Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:Ғылыми фантастика.
Пунктуация
| Мектеп: Меркі ауданы,Тұрар Рысқұлов атындағы №20 ЖББМ
|
Күні:
| Мұғалімнің аты-жөні: Аманбаева Салтанат Омиртаевна
|
Сынып: 7
| Қатысқандар:
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы:
| Ғылыми фантастика туралы
|
Оқу мақсаттары
| 7.2.5.1 мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру;
7.4.5.1 сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерін (даралаушы және ерекшелеуші) дұрыс қолдану.
|
Сабақтың мақсаттары
| Барлық оқушылар орындай алады:
мәтін бойынша сұрақтар құрастырады,тыныс белгілерін қояды.
|
| Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
тапсырма арқылы сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерін анықтайды,проблемалық сұрақтар құрастырады.
|
| Кейбір оқушылар орындай алады:
ғылыми фантастика туралы шығармашылық тапсырма орындайды,тыныс белгілерін дұрыс қолдана біледі.
|
Бағалау критерилері
| Мәтін негізінде проблемалық сұрақтар құрастырады;
|
| Пунктуацияны дұрыс түсініп,сауатты жазуға дағдыланады.
|
Тілдік мақсат
| Пәнге қатысты терминдер:фантастика,қиял,шындық өмір,тылсым,болашақ,ғаламшар,робот,техника т.б.
|
| Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған тіркестер:шындық өмір,тылсым күш,жаңа техника,болашаққа болжам,ғылыми фантастика т.б.
|
| Талқылауға арналған сұрақтар:
1. ХХІ ғасырда фантастиканың рөлі қандай?
2.Фантазиядан құндылықтар шыға ма?
3. Қиялдау ғасырға бөлініп,бағыты өзгере ма?
4.Пунктуацияның қандай қажеттілігі бар?
|
Құндылықтарға баулу
| шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауға баулу
|
Пәнаралық байланыс
| әдебиет,физика,тарих
|
Алдыңғы оқу
| Жеңіс күні.Ұлы ерлікке тағзым
|
Жоспар
|
|
|
Жоспарланған уақыт
| Жоспарланған жаттығу түрлері
| Ресурстар
|
Басы
| Психологиялық ахуал
Сәлемдесіп, оқушыларды 3 топқа бөлу:
«Ғаламшар», «Робот», «Астероид» суреттері бейнеленген қима қағаздарын таратып,бірдей суреттер бірігіп,3 топқа топтасып отырады.
| Ғаламшар,робот,
астероид суреттері
«Ғаламшар», «Робот», «Астероид» топтың тақырыпшалары
|
Ортасы
|
Оқылым алды
«Ғылыми фантастика» туралы бейнеролик көрсетіледі.Бейнеролик арқылы тақырыпты, бүгінгі сабаққа қатысты мәтін тақырыбын «Болжау» әдісі арқылы табады. Оқылым кезі
ТЖ 1-тапсырма
Мәтінді оқып, «Он сұрақ» тәсілімен проблемалық сұрақтар құрастырып талдайды:
1.Қиялдау,қиялдау өнері бізге қажет пе?
2.Табиғаттың тылсым күші шексіз бе?
3.Жаңа техникалық құралдар қиялдаудан пайда бола ма?
4.Фантастикалық туындылардың пайдасы бар ма?
5.Фантастикада неше бағыт бар?
6.Адамзат баласы жердің асты мен үстіндегі сиқырлы,тылсым күштерді толық ашып меңгерді ме?
7.Жаңа техникалық құралдар арқылы жаратылыстың құпия сырларын толық ашу мүмкін бе?
8.Ғалым К.Г.Фрумкин: «Ғылыми фантастика техникалық,тарихи,әлеуметтік тұрғыда болғанымен,онда сиқыр күші кездеспеуі тиіс.Себебі ғылыми фантастикада ғылым мен техника жетекші орынға ие»,-деген пікіріне өзіндік көзқарасыңды білдір.
9.Ғылыми жетістіктердің нәтижесінде ғылыми фантастиканың жаңа түрлері пайда болады ма?
10.Ғылыми фантастиканың шегі мен шеті бола ма?
Дескриптор:
-мәтін мазмұнын болжайды;
-проблемалық сұрақтар құрастырады.
ҚБ: «Температураны өлшеу»
білім алушының тапсырманы қаншалықты орындағанын анықтау үшін қолданылады. Ол үшін мұғалім білім алушыларды тоқтатып, сұрақ қояды:
Біз не істеп жатырмыз?
