Заттар алмасуына кіріспе. Таам биохимиясы. Витаминдер. Энергия алмасуы
Скачать 117.5 Kb.
|
Заттар алмасуына кіріспе. Тағам биохимиясы. Витаминдер. Энергия алмасуы. Тағам биохимиясыАдам тағамының биохимиялық негіздері. Толық бағалы тағам келесі құрамда болады: 1. Энергия және заттар алмасуына қажетті заттар (көмірсулар, майлар, белоктар); 2. Ауыстырылмайтын аминоқышқылдар; 3. Ауыстырылмайтын май қышқылдары; 4. Витаминдер; 5. Минералды тұздар; 6. Клетчатка; 7. Су; Энергия көздері. Көмірсулар, майлар және белоктар макроқоректік заттар болып табылады. Олардың қабылдануы адамның жасы мен жынысына тәуелді және грамдармен өлшенеді. Көмірсулар адам тағамының энергиялық көзінің негізгісі – ең арзан тағам. Дамыған елдерде көмірсулардың 40-ға жуығы рафинадталған қанттың үлесінде, ал 60-ы крахмал түрінде қабылданады. Аз дамыған елдерде крахмалдың үлесі жоғары. Көмірсулар есебінен адам ағзасындағы энергияның негізгі бөлігі түзіледі. Майлар – бұл да энергияның шығу көзінің бірі. АІТ-де көмірсулармен салыстырғанда, баяу қорытылады, сондықтан тоқшылық сезімінің дамуын қалыптастырады. Өсімдік тектес триглицеридтер тек энергия ғана емес, сонымен бірге, ауыстырылмайтын май қышқылдарының (линол және липолен қышқылдарының) да көзі болып табылады. Белоктар – энергия беру қызметі олар үшін негізгі емес. Белоктар ауыстырылмайтын және ауыстырылатын аминоқышқылдар көзі ағзадағы биоактивті заттардың алғызаттары болып табылады. Бірақ аминоқышқылдар тотығуға түскенде энергия бөлінеді. Олар көп болмаса да энергиялық рационды құрайды. Көптеген дамыған елдерде адамдар тағамның артық қабылдануынан, себебі, ол семіздікке әкеледі, ал аз дамыған елдерде керісінше, тағам жетіспеушілігінен зардап шегеді. Күн сайын әлемде 12000 адам аштықтан қайтыс болады. Тағам жетіспеушілігі балаларда жүдеушілік пен квашиоркор дамуына әкеледі. Квашиоркор балаларда белоктық құрамы аз төмен калориялы тағамды қабылдағанда дамиды. Баланың өсуі төмендейді, ісік дамиды. бауыр, бүйрек, ұйқы безінде, дегенеративті өзгерістер өтеді. Мұндай бала өлмесе де, ұзаққа созылған белоктық аштық оны өмір бойы мүгедек етеді. Ересек адамдарда белоктық аштықта жоғарыдағы ұқсас құбылыстар өтеді. Ағзаның ауыстырылмайтын заттары 1. 15 витамин; 2. 10 аминоқышқыл; 3. Екі полиқанықпаған май қышқылдары; 4. 20 минералдық тұздар; 5. Клетчатка. Олардың бәрі тағам құрамында міндетті түрде болуы қажет. Клетчатка. Тағамның қорытылмайтын компоненті. Клетчатканың құрамында целлюлоза, гемицеллюлоза, лигнин, пектин болады. Бұл заттар жемістердің, көкөністердің, өңделмеген дәндердің құрамында кездеседі. АІТ-де қорытылмайды. Ағза үшін клетчатканың маңызы бұл: 1. Ішектердің перистальтикасын реттеу; 2. Нәжіс массасын қалыптастыру; 3. Тоқшылық сезімін қалыптастыру; 4. Ішектің қалыпты микрофлорасының қызметіне жағдай жасау; 5. Холестериннің өт құрамында бөлінуін стимулдеу; 6. Глюкозаның сіңірілуін төмендету (қант диабеті науқастары үшін маңызды); 7. Улы заттар үшін сорбент; Ауыстырылмайтын аминоқышқылдар. Тағам белоктары аминоқышқылдық құрамы бойынша ерекшелінеді. Өсімдік тектес белоктар құрамында адам ағзасына сәйкес аминоқышқылдардың толық жиыны болмайды. Жануар белоктарының биологиялық бағалылығы жоғары. Олар ағзада жақсы қорытылады. Аминоқышқылдық құрамды өсімдік белоктарынан толықтыру үшін әртүрлі өсімдіктерді көп мөлшерде қабылдау қажет. Дәндер целлюлозалық қабықпен қапталған болғандықтан, олар АІТ ферменттері арқылы ыдырауға түспейді. Сондықтан олар қорытылмайды. Ауыстырылмайтын май қышқылдары. Оларға линол және линолен қышқылдары жатқызылады. Адам олардың қажеттілігін аса сезбейді, себебі, олар өсімдік өнімдерінде (майларында), балық және тауық майларында