Өз балаңды жақсы көре біл. з балады жасы кре біл!
Скачать 1.16 Mb.
|
Өз балаңды жақсы көре біл! Балаңыздың сізбен бірге болғанына қуаныңыз. Балаңыз қандай, солай қабылдай біліңіз, оны төмендетіп намысына тимеңіз. Өзіне деген сенімділігін арттыруға өз тарапыңыздан жағдай жасаңыз, әділетсіз жазалауға жол бермеңіз. Балаңаз сіздің іс әрекетіңізден жылылық пен махаббатыңызды сезіне білуі қажет. Балаңызға қайырымды да, үлгілі бола біліңіз! Балаңыздың бойына өз халқына, ұлттық дәстүріне деген құрметті дарытуда өзіңіз үлгі болыңыз. Ол үшін шынайы сыйластық, кешірімді тату тәтті қарым қатынас, үлкенге құрмет, кішіге ізет, жанұя мүшелерінің бір біріне деген жанашырлық сезімдерін, баланың бойына дарыта білудегі жауапкершілігіңізді естен шығармаңыз! Өз балаңызбен ойнаңыз! Балаңыздың қалауы бойынша ойнаңыз, әңгімелесіңіз, арнайы уақыт бөліңіз. Балаңыздың ойынын шын ниетпен қабылдап, оның балалық әлеміне еніп, өзіне және өзгелерге балаңыздың көзқарасымен бір кезек қараңыз. Бала ойын арқылы өмірдің қиыншылық сәттеріне қарсы тұруға дағдыланады, адамдармен қарым қатынасты орнатуға үйренеді. Баламен бірге еңбектен! Балаңызға үй шаруасына қатысып, жәрдемдесуге рұқсат беріңіз. Еңбек ету алгоритімін үйретіңіз. Берілген тапсырманы орындауда жауапкершілікті сезіне білуді қалыптастыру үшін, еңбек ету кезіндегі жіберген қателіктерін емес, жетістіктерін айтып, қолдау көрсетіңіз. Адам еркіндігінің шектелуі мен бала мүмкіндігін көрсете біл! Әр адам өзіне де, өзгеге де кесір келтірмей өмір сүруі керек. Баланы тәрбиелеуде, оның жеке тұлға болып қалыптасуында осы қағиданы есте тұтып, белгілі бір заңдылықтарды орындай отырып, баланың тәрбиесіне аса ұқыптылықпен қарап, нәтижелігіне мән беру керек. Бала тәрбиесіндегі жазалау әдісі жіне шектен тыс еркелету оның тәрбиесіне керіәсерін тигізеді. Бала тәрбиесі - баршаның ісі. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс-тәсілмен берілетін тәлім-тәрбие көбінесе балабақшадан басталып, мектепте жан- жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе, балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Өйткені, жас ұрпақтың жан- жақты қалыптасу негізі мектепке дейінгі тәрбие үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Осы кезең балаларды еңбекке баулуға қолайлы кезең. Балаға тән бір нәрсе естігендері мен көргендерін есте сақтағыш, тез қабылдағыш, сенгіш, еліктегіш, білуге құмартқыш келеді. Бала 1,5-2 жасынан бастап жуынып-тарануға еліктеп, ұмтылады. 2-3 жастан бастап алдына мақсат қоя бастайды.«Мен өзім» деп еңбек әрекеттерінде ересекке тәуелсіз болуға, қолынан келсе де, келмесе де орындауға тырысады. Бірте- бірте бала еңбек әрекетінен тәжірибе жинай отырып, 4-5 жасында өз әрекетін жоспарлап, нәтижесін көруге тырысады. Егер ата- анасы баласын өзі киіндірсе, шешіндірсе, ойыншықтарын жинай салса, тәрбиенің тиімділігі төмен болады. Жақсы перзент ата- ана қолындағы аманат. Баланы тәтті тағам, жақсы киімге үйір қылмаған жөн. О бастан