Главная страница

Қоспаларды бөлу әдістері Қмж. за мерзімді жоспар блімі 1а химия пніне кіріспе. Таза заттар жне оспалар


Скачать 1.49 Mb.
Названиеза мерзімді жоспар блімі 1а химия пніне кіріспе. Таза заттар жне оспалар
Дата15.09.2022
Размер1.49 Mb.
Формат файлаdoc
Имя файлаҚоспаларды бөлу әдістері Қмж.doc
ТипДокументы
#679412

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.1А Химия пәніне кіріспе. Таза заттар және қоспалар

Мектеп: №109 ЖББ мектеп КММ

Күні:

Мұғалімнің аты – жөні: Адырбек Б.М

Сынып: 7

Қатысқандар: Қатыспағандар:




Қоспаларды бөлу әдістері. №2 зертханалық тәжірибе

«Ластанған ас тұзын тазарту »

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

7.4.1.5 Қоспалардың түрлерін және оларды бөлу әдістерін біледі

7.4.1.6 Қоспаларды бөлуге негізделген тәжірибелерді жоспарлайды және өткізеді.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар : Қоспалардың түрлерін және оларды бөлу әдістерін біледі.Қ оспаны бөлуге негізделген тәжірибені жоспарлайды және өткізеді

Көптеген оқушылар: : Қоспаны тазарту жолын ұсынады,тазарту алгоритмін жасайды,жұмыстың есебін дұрыс жазады;

Кейбір оқушылар:Табиғаттағы қосылыстардың таза зат немесе қоспа екенін ажырата біледіБарлық оқушылар : Қоспалардың түрлерін және оларды бөлу әдістерін біледі.Қ оспаны бөлуге негізделген тәжірибені жоспарлайды және өткізеді



Ойлау деңгейі

Қолдану

Бағалау критерийі

– қоспаның түрлерін және оны бөлу әдістерін біледі;

– қоспаларды бөлу бойынша зертханалық тәжірибені жоспарлап жүргізеді

-қоспаларды бөлу әдістерінің заттың қасиеттерімен байланысын талдайды

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

  • Қауіпсіздік техника ережелерін сақтайды

Қоспалар тақырыбындағы термин сөздерді қолдана отырып өз білімдерін тереңдетеді

Пәнге қатысты сөздік қор, терминдер:Таза зат, гетерогенді қоспалар,гомогенді қоспалар.

Тұндыру.Сүзу.Буландыру(кристалдау).Магнитпен тарту.Айдау.

Диалог түрінде қолданатын сөз тіркестерінің қысқаша мазмұнын жазу:

– өз сөзінде «біртекті» және «әртекті», «гомогенді», «гетерогенді» қоспалар атты басты түсініктерді қолдану

–зертханалық құрал - жабдықтардың атауын білу және оның не үшін қолданылатынын білу

–өз шешімін түсіндіре білу.

–қоспаларды бөлу әдісін анықтауға диалог құру және жазуғапайдалы сөз тіркестері …

Қоспалар қосылыстардан қалай ажыратылады?

У қарағанда Х бөліп алу анағұрлым/азырақ қиындықтуғызады, неге? Слыстыру белгілері........

Құрамының тұрақтылығы.........

Физикалық қасиеттері.............

Бөлу тәсілдері............


Құндылықтарға баулу

Қазақстанның өңірлік жəне жаһандық бəсекеге қабілеттілігі индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсуіне байланысты.

Пәнаралық байланыс

"Жаратылыстану" 5.3.2.1- қоспалар мен таза заттарды ажырату

5.3.2.2 -қоспалардың түрлерін сипаттайды және бөлу әдістерін ұсыну, физика.

Алдыңғы білім

7.4.1.3 -элемент (жай зат), қоспа және қосылыс түсініктерін ажырата алу

7.4.1.4 -қосылыстардың және элементтердің физикалық қасиеттері туралы алған білімдерін қоспа құрамындағы таныс емес заттарды ажыратуға қолдана алу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жатттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

(1минут)


(4минут)

(3минут)

  • Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу

«Қол шапалақтау» арқылы оқушылар назарын шоғырландыру.

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемедесу, оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, оларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Психологиялық ахуал туғызу мақсатында топқа бөлемін. (Төрт түрлі сурет беріледі, оқушылар суреттерді таңдап алады да суреттің кері бетіндегі нөмер бойынша топқа бөлінеді.) 1.2.3.сандары арқылы шағын топтарға біріктіремін.

Тапсырма -1

Ширату жаттығулары

Оқушылар ауызша орындайды.

  1. Заттар дегеніміз не?

  2. Заттар қалай жіктеледі?

  3. Қоспа дегеніміз не?

