Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 7.2 С Мектеп: «Қостанай ауданы білім бөлімінің Н.Наушабаев атындағы мектеп-гимназиясы (мектеп жанындағы интернатымен)» КММ
Күні: 06.12.2021 ж Мұғалімнің аты-жөні: А.Айтекеева
Сынып: 7 Қатысқандар: 12 Қатыспағандар:
|
Cабақтың тақырыбы
| §24 Тыныс алудың маңызы мен типтері
|
Оқу мақсаттары
| 7.1.4.1 Тірі ағзалар үшін тыныс алудың маңызын сипаттау
7.1.4.2 Анаэробты және аэробты тыныс алу типтерін ажырату
|
Сабақтың мақсаты
| Барлық оқушылар:
|
Тірі ағза үшін маңызын сипаттап, аэробты және анаэробты тыныс алу типтерін ажыратады.
|
Оқушылардың басым бөлігі:
|
Аэробты және анаэробты организмдердің ерекшеліктерін суреттермен сипаттайды.
|
Кейбір оқушылар:
|
Аэробты және анаэробты тыныс алу типтеріне мысал келтіріп және жіктейді.
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
| Түсіну, қолдану
|
Бағалау критерийі
| Тыныс алудың ағза үшін маңызын біледі.
Тыныс алудың типтері салыстырады.
Аэробты және анаэробты организмдердің тыныс алу ерекшеліктерін сипаттай алады.
|
Тілдік мақсаттар
| Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
Тамақ (нәруыздар, майлар, көмірсулар), оттек , көмірқышқыл газы , су , энергия, өкпе, терінің беткі қабаты, лептесік, демтүтік, жасымықшалар, желбезек, анаэробты, аэробты, ашытқылар, сіреспе таяқшасы, майқышқылды,газды іріңді жара, сүтқышқылды бактериялар, жасыл өсімдік, ішек паразиттері, саңырауқұлақтар, жануарлар, лямблия, лейшмания
|
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
1.Тыныс алу дегеніміз не?
2.Тірі ағзалар үшін тыныс алудың маңызы қандай?
3.Тыныс алудың қандай типтері бар?
|
Құндылықтарға баулу
| Қоғамдық өмірдің зайырлы сипаты- айналадағы қоршаған ортаға қомқорлық көрсетуге баулу.
|
Пәнаралық байланыс
| Химия – энергия алмасу
|
Алдыңғы білім
| 6.4.2.7 Тыныс алғанда және тыныс шығарғандағы ауа құрамындағы айырмашылықты зерттеу.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
| Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
| Ресурстар
|
Сабақтың басы 6-минут
| Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық ахуал орнату: «Мадақтау»
Мақсаты: ойлау қабілетін дамыту,сөз құрастыра білу.
Әр адамның бас әрпіне байланысты, сын есімді жақсы сөздер айтылу керек. Мысалы: Дариға-дарынды,Шұға-шыдамды.
Үй тапсырмасын сұрау кезеңі:
«Иық тіркескен шеңбер» әдісі арқылы оқушылар шеңберге бір-бірінің иығына қолдарын салып, құшақтасқан түрде тұрып, үй тапсырмасы туралы бір-біріне сұрақтар қою арқылы сұралады.
«Фотосинтез» түсінігіне анықтама беріңдер? Фотосинтез үшін қажет жағдайларды атаңдар? Лептесіктің құрылысы қандай? Жапырақтың өткізгіш шоғының құрылысы қандай? Тамырдан жапыраққа су және минералды заттар өткізгіш шоқтың қандай элементтерімен жеткізіледі?
|
|
Сабақтың ортасы
19 мин
2 мин 10мин
| Сабақтың мақсатына шығу. Жетелеуші сұрақтар қою арқылы оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын айқындау.
1.Тыныс алу дегеніміз не?
2.Тірі ағзалар үшін тыныс алудың маңызы қандай?
3.Тыныс алудың қандай типтері бар? “Аквариумдағы балық” әдісі арқылы 2 топқа бөлу
Оқушылар аквариумдағы балықты аулап, сурет артындағы жасырын аэробты және анаэробты суреттер арқылы топқа бөлінеді.
І топ “Оттектілер” , ІІ топ “Оттексіздер” «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі арқылы мәтінмен танысады.
« ν » (қанат)
| « - » (алу)
| « + » ( қосу)
| « ? »
|
|
|
|
|
Мәтінді оқу алдында тапсырма беремін: оқи отырып, мәтіннің шетіндегі ашық жерге төмендегідей белгі қойып отыру керектігін ескертемін.
« ν » -егер сіздің оқып отырғаныңыз, сіздің білгеніңізбен сәйкес келсе немесе сіз білемін деп ойлағандай болса мәтіннің шетіне « ν » (қанат) блгісін қоясыз.
«-» -егер оқып отырған ақпарат, сіз білген ақпаратпен сәйкес келмесе немесе басқаша болса, онда «- » алу белгісін қоясыз
«+» - егер алынған ақпарат, сіз үшін жаңа , бұрын естімеген болса, «+» (қосу) белгісін қоясыз.
