Қарапайымдылар типі. Саркодалылар класы. Талшықтылар классы.. 1-апта Қарапайымдылар типі.. Зертханалы жмыс 1 Таырыбы арапайымдылар типі. Саркодалылар класы. Талшытылар классы. Сабаты масаты
Скачать 0.62 Mb.
|
Зертханалық жұмыс №1 Тақырыбы: Қарапайымдылар типі. Саркодалылар класы. Талшықтылар классы. Сабақтың мақсаты: Кәдімгі амебаны және арцелла мен диффлюгияны мысалға ала отырып, саркодиналар класының морфологиясын, жүйесін білу. Жасыл эвглена систематикасымен, дене құрылысымен танысу. Микроскоптың құрылысы. Микроскоппен жұмыс істеу тәртібі Кәдімгі амебаның және дезентериялық амебаның құрылыстарын және даму кезеңдерімен танысу. Жасыл эвгленаның құрылысы мен даму кезеңдерімен таныса отырып жұмыс дәптерінде тапсырмаларды орындау. Саркоммастигофоралар немесе жалған аяқтылар класы-Sercodina Амебалар отряды – Amoebina Өкілі:кәдімгі амеба - Amoeba proteus Қабыршақты амебалар отряды - Testacea Өкілдері: арцелла - Arcella диффлюгия – Difflucia 1 тапсырма.Систематикасымен танысып, альбомға жазып алу. Амебаның суретін салыңыз. Амебаның сыртқы пішінімен танысып, жалған аяқтыларының пайда болуын түсіндіріңіз. Оның денесінің органоидтарының жалпы орналасуын белгілеңіз (псевдоподия, ядро, энто-және эктоплазма, жиырылу және ас қорыту вакуолы) . Келесі терминдердің мағынасын түсіндіріңіз: эктоплазма, эндоплазма, цитоплазма, вакуоль, органоидтар, псевдоподиялар. Жүйесі: Саркомастигофоралар типі - Sarcomastiqopora Талшықтылар класы - Mastiqophora Эвгленалар класы - Euqlenoiden Өкілі: жасыл эвглена - Euqlena viridis Фитомонадалар отряды - Phytomonadina Өкілі: вольвокс - Volvox Кинетопластидтер отряды - Kinetoplastida Өкілдері: трипаносома - Trypanosoma лейшмания – Leischmania 2 тапсырма. Жасыл эвгленаның сыртқы пішінімен танысып суретін салыңыз. Жасыл эвгленаның суретін салып органоидтарының орналасуын белгілеңіз (ядро, жиырылмалы вакуоль, хроматофор, талшық стигма, пелликула, экто және эндоплазма, парамил түйіршіктері). 3 тапсырма. Трипаносоманың құрылысын зерттеңіз. Трипаносоманың сыртқы түрін суреттеңіз. Оның денесінің органоидтарының орналасуын белгілеңіз (ядро, мембрана, кинетопласт, жгутик). Салыстырмалы кестені толтырыңыз
Қайталауға арналған сұрақтар 1. Не себептен амеба денесінің тұрақты пішіні болмайды? 2. Амеба цитоплазмасы қандай қабаттарға ажыратылады? 3. Амеба тіршілігі үшін қажетті негізгі органоидты (органелаларды) атаңыздар? 4. Амебаның ас қорытуы, тыныс алуы, зәр шығаруы қалай жүзеге асады? 5. Жиырылғыш вакуоль қандай қызмет атқарады? 6. Амеба қалай көбейеді? 7. Қорғаныш қабықшасы-циста дегеніміз не және оның биологиялық маңызы қандай? 8. Арцелла және диффлюгияның кәдімгі амебадан айырмашылығы неде? 9. Жасыл эвглена денесінің тұрақты пішінін қалай түсіндіруге болады? 10 Жасыл эвглена жасушасында қандай органоидтар бар? 11. Жасыл эвгленаның аутотрофты, гетеротрофты қоректенуін қалай түсіндіруге болады. 12. Жасыл эвглена қалай көбейеді? Әдебиеттер 1 К.Ә.Дәуітбаева Омыртқасыздар зоологиясы 2004 ж, 1 кітап 2 К.Ә.Дәуітбаева Омыртқасыздар зоологиясы 2005 ж, 2 кітап 3 С.М.Махмутов Зоология. Алматы, 1994ж. 1 бөлім 4 С.М.Махмутов Зоология. Алматы, 1995ж. 2 бөлім 5 Н.А.Ахметбеков, А.Ф.