  4. Қоспаның құрамындағы заттардың қасиеттері сақтала ма?

  5. Заттарды бір –бірінен қалай ажыратуға болады?

«Бағдаршам» арқылы бағалайды.

Тапсырма -2 Оқушылар заттар мен денелерді семантикалық картаға белгілейді.

1-топ. Мына заттардың ішінен заттар мен денелерді жіктеңдер: шеге,мыс , стакан, қалам, алтын,ағаш.




шеге

мыс

ағаш

стақан

қалам

алтын

Зат



















Дене

























алмаз

су

ағаш

стақан

қаныт

азот

Жай



















Күрделі


















2-топ. Төмендегі заттар тізбегінен жай заттар мен күрделі заттарды жіктеңдер:алмаз, су,оттек, ас тұзы, қант, азот, сірке қышқылы , озон.
3-топ. Оттектің химиялық элемент екенін білдіретін екі сөйлем құрастырыңдар.

4-топ. Оттектің жай зат екенін білдіретін екі сөйлем құрастырыңдар.

Топтар арасында бағалау жүреді





(2 минут)
(5минут)


(20минут)

(10минут)

Пазл арқылы оқушылар топқа бөлінеді.

1-топ . Тұндыру

2-топ . Сүзу

3- топ. Қайта кристалдандыру

4-топ. Айдау

Феер әдісі арқылы қауіпсіздік техникасының ережелерін еске түсіру

Тапсырма -3 мақсаты: «IDEAL» әдісі арқылы оқушылар зертханалық тәжірибенің орындалу барысын оқулықтан ізденуді іске асыра отырып, оқу дағдысын дамытады. 2-практикалық жұмыс «Ластанған ас тұзын тазарту»

Реактивтер:Ас тұзы мен құмның қоспасы 20г,100 мл су.

Құрылғылар және ыдыстар:

Химиялық стақан 200 мл-2 дана

Штатив -1 дана

Шыны таяқша-1 дана

Құйғы-1 дана

Сүзгі қағаз-2 дана

Спиртшам -1 дана

Кәрлен табақша -1 дана

Конусты колба -1 дана

Асбест тор -1 дана

Қысқыш -1 дана

Жұмыс барысы: »Ой түйіп есте сақта» әдісі арқылы іске асады

1.Қоспаны суда ерітіп,ас тұзын құмнан бөлу.

2.Ерітіндідегі қоспаны сүзу процесін жүргізу.

3.Сүзіндіні буландыру(9-сурет).

Назар аударыңдар.Қыздыру құралдармен жұмыс ережелерін сақтаңдар.:

-ас тұзы

-ерітінді тамшысы

-мөлдір ерітінді

-тұз кристалдары


Жұмыстың нәтижесін кестеге толтырады .


Не істедік?

Не байқалды?

Қорытынды




















Топ аралық бағалау,топпен бағалау,бірін-бірі бағалайды
Дескриптор

-берілген қоспаны бөлу жолын анықтайды

-қоспаны бөлудің алгоритмін жасайды

-қоспаларды бөлу әдістерімен жұмыс жүргізіп қорытындысын кестеге жазады

  1. Топ. Құм мен ағаш үгіндісінің қоспасы беріледі.

Тапсырма

  1. Берілген қоспаны қандай әдіспен бөлуге болады?

  2. Қолданатын әдісті сипаттаңдар.

  3. Орындау алгоритмін құрыңдар.

  4. Құрылған жоспар бойынша тәжірибені орындаңдар.

  5. Тәжірибе қорытындысын шығарыңдар.




  1. топ. Бор мен судың қоспасы беріледі.

Тапсырма

1.Берілген қоспаны қандай әдіспен бөлуге болады?

2.Қолданатын әдісті сипаттаңдар.

3.Орындау алгоритмін құрыңдар.

4. Құрылған жоспар бойынша тәжірибені орындаңдар.

5.Тәжірибе қорытындысын шығарыңдар

3-топқа Тұз бен құм қоспасы беріледі.

Тапсырма

1.Берілген қоспаны қандай әдіспен бөлуге болады?

2.Қолданатын әдісті сипаттаңдар.

3.Орындау алгоритмін құрыңдар.

4. Құрылған жоспар бойынша тәжірибені орындаңдар.

5.Тәжірибе қорытындысын шығарыңдар
4-топқа су мен сия қоспасы беріледі.

Тапсырма

1.Берілген қоспаны қандай әдіспен бөлуге болады?

2.Қолданатын әдісті сипаттаңдар.

3.Орындау алгоритмін құрыңдар.

4. Құрылған жоспар бойынша тәжірибені орындаңдар.

