Ртл. Зат алмасу немесе метаболизм
Скачать 122.25 Kb.
|
Зат алмасу немесе метаболизм деп тірі ағзада өтетін барлық химиялық реакциялардың жиынын айтамыз. Зат алмасу нәтижесінде ағзаға қажет заттар түзіледі және энергия бөлінеді. Ағза мен сыртқы орта арасында әрқашан зат және энергия алмасуы үздіксіз жүріп отырады. Күрделі қоректік заттар ас қорыту мүшелерінде қорытылып құрылысы жай заттарға айналған соң ащы ішектен қанға және лимфаға өтеді. Қан және лимфа ағыны арқылы ұлпаларға жеткізіледі. Әр мүшенің жасушалары өзіне тән және өсіп-өнуіне қажетті қарапайым заттарды түзеді. Қоректік заттардың ыдырауынан пайда болған энергияны жасушалар әр-түрлі физиологиялық үрдістер үшін жұмсайды. Артық түскен заттарды өзіне қор етіп жинайды (мысалы, гликоген, май). Ал жасушалардың тіршілік етуі нәтижесінде түзілген керексіз заттар өкпе, тері ішек арқылы сыртқа шығарылып отырады. Зат алмасу (метаболизм) – жасушаның тіршілігін қамтамасыз ететін, организмде жүріп жататын барлық химиялық процестердің жиынтығы. Бұл организмнің тіршілік қабілетін сақтау және сыртқы ортамен қарым-қатынасын, организмге қоректік заттардың еніп, олармен ферменттер әсерінен ыдырауын, пайда болған жай заттардың жасушалар мен мүшелерге тасымалданып, олардың тотығуын, энергия бөлініп шығуын, жасуша құрамындағы түзілістердің биосинтезделуін және қорытылған өнімдердің организмнен бөлініп шығуын қамтамасыз етеді. Жасушадағы қандай да болса, бір заттың белгілі бір тәртіппен ферменттік айналуға түсуін –метаболизмдік жол, ал осы кезде пайда болатын аралық өнім – метаболиттер деп аталады. Пластикалық алмасу- биосинтез реакцияларының жиынтығы; жаңа жасушалар, олардың органоидтері иен жасушаарлық заттардың түзілуіне және энергия жинақталуына жұмсалатын жай заттардан күрделі заттардың түзілуі. Пластикалық алмасу есебінен жасушаның бөлінуі, дамуы және өсуі жүзеге асады. Энергетикалық алмасу- жасуша құрамына кіретін органикалық қосылыстардың энергия бөліп, тотығуы мен ыдырауы жүретін кері процесс. Пластикалық және энергетикалық алмасу процестері бір мезділде жүреді, олар өзара тығыз байланысты, бірақ жүру қарқыны бір-біріне тең емес. Себебі, жас кезде организм өседі әрі дамиды, оның жасушалары қарқынды бөлінеді. Бұл кезде пластикалық алмасу басым жүреді. Қартайған кезде, керісінше, энергетикалық алмасу басымырақ жүре бастайды. Сипаттамасы Зат алмасу өзара тығыз байланысқан екі қарама-қарсы құбылыстан тұрады: 1) Ассимиляция немесе пластикалық алмасу 2) Диссимиляция немесе энергетикалық алмасу Ассимиляция деп жай заттардан күрделі қосылыстардың түзілу реакцияларының жиынтығын айтамыз. Бұл реакциялар энергияны қажет етеді. Пластикалық алмасу нәтижесінде жасушалардың құрамы жаңарады. Ал диссимиляцияда күрделі заттар ыдырап энергия бөлінеді. Бөлінген энергия ағзаның тіршілігін сақтап, ой және дене еңбектерін орындаға жұмсалады. Жасушадағы қандай да болса, бір заттың белгілі бір тәртіппен ферменттік айналуға түсуін – метаболизмдік жол, ал осы кезде пайда болатын аралық өнім – метаболиттер деп аталады. Метаболизмнің қарапайым молекулалардан күрделі құрылымдық заттардың түзілу реакциясы – анаболизм, ал бұған қарама-қарсы өтіп жататын процесті катаболизм дейді. Жасыл өсімдіктерде фотосинтез нәтижесінде түрлі көмірсулар түзіледі. Жануарлар әдетте осы көмірсулармен қоректенеді. Қарапайым қанттар қанмен жануарлар денесіне таралып, күрделі полисахарид – гликогенге айналады. Метаболизм нәтижесінде көмірсулар (пируват) органикалық қышқылға, одан әрі майға, көмірсудан пайда болған органикалық қышқылдар аммиак азотымен реакцияласу нәтижесінде амин қышқылына, май, ақуыздар метаболизм нәтижесінде ыдырап, соңында несеп зәрі, аммиак, көмірқышқыл газы, т.