баланың жан дүниесін рухани пәктікке тәрбиелеген абзал. Егер бала қателессе, бір екі рет көрмегенсіп, білмегенсіп, қоя салған дұрыс. Оған жауап беретін дәлелі болмауы да мүмкін. Оқтын- оқтын жаман іске үйір болып әдеттенсе, кемшілігін айтып ұялтып, түсіндіру қажет. Әкесі өзінің баласына сабыр, шыдамдылық пен айбаттылығын өнеге еткен абзал. Отбасында ата-ананың ықыласына бөленіп, тәрбие көрген бала балабақшада да, мектепте де өз ісіне жауап бере алады. Үйде өз ойын еркін айта алатын бала қай жерде де жасқаншақ болмайды. Адамдармен тез тіл табыса алады. Бала мен үлкендер арасындағы байланыс қазіргі заманда бұрынғы заманмен салыстырғанда едәуір дамыған. Ата- ана - отбасының рухани тірегі. Балабақшаға балалардың мінез-құлқы, көбінесе, отбасынан қалыптасып келеді де, бұдан кейінгі оқу тәрбие ісі олардың ата- анасы берген қабілеттерін шыңдайды. Тәрбие: дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, құлық тәрбиесі болып тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны дей келіп, «балам адал болсын» дейтін ата- ана осы тәрбиелерден бастау алса деймін. Ата- ананың жұмсақтығынан бала жұмсақ, бос болып өседі, ал қатал болса, олардың жоқтығын пайдаланып, өз еркімен ойына келгенін істейді. Ұлт тәрбиесі ұлт- болашағы. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесі. Білімді, денсаулығы мықты азамат өсіру үшін барлық балабақша, мектеп, ата- ана болып ынтымақтасып атсалысуымыз қажет. Тәрбие арқылы ересектердің бойындағы жақсы- жаман қасиеттерді ажырата біліп, еңбекке, өнер білімге бой ұрады. Сондықтан да отбасында болып жатқан ірілі-уақты оқиғалар: ата- ананың бір- бірімен қатынасы, баламен сөйлесуі, үй шаруасының атқарылуы, ересектердің еңбекке көзқарасы, уақытты өткізуі, туыстар мен жолдастарына ықыласы, қонақ қабылдауы, бәрі балаға тікелей әсер етеді, мінез- құлқы да соған қарай қалыптасады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», -деген халық даналығы осыған байланысты туса керек. Шын мәніндегі өнеге, бедел ата- ананың да, мұғалімнің де бала тәрбиесіне үлкен көмек беретін, дұрыс бағыт сілтеп, басшылық ететін басты құралы. Кейбір ата -ана беделге барынша қаталдықпен жетуге тырысады, айқайлап, ұрысу сияқты өрескел мінез көрсетеді. Шектен асқан қатаңдық баланы қорқақ, жасық етіп, тіпті оны ауруға да душар етеді. Көрнекті педагог А.С.Макаренко, балаға қатаң талап қою да қажет, бірақ оларды құрметтей де білу керек екенін арнайы сөз еткен болатын, біз бұны көбіне естен шығарып аламыз. Балаға бір нәрсе туралы бірнеше қайталап айта берсең, ол сөздің қасиетін жояды. Сондықтан баланы ең жас кезінен ата- анасын бір айтқанда -ақ тыңдап, талабын орындауға үйреткен орынды. Қорытындылай келе, ғұлама ғалым Әл Фарабидің: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың қас жауы» деген ақиқат сөзімен дәлелдегім келеді. Бала тәрбиесі отбасынан басталады. Баланың жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда: «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», - десек