болады. Ағзада ауыстырылмайтын май қышқылдары торша мембранасы құрамында болады, бірталай биоактивті заттардың алғызаты болып табылады. Витаминдер. Витаминдер – бұлар әртүрлі құрылыстағы кіші молекулалы органикалық заттар, олар бір топқа келесі белгілерімен жинақталған: 1. Ағзаға абсолютті және өте аз мөлшерде қажетті заттар; 2. Көптеген витаминдер ағзада синтезделмейді, сондықтан сырттан түсуі қажет немесе тек ішек микрофлорасы арқылы ғана аз мөлшерде синтезделеді. Витаминдердің барлық тіршілік формасы үшін ролі бірдей, бірақ жоғары сатыдағы ағзалар оларды синтездеу қабілетін эволюция барысында жоғалтқан. Мысалы, аскорбин қышқылы (С витамині) адам, маймыл, теңіз свинкасы ағзаларында бұл затты глюкозадан синтездейтін ферменттік жүйе жойылғандықтан синтезделмейді. Витаминдік жетіспеушілік – бұл ағзада қандай да бір немесе бірнеше витаминдердің жетіспеушілігінен туындайтын патологиялық немесе патологиялық топтардың қалпы. Витаминдік жетіспеушілікке субнормалдық қамтылу, гипо-, және авитаминоздық қалыптар жатқызылады. Субнормалдық қамтылу – бұл витаминдердің клиникалық белгілерге дейінгі жетіспеушілігі және тек биохимиялық бұзылулар бойынша сипатталады. Субнормалдық қамтылу дені сау адамдар арасында кең таралған (балаларда, студенттерде, қарттарда және т.б.). Бұл стадияда тек фармацевтикалық препараттар емес, сонымен бірге, тағамдық өнімдер арқылы да коррекциялауға болады. Гиповитаминоз – бұл витаминдік құрамның мөлшерінің ағзадағы қажетті мөлшерінен төмен болуы. Гиповитаминоздың клиникалық белгісі айқын емес авитоминоз белгілері. Гиповитаминоздың клиникалық белгілері барлық түрі үшін жалпы болады. Ол тәбеттің, жұмыс қабілетінің төмендеуі, тез шаршау және т.б. Авитоминоз – бұл ағзадағы қандай да бір немесе бірнеше витаминдік құрам мөлшерінің ресурсының мұндай болмауы. Қандай да бір немесе бірнеше витаминдердің жетіспеушілігіне тән спецификалық клиникалық белгісі бойынша сипатталады. Авитоминоз жиі түрде ұзақ ашыққанда байқалады. Гипо-, және авитоминоз дамуының себептері. Ішкі және сыртқы себептерге бөлінеді. Гиповитаминоздың сыртқы себептері: 1. Тағам құрамында витаминнің жетіспеушілігі (тағамның дұрыс дайындалмауы, дұрыс сақталмауы); 2. Тағамның дұрыс емес рациондық құрамы (рационда көкөніс және жемістің болмауы); 3. Қандай да бір витаминге қажеттіліктің ескерілмеуі. Мысалы, егер адам белоктық тағамды көп қабылдаса, онда В6 витаминіне қажеттілік жоғарылайды, ал В5 (РР) витаминіне қажеттілік төмендейді; 4. Қоғамдық себептер (халықтың урбандалуы, жоғары тазаланған және консервіленген тағамдарды қабылдау, тағамдағы антивитаминнің болуы. Әлемде қоғамдық, авитоминоздық себептер де кездеседі. Мысалы, солтүстіктегі алыс аудандарда адамдар көкөніс пен жемісті аз мөлшерде қабылдайды. Урбанданудың нәтижесінде, консервіленген тағамдарды көп қабылдау және т.б. Гиповитаминоздың ішкі себептері: 1. Витаминге физиологиялық қажеттілік (жүктілік кезеңінде, ауыр физикалық жұмыста); 2. Ауыр созылмалы жұқпалы ауру және сауығу кезеңі; 3. АІТ кейбір ауруларындағы витамин сіңірілуінің бұзылуы; 4. Ішектегі дисбактериоз. Себебі, В3, В6, Н, В12, К витаминдері ішек микрофлоралары арқылы синтезделеді; 5. Кейбір ферменттік жүйелердің генетикалық ақауы. Мысалы, балаларда Д витамині резистентті рахит активті формасы (1,25-холекальциферолдың түзілуіне қатысатын ферменттердің жетіспеушілігінде дамиды. Витаминдердің жіктелуі. Негізгі жіктелу витаминдерді суда еритіндер және майда еритіндерге бөлу арқылы өтеді. Суда еритін витаминдер: В1 (тиамин), В2 (рибофлавин), В3 (пантотен қышқылы), В5 (РР) (никотин қышқылы), В6 (пиридоксин), Вс (фолацин, фоль қышқылы), В12 (цианкобаламин), Н (биотин), С (аскорбин қышқылы), Р (биофлавоноид), липой қышқылы. Майда еритін витаминдер: А (ретинол), Д (кальциферол), Е (токоферол), К (филлохинон). Соңғы кездері витаминдерді қызметі бойынша жіктеу қолданыла бастады. Бұл жіктеу бойынша витаминдер бөлінеді. Энзимовитаминдер – (В1, В2, В5, В6, В12, В3, Н, Вс); гормоновитаминдер – (А, Д2, Д3); антиоксидант немесе редокс витаминдер – (А, Е, С, липой қышқылы). Кейбір жағдайда бір витаминде әртүрлі қызметтер қосарлануы мүмкін. Мысалы, коферменттік және антиоксиданттық. Майда еритін витаминдерФормула Витамин А (ретинол, антиксерофтальмиялық). А витаминінің гиповитаминозының өте ерте және спецификалық белгісі – гемералопия – (“соқыр тауық“) қараңғыда көрудің бұзылуы. Бұл көру пигменті родопсиннің жетіспеушілігі. Родопсин активті топ ретінде ретинольды (А витаминінің альдегиді) ұстайды. Ол көз торларының таяқшаларында болады. Бұл торшалар аз интенсивті жарық сигналдарын қабылдауға қабілетті. Жарық кезде жарық сәулесі родоксинді қоздырғанда, цис-ретиноль молекулаішілік ферменттік қайта құру нәтижесінде толығымен транс-ретинольға айналады. Бұл родопсин молекуласының конформациялық изомерленуіне әкеледі. Родопсин опсин мен транс-ретинальға диссоциацияланады, ал бұл көру жүйесінен қоздырушы импульсті босату механизмі болып табылады. Импульс ары қарай миға беріледі. Родопсин опсин + цис-ретиналь(белок) Қараңғыда ферменттік реакция нәтижесінде транс-ретиналь қайтадан цис-ретинальға айналады, опсинмен байланысып родопсинді түзеді. А витамині өсу процессі мен тері жамылғы эпителилеріне де ықпал етеді. Сондықтан, авитаинозда терінің, шырышты қабықтардың және көздің зақымдалуы байқалады, ол тері мен шырыштардың мүйізденуі тәріздес патологиямен білінеді. Науқастарда ксерофтальмия – көздің мүйізше қабықшаларының құрғауы дамиды, себебі, эпителийдің мүйізденуі нәтижесінде, жас бөлуші каналдардың тығындалып қалуы өтеді. Көз бактерицидтік қасиетке қабілетті жаспен жуылмайтын болғандықтан коъюктивиттер, жаралар және көз мүйізшесінің жұмсаруы кератомаляция өтеді. А витаминінің авитаминозында АІТ шырыштарының, тыныс алу және несеп жолдарының зақымдалуы өтеді. Барлық ұлпалардың жұқпалы ауруларға тұрақтылығы бұзылады. Авитаминоздың жас балаларда дамуында өсудің тежелуі өтеді. Қазіргі кезеңде, А витаминінің мембрана торшаларын тотықтырғыштан қорғауға қатысатын немесе антиоксиданттық қасиеті анықталған. А витамині бауырда резервтелінеді. Тағамдық шығу көздері: - теңіз балықтары мен сүтқоректілердің бауыры, жұмыртқа сарыуызы, бүтін сүт, балық майы. Қызыл түсті көкөніс пен жемістердің құрамында (қызанақ, сәбіз және т.б.) каротин көп болады. Құрамында 2 ионондық сақина болатын каротин молекуласы А витаминінің алғызаты болып табылады. Қазіргі кезеңде, адамдарда А витаминінің гиповитаминозы ішектері, ұйқы безі ауырғанда, бауырдың өт бөлу қызметі бұзылғанда және майлардың сіңірілуінің бұзылуында байқалады. А витаминінің жоғары дозасы (гипервитаминоз) ағзаның улануын жүргізеді. Гипервитаминоз белгілері – көздің ісінуі, гиперкератоз, шаштың түсуі, диспептикалық құбылыс. А витаминінің тәуліктік қажеттілігі 1-2,5 мг, ал каротин 2 есе көп қажет. D витамині (холекальциферол, антирахиттік). Сурет. Д витамині таза күйінде активті емес, бірақ ол активті 1,25-дегидроксихолекальциферолдың (Д3 витамині) алғызаты. Активті форманың синтезі екі этапта өтеді: 1-этап бауырда, 2-этап бүйректе. Бүйректен активті Д3 витамині басқа мүшелер мен ұлпаларға негізінен ащыішек пен сүйектерге жеткізіледі. Ол Са мен Р алмасуының реттелуіне қатысады. Д витаминінің жетіспеушілігі фосфор-кальций алмасуы мен сүйектену процесінің бұзылуына әкеледі. Соның нәтижесінде, балаларда рахит ауруы дамиды. Рахиттің белгісі – бұл остеомаляция (сүйектің “жұмсаруы” – сүйектенудің кешігуі, баланың еңбегінің жабылуының кешігуі, кеуде сүйектерінің омыртқа, аяқ, қолдардың деформациясы). Ересектерде Д витаминінің жетіспеушілігінде остеопороз – қаңқа сүйегінен кальций тұздарының жуылу нәтижесінде сүйек ұлпасының мүжілуі. Д витаминіне қажеттілік жүкті әйелдерде жоғары болады. Қолайлы жағдайда Д витамині адам ағзасында алғызат 7-дегидрохолестериннен УК-сәуле әсерінен В сақинасында байланыстардың үзілуі нәтижесінде синтезделеді. Тағамдық шығу көзі: -балық, балық майы, бауыр, сары май, жұмыртқа сары уызы. Д3 витаминінің тәуліктік қажеттілігі – 10-20 мкг. Д витаминінің гипервитаминозы (1,5 мг/тәулік) өте улы. Гипервитаминозда уланудан басқа гидроксиапатиттердің ішкі мүшелерде (бүйрек, қан тамырларының кальциленуі) тұнып қалуы байқалады. К витамині (филлохинон). Сурет. К витамині протромбиннің (ІІ-фактор) қалыпты синтезделуі үшін қажет. Ол ұю жүйесінің бір белогы тромбиннің алғызаты. Тромбин – бұл фибриногеннің фибринге айналуы реакциясын катализдейтін фермент. Фибрин қанның ұю жүйесінің активтелгенінде қан түйіршіктерінің негізі. К витаминнің жетіспеушілігінде протромбиннің ақаулы молекуласы синтезделеді. Жетіспеушілігінің негізгі белгісі – қанның ұюының бұзылуы, нәтижесінде паренхиматоздық және капиллярлық өздігінен қан кетулер өтеді. Тағамдық шығу көзі: -рябина, орамжапырақ, аралас май, өсімдік майлары. Ішектің микрофлоралары арқылы да синтезделеді. Сондықтан К гиповитаминоздың бір себебі, ішектің дисбактериозы (мысалы, антибиотиктерапия). К витаминінің табиғи антивитамині тромбозды емдеуде қолданылатын – салицил қышқылы. Себебі, ол қандағы протромбиннің мөлшерін төмендетеді. К витаминінің тәуліктік қажеттілігі дәл анықталмаған. Тәулігіне жуық шамамен 1мг қажет. Е витамині (токоферол, көбею витамині). Антиоксидант. Е витаминнің жетіспеушілігінде бауырдың дегенеративті өзгерісі, биомембрананың қызметінің бұзылуы өтеді. Е витамині торша мембранасының липидтерін өттегінің активті формасымен тотығудан қорғайды. Авитаминозы ұзақ ашыққанда немесе майлардың сіңірілуінің тұрақты бұзылуы. Бұл кезде, терінің қабыршақтануы, бұлшықет әлсізденуі, бедеулік (көбею қызметінің бұзылуынан) дамиды. Е витамині табиғатта кең таралғандықтан (өсімдік майы, бидай дәндері, сары май және т.б.,) авитаминоз өте сирек кездеседі. Тәуліктік қажеттілігі – 10-30 мг. С витамині (аскорбин қышқылы, антицингалық, антискорбуттық). Сурет. Лимон шырынынан 1932ж. алғаш рет бөлініп, екі жылдан соң синтезделіп алынған. С витаминінің биоролі оның тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысуымен байланысты. 1. С витамині коллагеннің синтезіне қатысады. Сондықтан С гиповитаминозында коллагеннің қалыпты құрылымы қалыптаспайды, нәтижесінде, тамырлар қабырғаларының эластикалығы жойылып сынғыш болады, тері асты, шырыштық қабық асты, нүктелік қан кетулер байқалады. 2. Бүйрекүстілердің стероидтық гормонының синтезіне қатысады. 3. Темірдің сіңірілуіне қатысады. 4. Ағзаның спецификалық емес имммундық қорғанысына қатысады. 5. Антиоксидант. С витаминінің авитаминозы – цинга. Цинганың белгісі – қызыл иектің ауырсынуы, босаңсуы, қанаушылығы, тістің босаңсуы, капиллярдың бүтіндігінің бұзылуы теріасты қан кетуі, ісіну, буындардағы ауырсынулар, жараның жазылуының кешігуі, анемия. Нәрестелерде цинга жасанды сүтте С витамині болмағанда дамиды. Цингадағы барлық өзгерістердің негізіне (анемиядан басқасы) коллагеннің синтезінің бұзылуы жатқызылады. Анемия темірдің сіңірілуінің бұзылуымен байланысты. Қазіргі кезеңде, цинга кең таралған, бірақ көктемде көптеген адамдарда гиповитаминоз байқалады, мысалы, әлсіздік, иммунитеттің төмендеуі. Тағамдық шығу