б. қарапайым заттарға айналады. Адам мен жануарлар организміндегі метаболизм процесін реттеуде жүйке жүйесінің атқаратын (әсіресе, үлкен ми сыңарлары қыртысының) маңызы зор. Организмнің дамуы, өсуі, т.б. Метаболизм заңдылықтарына бағынады. Адамда метаболизм процесінің ауытқуы байқалса, адам ауруға шалдығады. Мысалы, диабет, семіздік, бүйрекке тас байлану, атеросклероз, т.б.[1] Метаболизм екі қарама-қарсы реакциялар топтарынан тұрады: катоболизм және анаболизм. Катаболизм мен анаболизм арасындағы энергия алмасуы Катабалистік жол АТФ және НАДФ*Н түрінде химиялық энергия бөледі. Анабализм кезінде ол энергия қарапайым молекулалардан макромолекулар құрастыруға жұмсалады. Анабализм немесе биосинтез кезінде қарапайым ізашар молекулалардан нуклеин қышқылдары және т.б. жасушаның макромолекулалары синтезделеді. Биосинтез молекулалардың көлемі өсіп күрделенгендіктен, оған энергия жұмсалады. Ол энергияның көзі АТФ-ның АДФ мен бейорганикалық фосфатқа дейін ыдырауынан пайда болады. Жасушаның кейбір бөлшектеріне НАДФ-Н-дан бөлінетін энергияға бай атомдары пайдаланылады. Катаболизм және анабализм реакциялары жасушада бір уақытта жүреді, бірақ олардың жылдамдығы бір-біріне тәуелсіз реттеледі. Негізгі зат алмасу Жұмсалған энергия мөлшері айналадағы температураға, істелген жұмыстың, ішілген астың түріне, оның мөлшері мен құрамына, денедегі зат алмасу қарқынына т.б жағдайларға байланысты. Энергия жұмсалуы стандартты жағдайда өлшенеді. Денеден шығатын энергия стандартты жағдайда жұмсалатын энергиямен салыстырылады. Стандартты жағдайда жұмсалған энергия негізгі алмасу деп аталады. Негізгі алмасу деңгейін анықтау үшін біріншіден, айналадағы ауаның температурасы 18-20º болуы шарт. Сыртқы ауа температурасы төмен болса, оны жылыту үшін жылу көбірек жұмсалады, екіншіден, негізгі алмасу аш қарында, яғни соңғы рет ас ішкеннен кейін 14 сағат өткен соң зерттеледі. Өйткені, ас ішкен кезде ас қорыту ағзаларының қызметін қамтамасыз ету үшін адамға қосымша энергия жұмсауға тәулігіне 500 ккалдай керек, үшіншіден, негізгі алмасу дене еттерінің тыныштық кезінде анықталады, адам бір сағаттай қимылдамай жатуы қажет. Қимылдаған кезде дене еттері жиырылады да, энергия жұмсалады. Негізгі алмасу деңгейі адамның салмағына, бойына, жасына, жынысына байланысты. Тамақтану- ағзаның қуат шығынының орнын толтыруға, тіндер құрылуына және жаңартылуына және қызметтерін реттеп отыруға кажетті, ағзаға түсетін заттардың қорытылу, сіңу және сіңірілу үрдістері. ағзаның өмір сүруге, денсаулықты және жұмысқа қабілеттілікті сақтауға қажет нәрлі заттарды (ақуыз, май, көміртегі, дәрумендер, минералды тұздар) бойға сіңіру процесі. Тиімді тамақтану Тиімді тамақтану адам біраз ауру-сырқауға ұшырамай, оларды оңай жеңіп отырады. Тиімді тамақтану мезгілсіз, ерте қартаюдан алдын-ала сақтандырады. Асқазаны, жүрек-қан тамыры т. б. сырқатқа ұшырағанда тамақтанудың арнайы ойластырылып жасалған ас үлесі (рацион) мен режимі емнің бір түрі болып табылады. Тамақтану бүкіл организмнің бір қалыпты дамуы мен үйлесімді қызметін қамтамасыз ететіндей болып ұйымдастырылуы тиіс. Адамның кәсібіне, жасына, жынысына сәйкес, тіршілік әрекетіне қарай қажет тамақтық рационы оның құрамындағы ақуыз, май,көмірсулар т. б. заттардың сапасы мен мөлшері жағынан реттелу керек. Организмнің физиологиялық қажеті көптеген жағдайға байланысты, олар ұдайы өзгеріп отырады. Организмнің тамақтан жұғымды заттарды дәл осы сәтте қажетті мөлшерде бойына сіңіріп зат алмасу процесінде бір затты екінші түрге айналдыратын, керекті кезінде пайдалануға болатындай қор жасайтын, реттеуші