артық емес. Жеке баланың бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы –бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз. Ата мен ана – бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі. Ата-асқар тау, Ана – бауырдағы бұлақ, Бала жағасындағы құрақ – деп ата-ана мен баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына теңеген халық мақалына қайран қаларсың. Отбасы – баланың тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі. Ата-аналары балаларын өнегелі сөзімен,жеке басының тәрбиесімен тәрбиелейді. Бала әр нәрсеге сенгіш, тез қабылдағыш,еліктегіш келеді.Әр бала сипағанды, жылы сөйлегенді,аяғанды,еркелеткенді,ертегі әңгіме тыңдағанды, ойын ойнағанды ұнатады.Бұл-баланың бойындағы үлкендерден ерекшеленіп тұратын негізгі қасиет. Бұл қасиеттер тек балаға ғана тән.Өйткені бала сезімі пәк. Отбасы тәрбиесі бойынша әлеуметтік педагогикалық тұрғыда ата-аналардың мақсат міндеттері туралы баяндай отырып,отбасында ағартушылардың көзқарастары тәрбие туралы, әлеуметтік мәселерді шешудің қазіргі заманда қалыптасқан тәрбиелік құралдарды қолдана білу ретінде қолданудың мүмкіндігін көрсету болып табылады.Барлық зерттеу жұмыстары баланы өмірге дайындауда отбасы тәрбиесіне үлкен жауап кершіліктің жүктелетін көрсетеді. Отанға және айналадағы қоршаған табиғатқа деген махаббат, адамдарға және еңбекке деген құрмет Сол сияқты қасиеттер баланың кішкентай кезінен отбасында және балабақшада қаланады.Сондықтан отбасындағы, балабақшадағы және айналадағылармен қарым-қатынас жасаудың дұрыстығы өте маңызды. Ата—аналарға тұмау жөнінде. Өткiр респиратор - вирустық инфекциялары (ОРВИ) кең таралған инфекция болып табылады. Олар жылдар бойы эпидемиялық жарқ етулер шақырады да, барлық жерде және кез келген уақытта кездеседi, әсiресе суық мезгілде. Өткiр респиратор - вирустық инфекциялары (ОРВИ) атынан тұмауды, парагрипп, аденовирустық, риновирустық, жұқпалы инфекцияларды біріктіреді. Олар организмның қарсы тұруын төмендетедi, өкпе қабынуларымен асқынады, қабынудың созылмалы ошақтарын iске қосады. Ауру адамның тыныс жолдарда тұрған бүкіл вирустар жөтелу, түшкiру, әңгiме барысында қоршаған ортаға таралады, содан сау адамның тыныс жолдарына түсіп, ауру шақыра көбие береді. Тұмау – төтенше жұқпалы. Күштi интоксикациямен және жоғарғы тыныс жолдарын шел басуымен бейнеленедi. А, В, С топтарының вирустары қоздырушы болып табылады. Ауру орман отындай тез таралады, ең алдымен үлкен адамдар ауырады, содан балалар ауыра бастайды.Iндеттер тек қана қыстыгүнi болады (қоршаған ортадағы төмен температурасының және адамдардың тығыздығының жанында). Тымауға ұққыштық барлығына ортақ және өте биiк. Ауру 39-40ºС температураның тез көтерілуінен басталады, бас айналып, жалпы әлсіздік сезініп, бұлшық ет және буын аурулары, кейінгі күндері жөтел, мұрынның бітелуі, тамақ аурулары басталады. Ауыр жағдайларда мұрыннан қан кетіп, құрысу, қысқа мерзiмдi есеңгiреу болады. Дірілдеу