дерма лекция. Сабаты таырыбы Дерматиттер,токсикодермиялар. Анытамасы,клиникалы кріністері Саба жоспары Дерматит. Анытамасы,трлері 2
Скачать 64.78 Kb.
|
Сабақтың тақырыбы: Дерматиттер,токсикодермиялар.Анықтамасы,клиникалық көріністері Сабақ жоспары: 1. Дерматит.Анықтамасы,түрлері 2.Дерматиттер клиникалық көріністері,ажырату адиагностика 3.Токсикодермиялар,клиникалық көріністер Дерматит-терінің әртүрлі факторлар әсерінен қабынуы. Қарапайым (артифициальды) қатынастық дерматит тек қана тітіркендіргіш фактор әсер еткен жерде пайда болады. Бұнда сенсибилизация және диссеминацияға немесе шеткі өсуге бейімділік жоқ. Сонымен қатар тітіркендіргіштің әсері тоқтағаннан кейін 1-2 апта өткен соң өзі (тіптен белсенді емсіз-ақ) жойылады. Қарапайым қатынастық дерматит жедел, тітіркендіргіш әсер еткеннен кейін тез пайда болады. Қарапайым дерматиттің негізгі себебі: физикалық (соның ішінде механикалық), химиялық және биологиялық факторлар болуы мүмкін. Қарапайым дерматит көбіне өндірістік жағдайларда байқалады, онда оны кәсіби дерматит деп атайды. Дерматит шақыруы мүмкін механикалық себептерге, әсіресе ұзақ әсер ететін, қысым, және үйкелену жатады. Бұндай факторлардың әсері қажалуларға, мысалы: аяқ басында тар аяқкиім кигеннен, ауыр физикалық жұмыс жасағанда қолға ұстаған құралмен басылуынан алақандарда, тері қыртыстарында, әсіресе емшек жасындағы балаларда, бір-біріне тиіп тұрған беттердің үйкеленуіне байланысты – мацерацияға әкеледі. Қажалуларда гиперемия мен ісіктер пайда болады, ал кейде ішінде серозды немесе геморрагиялық сұйықтық бар күлдүреуіктер пайда болады. Күлдіреуіктер жарылғанда, әсіресе ұзақ жарақаттану байқалғанда, жарақаттанған аймақтың мөлшеріне сәйкес эрозияланған беткейлер пайда болады. Субъективті науқастардаауырсыну мен қышу сезімі байқалады. Күштері онша үлкен болмайтын созылмалы қысым мен үйкеленуде тері зақымдалған аймағы тығызданып, тері инфильтрациясы нәтижесінде лихенизацияланып, эпидермистің қалыңдауы мен гиперкератозы пайда болады. Аллергиялық дерматит осы затқа сезімталдығы жоғары адамдардың терісіне аллерген қайталап әсер еткенде пайда болады. Этиологиясы. Аллергиялық дерматит сенсибилизациялық қасиеті бар химиялық заттармен шақырылады. Аллергиялық дерматитті шақыруы мүмкін заттар саны өте көп, химиялық өндірістердің дамуына байлансты, әсіресе химиялық заттардың көбеюі басым. Мысалы: химиялық заттар хром тұзы, никель, синтетикалық смола сияқты химиялық заттар, урсол бояуы, өсімдіктер, гүлдер аллергендер болуы мүмкін. Аллергендердің үлкен тобы дәрілік заттардан тұрады: пенициллин, стрептомицин, эритромицин, нистатин, гризеофульвин, синтомицинді эмульсия, формалин, сынап, резорцин және т.б. көптеген дәрілер. Қатынасты дерматитті биологиялық факторлар қатарына жататын өсімдіктер, мысалы, солтүстік ақ көмесгүлі, шаған, балдырған, наурызгүл, сорғалдақ, туғызуы мүмкін. Зақымдану таңертеңгілік шақта жүргенде, шалғындық шөптерде демалғанда (әсіресе шомылудан кейін), шөп шауып жүргенде болады. Бұндай дерматит бірнеше адамда өсімдік тиген жерлерде (жиі қол басы мен аяқта, іште, санда, тізеде) болуы мүмкін. Серозды көбіршіктері бар эритема пайда болып, бір апта бойына орнында кейін пигментация қалдырып, жазылып кетеді. Фитодерматиттің пайда болуында өсімдік құрамындағы жәнефотосенсибилизациялаушы эфир майы, алколоид, терпен және хлорофилл маңызды рөль атқарады. Жиі наурызгүл туғызатын фитодерматит кездеседі. Аллергендер өсімдік қураған кезде сақталады. Жанасқан аймақта (жиі қолда) ашық ісінкі эритема көрінеді, ал оған жақын аймақ терісінде (шынтақ, иық, бет және т.