механизмі болады. Бірақ организмнің реттеу мүмкіндігінің белгілі шегі бар; ол мүмкіндік бала кезде және егде тартқан шақта көбірек шектеледі. Бірқатар заттарды, кейбір витаминдер, алмастырылмайтын амино қышқылын адам организмі зат алмасу процесінде жинақтай алмайды, ол дайын күйінде тамақпен бірге берілуі тиіс, өйтпеген күнде кісі тамақ жұқпайтын ауруға ұшырайды. Тамақтың жұғымдылығы Тамақтық жұғымдылығы оның құрамындағы ақуыз, май, углеводтардың саны мен сапасына байланысты. Дені сау адамның тамақтану рационында ақуыз, май және углеводтардың ара қатынасы 1:1:4-ке жуық болуы керек. 1 грамм ақуыздың, майдың жәнекөмірсулартың қуаттылық құндылығы олардың сіңімділігін ескергенде тиісінше 4,9 және 4 ккал болады. Тамақтың бойға сіңетін құнары организмнің өмірлік маңызы бар функцияларын, оның ішінде зат алмасу мен депо қызметін дұрыс атқаруына жұмсалады. Тамақты сіңіру кезінде организмнің бөлген қуатының мөлшерін тағамның калориясы деп атайды. Тамақтану рационын жасағанда адамның жынысын, жасын кәсібін ескеру қажет; ауыр дене жұмысын істейтін адамдар, болат қорытушылар, ағаш кесушілер, ауыл шаруашылығының механизаторлары жеңіл дене еңбегімен немесе ой еңбегімен шұғылданатын адамдарға қарағанда ақуыз, май,көмірсулартары көп тамақтарды қажет етеді.[2] Тамақтану мезгілдері Адамдар күніне 3-5 рет тамақтанады. Негізгі тамақтану мезгілі үшке бөлінеді: таңертеңгі ас (сағат 7.00-9.00 аралығы) - ас үлесі (рацион) қант қосылған ботқа, сүт тоқаш, сары май т.б. - организмде қант құрамын тұрақтандырады, тәбетті ретке келтіреді, сонымен қатар күні бойы тамақты шамадан тыс көп жеуден және семіруден сақтайды; түскі ас (сағат 13.00-14.00 аралығы) - ас үлесі (рацион) құнды - әр түрлі тағамдар жиынтығы, организмді керекті құнарлы заттармен қанықтырады; кешкі ас (сағат18.00-19.00) - ас үлесі (рацион) жеңіл тағамдар - ұйқы кезінде адам организмін жайландырып, қорытылуына көп қуат кетпейтін тағамдар; Аралық тамақтану: таңертеңгі ас пен түскі ас ортасында - екінші таңетртеңгі ас (ланч) - жеміс-жидек немесе тоқаш, сусын немесе шырын; түскі ас пен кешкі астың ортасында - түстік - көмеш немесе ашыма, сусын немесе шырын, айран. Емдік тамақтану Емдік тамақтану емдік шаралар кешенімен бірге бірқатар аурулардың алдын алу және асқындырмай емдеу үшін пайдаланылады. Толық мақаласы: Қоғамдық тамақтану Қоғамдық тамақтану - тамақ өнімдерін дайындап, оларды жекелеген халық тобына өткізумен айналысатын қоғамдық тамақтандыру кәспорындарында тамақтану. Қоғамдық тамақтандыру кәспорындары: асханалар; мейрамханалар; кафелер; буфеттер; шайханалар Дәрумен — адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың ағзасындағы зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар. Дәрумен (латынша vіta – тіршілік және амин) туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігері Николай Лунин салды. 1912 жылы поляк дәрігері Казимеж Функ сол кезге дейін жасалған тәжірибелер нәтижесін қорытындылап, ғылымға дәрумен терминін енгізді. Дәрумен немесе витамин - салыстырмалы құрылысы күрделі емес және әртүрлы табиғаты бар төменгі молекулярлы органикалық қосылыстардың тобы. Бұл жиынды химиялық табиғаты бойынша органикада біріктіріледі, олардың ортақ қасиеті гетеротрофтылармен азық түрінде тұтынатынында. Автотрофты ағзалар да дәруменге мұқтаж болып келеді, дегенмен олар дәруменді синтез жолымен не тікелей қоршаған ортадан алады. Тағамдар құрамында (немесе қоршаған ортада)дәрумендер саны айтарлықтай көп емес болғандытан, олар микронутриент болып табылады. Дәрумендер қатарына әдетте микроэлементтер мен алмастырылмайтын амин қышқылдары жатқызылмайды. Дәрумендерді зерттейтін ілім