мерзімінің ұзақтығы 3-5 тәулік. Науқас адамның қызуы түскен соң, қалы жақсара бастайды. Аурудың мерзімінің ұзақтығы 7-10 күн. Тұмауратып тұрған науқаста 2-3 апта әлсіздік сезініп, тез шаршап, ашуланшақ болып, бас аурулары болып тұрады. Кейде шиеленісулер болуы мүмкін: өкпе қабынуы, бронхтар, мұрын қойны, жүйке жүйесі жақтан: менингит, энцефалиттер, нервиттер, созылмалы аурулардың асқынуы. Сақтандыру және емдеу үшін қажетті: Төсек тәртібі. Сүйық көп ішу керек, ыстық шай ретінде, лимон қосылған шай, мүк жидек шайы, ит бүлдірген морсы, сілтілі минералды сулар. Қызу 38ºСжоғары болса парацетамол. Аскорбин қышқылы, поливитаминдер. Аура бастаған кезде дәрігерге көрінген жөн. Өз бетімен антибиотиктар ішуге болмайды. Вирустар антибиотиктерге сезгіш емес, антибиотиктер науқас адамның ағзасын әлсіретіп, зиянын клетіреді. Антибиотиктерді тек қана дәрігер тағайындайды, егер кедергiлердiң симптомдарының пайда болуы және бактериялық инфекцияның қосылуын байқаса. Тұмау симптомдары болған жағдайда дәрігерлік жәрдемсіз қалу, баланың өмірі үшін қауіпті! Тұмау және ЖРВИ алдын алу Ата аналардың назарына Тұмау ауруы күзгі қолайсыз ауа райы мен қысқы салқынның ажырамас бөлігі іспетті. Осы кезеңде адамдарда тұмаурату мен жөтел, жалпы әлсіздік пен қызудың көтерілуі байқалады. Тұмау және басқа ЖРВИ (жіті респираторлық вирустық инфекция) несімен қауіпті? Тұмау және басқа да ЖРВИ жоғарғы тыныс жолдары, жүйке жүйесі, құлақ және жоғарғы тыныс органдарының зақымдануымен қауіпті. Асқынулар 3 жасқа дейінгі балалар арасында жиі кездеседі, себебі олардың иммунитеті әлі де жетілмеген және жүйке жүйесі толық қалыптаспаған. Тұмау және басқа ЖРВИ сырқаттану балалар арасында ересек адамдарға қарағанда жыл сайын 4-5 есе жоғары болады. Соның ішінде 5 жасқа дейінгі балалар арасында тұмау және ЖРВИ ауыр ағымда өтіп, асқынулар туындауы мүмкін. Респираторлы ауруларға шалдығу мүмкіндігі мектепке дейінгі балалар мекемесіне және мектепке баратын балалар арасында жоғары, себебі үлкен ұжымдарда инфекция тез таралады. Тұмау – жоғары тыныс алу жолдары зақымдалу және уыттану белгілерімен сипатталатын жұқпалы инфекциялық ауру. Ауру адамнан сау адамға жөтелген, түшкірген кезде ауа тамшысы арқылы беріледі. Тұмаудың белгілері мыналар - тамақ ауруы, дене қызуының көтерілуі, бас ауруы , сонымен қатар, бұлшық еттің ауруы, осыдан барып адам еңбекке уақытша жарамсыз болып қалады. А,В,С грипп вирусымен түр- түріне бөлінеді. Тұмау ауруы 5-10күнге дейін созылып қайта өрбіп асқынып кетуі мүмкін. Асқынған ауру бактериалды инфекциялармен қозып (отит,гайморит) ауруларына айналады. Тұмау және ЖРВИ алдын алу: баланы вирустан қалай сақтауға болады? • Вакцинация. Жылына бір рет, күз айларында, барлық жанұя мүшелерінің тұмауға қарсы вакцина алуына кеңес беріледі. Жыл сайын біздің облысымызда ақысыз түрде тұрғындардың неғұрлым әлсіз топ өкілдері: балалар үйінің, сәбилер үйінің тәрбиеленушілері, мектеп – интернат оқушылары, қарттар үйіндегі