Акимбекова Омыртқасыз жануарлар зоологиясы, Астана, 2012. Электрондық материалдар 1. С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ электрондық кітапханасы http://kazatu.kz/ru/obrazovanie/elektronnie-izdaniya/ 2. Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап | Дәуітбаева...b-ok.org›book/3285528/fe4d22. | download | 3. Электронная библиотека КазНУ | Дәуітбаева, Күләш...elib.kaznu.kz›book/43724 "Зоология" пәні бойынша Оқу-әдістемелік кешенbagdar.info›zoologiya-peni-bojinsha-ou-…5. Омыртқасыздар зоологиясыer.semgu.kz›Омыртқасыздарзоологиясы6.Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зоологиясы. 2-кітап...twirpx.com›file/2216579/Жалпы түсінік Кәдімгі амеба тұщы суларда, шалшық сулардың түбінде, топырақтарда көп тараған. Жасушасының көлемі 1-0,5мм. денесі сыртынан цитоплазмалық мембранамен қапталған, цитоплазма екі қабат түзейді, ашық түсті, түйіршіксіз сыртқы эктоплазма және қоңырқай келетін, түйіршікті эндоплазма, цитоплазманың ішінде бір ядро және көптеген органоидтар орналасқан. Амеба жалған аяқтары немесе псевдоподиялар арқылы қозғалады. Бұлар денесінің сыртында өсінділер ретінде (1-сурет) пайда болып, сол өсінділердің бағытына қарай цитоплазма құйылып, ұзын, қысқа, жуан, жіңішке немесе доғал болып келген псевдоподиялары пайда болады, сонымен амебаның тұрақты пішіні болмайды. Амеба бактериялармен, көк-жасыл балдырлармен және ұсақ қарапайымдармен фагацитоз жолымен қоректенеді. Қорек ететін заттарын жалған аяқтармен орап алып денесінің ішіне тартады, содан кейін ас қорыту вакуолі түзіледі. Вакуольдағы ферменттер арқылы ас қорытылып, қорытылған зат амебаның цитоплазмасына өтеді. Қорытылмаған ас қалдықтары сыртқа шығарылып отырады. Амебалар қорек заттарын денесінің кез-келген жерінен ұстап алып, қорытылмаған ас қалдықтарын денесінің кез-келген жерінен сыртқа шығарып отырады. Цитоплазманың ішінде жиырылған вакуолі айқын көрінеді. Осы вакуоль жоғарыда айтылғандай үш қызмет атқарады зәр шығару, осмос қысымын реттеу және тыныс алу. Жиырылғыш вакуолі 5-8 минутта сұйық заттарға, судың артық мөлшеріне толып жиырылып тұрады. Амебалар тек жыныссыз жолмен көбейеді: ядросы митоз жолымен бөлінеді. Қолайсыз жағдайда амеба цистаға айналады. Қабыршақты амебалардың құрылысы кәбімгі амебалардың құрылысына өте ұқсас, негізгі айырмашылығы олардың денесі бір камералы қабыршақпен немесе сауытпен қапталған. Қабыршақтар органикалық заттан не қоймалжың заттан құралған, бұған майда қиыршық құм тағы басқа бөгде заттар жабысып тұрақты пішінін жасайды. Пішіні қапшықтәрізді, табақшатәрізді т.б болып келеді. Қабыршақты устье деп аталатын арнайы тесігі болады, осы тесігі арқылы қабыршақ қуысы сыртқы ортамен қарым-қатынас жасайды және қоректі заттарын жинап алады. Жыныссыз жолмен көбейеді. Пайда болған екі клетканың біреуі устье арқылы сыртқа шығып жаңадан қабыршақ түзейді. 1-Сурет. Кәдімгі амеба 1-мембрана;2-эктоплазма;3-эндоплазма;4-ядро;5-ас қорыту вакуолі;6-жиырылғыш вакуоль;7-жалған аяғы (псевдоподиясы) Қабыршақты амебаларға (2-сурет) арцелла және диффлюгия туыстарының өкілдері жатады. Бұлар тұщы суларда судың түбіндегі шөгінділердің бетіне қоныстанады, батпақтарда, ылғалды мүктерде жиі кездеседі 2-Сурет. Арцелла және диффлюгия. А-арцелланың үстіңгі жағынан қарағандағы түрі. Б-арцелланың бүйір жағынан қарағандағы түрі. 1-қабыршағы;2-устья;3-ядро;4-жалған