витаминология деп аталады. Дәрумендердің көбісі коферменттер болып табылады. Дәрумендердің көпшілігі ферменттердің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Ағзада үздіксіз жүріп жататын химиялық реакциялар, мысалы, ішкен тағамның, мал азығының ыдырап, қорытылуы, ферменттердің қызметіне байланысты. Тағамның құрамында дәрумен жеткіліксіз болса, адам әр түрлі ауруға шалдығады. Ал дәруменді (әсіресе, А және D дәрумендерін) шамадан тыс көп қабылдау ағзаның улануына (гипервитаминоз) соқтырады. Ол көбінесе, жас балаларда жиі кездеседі. Қазір барлық дәрумендерді суда еритін дәрумен, майда еритін дәрумен және дәрумен тектес заттар деп бөледі. Дәруменнің мал үшін де маңызы зор. Мал азығында дәрумен жеткіліксіз болса, малдың өнімі төмендейді, олар жүдеп, әр түрлі ауруларға шалдығады. Мал азығында А, Д, Е, К дәрумендері жеткілікті мөлшерде болуы қажет. Мысалы, А дәрумені жетіспеген жағдайда сиыр не бие көз ауруына шалдығады, сүті кемиді, сондай-ақ олар қысыр қалуы, іш тастауы мүмкін. Малға қажетті дәрумен балауса шөпте, жоңышқада, сүрленген шөптерде, тағыда басқа болады. Қыста адәруменозға шалдыққан, тағыда басқа түрлі жағдайлармен жүдеген малға дәрумен концентраттарын, сәбіз, балық майы, тағыда басқа дәрумені мол азық беру керек. Мал азығындағы дәрумен мөлшерін көбейту үшін арнайы дәрумен препараттары мен құрғақ ашытқылар шығарылады. Құнарлы тағамдар Дәрумен жетіспеушілік, авитаминоз – күнделікті ішетін тағамда дәрумендердің жетіспеуінен, олардың бойға сіңуінің бұзылуынан не дәрумен синтезделуінің тежелуінен туатын аурулар. Егер адам үнемі дәрумені аз, бірыңғай тағаммен (консервіленген, кептірілген, рафинадталған) тамақтанса, ағзаға, негізінен көмірсулар (қант, тағы да басқа) ғана түсіп, ақуыз бен майлар аз түссе, ал көкөніс пен жеміс-жидектер мүлдем болмаса дәрумен жетіспеушілік дамиды. Сондай-ақ азық-түлік дұрыс сақталмаса немесе олардан сапасыз тағам дайындалса, азық-түлік құрамындағы дәрумендер бұзылады. Мысалы, құрамында никотин қышқылы (РР дәрумені) аз дәнді дақылдармен ғана қоректену пеллагра ауруына, ал қауызы алынған күрішпен және өте ұнтақталған бидай ұнынан жасалған нанмен ғана тамақтану бери-бери сырқатына әкелуі мүмкін. Тағамда дәрумендердің жеткіліксіз болуы, адам ағзасын әлсіретеді. Мұндай жағдайды гиповитаминоз деп атайды. Оған ауа райының қолайсыз жағдайы, ауасы лас жерде ұзақ уақыт жұмыс істеу, сондай-ақ гастрит, асқазан ісігі, гельминтоз, лямблиоз, тағы да басқа аурулар себеп болады. Дәрумен жетіспеушілік болғанда ағзада зат алмасу процесі бұзылып, оның жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті нашарлайды. Сондай-ақ, адамның көңіл-күйі күйзеліске ұшырағанда, ауа-райының құбылмалы кезеңдерінде, әйелдердің жүктілігі не сәбиін емізуі, тағы да басқа жағдайларда ағзада дәрумен жетіспеушілік артады. Мұндай жағдайда дәрігерге қаралып, арнаулы дәрумендер қабылдап, көкөніс пен жемістерді көбірек пайдалану қажет. Дәрумен жетіспеушілік және гиповитаминоз жануарларда да болады. Мал авитаминозбен, көбінесе көктемде ауырады. Дәрумен жетіспеушіліктен аналық мал қысыр қалады, төл нашар өседі. Мысалы, В дәрумені жетіспеген жағдайда құс полиневритпен, шошқа пеллаграмен ауырады. D дәрумені жетіспесе, төл қатпа болады, ірі мал сүйек ауруына шалдығады. Дәрумендердің топтары мен түрлері Жемістер мен көкөністер құрамында дәрумендер көп Барлық дәрумендер майда және суда еритіндер деп екі топқа бөлінеді. Майда еритіндерге А, D, Е, К дәрумендері жатады. Суда еритін дәрумендерге С, РР және В тобындағы барлық дәрумендер жатады. соңғы кезде дәрумендерді классификациялап үлкен 4 топқа боледі: алифатты , алициклды, ароматикалық, гетероциклды, Майда еритін дәрумендер А дәрумені (ретинол) ағзаның өсуіне, дамуына әсер етіп, түрлі ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Іңірде, түнде көруді жақсартады. А дәрумені шаштың, тырнақтың өсуі мен терідегі жасушалардың мүйізденуіне әсер етеді. Ол жетіспегенде тері құрғап жарылып, түсі күңгірттенеді. Май бездерінің құрамы өзгереді, көздің қасаң қабығы бұзылады. Адам іңірде, түнде нашар көреді. Бұл ауруды ақшам соқыр (куриная слепота) деп атайды. А дәрумені бауырда, сүтте, жұмыртканың сарысында көп болады. Өсімдіктердің қызыл, сары жемістерінде, сәбізде, қызанақта, өрікте, асқабақта кездеседі. А дәруменінің ағзаға қажет тәуліктік мөлшері 2,5-10,5 мг. D дәрумені (кальциферол) адамның терісінде күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен түзіледі. Ол кальций мен фосфордың ішектен бөлінуін жылдамдатып, сүйек ұлпасының мықтылығына әсер етеді. Адам ағзасы D дәруменін тағамның құрамынан да қабылдайды. Жас сәбилерде D дәруменінің жетіспеуінен болатын ауру мешел (рахит) деп аталады. Мешел ауруына шалдыққан балалардың қаңқасы дұрыс қалыптаспайды. Аяқ сүйектері дене салмағының әсерінен майысады, сүйек баяу дамиды, ұйқысы қашады. Жұқпалы аурулармен көп ауырады. Сондықтан жас сәбилердің мешел ауруына шалдықпауы үшін күн сәулесіне шығарып шынықтырады. D дәрумені балық майында, бауырында, уылдырығында, жұмыртқаның сарысында, жануарлардың бауырында, сүт өнімдерінде мол. D дәруменінің қажетті тәуліктік мөлшері 2,5 мг. Суда еритін дәрумендер С дәрумені (аскорбин қышқылы). Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Сүйекке және тіске беріктік қасиет береді. С дәрумені биологиялық тотығу кезінде зиянды заттардың түзілуін тежейді. Ол қарсы денелерді түзетін ферменттердің құрамына кіреді. Терідегі қантамырлардың қабырғасының бүлінуіне де кедергі жасайды. С дәрумені жетіспеген жағдайда ағза тез шаршайды, сілемейлі қабықшалар қабынады, қызылиек қанталайды. Бұл дәрумен ұзақ уақыт жетіспесе, адам кауіпті құрқұлақ (цинга) ауруына шалдығады. Адам ағзасы С дәруменін түзбейтіндіктен, тамақпен бірге қабылдануы керек. С дәрумені ағзаға қыс пен көктем айларында көбірек қажет. Жаңа піскен көкөністер, жемістер және тұздалған орамжапырақ құрамында көбірек кездеседі. Әсіресе итмұрынның, қарақаттың құрамында мол болады. Ағзаға қажетті тәуліктік мөлшері 60-100 мг. Тағамдық өнімдеріндегі витаминдерді сақтау жолдары Тағамдық заттарды дұрыс сақтамау және өңдеу кезінде құрамындағы дәрумендер бұзылады. Тағамдық өнімдерді жоғары температурада өңдегенде С дәрумені жойылып, В тобындағы дәрумендердің мөлшері азаяды. Тағамның құрамындағы дәрумендерді сақтау үшін, төменгі температурада, тоңазытып барып сүрлемелеу әдісін қолданады. Бұл кезде тағамдық өнімдер 0-4°С температура аралығында өңделеді. Азық-түлік өнімдерін тез арада тоңазыту әдісі кезінде олардың құрамындағы дәрумендер толығымен сақталады. Азық-түлік өнімдерін күнге кептірген кезде де, олардың құрамындағы дәрумендер азаяды. Тұздау кезінде дәрумендер сақталады. дәрумендерді сақтау үшін эмаль, шыны ыдыстарын пайдаланады. В1 дәруменi В1 дәруменi (тиамин ) ағзада дұрыс зат алмасуы үшін (әсіресе кеміртегінің) аса қажет. дәрумен жетіспегенде шаршағандық сезіліп, ас қорыту процесі бұзылады. ағза тиаминге зәру болған жағдайда жүйке жүйесі үлкен ауруға шалдығуы мүмкін. В1 дәруменіне әсіресе сыра ашытқысы, келтірілген және тығы зд алған наубайханалық шикізаттар анағұрлым бай. Ал тағамдық азықтардың ішінде, әсіресе жармалар (көбіне қара құмық және сұлы жармалары), құнарсыз ұн сорттарынан пісірілген нан болғаны жөн. Дене және ой еңбегімен көп шұғылданғанда және суықта