көзі: -жасыл көкөністер мен жемістер. Есте сақтау қажет, С витамині қыздырғанда жеңіл бұзылады, ерекше түрде оттегі, темір мен мыс иондарының қатысуында. Қышқылдық ортада жақсы сақталады (ашыған орамжапырақта, клюквада, қара қарақатта және итмұрында). Көкөніс пен жемістерді ұзақ сақтағанда олардағы С витамині азаяды. С витаминінің көзіне шырша мен қарағайдың тікенек жапырақтары жатқызылады. Тәуліктік қажеттілігі – 100 мг. Емдік дозасы – 1-2 г/тәулік. Р витамині (рутин, өткізгіштік витамині). Биологиялық ролі – дәнекер ұлпасының негізгі затының тұрақтандырушысы, гиалуронидаза ферментін ингибирлеу жолымен. Адамдарда Р витаминінің жетіспеушілігінде, қан тамырларының өткізгіштігі жоғарылайды, қан кету және қан ағу бойынша сипатталады. Р витамині С витаминінің әсерін күшейтеді (оның қажеттілігін төмендетеді) Тағамдық шығу көзі: -жасыл көкөністер мен жемістер, лимонның қабығы. Тәуліктік қажеттілігі белгісіз. “В” ТОБЫНДАҒЫ ВИТАМИНДЕР В1 витамині (тиамин, антиневриттік). В1 витаминінің туындысы – ТПФ – көптеген ферменттердің коферменті болып табылады. В1 витаминінің жетіспеушілігінде “бери-бери” ауруы дамуы мүмкін. Бұл тағамының негізгі бөлігін жүгері мен тазаланған күріш құрайтын шығыс елдерінде жиі кездесетін. Бұл ауруға бұлшықет әлсіздігі, ішектің моторлық қызметінің бұзылуы, тәбеттің жоғалуы, жүдеушілік, шеткері неврит (белгісі – адам өкшесіне тұрғанда ауырсынатындықтан аяғының ұшымен жүреді), сананың шатасуы, жүрек -қан тамырлары жүйесінің жұмысының бұзылуы. Тағамдық шығу көздері: -қара нан. Жүгеріде, күріште, бидай нанында В1 витамині мүлдем болмайды. Бұл қара бидайда тиаминнің бүкіл дәннің бойына таралғанын, ал басқа дақылдарда ол тек дәннің қабығында болады. Тәуліктік қажеттілігі – 1,5 мг. В2 витамині (рибофлавин). В2 витамині кофакторлар флавинмононуклеотид (ФМН) және флавинаденидинуклеотид (ФАД) құрамында болады. Оның ағзадағы биологиялық қызметі – бұл флавопротеид (ФП) құрамында тотығу-тотықсыздану реакциялары қатысады. Бұл витаминнің жетіспеушілігі тағамға қара нан қабылдамайтын адамдарда жиі кездеседі. Гиповитаминозының белгілері: көздердегі және езулердегі ангулалық дематиттер “езулік”. Жиі түрде бұл кератитке (көз мүйізшесінің қабынуы). Ауыр жетіспеушілігінде анемия болады. Жиі жағдайда В2 және В5 (РР) витаминдерінің қосарланған гиповитаминозы байқалады, себебі, олар бірдей өнімдердің құрамында болады. Тағамдық шығу көздері: -қара нан, сүт, бауыр, жұмыртқа, сары түсті көкөністер, ашытқылар. Тәуліктік қажеттіліг – 2-4 мг. В9 витамині (фоль қышқылы). Келесі үш құрылымның бірлігі: птеридин, ПАБҚ (парааминобензой қышқылы) глутамин қышқылы. Птеридин – N – ПАБҚ – N – глутамин қышқылы Жиі жағдайда ПАБҚ-ны витамин деп атайды, бірақ бұл дұрыс емес. ПАБҚ бұл фоль қышқылын синтездеуші микроағзалар үшін өсу факторы. Фоль қышқылы тетрагидрофоль қышқылы түрінде активті бір көміртекті фрагменттерді тасымалдайтын ферменттік реакцияларды катализдейтін ферменттердің коферменті болып табылады. Мысалы, пуриндік және пиримидиндік нуклеотидтердің биосинтезі. Адам ағзасындағы авитаминозда макроцитарлық анемия байқалады. Бұл жағдайда қызыл жілік майының торшаларында ДНҚ синтезі бұзылады, науқастардың салмағы төмендейді. Тағамдық шығу көзі: -жасыл көкөністер, ашытқы, ет, шпинат. Авитаминоз сирек кездеседі, себебі, бұл витаминге қажеттілікті ішек микрофлоралары компенсациялайды. Кейбір ішек ауруларында дисбактериоз дамығанда фоль қышқылының сіңірілуі бұзылады. Тәуліктік қажеттілігі – 0,2-0,4 мг. В6 витамині (пиридоксин). В6 витамині пиридоксаль фосфат формасында аминоқышқылдардың декарбоксилазасы мен трансаминазалардың простетикалық топтарының құрамына кіреді. Ол аминоқышқылдар алмасуының