аяғы. В-диффлюгия,1-қабыршақ;2-устья;3-жалған аяғы. Жалпы түсінік Жасыл эвглена-денесінің алдыңғы ұшында алға қарай бағытталған бір талшығы бар, денесі ұршық пішінді алдыңғы жағы доғалдау, ал артқы ұшы сүйірі микроскопиялық жәндік (3-сурет). Эвглена цитоплазмасының сыртқы қабаты тығыз болып, оның денесінің сыртында қабықша (пилликула) пайда болады. Осындай қабықшасы болғандықтан эвгленаның қозғалғанда дене пішіні көп өзгермейді, тұрақты болады. Эвглена талшығының көмегімен бұранда тәрізді қозғалыс жасайды. Гетеротрофты тәсілмен қоректенген кезде талшық үздіксіз тез қозғалу нәтижесінде ұсақ органикалық заттар (бактериялар, көк-жасыл балдырлар т.б) ауыз тесігіне жиналып жұтқыншаққа өтеді. Жұтқыншақтың түбінде ас қорыту вакуольдері пайда болып, солардың ішінде ас қорытылады, ал қорытылмаған заттар ауыз тесігі арқылы сыртқа шығарылып тұрады. Эвгленаның денесінде көптеген жасыл түсті хромотофорлары болады. Осыған байланысты эвглена автотрофты жолымен қоректенеді, ал негізінде жасыл эвглена миксотрофты организмдер қатарына жатады. Үздіксіз қоректену арасында цитоплазма көптеген қор зат ретінде парамил түйіршіктері пайда болады, олар крахмалға жақын көмірсу-парамиласы. Денесінің алдыңғы жағында жарық сезгіш көзшесі-стигма орналасқан, қызыл пигмент-гематохромнан құралған. Зәр шығару және осмос қысымын реттеу жұмысын жиырылғыш вакуолі атқарады. Оны бірнеше қосымша ұсақ вакуольдері қоршап жатады. Қосымша вакуольдерінен жиналған сұйық зәр жиырылғыш вакуольден резервуарға құйылады да, жұтқыншақ арқылы сыртқа шығарылады. Тақырыбы: Қарапайымдылар типі. Споралылар және инфузориялар кластары. Кокцидилердің даму кезеңімен танысып даму циклын белгілеу. Безгек плазмодиясының даму кезеңімен танысып белгілеу. Инфузориялы-кебісшенің сыртқы және ішкі құрылысы мен даму кезеңімен танысып құрылысын белгілеу. Споралылар типі.Кокцидия тәрізділер класы. Жүйесі: Споралылар типі – Sporozoa Кокцидия тәрізділер класы – Coccidiomorpha Кокцидия отряды – Coccidiida Өкілі: қоян кокцидиясы – Eimeria iaqna Қан споралылар отряды – Halmosporidia Өкілі: безгек плазмодиясы – Plasmodium vivax Қажетті құрал-жабдықтар: микроскоптар, қоян кокцидиясы мен безгек плазмодиясының тұрақты препараттары, даму сатысының кестелері, слайдтар. Жалпы түсінік Кокцидиялар қоянның, ірі қара малдың, үй жануарлары мен жабайы құстардың, насекомдардың ішкі эпителий жасуларында паразитті тіршілік етеді. Кокцидия ауруына адамдар да шалдығады. Кокцидиялар бір ядролы, денесі сопақша келген, алдыңғы жағы үшкір, артқы жағы доғал пішінді болады, бұларды зоит деп атайды (споразоит, мерозоит, трофозоит). Зоиттың денесінің алдыңғы жағында екі айрықша органоидтары болады. Олар спираль тәрізді фибрилді-коноид және қапшық тәрізді іші сілекей затқа толған, саны 2 ден 14 ке дейінгі роптриялар. Осылар арқылы паразит иесінің жасушаларының ішіне кіреді. Кокциялардың даму сатысы өте күрделі, олар кезектесіп тұратын шизогония, гаметогония және спорогония жолдарымен дамиды (7-сурет). Ооцисталар су және шөп арқылы қоянның ішіне түсіп, ооцистаның қабырғасы ішек сөлдерінің әсерінен жарылып, ішінен 8 спорозоит шығады. Спорозоиттар әрі қарай даму үшін ішектің эпителий клеткасына ену керек. Коноид және роптриялар арқылы спорозоит жасушаларға еніп, денесі