адамдар, медқызметкерлер егіледі. • Тұмауға қарсы витаминдік профилактика балалар мен ересек адамдардың респираторлық вирустарды жұқтыруына тосқауыл болады. • Жоғарғы тыныс жолдарының кілегей қабаты және тері жамылғысының тазалығы (тамақты шаю, мұрын қуысын шаю, қолды жиі сабындап жуу және тұрақты шомылу шаралары); • Үйдің тазалығын сақтау – қоршаған орта әсерінен тұмау вирусы тез жойылады (тұрақты түрде бөлмелерді желдету және ылғалды тазарту, бөлме температурасын 20-24С және ылғалдылықты 30-35% аралығында ұстау); • Көкөніс пен жеміс-жидектен тұратын толыққанды байытылған тамақ көздерін пайдалану; • Дене шынықтырумен, спортпен айналысу және организмді шынықтыру. Егер бала сырқаттанса — не істеу керек? Ең бастысы - үйде қалыңыз. Осылайша сіз балаңызды аурудың асқынуынан сақтайсыз. Мұрын қуысына “Оксолин” майын жағыңыз — ол вирустың таралуына тосқауыл болады. Оны науқас та, сырқаттанбаған адам да пайдалануға болады. Баланы үй жағдайында өзіңіз емдемеңіз – бұл оның денсаулығы мен өміріне қауіпті. Дәрігер шақыртыңыз – себебі тек білікті маман ғана дұрыс диагноз қойып, ем-шара тағайындай алады. Ата - аналарға кеңес 1.Баланың міндетті түрде өздігінен орындайтын жұмыстары болуы қажет. Сіз тек осы жұмыстардың орындалуын қадағалауыңыз керек. 2. Мейлі қаншалықты тиянақты әрі жылдам орындасаңызда, балаға жүктелген жұмыстарды өзіңіз орындауға тырыспаңыз. 3. Балаңызды тыңдауды үйреніңіз.Шыдамды болыңыз, балаңыздың сөзін бөліп, оның ойын өзіңіз аяқтауға тырыспаңыз және баланы асықтырмаңыз. 4. Балаңызға өз көзқарасыңызды тықпаламаңыз. Өзіңіздің нұсқаңыздың дұрыс екенін дәлелдермен түсіндіріңіз. 5. Баланың кез-келген қалауын орындауға асықпаңыз. 6. Балаға өзінің іс әрекетін түсіндіруді үйретіңіз. Яғни бала ең алдымен ойланып содан соң ғана шешім қабылдауды үйрену керек. Ең жақсысы өзі сенімсіздік танытқан мәселелерде ата-анасымен кеңесуге болатынын білуі қажет. 7. Баланы қоршаған әлемді танып білуге дағдылаңыз. 8. Баланың жан-жақты дамуына қолайлы қауіпсіз жағдай жасаңыз. 9. Баланы тым еркелетпеңіз. Онымен өзіңізбен тең дәрежедегі адам ретінде сөйлесіңіз.Есіңізде болсын сіздің сөйлеген сөзіңізді, іс әрекетіңізді балаңыз қайталайды. 10. Балаға өз бетінше жеке басының тазалығын қадағалауды және де әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстау керектігін түсіндіріңіз. 11. Жақсы іс әрекеті үшін сөзбен немесе сыйлықпен мадақтап көтермелеңіз. 12. Бала кішкентайынан бастап ата-анасын, үлкендерді, жақындарын сыйлау керектігін білу тиіс. 13. Ешқашанда баланың икемсіздігін күлкіге айналдырып және де қорқыныштарына күлмеңіз. Қайта керсінше баланың қорқыныштарын бірге шешіп сенімді қарым-қатынас орнатыңыз. 