Білім алушы осы сұраққа жауап береді, тапсырманың орындалу жолы, оны орындау үдерісі туралы ақпаратты ұсынады. ЖЖ 2-тапсырма «Диалог құру» әдісі
(нәтиже бойынша саралау)
Сөйлем соңына тиісті тыныс белгісін қояды, диалог құрады.
-Алақай Енді сәл жүрсек жетеміз
-Оны кім айтты
-Бағана анау қырда қарағанымда қазақ үйді байқадым да үш төбе өтетінімізді бағдарлап алдым
-Па шіркін зерек екенсің
-Мені атам үнемі осылай жан-жағымды бағдарлап жүруге үйреткен
-Атаң дана жан екен-ау негізі
-Бірдеңе айтқыңыз келді ме
-Саған айтар ойымды анау құс бөліп жіберді
Сіз оның қандай құс екенін тани аласыз ба
-Мен құстарды онша айыра алмаймын Мұны да танып тындырмаспын
-Бұл қаршыға
-Солай ма
Дескриптор:
-сөйлем соңына тиісті тыныс белгісін қояды;
-диалогты мәнерлеп оқиды.
ҚБ «Бағдаршам» әдісі
Ж 3-тапсырма
(таңдау бойынша саралау)
Үш қорапта:жеңіл,орта, күрделі қима қағаздарға сөйлемдер жазылған,оларға сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілер ерекшелеуші қызметін талдап қойып шығуы қажет,тапсырма қиындық тудырған жағдайда ауыстыруына мүмкіндік беріледі.
Жеңіл қорап:
Сөйлем:-Әли кеше Дәрмен ақсақалға барып қайттым.
Сөйлем:-Уа бәрекелді көптен хабар алыспап едік жөн болған.
Орта қорап:
Сөйлем:Әли менің ойымша біз ол кісіге жиі баруымыз қажет.
Сөйлем:Оған келісемін жұмыс та бар
Күрделі қорап:
Сөйлем:-Қазақта Көпті көрген қария-жазып қойған хатпен тең деген сөз бар ғой.
Сөйлем:-Сонда ақсақал Дәрмен қарт қай жылғы
Дескриптор:
-сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілерді қояды;
-сөйлемнің ерекшелеуші қызметін айтады.
ҚБ «Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі Оқылым соңы
ТЖ 4-тапсырма
«Атаулар туралы 3 сұрақ» тәсілімен «Марсқа саяхат» атты фантастикалық ойтолғау жазады.
1 -қадам:қайда?
2-қадам:қалай?
3-қадам:қандай?
Дескриптор:
-ойтолғау жазады;
-шығармашылық жұмысын оқиды.
ҚБ «Бағдаршам» әдісі
|
Бейнеролик
http://www.aktobegazeti.kz/?p=14306
Оқулық,156-бет
Мәтін: «Ғылыми фантастика туралы»
«Температураны өлшеу»
Көркем әдебиет
Қораптар, қима қағаздар, сөйлемдер
жеке жұмыс
Ойтолғау парақшалары
|
Соңы
|
Кері байланыс
Оқушылар сабаққа пікірлері мен көзқарастарын, «Жетістік баспалдағы» әдісі бойынша тақтадағы баспалдақ мөлшеріне жабыстырады.
Бағалау
Сабаққа қатысқан оқушылар қабілеттері мен белсенділіктеріне қарай бағаланады.Мұғалімнің бағалауы.
Үй тапсырмасы
Ғылыми-техникалық құралдар(мысалы роботтар) туралы ғылыми-фантастикалық әңгіме жазу.
|
«Жетістік баспалдағы»
|
Қосымша мәлімет
|
|
|
Бағалау Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?
| Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Сабақтың барлық кезеңдерінде 4 тапсырма орындалады.Әр тапсырмадан соң, «Бас бармақ»,
2 «Бағдаршам», «Екі жұлдыз,бір тілек» сияқты қалыптастырушы бағалау түрлері жүреді. Оқу үрдісінде оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып,тапсырмаларды қабілетіне қарай түрлендіріп,диалогпен оқу,қорапшалардан сөйлемдерді таңдап алып орындатқызамын. Қабілетті оқушыға шығармашылық тапсырма ойтолғау жаздыру,проблемалық сұрақтар жасату,оны өмірмен байланыстыру сияқты тапсырмалар арқылы түрлендіріп отырамын.
| АКТ-мен байланыс
компьютер,
интерактивті тақта,әлеуметтік желі
|
Рефлексия
Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?
Бүгін оқушылар не үйренді?
Сабақ қалай өтті,қандай деңгейде өтті?
Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?
Уақытты қалай пайдаландым?
Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?
|
|
|