ұзақ болғанда ағза В1 дәруменін көп қажет етеді. В2 дәрумені В2 дәрумені (рибофлавин), басқа да дәрумендер сияқты ағзаның бірқалыпты өсуіне қажетті, ол биологиялық тотығу процестеріне қатысады. Жарақаттардың тез жазылуына мүмкіндік береді, көздің жақсы көру қабілетін сақтайды. Бұл дәрумен жетіспеген жағдайда ерін құрғап, кезереді, ұшық шығады, денеге түскен жарақат баяу жазылады. Вг дәрумені нан ашытқысында, бауырда, сондай-ақ сүт пен сүт тағамдарында көбірек болады. дәрумен ыстыққа төзімді, бірақ жарықтық әсерінен тез бұзылады. В6 дәруменi В6 дәруменi (пиридоксин) ақуыздардың құрамдас бөлігі болып табылатын амин қышқылдарының алмасуы на қатысады. В6 дәруменінің жетіспеушілігі жас балалардың бойының өсуін тежеп, қан аздығы мен сезіміне тез қозғыштығын тудырады, ал екіқабат әйелдердің бетінде қара дақ пайда болады. В6 дәрумені мал етінде, балықта, сүтте, ірі қара малдың бауырында, ашытқыларда және көптеген өсімдік өнімдеріне бар; әдеттегідей дұрыс тамақтанып жүрген жағдайда бұл дәрумен ағзада жеткілікті болады. В6 дәруменін молырақ қажетсіну ағзаның өсуі, әйелдің екіқабат және бала емізу кезеңдерінде жиірек байқалуы мүмкін. В12 дәрумені В12 дәрумені (цианокобаламин ) қанның пайда болу процесіне қатысады. Бұл дәрумен жетіспеген жағдайда ағзада қан азаю процесі дамиды. Бауырда, бүйректе, балық тағамдарында (әсіресе балықтың бауыры мен уылдырығында) көбірек болады. Еттің, сүт пен ірімшіктің, жұмыртқа сары уызының құрамында В12 дәрумені анағұрлым аз. В15 дәруменi В15 дәруменi (кальций пангаматы). Химиялық табиғаты мен әсер ету күші әлі жеткілікті зерттелмеген. Емдік мақсатта атеросклероз, қан айналысының бұзылуы, бауыр ауруларына және басқа да сырқаттарға пайдаланылады. Е дәруменi Е дәруменi(токоферол) бұлшық еттердің және жыныс бездерінің қызметін жақсартады. Ол өсімдік майының, жаңғақтық, бұршақ пен жүгері тұқымдарының және көкөністің құрамында көбірек болады. Сондай-ақ малдың бауырында, жұмыртқада, сүттің құрамында бар. К дәруменi К дәруменi (филлохинон) қанның ұю процестеріне қатысады. Өсімдіктердің көктеп енетін бөліктерінде (жасыл жапырақты саумалдық, түбірлі және жапырақты қырықжапырақ, қалақай және т. б.), сондай-ақ сәбіз және томат құрамында болады. Малдан алынатын өнімдердің ішінде бауырдан басқа да К дәрумен жоқ. Р дәруменi Р дәруменi (биофлавоноидтер)—жіңішке қан тамырларының беріктігін арттырып, қызметін қалыпқа түсіріп отыратын биологиялық заттар тобы. Бұл С дәруменімен араласқанда анағұрлым тиімді. Р дәрумені шайдың (әсіресе көк шайдың) құрамында, сондай-ақ итмұрын, лимон, құрма, қара қарақат, жұзім, өрікте және қарақұмық ұнтағында өте көп. РР дәрумені РР дәрумені (ниацин). Табиғатта ең таралған суеріткіш топтары никотинді қышқыл және никотинамид деген атпен белгілі. Көмірсулар алмасуын жақсартады, тамырларды кеңетеді, қан ағымын жақсартады, бауыр жұмысын жақсартады, жара мен терең жаралардың жазылуына әсер етеді. РР дәрумені жетіспеген жағдайда көңіл-күйдің болмауы, еріннің құрғақтығы мен бозарыңқылығы, іш өту және бұлшық ет ауруы. Көктем мен жаз кезінде теріде қызғылт тез өсетін дақ пайда болады, зақымданған тері жуандайды да кір қызыл-қоңыр түске боялады, қабыршықтанады. Фолий қышқылы Фолий қышқылы (фолацин) қан құралу процестерімен тығыз байланысты. Негізінен жапырақты көкөністердің құрамында болады, сонымен бірге помидор, алма, картопта, бауыр, бүйрек, ашытқылар бар. Пантотен қышқылы зат алмасуының маңызды реакцияларына қатысады. Мал өнімдерінен және өсімдіктен дайындалатын көптеген тағамдардың құрамында бар. Бұл дәруменнің тәулік ішінде адам ағзасына қажет мөлшері күнделікті тамақ құрамында жеткілікті