дөңгеленіп, ядросы бар шар тәрізді жасуша-трофозоитқа айналады. Трофозоит өсе келе шизонтқа айналады. Шизонттың ядросы бірнеше қайтара бөлінеді. Сол ядролардың бөлінуін шизогония дейді. Бұл жыныссыз көбею кезеңі. Шизогония нәтижесінде пайда болған әрбір ядроның төңірегінде цитоплазма жиналып, олар ұсақ мерозоиттарға айналады. Мерозоиттар эпителий жасушаларын әбден зақымдап ішекқуысына шығады да, қайтадан жаңа жасушаларға еніп, денесі дөңгеленіп, шизонтқа айналады. Шизонттың ядросы көпке бөлініп, шизогония арқылы тағы да мерозоиттар пайда болады. Шизогония бірнеше рет қайталанып, паразиттердің саны көбейеді. Шизогониядан кейін гаметогония кезеңі басталады. Бұл кезеңде мерозоиттар гамонттарға айналады, бұлардан гаметалар пайда болады. Макрогамонттар бөлінбейді, өсіп макрогаметаларға айналады, ал микрогамонттардың ядросы көпке бөлініп, цитоплазмамен қапталып, екі талшығы бар майда микрогаметаларға айналады. Микрогаметалар жылжып макрогаметалармен қосылады. Коопуляция нәтижесінде пайдаболған зигота, сыртынан тығыз қабықпен қапталып ооцистаға айналады. Ооцисталар қоянның нәжістерімен бірге сыртқа шығарылады. Сыртқы ортада ооцистаның ішінде спорогония кезеңі өтеді. Ооцистаның ішіндегі ядро екі рет бөлініп, төрт ядро пайда болады. Оларды цитоплазма қоршап, төрт споробласт деп аталатын жасуша түзіледі. Әрбір споробласт арнаулы қабықпен қапталып, спораға айналады. Спораның ядросы екіге бөлініп, екі спорозоит түзіледі. Сөйтіп ооцистаның ішінде төрт спора пайда болып, олардан сегіз спорозоиттар түзіледі. Осындай ооцисталар сау қоянның ішегіне түссе даму сатысы қайтадан басталады. Қанды споралылар кең тараған паразиттік тіршілік ететін қарапайымдылар. Адамның, омыртқалы жануарлардың қан клеткаларында тіршілік етеді. Бұлардың кокцидиядан айырмашылығы спорогония кезеңі сыртқы ортада емес, үнемі қан сорғыш насекомдардың анофелес туыстас масалардың ішегінде өтеді және масалар осы паразиттерді тасымалдаушылар болып табылады. Адамда паразиттік тіршілік ететін безгек плазмодиясының даму сатысын қарастырамыз (8-сурет). Безгек массасы адамды шаққанда, сілекеймен бірге адам қанына спорозоиттар түседі. Спорзоиттар өте майда 5-8мм, құрт тәрізді немесе орақ тәрізді. Олардың құрылысы кокцидиялардың зоиттың құрылысына өте, тек коноидты болмайды. Қанға түскен спорозоиттар қан тамырлары арқылы бауырға жинлады. Осы жерде шизогония көбею кезеңі басталады. Әрбір спорзоит бауыр жасушасына еніп, жұмырланып шизонтқа айналады. Осыдан кейін шизогония екі жерде жүреді: мерозоиттардың бір тобы қайтадан бауыр жасушаларына еніп, жұмырланып шизонтқа айналып, олардың ядросы бірнеше қайтара бөлініп, көптеген мерозоиттар пайда болады, ал мерозоиттардың екінші тобы бауырдан қанға шығып эритроциттерге енеді, сол жерде жұмырланып шизонтқа айналады. 