14. Қаншалықты уақытыңыз аз болсада балаңыздың жан-жақты дамуына көңіл бөліңіз. Есіңізде болсын балаңыз сіздің ең басты байлығыңыз. Баланыңызбен бірге ойнаңыз Бала өміріндегі алғашқы мектепке дейінгі кезеңі оның өсіп жетілуіндегі ең жауапты кезең. Бұл кезде баланың ақыл – ой қабілеті, қасиеттері және эстетикалық сезімдері қызықты, мазмұнды сабақ, еңбек, ойын процесінде жан-жақты қалыптасады. Ойын – тәрбие берудегі ең тиімді тәсілдердің бірі. «Балабақшада тәрбие беру бағдарламасында» баланың денесі мен психикалық жетілуі, жеке басының дамуы үшін ойынның үлкен маңызы бар. Бала ойын арқылы күш – жігерін жаттықтырып, қоршаған заттар мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды, яғни болашақ ұрпақтың тәрбие жолы тәлімдік ойыннан басталады. Ойын – оқыту , өсіру, денсаулықты нығайтумен қатар тәрбиеге дағдыландырады. Көпшілік адамдар арасында өмір сүру, айналасына қайырымды, адал болуға, қиналған кезде қол ұшын беруге тәрбиелейді. Басқа адамның сөзін тыңдауға, қуанышын бөлісуге, өз ойымен басқа адамның ойын салыстыра білуге және сыйластыққа, үлкенге жәрдем беріп, кішіге қамқор болуға, не жақсы, не жаман екенін айыра білуге баулу үшін сахналық ойындарды пайдалануға болады. Ойын - өсіп келе жатқан бала ағзасы үшін өте қажет. Ойында баланың дене күші артады, қолы қатайып, денесі шыңдала түседі, көзі қырағыланады, зеректілігі, тапқырлығы, ынтасы артып, жетіле түседі. Ойында балалардың ұйымдастырушылық дағдылары қалыптасып шыңдалады, ұстамдылығ, іскерлігі дамиды. Ойын – балалар үшін күрделі әрекет. Дене тәрбиесі немесе спорт сабақтарында балаларға ойынның бағытын бере отырып, оның әділ және дұрыс өтуін қадағалаған жөн. Өйткені, мұның балаларға салауатты өмір салтын қалыптастыруда тәрбиелік маңызы зор. Жан – жақты дамыған денсаулығы мықты дара тұлғаларды тәрбиелеу ежелден – ақ халық дәстүрі. Тәрбиеші балалардың сәби шағынан бастап, дене бітімінің дұрыс жетілуіне мән беріп, дәстүрлі жаттығулар мен қимыл ойын түрлерін қолдана білгені дұрыс. Ойын жас баланың денесінің дұрыс жетілуіне, күшті, төзімді боп өсуіне тигізер көмегі мол. Дене ойындарымен айналысқан балалардың бұзақылық мінез көрсетуіне уақыты болмай, керісінше олардың ой жылдамдығы мен дене бітімі қатар дамып сымбатты, сабырлы болатыны белгілі. Мектепке дейінгі балалардың ойын жаттығуларымен қатар санауға, сөйлей білуге, сөздік қорын байтуға тигізер ықпалы зор. Балалық шақ кезіндегі ойын бұл қызықты әлем. Бұл әлемде әлсіз қорғаны жоқтың мықты қайраты болады, іш пыстыратын және қызықты емес нәрселер көңілді және қызғылықты болып шығады. Бұл кезеңде әр бала өзінің жаман қылықтарын біледі, айналасын өте әдемі, таңғаларлықтай қызықты ете алады. «Менімен ойнашы» деген балалар өтінішін жиі естиміз. Ата – ананалар келісім берген кезде бір минут қасқыр, дәрігер, дүкенші, болып ойнаса, бала қуанып қалады. Балалар қиялдау арқылы ойдан түрлі ойын шығарады. Ойын арқылы балалардың шығармалық ой – қиялы, елестету қабілеті шарықтайды.Ойын – тәрбие құралы.