б) уртикарлы бөртпелер, сиректеу ұсақ көбіршіктер, жиілеу эритематозды фонда байқалады. Қышу мен ашу сезімі мазалайды. Аллергиялық дерматиттің клиникалық көрінісі әдетте шынайы полиморфизмді болып келеді. Қатынастық дерматиттің өзіне тән клиникалық көрінісімен қатар, аллергиялық дерматитпен ауыратын науқастарда экземаның белгілері байқалады, бірақ әлсіз түрде (везикуляция, ылғалдану қайталауға бейімділік) білінеді. Қатынастық аллергиялық дерматитте, эритема, ісіну, папулезді және везукулезді элементтер аллерген әсер еткен аймақта орналасады. Жиі қол басының сырт жағында (90-сурет), бетте, бет ұшында, мойында; сиректеу аяқ-қолда, білекте, иықта, кейбір науқастарда процесстің тері жамылғысының жабық жерлеріне барауға бейімділік байқалса да, орналасады. Аллергендермен қайталап жанасу аллергиялық дерматиттің экземаға ауысуына әкеледі. Экземаның аллергиялық дерматиттен негізгі айырмашылығы терілік сынамаға нәтиже беретін этиологиялық факторды алып жойғанда жазылып кетуі болып табылады. Аллергиялық қатынастық хейлит еріндердің қызыл жиегіне, сиректеу – еріндер кілегей қабаттарының химиялық заттарға, УКС, стоматологияда пайдаланылатын заттарға, тіс пасталарына, элексирлерге және факторларға сенсибилизация нәтижесінде пайда болады. Аурулардың көбін 18-50 жас аралығында әйелдер құрайды; кәсіби сипатты болуы да мүмкін. Аллергиялық қатынастық стоматит гиперемиямен, ісінумен, кейде нүкте тәрізді қан құйылумен, сонымен қатар күлдіреуік пен эрозиямен білінеді. Науқастар күю, құрғақтық, дәм сезу мүмкіндігінің жойылуын сезеді (92-сурет). Диагностикасы. Диагностикалауда тітіркендіргіш немесе сенсибилизатор әсер еткен зақымданудың орналасуын және клиникалық көрінісін есепке алады. Аллергиялық дерматитті анықтауда, сонымен қатар этиологиясын толық анықтауда диагностикалық, тамшылық немесе компрестік, әруақытта сезімталдық жоғары болып келетін аллергенмен оң нәтиже (эритема, ісіну, күлдіреуік) беретін, аллергиялық терілік сынамалар көмектеседі. Емі: Ең бірінші аллергиялық дерматитті тудырушы себепті анықтап, оны жою. Бөртпелердің морфологиялық ерекшелігіне байланысты сыртқы қабынуға қарсы терапиядан басқа, десенсибилизациялық ем қолданады, седативті, антигистаминді препараттар, стероидты гормондар, витаминдер тағайындалады. Аллергиялық дерматитпен ауыратын науқастардың емі экземамен ауыратын науқастардың емінің ұстанымдарына (тиісті бөлімді қара) сәйкес, алдын ала тітіркендіргіш және сенсибилизирлеуші факторлардың әсерлерін жоя отырып, құралады. Пиогенді инфекциялар қосарланған жағдайда дезинфицирлеуші жақпамай және антибиотиктер қолданылады Токсидермия немесе токсико-аллергиялық дерматит – тері жамылғыларының, кейде кілегей қабаттарының, тіркендіргіштердің тыныс жолдары, асқазан-ішек трактісі арқылы, дәрілік препараттарды көктамырға, бұлшық етке, тері астына, қынапқа енгізгенде дамитын жедел қабыну. Көпшілік жағдайда дәрілік токсидермия кездеседі. Бұл терминді, бұл дерматоздар табиғат көпшілік жағдайда токсикалық емес, аллергиялық болып келетіндіктен, 1905 жылы Ядассон енгізген. Этиологиясы. Токсидермияның себебі әртүрлі, бірақ жиі олар дәрілік препараттардың жағымсыз әсері ретінде дамиды. Тағамдық токсидермия сирек кездеседі, кейбір мәліметтер бойынша олардың түрінің 12%-ақ құрайды. Кейде токсидермия тағамдық өнімде