көптеген реакциялары үшін қажет. Сондықтан В6 авитаминозында аминоқышқылдар алмасуы бұзылады. В6 витамині гемоглобиннің гемінің синтезінің реакцияларына (d-аминолевулин) қатысады. Сондықтан адамда анемия дамиды. Анемиядан басқа, дерматит те дамуы мүмкін. В6 витаминінің жетіспеушілігі туберкулезбен ауыратын адамдарда дамиды, себебі, бұл науқастарды В6 витаминінің антогонисы изониазидпен емдейді. Тағамдық шығу көздері: -қара нан, бұршақ, картоп, ет, бауыр, бүйректер. Тәуліктік қажеттілігі – 0,15-0,20 мг. В3 витамині (пантотен қышқылы). Пантотен қышқылының молекуласы бета-аланиннен және 2,4-дигидрооксидиметилмай қышқылдарынан тұрады. Бұл витаминнің маңыздылығы ол HS-КоА-ның құрамына (ацетилдендіруші кофермент) кіретіндігінде. КоА-ның құрылысы: а) тиоэтиламин; б) пантотен қышқылы; в) 3-фосфоаденозин-5-дифосфат; HS-КоА ацилдік қалдықтардың ауысуын катализдейтін ферменттердің құрамына кіреді. Сондықтан В3 витамині май қышқылдарының бета-тотығуына, альфа-кетоқышқылдардың тотығып декарбоксилденуіне, бейтарап майлардың, липоидтардың, стероидтардың, гемнің, ацетитлхолиндердің биосинтезіне қатысады. Дисбактериоз нәтижесіндегі пантотен қышқылының жетіспеушілігінде адамда дерматиттер дамиды, ауыр жағдайда, ішкі секреттеуші бездердің өзгерістерінде (бүйрекүстілердің де) шаштың депигменттелуі, жүдеушілік байқалады. Тағамдық шығу көздері: -жұмыртқаның сарыуызы, бауыр, ашытқы, ет, сүт. Тәуліктік қажеттілігі – 10 мг. В12 витамині (кобаламин, антианемиялық). Құрылысы күрделі, молекуласының құрылымы гемге ұқсас, бірақ темірдің орнында кобальт болады. Бұл витамин нуклеин қышқылдарының синтезі үшін қажет. Ол оксирибонуклеотидті дезоксирибонуклеотидтерге (РНҚ-ны ДНҚ-ларға) айналдырады. Бұл витаминнің жетіспеушілігі қатерлі ісіктік тромбоцитарлық анемияның дамуына, орталық жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуына әкелуі мүмкін. Әрқашан да кобаламин мен фоль қышқылының қосарланған жетіспеушілігі байқалады. Анемия В12 витаминінің жетіспеушілігінен емес “Кастлдың ішкі факторы” деп аталатын белок, асқазанда өндірілетін гликопротеиннің жетіспеушілігінен дамиды. Кастл факторы В12 витаминінің сіңірілуі үшін қажет. Асқазанның бір бөлігін алып тастағанда, гастритте Кастл факторының өндірілуі азаяды. Бұл тек ішек микрофлорасы арқылы синтезделетін және бауырда деполанатын суда еритін жалғыз витамин. Тәуліктік қажеттілігі – 2,5-5 мг. В5 витамині (РР, антипелларгиялық). Химиялық атауы – никотинамид. Никотинамидтік дегидрогеназалардың коферменттердің құрамына НАД және НАДФ түрінде кіреді. Оның ролі – тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысу. В5 витамині жетіспеушілігінде пеллагра ауруы дамиды. Пеллаграда дерметит, диарея, деменция (орталық жүйке жүйесінің зақымдалуы) дамиды. Тағамдық шығу көзі: -ет, боб, жаңғақ, балық және белоктарға бай өнімдер. В5 витамині жартылай түрде триптофаннан синтезделуі мүмкін. Тәуліктік қажеттілігі – 15-25 мг. Н витамині (биотин). Биотин молекуласының құрамында имидазолдық және тиоэфирлік, оған валериан қышқылының радикалы қосылған сақина болады. Н витамині карбоксилаза ферментінің құрамына кіреді. Ішектердегі витаминнің сіңірілуін пісірілмеген жұмыртқада болатын авидин-белогы тежейді. Термиялық өңделген жұмыртқада (пісірілген) овидин денатурланады. Н витаминінің авитаминозында дерматит, тырнақтардың зақымдалуы, анемия дамиды. Н витамині ішек микрофлорасы арқылы синтезделеді. Фоль, пантотен қышқылдары, биотин, пиридоксин, кобаламин жетіспеушіліктеріне байланысты болатын авитаминоздар сирек кездеседі, себебі, бұл витаминдер К витамині тәріздес ішектің микрофлорасы арқылы синтезделеді. А витаминозы ішек дисбактериозында, өзгеше дистода немесе