жабылуы (1). зерек жаратылыстану жне математика пндері дістемелік бірлестігі апталыыны жабылуы сценариі Малім
Скачать 14.24 Kb.
|
«ЗЕРЕК» жаратылыстану және математика пәндері әдістемелік бірлестігі апталығының жабылуы сценариі Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар және оқушылар! Сұрақ сырын тереңірек ұғайық, Математика, физика, информатика Химия, география, биология құрметтеуге лайық. Дүниеде құбылыстың мәнінде, Зерттейді ол өзгерістің бәрінде, Нақты ғылым дүние кілті бүгінде, Бүкіл әлем сөйлейді, нақты ғылым тілінде – дей келе сәуір айының 11-і мен 15-і аралығында өткен «Ғарышқа жол» атты «Зерек» жаратылыстану және математика пәндері әдістемелік бірлестігі апталығының жабылу салтанатына қош келіпсіздер! Математика – ғылымдар патшасы. Патша деп аталуы да бекер емес, оның өмірдің бар саласында маңызы зор. 11 сынып оқушысы Журперова Даригаға сөз бергім келіп тұр Дарига: Мектепке келдім, ұстазды көрдім, Жазу, сызу мен санау үйрендім. Сан менен өрнек, теңдеу мен бөлшек, Сырына оның, үңіліп көрсек. Математика – бар ілім басы, Математика – ғылымпатшасы. Математика- өміртірегі Математика – шәкірт жүрегі. Сенсіз дүкенге бара алмаймыз, Сенсіз үйлерді сала алмаймыз. Сенсіз уақытты біле алмаймыз. Сенсіз тарихты жаза алмаймыз. 9 сынып оқушысы Нуридиова Жансая Бүгінде физика барлық жерде. Құрылыста, техникада, өндірісте. Сырларын бұл ғылымның үйретіңдер Шәкірттер зерделікпен үйреніңдер. 7 сынып оқушысы Нуркалиева Несвельды Информатика болашаққа бастайды Келешекте білім қуған жастарды Қадам басып 21 ғасырға Барлық әлем жаңалығын тастайды. Мұғалім: Ал енді бүгінгі салтанатты кешімізде балалар ант қабылдаса иә?! 7 сынып Математика , физика, информатика, химия, география, биология сабақтарына кешігіп келмеуге, үй тапсырмасын күнделікті орындап отыруға, дәптерімізді ұқыпты ұстауға ант етеміз! 8 сынып Математикадан, физикадан және информатикадан түрлі интеллектуалды олимпиадаларға және сабақтан тыс іс-шараларға белсене қатысуға ант етеміз! 9 сынып Сыныптастарымызға дәптерімізді көшіруге бермеуге, бірақ әрқашан қолдау көрсетуге ант етеміз! «Өзгелерді үйрете жүріп, өзімізде үйренуге», досымыздан көмек қолын аямауға ант береміз! 11 сынып Сабақта белсенділік танытып, өзгелерге кедергі жасамауға, метематикадан жақсы баға алуға ант береміз! Математика, информатика, физика, химия, география мұғалімдерінен өнеге алып, сыйлауға, құрметтеуге, тыңдауға ант береміз! Мұғалім: жарайсыңдар, балалар! Берген антымызға берік болайық иә, балалар?! Енді әрі қарай, осы апталық іс-шараларымызға белсене қатысып, көзге түскен балаларымызды марапаттасақ. Ол үшін ортамызға мектеп директорының міндетін атқарушы Ишматова Канжаркуль Зейлбековна және оқу-ісі жөніндегі орынбасары, сонымен қатар «ЗЕРЕК» жаратылыстану және математика пәндері әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Сатыбалдина Лаура Мерекеевнаны шақырсақ. |