қабылдағаннан кейін дамиды (мысалы, ет), шынында ол жануарларға берген антибиотикке реакция болып табылады. Кейбір жағдайларда шынай этиологиялық фактор болып, сперма табылады, терілік сынамалардың оң нәтижесімен дәлелденген. Басқаларынан жиірек аллергиялық реакциялардың себебі антибиотиктер болады, сосын пиразолон өнімдері (анальгин, амидоперин, бутадион), сульфаниламидтік препараттар, барбитураттар, сиректеу B1, B6, B12 витаминдері, фолий қышқылы табылады. Сенсибилизацияның кезкелген дәрілік затқа, соның ішінде кортикостероидтар мен антигистаминді препараттарға да дамуы мүмкін, сонымен қатар, препараттардың иммундық жауапты индуцирлеу қабілеті препарат құрамының молекулярлық массасының ұлғаюына байланысты Дәрілік аллергияның клиникалық көрінісі әртүрлі және барлық мономорфты морфологиялық элементтермен: дақты, папулезді, везикулезді, буллезді, фрустелезді, түйінді, сипатталады. Бұл ауруда дақты-папулезді, дақты-везикулярлы, везикуло-булезді және басқа да түрлері жиі кездеседі. Дақты токсидермия эритематозды, пигментті немесе геморрагиялық элемент түрінде басқаларына қарағанда жиі 93-сурет. Дақты токсидермия байқалады және әдетте, денеде, бетте, аяқ-қолдарда жиірек орналасады (93-сурет). Көлемді тері қыртыстарында (қолтықасты, сүт безі, шапта) бөрітпелер бір-бірімен қосылады. Бөрітпелер ашық-қызыл, сан жағынан азды-көпті нүкте тәріздес немесе одан үлкендеу, бір-біріне қосылып эритродермияға дейін жетеді. Беті тегіс немесе түлеп тұрады. Кейде өсіп келе жатқан дақтың ортасы шетіне қарағанда бозғылт болады, онда сақина тәрізді түрге ауысады. Жиі әртүрлі қарқынды қышу байқалады. Бөртпемен бірге склера инъекциясын, жас ағуын, асқазан-ішек жолының бұзылысын және салыстырмалы түрде қызбаны анықтауға болады. Дақты токсидермия дәрі қабылдағаннан кейін бірнеше сағаттан соң, кейде, осы фармакологиялық затқа бұрын гиперсезімталдық кейін, дамыған болса, өте қысқа мерзімде пайда болады. Бөрітпе тез немесе ақырындап 2-3 күнге дейін пайда болып, бірнеше күннен ешқандай із қалдырмай, жазылып кетеді. Табан мен алақан зақымдалғанда мүйізді қабаттың сыдырылып түсіп қалуы мүмкін. Дақтың эритематозды және геморрагиялық түрлері жәншауға ұқсас болады. Бұл процесс ұзаққа созылады. Бөрітпенің бұл түрінің пайда болуының жиі себебі ампициллин, амоксициллин, пенициллин, цефалоспориндер болып келеді. Пигментті токсидермия эритематозды шамалы білінетін дақтың, мойынның, аяқ-қолдың жазғыш беттерінің терісінде пайда болуынан басталады. Эритема фонында кебек тәрізді түлеу, торлы пигментация және фолликулярлы кератоз пайда болады. Дақтар қанық түсті, клиникалық тұрғыдан Риль меланозын еске түсіреді. Бұндай дақтар көбіне пенициллин, сульфаниламид, аспирин, антипирин, левамизол, метотрексат, жүктілікке қарсы препараттар қолданғаннан кейін пайда болады. Бекітілген (фиксирленген) эритема бір немесе бірнеше көлемді алқызыл, диаметрі 10 см дақ түрінде білінеді (94-сурет). Инволюция процессі барысында дақ көкшіл-қошқыл түсті болады және табақша мен көпіршік қалыптасуы мүмкін, ал қабыну процессі басылғаннан кейін гиперпигментация, аспидті және күлгін түсті дақ қалады Дәрілік аллергияның диагностикасы әруақытта қарапайым емес, сондықтан науқастан дұрыс жиналған анамнездің маңызы өте жоғары болады. Сұрастыру кезінде науқастан бұрын осындай ұқсас белгілер болған болмағанын, қандай кәсіби факторлардың бұл реакцияның себебі болуы мүмкін екенін анықтау керек. Науқастың өзі өзінің ауруын