«?» -егер ақпарат, сіз үшін күдікті немесе сізді таңқалдырса немесе осы тақырып бойынша тереңірек білгіңіз келсе «?» (сұрақ) белгісін қоясыз.
Оқушылардың барлығы оқып болғанда, келесі жұмыс жұптық жасалады:
Сіз қазір ғана оқып шыққан мәтін жөнінде ойланыңыз. Жұбыңызбен оқығандарыңыз жөнінде бөлісіңіз.
Сіз қандай ақпаратқа тап болдыңыз? Сізде қандай сұрақтар туындады? Нені білетін болып шықтыңыз? Не нәрсені білмейтін болып шықтыңыз?
“Оттектілер” тобы «Тыныс алудың ағза үшін маңызы қандай?»
“Оттексіздер” тобы - «Қандай тыныс алу типтері бар?» постер құру ұсынылады.
ҚБ. «Мадақтау» (топ аралық бағалау ) Сергіту сәті «Қыдырып қайтайық » 1 мин әнге билеу
Жеке жұмыс
«Өзіндік мысал» әдісінде оқушыларға дәптермен жұмыс жүргізіледі.
№1 тапсырма Өсімдік және жануардың энергияны қайдан алатынын және не үшін қолданатынын сызба түрінде бейнелеу. №2 тапсырма .
Берілген мысалдарды қолдана отырып, дәптерлеріне кесте сызып толтырады.
1.Майқышқылды бактериялар. 2. Буынаяқтылардың ішінде тіршілік ететін қарапайымдар. 3. Сіреспе таяқшасы. 4. Ашытқылар. 5. Ірің таяқшалары. 6. Лямблия. 7. Лейшмания. 8.Саңырауқұлақтар. 9. Балдырлар. 10. Жануарлар. 11.Адам
№3 тапсырма
Суреттерді екіге бөліп орналастыру
Анаэробтар-
Аэробтар-
№4 тапсырма
Тірі организмдердің тыныс алу ерекшеліктерін салыстыру.
Тірі организмдер
| Олардың тыныс алу ерекшеліктері
| Амеба
|
| Медуза
|
| Жәндіктер
|
| Шұбалшаң
|
| Балықтар
|
| Ит
|
|
Бағалау критерий
|
№
| Дискриптор
|
Бағалау шкаласы
| Тыныс алудың ағза үшін маңызы біледі.
| №1
| Тыныс алу кез-келген организмнің маңызды қызметтерінің бірі екенін біледі.
|
1
| Тыныс алудың түрлерін ажырата алады.
| 1
| Өсімдік және жануардың энергияны қайдан алатынын және не үшін қолданатынын сызба түрінде бейнелей алады
| 1
| Тыныс алудың типтері салыстырады
| №2
| Тыныс алудың түрлерін ажырата алады
| 1
| Тыныс алу типтеріне мысал келтіре алды
| 1
| №3
| Аэробты және анаэробты организмдерді ажырата алады
| 1
| Аэробты және анаэробты организмдердің тыныс алу ерекшеіктерін сипаттай алады.
| №4
| Аэробты және анаэробты организмдердің тыныс алу ерекшеіктерін біледі
| 1
| Тыныс алудың ерекшеліктерін сипаттай алады.
| 1
|
ҚБ. «Шаршылар» -түсініксіз, -аздап түсінемін, -түсіндім
(жұп аралық бағалау)
|
|
Сабақтың соңы
3 мин
| 1 түйінді сөз.
Бүгінгі сабақта мен басым арқылы не істедім?
Бүгінгі сабақта мен қолым арқылы не жасай алдым?
Бүгінгі сабақта мен жүрегім арқылы нені сезіндім?
Үйге тапсырма:
«Бүгін үйренген нәрсем» - үйдегі қалған қауіпсіз тұрмыстық қалдықтардан тыныс алу мүшелерінің құрылысы бойынша модель жасау.
|
|
Саралау Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз. Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз
| Бағалау . Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
|
Топтық, жұптық жұмыстар арқылы оқушыларға өзара қолдау, көмек көрсету жүзеге асырылады.
Қабілетті оқушылар «Өзіндік мысал» әдісінің №4 тапсырмасындағы тірі организмдердің тыныс алу ерекшеліктерін салыстырады.
| Оқушылардың күтілетін нәтижеге қол жеткізуі, тиімді түрде алға ілгерлеуі үшін «Мадақтау» (топ аралық бағалау ), «Шаршы», (жұп аралық бағалау)
сияқты қалыптастырушы бағалаудың түрлері пайдаланылады.
| Сергіту сәті «Қыдырып қайтайық ». Биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтайды.
|
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы қолжетімді болды ма
Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса неліктен деп ойлайсыз Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңызба Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен
| Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаландыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.
|
|
Қорытынды бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:
2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:
2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері / қиындықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?
|