2-3 сағаттан кейін шизонтта вакуоль пайда болады, сол вакуоль әсерінен шизонттың денесі сақина тәрізді болып тұрады. Кейін вакуоль жойылып, шизонт өсіп, амеба тәрізді болады. Шизонттың ядросы бірнеше қайтара бөлініп 10-20 мерозоиттар пайда болады. Бұлар эритроцитты зақымдап қанға шығады да жаңа эритроциттерге енеді, содан шизогония кезеңі қайтадан басталады және бұл процесс бірнеше рет қайталанады. Сөйтіп шизогония бауыржасушасында және эритроциттерде өтеді. Шизогония кезінде адам қанындағы паразиттің саны артады, ал эритроциттердің саны азайады. Сау адамның 1 мм3 қанында 5 млн эритроциттер болса, ал безгек ауруымен ауырған кезде эритроциттердің саны азайып 1 мм3 қанында 1 млн-ға жақын эритроциттер қалады. Шизогониядан кейін гаметогония кезеңі басталады. Бұл кезеңде мерозоиттар гамонттарға айналады. Гамонттар екі түрлі болады: макрогамонттар немесе макрогаметоциттер, бұлар пісіп жетілмеген аналық жыныс клеткалары және микрогамонттар немесе микрогаметоциттер, бұлар пісіп желілмеген аталық жыныс жасушалары. Осыдан кейін әрі қарай даму адам қанында жүрмейді. Ендігі дамуы маса денесінде өтеді. Безгек масасы ауру адамның қанын сорған кезде оның ішегіне қанмен бірге макро – және микрогаметоциттер түседі. Масаның ішегінде макрогамонттар (макрогаметоциттері) пісіп жетіліп микрогаметлараға айналады. Микрогаметалар және макрогаметалар қосылып зигота түзіледі. Зигота қозғалғыш келеді, сондықтан оны оокинета деп атайды. Оокинета масаның ішек қабырғасына еніп қозғалуын тоқтатады да, сыртына тығыз қабықша шығарып ооцистаға айналады. Ооцистаның ішіндегі ядро бөлінеді, мұның саны бірнеше мыңға жетуі мүмкін. Әрбір ядро жұқа цитоплазмамен қапталып, мыңдаған (10000-ға дейін) спорозоиттар түзіледі. Ооцистаның көлемі өсіп, мыңдаған спорозоиттар пайда болғаннан кейін жарылады. Қозғалғыш спорозоиттар безгек масасының аралас қуысына түсіп, гемолифа ағынымен сілекей бездеріне жиналады. Маса адамды шаққанда оның қанына сілекеймен бірге спорозоиттар түседі. Даму кезеңі әрі қарай жалғасады. Сонымен безгек плазмодиясының тіршілік кезеңі өте күрделі және олар иесін алмастырып отырады, жыныссыз көбею адам қанында, ал жынысты көбею безгек масасының ішегінде өтеді. Плазмодиясының негізгі иесі безгек масасы, ал адам аралық иесі болып табылады. Кірпікшелер немесе инфузориялар типі-Ciliphore Кірпікшелі инфузорлар класы- Ciliata Тең кірпікшелі отряды –Holotricha Өкілі: туфелька-Paramaecium caudatum Әр-түрлі кірпікшелер отряды-Heterotricha Өкілі: балантидий-Balantidium coli Жалпы түсінік Кірпікшелер инфузориялар тұщы суларда, теңіздерде, планктонды, су түбінде, су өсімдіктерінде немесе теңіз жағасындағы құмның арасында (пеаммофильді түрлері) тіршілік етеді. Тоғышарлы инфузориялар да кездеседі. Инфузориялардың көп тараған белгілі түрлерінің біреуі-инфузория кебісше. Ұзынша сопақтау болып келген, тұщы суларда өздігімен қозғалып жүретін күрделі құрылысты қарапайым жануар. Денесінде кіріпікшелер біртегіс жауып тұрады, тек артқы жағында кірпікшелері ұзындау болады. Кірпікшелері қозғалу қызметімен бірге азықты ауыз тесігі-перистомға жеткізу қызметін де атқарады. Ауыз ойықтың айналасында толқын тәрізді әрдайым қозғалып тұратын мембранелла орналасқан. Цитоплазмасы эктоплазма және эндоплазмаға бөлінген. Эктоплазма қабаты сыртынан мықты майысқақ пелликуламен қапталынған. Пелликуланың сыртын алты бұрышты қатар орналасқан құрылым жауып тұрады соған байланысты инфузория денесінің пішіні өзгермейтін тұрақты болып келеді. Пелликуланың сыртын алты бұрышты қатар орналасқан құрылым жауып тұрады соған байланысты инфузория денесінің пішіні өзгермейтін тұрақты болып келеді. Пелликуланың астында бір-бірімен ұштасып жатқан фибрилл торы болады. Олар тірек қызметін атқарады. Эктоплазма қабатында қорғаныш