. Эклогическая политика. http:// www.viking.ru 5. Байдельдинов Д.Л. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы. – Алматы: Интерлигал, 2005. – 395 б. 6. Күлтелеев С.Т. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы. – Алматы: HAS, 2003. – 328 б. Қосымша әдебиеттер / дополнительная: 1. Қазақстан Республикасы. 2007 ж. 9-қаңтарда қабылданған Заң. – №320-111 ҚРЗ.Экологиялық кодекс. – Астан: Ақорда, 2007. – 163 б. 2. Сулейменов Р.Қ. Экологиялық нормалау мəселелері // Заң газеті. 2006. – №43, 3б 3. Мұнай және газ өнеркәсібі. Теңіз кенорындарынан өндіруге арналған қондырғылар. Төтенше жағдайларды жоюға арналған талаптар мен басшылық нұсқаулар: Ресми басылым.- Астана, 2012.- (ҚР мемлекеттік стандарты) 4. Өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік, Азаматтық қорғаныс саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері [Мәтін].- Алматы, 2011.- 68б 5. Өрт сөндірушінің оқшаулауыш арнайы қорғану киімі: Ресми басылым.- Астана, 2006.- (Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты) Анықтамалық әдебиеттер: 1. Санитарно-эпидемиологические требования к обеспечению радиационной безопасности: гигиенические нормативы РК [утверждены постановлением Правительства Республики Казахстан 3 февраля 2012г №201] //Казахстанская правда – 2012- 15и 20 марта. Интернет-көздері / Интернет источники 1.www. ecology. com 2.www. globalecology. net
ШҚМУ E Y 027-19-03 |