Главная страница

Робоың негізгі үлгісін құрастыру. Робот құрастыру ашық сабақ. за мерзімді жоспар блімі 3блім. А дизайн жне технология Мектеп Шаан жалпы орта білім беретін мектебі


Скачать 152 Kb.
Названиеза мерзімді жоспар блімі 3блім. А дизайн жне технология Мектеп Шаан жалпы орта білім беретін мектебі
АнкорРобоың негізгі үлгісін құрастыру
Дата13.03.2023
Размер152 Kb.
Формат файлаdoc
Имя файлаРобот құрастыру ашық сабақ.doc
ТипДокументы
#984679

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3-бөлім.А Дизайн және технология

Мектеп: «Шаған жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Күні: 28.01.2023

Мұғалімнің аты-жөні: Бисекенов Медет

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы


Роботты дайындау. Нобай. Материалды таңдау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)


6.1.5.1 Композицияның негізгі заңдылықтарын сақтай отырып, әр түрлі нысандардың дизайны бойынша тапсырмалар орындау


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: роботтар туралы біледі және оның түрлерімен
танысып. пайдаланылуы жайлы мәліметтер алады.

Оқушылардын басым бөлігі: тақырып аясында өз ойларын еркін
жеткізіп, роботтар нобайын салуда әр турлі түстерді, қажетті
материалдарды таңдайды, сурет салады.

Оқушылардың кейбірі: өз бетінше қалаған роботтың нобайын
(эскизін) идеясы бойынша сызып, түсіндіре алады.


Бағалау критерийлері

Роботтардың түрлі үлгілерін біледі.

Роботтың қозғалысты құрамалы бөліктерін және қандай материалдардан құрастырылатынын түсінеді.

Шығармашылық эскиз жасау барысында роботтың функционалдық қызметін біледі

Тілдік мақсаттар


Робот-Робот-Robot

Дизайн-Дизайн-Design

Физикалық-физическое-physical

Механикалық-Механический-Mechanical

Технологиялық –Технологический-Technological

Бөліктер-Части-Parts

Беріктілігі-Прочность-Strength

Конструкция- Конструкция –Construction

Функционалдық- Функциональный -Function

Құндылықтарды дарыту


Сабақ барысында еңбектену және эстетикалық құндылығын бойына сіңіреді. Оқушы бір-бірімен ынтымақтастықпен ашық пікір бөлісіп, шығармашылық көзқараспен еңбектенеді.

Пәнаралық байланыстар

Математика пәнімен: Роботтың көлемді өлшем бірліктерін анықтап жобада қолданады

Информатика пәнімен: Роботтардың түрлері мен қолданылуын біледі.

АКТ қолдану дағдылары

Жұмыс барысында материалдарға негізделген суреттемелер мен жазбалар жасауда бейнежазба көрсетіледі

Бастапқы білім

Информатика немесе робототехника үйірмелерінде роботтар туралы біледі, күнделікті өмірде ойын-сауық роботтарын қолданады

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Оқушылармен сәлемдесу,түгелдеу.Психологиялық жағымды ахуал тудыру.

Оқушыларды топқа бөлу.

Оқушыларға таңдау бойынша роботтардың элементтері бейнеленген қиындылар таратылады.Белгілі бір уақыт кезеңінде оқушыларға біркелкі суретті құрастыру қажет.Сол арқылы топтасып, әрі қарай жұмыс жасауларына мүмкіндік алады.

Сабақтың оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстыру

Қолжетімді материалдан жасалған роботтар.
Қағаздан жасалған роботтар

Сабақтың ортасы

10 минут

20 мин

Өткен сабақтың материалын еске түсіру.

«Кинометафора» әдісі (оқушыларға роботтар туралы бейнежазбалар көрсету арқылы ой-пікірлерін сұрау )

1. «Робот» сөзінің мағынасы қандай?

2.Бейнежазбадан роботтардың қандай түрлерін білдіңіздер?

3.Роботтарды қандай материалдан жасауға болады?

4.Роботтар нобайын сызу барысында неге мән беру керек деп ойлайсыздар?

ҚБ «Қол сигналы» әдісі арқылы бағалау.
Топтық жұмыс «Суретке түсініктеме бер» әдісі

Топтардағы оқушылар роботтардың эскизді үлгілерін тамашалап, берілген сұрақтарға жауап беруі қажет.




Бұл сурет несімен ерекшеленеді?

Сурет арқылы автор нені суреттегісі келді?

Роботты жасаудың бастапқы кезеңінде нобайды не үшін орындау қажет?
Дескрипторлар

- оқушылар нобай туралы мағлұматтарды біледі.

- сурет түрлерін талдайды

- ақпарат көздерін тиімді пайдаланады
ҚБ: топтар бір-бірін «Екі жұлдыз,бір ұсыныс» арқылы бағалайды.
Практикалық тапсырма( жеке жұмыс)

«Этюд» әдісі
Нобайэскиз (фр. esquіsse – алғашқы долбар сурет) – көркем сурет туындыларының, құрылыстардыңмеханизмдердің тұтас немесе жеке бөліктерінің алдын-ала жасалған жоба суреті; қолмен, масштабы көз мөлшерімен есептеленіп жасалынатын сызба.
Оқушылар өз қиялындағы роботтардың сызбаларын сызады.
Дескрипторлар:

- Сызба сызу ережелерін біледі.

- Графикалық жұмысты орындай алады.

- Түс үйлесімін таба біледі.

ҚБ: Шапалақтау арқылы бағалау.



NAO Андройд туралы ақпарат

Түрлі роботтардың эскизі бар суреттер тарату

«Оқушының алғашқы энциклопедиасы»

Алматы «Аруна» баспасы 2017 жыл 336-343 бет

«Ойыншықтардан Роботтарға дейін»

Алматы «Аруна» баспасы 32-57 бет

Түрлі түсті

қарындаштар. ғаламтор мәліметтері «Робот рентген»

Дидактикалық материал

Сабақтың соңы
5 минут

Кері байланыс
«Кувертка» әдісі

Оқушылар жұптасып,алдарындағы параққа бүгінгі сабақ аясындағы өз идеяларын кезек-кезек жазып, ой бөліседі.

А4 парақтар

Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Саралау тапсырмасы жеке жұмыста «Этюд» әдісінде жүргізілді.

Оқушылардың барлығына өз қиялындағы роботтардың сызбаларын сызу ұсынылған,қабілеті жоғары оқушылар ешқандай кемшіліксіз (дескрипторларға сәйкес) салады және өз жұмысын таныстырады.

Мадақтау сөздері арқылы

«Қол сигналы» әдісі

«Екі жұлдыз, бір ұсыныс»

«Шапалақтау»

«Кері байланыс»

«Кувертка» әдісі

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттерімен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Көркем еңбек кітабы 80 бет.Сабақта қауіпсіздік ережелері ескертіліп отырады

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқумақсаттары дұрыс қойылғанба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақтасаралау дұрыс жүргізілдіме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталдыма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?.

Оқушылардың барлығы оқу мақсатына жетті ме?

Оқу мақсатын игеруде «талпынды» алған оқушылар бар ма? Неліктен олар «талпынды» алды? Сабақтың уақыт кезеңдері сақталды ма?

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туаралы да ойланыңыз)?

1

2
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алды (оқыту туралы да, оқу туаралы да ойланыңыз)?

1

2
Сабақтың барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақта неге көңіл бөлуім қажет?

1

2




написать администратору сайта