ішектің сіңірілуінің бұзылуында байқалады. Бейорганикалық минералдық заттар Құрамына негізгі заттар, белоктар, майлар, көмірсулар, нуклеин қышқылдары болатын қосылыстардан басқа адам ағзасына тағаммен бірге басқа да химиялық элементтер түсуі қажет. Негізгі элементтер: С, О, Н, N, S, P, сонымен бірге, 20-ға жуық минералдық заттар да жатқызылады. Қандай да бір минералдық элементтің жетіспеушілігі өте сирек кездеседі, себебі, олар тағам мен судың құрамында жеткілікті мөлшерде болады. Бірақ кейбір минералдық заттарға байланысты эндемиялық аймақтар болады. Ол қандай да бір элементтің жетіспеушілігімен (мысалы, иодтың немесе фтордың) байланысты. Минералдық заттарға мәйітті өртегенде қалатын күлдің құрамы жатқызылады. Ересек адамның мәйітінен 3 кг-ға жуық күл қалады. Қазіргі кезеңде, біздің ағзамызда 70-ке жуық әртүрлі элементтерді бөледі: а) макроэлементтер – олардың мөлшері грамм, ондаған немесе жүздеген грамм. Олар – Na, K, Ca, P, S, Cl. б) микроэлементтер – олардың мөлшері миллиграмм, ондаған миллиграмм. Олар – Аu, Сг және т.б. Минералдық элементтерді тіршілігі үшін қажеттілігіне байланысты жіктегенде, оларды “биоэлементтер” деп те атайды. Ағзадағы қызметі белгісіз элементерді “кездейсоқ қоспалар” деп атайды. Мысалы, Au (алтын). Ағзада минералдық заттар біркелкі таралмаған. Ағзаның ең қатты ұлпасы тістің 98%-ы минералдық заттар, торшасыртылық сұйықтықта небары 0,5-1% ғана минералдық зат болады. Фтор көп мөлшерде тіс эмалінде, йод-қалқанша безінде, темір-қызыл жілік майында кездеседі. Көптеген минералдық заттар жекеленген ұлпаларда концентрацияланады. Біршама біркелкі Mg, Аl, Br, Se таралған. Ағзадағы минералдық заттардың формалары. 1. Иондалған форма – минералдық тұздардың диссоциацияланған ерітіндісі түрінде. Иондар белок молекуласымен байланысып комплекс түзеді. Байланыс спецификалық немесе спецификалық емес болуы мүмкін. Спецификалық байланыстың мысалы, трансферрин белогының темірді тасымалдауы. Спецификалық емес байланыстың мысалы, плазма альбумині көптеген металдарды тасымалдайды. 2. Органикалық молекулалар құрамындағы форма. Бұл жағдайда байланыс спецификалық және мықты. Мысалы, гемоглобиндегі темір, тироксиндегі иод. 3. Ерімейтін тұздар түрінде (кристалдық форма). Мысалы, сүйек және тіс ұлпасындағы гидроксиапатиттер кристалдары (кальций фосфаттары, фтор тұздары). Минералдық заттар ағзаға тағам және су арқылы асқазан-ішек трактісінен және тыныс алу мен тері жамылғыдан түседі. Қалыпты жағдайда олар асқазаннан нашар сіңіріледі, ал ішектен олар активті тасымалдану жолымен сіңіріледі. Минералдық заттардың ролі. 1. Құрылымдық ролі. Бұл рольді сүйек пен тіс ұлпасындағы ерітілмеген тұздар ғана емес, сонымен бірге, торша мембранасы құрамына кіретін фосфолипидтер те атқарады. 2. Энергетикалық ролі. Минералдық элементтер тікелей энергия беруші қызметті атқармайды. Олар ағзадағы энергияның түрленуі мен айналуларына қатысуға қажетті заттар болып табылады. Мысалы, фосфор макроэргиялық байланыстар, темір – цитохромдар құрамына кіреді. 3. Реттеушілік роль. Минералдық заттар қатысады: а) қанда және торшаларда осмостық қысымның тұрақтылығын ұстау; б) қанда және торшаларда рН тұрақтылығын ұстау. Бұл ағзадағы екі буферлік жүйенің көмегімен өтеді: - а) бикарбонаттық; б) фосфаттық. Минералдық заттар біздің ағзамыздың биореттеушілерінің (ферменттер, гормондар, витаминдер) құрамына кіреді. Әрбір минералдық компонентті тек өзіне ғана тән рольді атқарады және басқасымен ауыстырылуы мүмкін емес. Кейбір минералдық заттардың метаблизмінің ерекшеліктері. Кальций (Са). Адам ағзасында жуық шамамен 1-2 кг. кальций болады. Оның 90%-ға жуығы ерімейтін тұз формасында сүйек және тіс ұлпаларында, ал 10%-ы ионданған қалыпта кездеседі. Қызметі: 1. Сүйектену процесі үшін қажет; 2. Ферменттік жүйенің жұмысына (бұлшықет жиырылуына) қатысады; 3. Жүйке импульсін өткізеді; 4. Қанның ұю факторы; 5. Кейбір гормондардың активтілігін реттеуге қатысады; 6. Кейбір ферменттердің активаторлары, тағамдық шығу көзі: -сүт өнімдері, боб, дақылдар, жаңғақ, қышқылдық ортада жақсы сіңіріледі. Тәуліктік қажеттілігі – 800 мг, жүкті әйелдер үшін – 1,2 г. Фосфор (Р). Ересек адамның ағзасында 1 кг-ға жуық фосфор болады. 