болуға тиіс. Дене температурасының реттелу тетігіТері Дені сау ересек адамның дене температурасы +36,5°С+36,9°С. Бір тәуліктің ішінде де дене температурасының сәл де болса ауытқуы байқалады. Мысалы, түнге қарағанда күндіз сәл жоғарылау болады. Бұл ағзадағы зат алмасудың өзгеруіне тікелей байланысты. Адам дене температурасының мұндай аз ғана ауытқуын сезе бермейді. Дене температурасының +43°С көтерілуі немесе +25°С төмендеуі қазаға ұшыратады. Ағзаның өз дене температурасын бірқалыпты сақтауға бағытталған физиологиялық үдерістерін жылуды реттеу дейді. Дене температурасының тұрақтылығы ағзада пайда болған жылумен, сыртқа бөлінетін жылудың мөлшеріне байланысты. Ағза жылуды тері арқылы шығарады. Адамның бір тәулікте бөлетін жалпы жылуы шамамен 13 500 Дж болса, оның 80%-ы тері арқылы сыртқа бөлінеді. Адам денесінде жылу екі жолмен реттеледі. Біріншісі — химиялық жол, екіншісі - физикалық жол. Химиялық жолмен жылудың реттелуі зат алмасу кезінде ағзада түзелетін жылу мен бұлшықеттердің жұмысына байланысты. Бұл тағамның құрамындағы ағзалық заттардың ыдырауынан бөлінетін энергия арқылы реттеледі. Физикалық жолмен реттелуі ағзада пайда болған энергияның сыртқы ортаға жылу түрінде бөлінуі арқылы жүзеге асады. Оған теріден судың тер арқылы булануы мысал болады. Тері арқылы ағзадағы жылудың реттелуі тер бездерінің, қантамырлардың, тері шелмай қабатының қатысуымен жүреді. Ағзадағы жылу денеге қан арқылы таралады. Терідегі жүйке талшықтарының тітіркенуінен зат алмасу қарқыны өзгереді. Мысалы, сыртқы орта температурасы көтерілсе, зат алмасу бәсеңдейді де, қантамырлар кеңейеді. Теріге көп мөлшерде қан ағып келіп, теріде температура көтеріледі де бұл кезде сыртқа көп жылу бөлінеді. Осылай ағза өзін қызып кетуден қорғайды. Егер сыртқы орта температурасы ағзаның дене температурасынан төмен болса, қантамырлар тарылады. Бұл кезде теріге қан аз келеді де, ағзада жылу сақталып, өзін тым салқындап кетуден сақтайды. Ағзадан жылудың бөлінуі тек сыртқы ортаның температурасына ғана байланысты емес. Кейде адамның көңіл күйіне де сәйкес жылудың бөлінуі өзгереді. Мысалы, кейбір адамдар қатты ашуланған кезде терісі қызарып не бозарып кетеді. Бұл да теріге келетін қан мөлшерінің өзгеруіне байланысты. Тері арқылы жылудың реттелуі тікелей жүйке және эндокриндік жүйелердің бақылауы арқылы жүзеге асады. Тері түсінің өзгеру себептеріТері Терінің түсі сыртқы ортаның және тікелей ағзаның әсерінен де өзгеруі мүмкін. Тері түсінің өзгеруі тамақтану ережесінің бұзылуынан, витаминдердің жетіспеуінен болуы мүмкін. Мысалы, А витамині жетіспесе, тері құрғайды, жарылады. Сыртқы ортаның әсерінен тері түсінің өзгеруі бір заттың қатты тиюіне, түрлі ауруларға байланысты болуы мүмкін. Терінің гигиенасыТерінің және оның қосалкы бөліктерінің (шаш, тырнақ) тазалығына үнемі көңіл бөлініп түру қажет. Тері ластанса (кірлесе), түрлі аурулардың пайда болуына әсер етеді. Сондықтан теріні, шашты күніне арнайы сұйықсабынмен (шампунь), түрлі иіс сабынмен жуып тұру қажет. Терінің тазалығына түрлі аурулардың таралмауына киетін киімдердің де әсері бар. Ауа өткізбейтін немесе тар аяқ киімдер, жасанды матадан тігілген киімдер теріге зиянды әсер етеді. Тері күйгенде көрсетілетін алғашқы жәрдемТерінің күюі өртке, кейбір химиялық заттарға, күнге де байланысты. Терінің күйген жерін суық сумен шайып, марганцовканың әлсіз ерітіндісімен сүртеді. Егер күйген теріде күлдіреген көпіршік пайда болса, оны жаруға болмайды. Көпіршік жарылғаннан кейін ғана түрлі емдік жақпамай жағып, таңуға болады. Өте қатты күйген теріге таза таңғыш салып, емханаға жеткізу керек. Қышқылға күйген тері алдымен таза сумен, артынан