немен байланыстырады? Көптеген науқастар бұрыннан қолданып келе жатқан дәрілік заттарды (мұрынға немесе көзге тамызатын тамшылар, контрацептивтер) дәрі деп есептемейді. Сонымен қатар 1-2 апта бұрын қолданған дәрілерін емделген дәрі-дәрмектер тізіміне енгізбейді. Қарама-қарсы аллергиялық реакцияның мүмкіндігін де (кейбір диуретиктер (фуросемид, тиазид) сульфаниламидтермен, пенициллин – бастапқы препаратардан қапталдық тізбегімен ажыратылатын, жартылай синтетикалық антибиотиктер) естен шығармау керек. Ажырату диагностикасы дәрілік бөртпелердің полиморфты болуына байланысты көптеген дерматоздармен және көптеген инфекциялық аурулармен (қызылша, жаншау, қызамық, желшешек) жүргізіледі. Емін патологиялық процесстің мүмкін болатын себебін, яғни дәрілік затты беруді тоқтатудан бастайды. Науқасқа аяушылық ететін емдәм, көп мөлшерде сұйықтық, энтеросорбенттер (энтеросорбент СКН-ді күніне 10 г-нан 3 рет немесе карболонг күніне 5-10 г-нан 3 рет тамақ ішу аралығында; полифепан гранула немесе жақпамай түрінде күніне 1 ас қасықтан 3-4 рет) тағайындалады. Қан қысымы қалыпты болса, гидрохлортиазид немесе фуросемид аллергиялық реакцияның себебі емес екеніне немесе олардың аллергиялық реакция шақыруы мүмкін еместігіне сенім болса, зәр жүргізетін диуретиктер тағайындалады. Атигистаминді препараттар ішкізеді, 10% кальций глюконатын 10 мл-ден күнде бұлшықетке немесе 30% натрий тиосульфатымен алмастырып көктамырға, жібереді. Көктамырға реополиглюкин жіберу пайдалы деп есептеледі. Жалпы көріністерде (дене қызуының көтерілуі, артралгиялар, тыныс алудың қиындауы) кортикоидтарды ішкізеді немесе парентеральды жібереді. Дозасы клиникалық көрінісінің ауырлық дәрежесіне байланысты, бірақ преднизолонға есептегенде 30-35 мг/ тәулк. кем болмауы керек. Анафилактикалық шоктың алғашқы белгілері байқалғанда терістына немесе бұлшықетке 0,3-0,5 мл 0,1% адреналин ертіндісі жіберіледі (адреналин бар шприц дайын болу керек). Ауыр жағдайларда адреналин глюкозаның немесе натрий хлоридінің изотониялық ертіндісінде жайлап көктамырға жібереді. Эуфиллиннің 2,4% ертіндісі 5-10 мл мөлшерде (0,24-0,48 г) 10-20 мл 20-40% глюкозада 4-6 минут немесе 500 мл 5% глюкоза 2 сағат ішінде тамшылатып жіберіледі. Аллергиялық реакция болу мүмкіндігіне күмән туғанда дәрілерді парентеральды, әсіресе көктамрыға, жіберіден қашық болған жөн. Токсикалық эпидермолиздің (Лайелл синдромы) емі реанимациялық бөлімі жағдайында су-түз және белок балансын қолдауға бағышталған болуы керек. Тәулігіне көктамырға 2 л-ге дейін сұйықтық жібереді: реополиглюкин, плазма, альбумин, натрий хлоридінің изотоникалық ертіндісі, 100-200 мл кальций хлоридінің 1% ерітіндісі, анаболикалық стероидтар енгізіледі. Глюкокортикоидтар дозасы преднизолонға есептегенде 1000 мг/ тәулігіне дейін жетеді, күнде тері астына 100-200 ХБ/кг есебінен гепарин енгізіледі. Науқас жылытылатын шатырдың (каркастың) астында болуы керек, тәулігіне 2-3 рет ішкі киімін және төсек-орнынын стерильді киімге ауыстыру, кілегей қабаттарды (фурациллин, калий перманганаты, мырыштық тамшылар) өңдеп, эрозияларды анилинді бояулардың сулы ертінділерімен майлау қажет. Токсикодермия Бақылау сұрақтары: Қарапайым дерматит пен аллергиялық дерматит айырмашылығы? Аллергиялық дерматит клиника,диагностикасы? Терінің аллергиялық ауруларына қандай аурулар жатады? Токсикодермия клиникасы,диагностикасы,емі Токсикодермия кезіндегі фельдшердің тактикасы?Қолданылатын препараттар атаңыз |