Главная страница

зарарсыздандыру. Зарарсыздандыру және залалсыздандыру. Зарарсыздандыру жне залалсыздандыру


Скачать 0.62 Mb.
НазваниеЗарарсыздандыру жне залалсыздандыру
Анкорзарарсыздандыру
Дата28.11.2021
Размер0.62 Mb.
Формат файлаpptx
Имя файлаЗарарсыздандыру және залалсыздандыру.pptx
ТипДокументы
#284117

Зарарсыздандыру және залалсыздандыру.

Санитарлық – эпидемияға қарсы тәртіпті ұстану стационар немесе кез – келшен медициналық мекеме аймағын үнемі тазалықта сақтауды қарастырады. Бөлімшелерден жиналған керексіз заттар тығыз жабылатын қақпағы бар металлдан жасалған ыдыстармен өз уақытында шығарылады. Керекті санитарлық тәртіпті (стационар бөлмелерін ылғалды тазалау, ондағы тазалық тәртібін сақтау, науқастарды санитарлы – гигиеналық өңдеу) сақтау орта және кіші медицина қызметкерлерінің міндетіне кіреді. Медициналық қызметкерлер жалпы тәртіпке сай таза халатпен, керек болса калпақ пен маскамен жүруі керек. Арнайы киімдерді, төсектерді және т.б. орталықтандырылған жуғыштарда кір жуғыш заттармен жуылып бөлімшелерде үтіктеледі. Хирургиялық халаттар, маскалар және бахилалар жуылғаннан кейін автоклавта өңделеді.

Зарарсыздандырудың үш түрі бар:

1. Механикалық

2. Физикалық

3. Химиялық

Механикалық зарарсыздандыру түріне бөлмелерді жуып тазалау, сыпырып, қағу кіреді. Ауа мен суды бөгде заттар мен микробтардан тазалау үшін сүргіштен өткізу әдістері қолданылады. Механикалық зарарсыздандыру микробтардан толық айырылу үшін жеткіліксіз сондықтан оны физикалық және химиялық залалсыздандыру мен ұштастыру керек.

Физикалық түрі – қайнату, бумен, ыстық ауамен және ультракүлгін сәулелерімен өңдеу болып табылады. Төсек орынды (2сағат бойы сабынды содалы ерітіндіде қайнатылады), ыдыс аяқты (15 мин бойы 2% содалы ерітіндіде қайнатылады), ішуге арналған суды, ойыншықтарды, тамақ қалдықтарын қайнатады.

Химиялық түрі – жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын өлтіретін химиялық заттарды қолданылады.

Залалсыздандыру.

Заласыздандыру- дегеніміз қоршаған ортаға патогенді және патогенді емес микробтарды, вегетативті споралар мен токсиндерді түбегейлі жою.

Асептика- бұл жараның ішіне микробтардың түсуінің алдын алу іс шаралар.

Антисептика- (анти-қарсы, септика- іріңдеу) бұл жара ішіндегі микробтарды жоюға арналған емдеу сауықтыру іс-шаралар

Егу бөлмесінде қорытынды жинастыру жұмыс жүргізу.

Әзірлеу қажет:
  • Шелек
  • Швабра
  • Шаралар
  • Еден жуу үшін шүберек
  • Залалсыздандырылған шүберек
  • Сабын, кальцийленген сода
  • 3% хлорамин немесе 0,1%, 0,2% деохлор ерітіндісі (7таб+10л су), (14таб+10л су)
  • Халат, орамал, алжапқыш, резеңке биялай

Іс-әрекеттері:
  • Халат, орамал, алжапқыш,резеңке биялайды киіңіз.
  • Бөлмені дайыңданыз: жиһаздар мен заттарды қабырғадан ортаға қарай ығыстырыңыз.
  • 2% сабынды-содалы ерітіндісін әзірлеңіз (100г сабын, 100 кальцийленген сода, 800мл су)
  • Терезе, мүлік, қабырғаларды 2% сабынды-сдалы ерітіндімен сүртіңіз
  • Заразсыздандыру ерітінділерінің бірін әзірленіз: 3% хлорамин немесе 0,1% деохлор (7таблетка деохлор +10л су)
  • Шүберекті зарарсыздандыру ерітінділерінің біріне шашып, 1сағатқа бөлмені жауып қойыңыз.
  • Барлығын дистильденген сумен сүртіңіз
  • Стерильді шүберекпен құрғата сүртіңіз
  • Таза халатты киіп, жиһаздар мен құралдарды орнына қойыңыз.
  • Бактерицидті шамды 1сағатқа қосыңыз
  • Бөлмені желдетіңіз
  • Жинастыру құралдарын зарарсыздандыррып, сумен шайып, құрғатып, арнайы бөлмеде сақтаңыз

Біріңғай материалдан жасалған заттарды залалсыздандыру үшін биксті жинақтау.