екі пайыздық сода ерітіндісімен жуылады. Үсіген кезде көрсетілетін алғашқы жәрдем. Тері үсіген кезде теріде ақ дақтар пайда болады, тері еш нәрсені сезбейді. Мұрын, құлақ, бет үсігенде жұмсақ матамен ептеп ысқылайды. Үсіген жерді қармен ысқылауға болмайды, өйткені қар түйіршіктері үсіген теріні жарақаттап жіберуі мүмкін. Үсіген жердің сезімталдығы қалпына келмесе, тез арада дәрігерге қаралу қажет. Қолы немесе аяғы қатты үсіген адамды жылы бөлмеге жатқызып, үсіген жерді жылы затпен орап тастау керек. Үсіген жердің жайлап жылығаны пайдалы. Терісі үсіген адамға жылытатын сусындар ішкізу керек. Күн өткенде көрсетілетін алғашқы көмекЫстық күндері ұзақ серуенге шыққанда, ыстық орындарда ауыр қара жұмыс істегенде күн өтуі (ыстық өтуі) мүмкін. Күн өткенде бас айналады, ауырады, көз қарауытады, кейде есінен танып қалуы да мүмкін. Күн өткен адамның беті қызарады, тыныс алуы, жүректің соғуы жиілейді. Дене температурасы күрт көтеріліп, +40°С жетуі мүмкін. Күн өткен адамды тез арада салқын жерге әкеліп, денесін қысып тұрған киімдерін шешеді. Басын жоғары жатқызып, маңдайына, жүрек тұсына салқын орамал қояды. Салқын сусындар ішкізу де пайдалы. Тез арада дәрігер шақыру қажет. Егер ауру адам тыныс ала алмаса, жасанды жолмен демалдыру шараларын жасау керек. Күн өтпеу үшін ыстықта бас киім киіп жүрген жөн. Тапсырмалар Фронтальді сұрақтар 1.Қарын сөлінің құрамына не кіреді,оның әсерінен қандай қоректік заттар қорытылады? 2. Ұлтабар ұшында ас қалай өзгереді? 3. Бауырдың маңызы қандай? 4. Ұйқы безінің сөлі қайда құяды? 5. Қорытылған ас қалай сіңіріледі? 6. Тоқ ішекте ас қалай қорытылады? 7. Қоректік заттарға сөл қалай әсер етеді? 8. Мына заттардың қайсысы ( нәруыз, май, көмірсу) сілекейдің әсерінен қорытылады? 9.Анаболизм, катоболизм туралы түсінік 10.Емдік тамақтану және олардың түрлері Тест 1.Пластикалық алмасу нəтижесінде А.заттар ыдырайды жəне синтезделеді. Вкүрделі органикалық қосылыстар синтезделеді.С.энергия бөлінеді. Д.энергия сіңіріледі. 2.Органикалық заттар ыдырағанда А.энергия жинақталады. В. Энергия сіңіріледі. С. энергия бөлінеді Д.жай заттар түзіледі. 3. Нəруыздар түзіледі А.глюкозадан В.глицерин мен май қышқылынан С.аминқышқылдарынан Д.несепнəр мен зəр қышқылынан. 4. Майлар ыдырайды А.глюкозаға В.глицерин мен май қышқылдарына. С.аминқышқылдарына Д.несепнəр мен зəр қышқылына. 5. Көмірсулар ыдырайды А.глюкозаға В,глицерин мен май қышқылдары С.аминқышқылдары Д.несепнəр мен зəр қышқылына. 6. Организм сыртқы ортадан не алады? А.оттек В.көмірқышқыл газын С.органикалық заттар,су,минералды заттар. Д.несепнəр мен зəр қышқылын. 7. Энергетикалық алмасу А.ассимиляция В.диссимиляция С.пластикалық Д. синтез 8. Қорытылған астың сіңірілуі кезінде алдымен лимфаға,одан қанға түсетін зат. А. майлар В.глицерин мен май қышқылдары С.аминқышқылдары Д.глюкоза. 9.Адамға тəн майлар қайда түзіледі? А.бауыр жасушаларында В.тоқ ішек жасушаларында С.ішек бүрлерінің эпителий жасушаларында Д.аш ішек бүрлерінде. 10. Гемоглобин құрамына кіретін , оттек пен көмірқышқыл газын тасымалдайтын зат. А.кальций мен фосфор В.йод С.темір Д.хлор 11. Сүйек құрамына кіретін зат. А.калий мен натрий В.кальций мен фосфор Д.күкірт пенмырыш С.темір мен йод. 12. Энергетикалық алмасудың бірінші кезеңінің атауы. А. дайындық В. тыныс алу С. оттексіз кезең Д. оттекті 13. Энергетикалық алмасудың екінші кезеңінің атауы. А.ас қорыту В.оттексіз кезең Д. оттекті кезең Д. зат алмасу 14. Энергетикалық алмасудың үшінші кезеңінің атауы. А.ас қорыту В.оттексіз кезең С. Оттекті кезең Д.зат алмасу 15. Организмнің витаминдермен улануы. А.гиповитаминоз. В. Авитаминоз С.гипервитаминоз Д.витаминоз. |