85%-ы сүйек ұлпасының құрамында. Қан плазмасындағы фосфордың концентрациясы 1-1,4 ммоль/л-ді құрайды. Адам ағзасы үшін кальций мен фосфордың келесі қатынасы маңызды: Са/Р2 Қызметі: 1. Сүйектену процесіне қатысады; 2. Макроэргтер құрамына кіреді; 3. Нуклеин қышқылдарының құрамына кіреді; 4. Кейбір коферменттер құрамында болады; 5. Фосфолипидтер құрамында болады; 6. Қанның буферлік жүйесінің құрамына кіреді; 7. Фосфопротеиногеннің (сүт казейні) құрамына кіреді. Фосфордың ағзада жетіспеушілігі жиі түрде фосфор алмасуының бұзылуымен байланысты. Натрий және калий алмасуы (Nа, К). Натрий – адам ағзасының негізгі торшасыртылық ионы. Қызметі: 1. Осмостық қысымның тұрақтылығын ұстау; 2. Қанның буферлік жүйесінің жұмысына қатысу; 3. Жүйке-бұлшықет тонусына қатысу; 4. Жүйке торшаларының қоздырылуы процесіне қатысу. Тәуліктік қажеттілігі – 1 г. Бірақ біз жиі түрде 10 грамға дейін қабылдаймыз. Натрийдің артық мөлшерде қабылдануы адамда гипертониялық аурулардың дамуына әкеледі. Калий – ағзаның негізгі торшаішілік ионы. Калийдің тәуліктік қажеттілігі – 4 граммға жуық. Адам іш өтуде және құсуда калийді көп жоғалтады.
Торша мембранасында бұл иондардың концентрациясының градиенті болады. Бұл концентрациялар айырмасын ұстау біздің ағзамыздың көптеген қызметін атқару үшін маңызды. Калийдің торшаішілік тұрақты жоғары концентрациясы Nа/К-АТФ-аза есебінен ұсталынады. Бұл фермент торша мембранасына қосылған. К ионы үшін байланысу орталығы мембрананың сыртқы бетінде орналасқан, ал Nа ионы үшін ішкі бетінде. Na/К-АТФ-аза АТФ-тің гидролизденуі энергиясын пайдаланып, К+-ті торша ішіне, ал Na+-ті сыртына шығарады. Na+ жақсы гидраттанады, сондықтан Na+- пен бірге торшадан су да шығарылады. Темір және мыс (Ғе, Сu). Темір. Оттегі тасымалдауы белоктардың гемінің (гемоглобин, миоглобин), цитохромдар, пероксидазалар, каталазалар синтездері үшін қажет. Темір ішектен Ғе2+ ионы түрінде сіңіріледі, бірақ өте баяу. Оның сіңірілуі тотықсыздандырғыштар қатысында (С витамині) жылдамырақ өтеді. Адам мен ішек микрофлорасы арасында темірге бәсекелесу болады. Жануарлар өнімдерінен темір жақсы сіңіріледі. Ағзаның темірге қажеттілігі қажетті мөлшерден 5-6 есе артық болуын керек етеді. Тәулігіне 10 мг темір түсуі қажет. Сіңірілген темірдің ішек эпителилерінен қанға өтуі ферритин белогы қатысуымен өтеді. Қанда ферритинмен тасымалданады. Темір ағзадағы бауырда, көкбауырда, қызыл жілік майында ферритин белогымен комплекс түрінде болады. Фагоциттелуші эритроциттерден бөлінген темір пайдалануға ыңғайлы және өт пен нәжіс құрамында аз мөлшерде шығарылады. Қан кетуде темірдің жоғалуы көп жоғарылайды. Мыс. Темірдің жақсы сіңірілуі үшін тағам құрамында міндетті түрде болуы қажет. Мыс цитохромоксидаза, супероксиддисмутаза ферменттерінің синтездері үшін қажет. Мыс лизилоксидаза ферментінің активті орталығының құрамына кіреді. Бұл фермент коллаген мен эластиннің тізбектеріндегі көлденең тігістердің (байланыстарының) түзілуін катализдейді. Сондықтан мыс дәнекер ұлпасы мен эндоденешіктердің қалыпты дамуы үшін қажет. Мыс жетіспеушілігінде тамырлар сынғыш келеді, олардың жарылуы мүмкін. Мыс қан плазмасының белогы церулоплазминмен тасымалданады. |