Әзірлеу керек:
  • Бикс
  • Жаялық
  • Резеңке бұйымдар (катетер, жел шығаратын түтікше)
  • Таңғыш материалдар
  • Сүлгі
  • Дәке салфеткалар
  • Залалсыздандыру сапасын бақылау үшін индикаторлар
  • Заттаңба (клеенкадан жасалған, өлшемі 13-15 см)
  • Спирт

Материалдарды бикске орналастырудың 2 типі бар:

1 тип – универсальды, бұл типте бір операцияға арналған барлық материал бір бикске салынады. Халат, шапка, маска 4 данадан, ақжайма 4 дана, сүлгі 6 дана, мақта шаригі 50 дана, әр – түрлі көлемдегі салфетка 10 данадан 3 түрлі тампон, бинт 2 данадан 2 түрінен, мақта 100 г.

2 тип – арнайы жалғастыру. Үлкен хирургиялық операцияға арналған. Бірнеше бикс бөлек орналастырады, 1 бикске бір түрлі материал, халат ақ жайма т.б. жайғастырылады.

Медициналық заттарды бикске салады. Залалсыздандыру нәтижесі ораудың тығыздығына байланысты.

Ыстық-кұрғақ шкафтың тәртібі: температурасы 180°С; уақыты— 1 сағат . Залалсыздандыруды тексеру үшін қолданылатын әдістер:

1.Физикалық - уақытын, температурасын, қысымын анықтайды.

2.Химиялық — химиялық термоиндикаторлар қолданылады.

3.Бактериологиялық - биотест жүргізіледі.

Сәулелердің көмегімен залалсыздандыру заводтарда бір рет қолданылатын аспаптарды гамма сәулесімен залалсыздандыру.

Қайнату әдісін үй жағдайында қолдануға болады.

Химиялық әдісті қолданғанда заттарды температурада ұстауға болмайды. Құрал- жабдықтарды толық ерітіндіге салып, содан кейін залалсыздандырылған сумен жуып, залалсыздандырылған жайманың ішінде 3 тәулік бойы сақтайды.

Емдеу сауықтыру мекемелерінде – санитарлық эпидемиялық тәртіп.

Құрамында хлоры бар зарарсыздандыру ерітінділерін әзірлеу.

Әсері: зарарсыздандыру. 10% жарықталған хлорлы әк ерітіндісі. 10% жарықталған хлорлы әк ерітіндісі жұмыс ерітінділерін әзірлеу үшін қолданылады.

Әзірлеу керек:

- Медициналық халат

- алжапқыш

- бетперде

- қорғаныс көзілдірігі

- резинке биалайлар

- 10 литр эмальді ыдыс

- хлорлы әк 1 кг

- ағаш күрек

- қоңыр шыныдан жасалған қақпағы бар бөтелке

- ұнтақ заттар және ерітінділер үшін өлшемі бар ыдыстар.

% ерітінді

Г.хлорамин

Мл, су мөлшері

0,5

1

3

5

5

10

30

50

995

990

970

950

Хлорамин ерітіндісін әзірлеу.

Хлорамин ерітіндісін әзірлеу №1 кестеде бейнеленген.

Іс-әрекеттері:

Қажетті мөлшерде хлораминді өлшеп алыныз. Ыдысқа салып, оның үстіне 1 литрге дейін су құйып, араластырыныз қақпағын жабыныз.

№1 кесте. Хлорамин ерітіндісін әзірлеу

Қолданылуы:

0,5% хлорамин етітіндісі медицина қызметкерлерін қолын тазалау үшін қолданылады.

1% хлорамин ерітіндісі қанмен және сырқаттың шырышты қабықтарымен байланыспаған заттарды тазалау үшін қолданылады.

3% хлорамин ерітіндісі қанмен және сырқаттың шырышты қабықтарымен баланыста болған заттарды зарарсыздандыру үшін қолданылады.

5% хлорамин ерітіндісі жалпы жинастыру жүргізі үшін және туберкуцлез инфекциясымен байланыста болғанзаттарды құралдарды зарарсыздандыру үшін қолданылады.

Ескерту: Зарасыздандыру ерітінділерімен жұмыс істеген кезде сақтану шараларын қатаң түрде сақтау қажет.Теріге және шырышты қабыққа зарарсыздандыру ерітіндісі шашырағанда тез арада ағынды сумен жуу керек.

Зарарсыздандырылатын құрал жабдықтар

Деохлор% концентрациясы

Зарарсыздандыру уақыты

Зарарсыздандыру әдісі

Мүлік,қабырға жиһахдар т.б

0,015

30мин

Сүрту немесе сулау

Тамақ қалдықтарсыз ыдыс

0,015

15мин

Батырып қою

Тот баспайтын темірден, резинадан, шыныдан, пластмастан жасалған мед заттар

0,1

30мин

Батырып қою

Қанмен, бөліністермен былғанаған киім-кешектер мен төсеніштер

0,2

60мин

Жібіту

Қанға былғанған қолданған материал

0,2

60мин

Батырып қою

Жуынды сулар

0,2

60мин

Қорытынды жинастыру жұмысы

0,2

60мин

Сулау,сүрту

Сан-тахникалық жабдықтар

0,06

45мин

Сүрту

Жинастыру инвентарі

0,2

60мин

Жібіту

Қанмен, бөліністермен былғанбаған киім-кешектер мен төсеніштер

0,015

30мин

Жібіту


написать администратору сайта