5.Тәжірибе қорытындысын шығарыңдар
Қорытынды. Оқушылартөмендегі кестені жұмыс дәптеріне толтырады?


Не істедім?

Нені байқадым?

Қорытынды












Оқушылар арасында жұптық бағалау жүреді.



Оқулық 7- сынып, интернет желісі Тәжірибелік құрал –жабдықтар:стақан,

шыны таяқша, сүзгі қағаз, құм мен ағаш үгіндісі,су,құйғы


Оқулық 7- сынып Тәжірибелік құрал –жабдықтар:стақан,

шыны таяқша, сүзгі қағаз, бор, су,құйғы
Оқулық 7- сынып Тәжірибелік құрал –жабдықтар:стақан,

шыны таяқша, сүзгі қағаз, бор, су,құйғы, зертханалық тұрғы, спиртшам, кәрлен табақша, құты
Оқулық 7- сынып Тәжірибелік құрал –жабдықтар:стақан,

шыны таяқша, сүзгі қағаз, бор, су,сия құйғы, түбі дөңгелек құты, газ жүретін түтігі бар тығын, спиртшам, зертханалық тұрғы, мұз




Дескриптор

  • Зертханалық жұмысты толығымен орындады

  • Зертханалық жұмысты жартылай орындады


2 ұпай

1 ұпай



5-6 ұпай –«5»

3-4 ұпай –«4»

1-2 ұпай –«3»

  • Қауіпсіздік техникасы ережелерін талапқа сай толық сақтады.

  • Қауіпсіздік техникасы ережелерін талапқа сай толық орындалмады.

2 ұпай
1 ұпай

  • Зертханалық жұмыстың қорытындысын толық дәлелдеп жазды.

  • Қорытындысын толық дәлелдеп жаза алмады.

Тапсырмалар

1-тапсырма "Суреттер сөйлейді" әдісі

Суреттегі әдіс қандай әдіс екеніндігін білу үшін оқулықтағы анықтаманы оқып, білгендерін "Қонаққа бару" әдісі бойынша бөліседі.
1 2
3 4
Дескриптор:

- Суретте көрсетілген бөлу әдістері бөлудің қай түрі екенін және оны қандай қоспаларды бөлу үшін қолданатын айтады.
2-тапсырма "Жіктеу әдісі" (Тақтада флипчарт ілулі болады, оқушылар қоспалар жазылған жапсырмаларды жіктеп, іледі)

Қоспа түрлерін құрамына қарай жіктеңіз


Қоспа




әртекті

біртекті


Дескриптор:

- қоспалар түрлерін атайды,

-қоспаларды жіктейді

Сабақ соңы

(3 минут)


«Джигсо» әдісі арқылы әр топтан бір елші бүгінгі сабақты қорытындылау мақсатында бөлу әдісі бейнеленген суреттер бойынша алған білімімен

бөліседі,топта талдайды.



Дескриптор

-суреттен қоспаны бөлу әдістерін атайды

Термин сөздермен сөздік жұмыс

Кері байланыс «Роунд Робин» әдісі

Оқушылар бүгінгі сабақтағы әсерлері жайлы стикерге жазады

«Ашық журнал» әдісі


Р\С

Аты-жөні

Бір айналым сөйлесу

Қарлы кесек

Ой түйіп есте сақта

Джигсо

1
















2
















3

















Интерактивті тақтада дұрыс жауаптар көрсетіледі. Оқушы өзін-өзі бағалайды
Кері байланыс










Үй тапсырмасы :

7-сынып химия 17- бет №2,3- жаттығу




Саралау

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік

  1. Тақырыпқа байланысты термин сөздермен жұмыс жасау барысында көбінесе тұйық балалардан сұрауды басты назарда ұстаймын.

Топпен жұмыс жасағандада ондай тұйық балалардың рөлін бағыттап отырамын.

  1. Ал бағалау барысында оқушылардың өзін өзі бағалауына мүмкіндік беру үшін бағалау парақшасын таратамын.

Барлық тапсырма соңында топтарды бірін біріне бағалатамын.

Зертханалық тәжірибелерді орындау барысында оқушылар қауіпсіздік техникасы ережелерін талапқа сай орындауын қатаң басты назарда ұстаймын.

Рефлексия

Мен осы сабақта IDEAL тәсілі бойынша орындаған зертханалық тәжірибелер өз үйлесімін табады деп есептеймін. Ал қиындық тудыратын жағдайлар оқушылардың тәжірибе жасаудағы кейбір дағдыларының толық қалыптаспауы. Келесі сабағымда осы жағдайлардан шығудың басқада үйлесімді әдістерін сабаққа қолдануды басшылыққа аламын.





написать администратору сайта