қызметін атқаратын қысқа таяқшалар-трихоцисталар жасушалар орналасқан. Олар тітіркенген кезде ұзын серпімді жіпше түрінде сыртқа атылып шығады. Инфузория денесінің алдыңғы жағында ауыз ойығы немесе перистомы болады. Перистомның түп жағында ауыз тесігі немесе цитостом орналасқан. Ол жұтқыншаққа-цитофаринске жалғасады. Жұтқыншақ цитоплазмаға ашылады. Инфузориялар ұсақ организдермен қоректері: бактериялар, көк-жасыл балдырлар, ұсақ қарапайымдар. Перистом айналасындағы кірпікшелердің қозғалуы нәтижесінде қоректік заттар сумен бірге ауыз тесігіне және жұтқыншаққа түсіп жатады. Жұтқыншақтың түбінде ас қорыту вакуольдерінің құралуы қоректік затқа толып, цитоплазмаға айналады. Сіңбеген қалдықтарды арнайы тесігі қылаулатқыш арқылы шығарып тастайды. Асқорыту вакуольдерінің құралуы сыртқы температураға байланысты. Қоршаған ортасы неғұрлым жылы болса, вакуольдің түзелуі де тез болады да, инфузорияның қоректенуі де жиілейді. Тапсырмалар 1. Систематикасымен танысып, альбомға жазып алу. 2. Кокцидияның даму кезеңінің эндогенді және экзогенді даму сатыларын тұрақты препараттардан және безгек плазмодиясымен ауырған адамның қанын микроскоп арқылы қарау. 3. Қоян кокцидиясымен безгек плазмодиясының даму кезеңімен схема бойынша танысу. 4. Сызба кестелер мен микрокестелерден қоян кокцидиясының және безгек плазмодиясының даму кезеңінің суреттерін салып, тиісті белгілерін қою. 5. Қайталауға арналған сұрақтарға жауап бере отырып, салған суреттеріне талдау жасау. 6 Инфузорияның ас қорыту процесін зерттеңіз. Инфузория кебісшенің кұрылысымен танысып, парамецияның жалпы құрылымы мен органоидтарын суретте белгілеңіз. Кірпікшелерін, ас қорыту вакуолдарын, микро және макронуклеусты, ауыз тесігін, жұтқыншақты, жиырылу вакуолдарын, трихоцисталарды, қылаулатқышты белгілеңіз. Келесі терминдердің мағынасын түсіндіріңіз: перистом, кірпікшелер, эктоплазма, пелликула, трихоцист, цистом, макронуклеус, микронуклеус, Қайталауға арналған сұрақтар 1. Споралылардың даму кезеңіндегі негізгі сатыларын атаңыздар? 2. Шизогония дегеніміз не? Бұл процестің нәтижесінде қандай клеткалар түзіледі? 3. Гаметогонияның мәні не? 4. Спорогония дегеніміз не? 5. Кокцидия дамуындағы олардың өмірлік кезеңінде қандай стадиялар экзо- және эндогенді бөліктерге жатады? 6. Кокцидия мен безгек паразитінің даму кезеңінде қандай айырмашылықтар бар? Электрондық материалдар С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ электрондық кітапханасы http://kazatu.kz/ru/obrazovanie/elektronnie-izdaniya/ 2. Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап | Дәуітбаева...b-ok.org›book/3285528/fe4d22. | download | 3. Электронная библиотека КазНУ | Дәуітбаева, Күләш...elib.kaznu.kz›book/43724 "Зоология" пәні бойынша Оқу-әдістемелік кешенbagdar.info›zoologiya-peni-bojinsha-ou-…5. Омыртқасыздар зоологиясыer.semgu.kz›Омыртқасыздарзоологиясы6. Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зоологиясы. 2-кітап...twirpx.com›file/2216579/Әдебиеттер 1 К.Ә.Дәуітбаева Омыртқасыздар зоологиясы 2004 ж, 1 кітап 2 К.Ә.Дәуітбаева Омыртқасыздар зоологиясы 2005 ж, 2 кітап 3 С.М.Махмутов Зоология. Алматы, 1994ж. 1 бөлім 4 С.М.Махмутов Зоология. Алматы, 1995ж. 2 бөлім 5 Н.А.Ахметбеков, А.Ф.Акимбекова Омыртқасыз жануарлар зоологиясы, Астана, 2012. |