Ойынның арқасында жан-жағын қоршаған орта балаға қостаушы болып табылады. Мектеп жасына дейінгі бала белсенді, ой – түсінігі мол болып, өзінің тәртібін басқара білсе, мектепте жақсы оқиды., бір мақсатқа жетемін деген ынтасы болса,бала бойындағы талпынысты дамытуға баса назар аударуымыз керек. Саусақойындарын жүргізу арқылы балалардың саусақтарының нәзік қимылдары мен бұлшық еттерінін жетілуімен бірге, олардың сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттері дамитын болады және кейін жазу шеберлігін ойдағыдай меңгеруіне дайындайды. Төмендегі көрсетіліп отырылған саусақ ойындарын балалар ақындарының өлең-тақпақтарымен байланыстырып, ұсынуға болады. Добым Добым,добым домалақ, Тоқтамайсың домалап. Үстел үстін бүлдірдің, Тәрелкені сындырдың, Тентек болып кеттің деп, Тұрмын сені тепкім кеп. Ешкі Күнде тәртіп бұзылты, Балаларды сүзіпті. Жемістерді үзіпті, Мүйізіне тізіпті. Міне, осындай алыпты. Атам көріп қалыпты. Мазаны ала бердің деп-, Мүйізін қағып алыпты. Қоян Ұзын құлақ сұр қоян, Естіп қалып сыбдырды. Ойлы-қырлы жерлермен, Ытқып-ытқып жүгірді. Қарап еді артына, Қиығын салып көзінің. Келе жатқан томпаңдап, Көжегі екен өзінің. Әтеш Әдемі әтеш, Таң атпай тұрыпты. Ойқастап жүріпті. Жан-жаққа қарапты. Айдарын тарапты. Қазым Қаэым, қазым қаңқылда, Көлде жүзіп салқыңда. Жем шашайын жейсің бе ? Көмпит берші дейсің бе? Жоқ, жоқ, жоқ Кәмпит тәтті болмайды ас, Арпаменен бидай шаш. Ақ тауық Ақ тауық-ау, ақ тауық, Ақ тауық неден қақсауық .Ертеменен қыт-қыттайды, Ауламыздан шықпайды. Шеп-шеп десем келмейді,Берген жемді жемейді. Ауруы қандай қауіпті, Деп аяймын тауықты. Деп жүрсем тауығым, Ақ жұмыртқа тауыпты. Құлып Орманда бір үй тұр, Есігінде құлып тұр. Айтындаршы балалар, Құлыпты кім ашады? Торғай Торғай, торғай, торғайсың, Жақын келіп қонғайсың. Жем шашайын тойып ал, Сонда торғай тоңбайсың. Қайық Қәнық суда жүзеді, Сақинасын тізеді. Мысық Пеш үстінде мысық отыр, Аздап көзін қысып отыр. Тышқан етін жегісі кеп, Тісі оның қышып отыр. Жалаң аяқ жүрудің пайдасы туралы Өкінішке орай бүгінгі күнде жалаң аяқ жүретін адамдар аз. Физиологтар дәлелдегендеріндей аяқтың өкшесіне рефлекция айлағы ең күшті болып саналады. Жалаң аяқ жүру нүктелі массажға,жұмыс жағыдайын жақсаруді қалпына келтіреді. Ерте жастан бастап баланы жалаң аяқ жүруге үйрету керек. Жалаң аяқ жүру үнемі және жүйелі түрде болса,адам жақсы шынығады, шымыр болып шынығып өседі. Жалаң аяқ жүруді жылы бөлмедегі еденде төселген кілемнің үстімен және кілемшелердің үстімен жріп, содан кейін ғана ағаш тақтай еденінің бойымен жүруге болады. Арнайы рәзеңке үсті түкті кілемшелерді қолданса өте жақсы. Сол кілемшелердің үстімен өз балаларыңызбен таңғы жаттығуларды бірге бастап орындауларыңыз қажет. Бұл өте жақсы құрал! Жалаң аяқ жүруге жерде шөптің үстіңгі , жылы топырақтың үстінде жалаң аяқ жүріп одан кейін шөптің үстіңгі қабатына ауысып жүрсе және жолдың шетіндегі жұмсақ құмда жүрген өте пайдалы болады. Әсіресе үй жағыдайында кілемде және еден бойымен жүру,одан кейін түкті рәзеңке кілемшелердің бойымен жүру Жалаң аяқ жүруді үдетсе оған қызығушылық іс-әрекеті барлық дене бұлшық еттерін дегі адам ағзасындағы қан айналымы жақсарып, мидың даму әрекеттері де жақсарады. Үлгі құралдар |