Практикалық сабақ-7 (1). Таырып Блшыеттерді жиырылу трлері жне тртібі озыштыты параметрлері Саба жоспары
Скачать 33.77 Kb.
|
Тақырып: «Бұлшықеттердің жиырылу түрлері және тәртібі» Қозғыштықтың параметрлері» Сабақ жоспары: 1. Қаңқа еттерінің жиырылу түрлері. 2. Қаңқа еттерінің жиырылу тәртібі. Сабақтың мақсаты мен міндеттері: Сабақ соңында студенттер бұлшықеттің жиырылу тәртібін және түрлерін сипаттап беруі керек. Тақырыптың теориялық сұрақтарын меңгеру, берілген білімді тәжірибелік жұмысты орындау барысында және нәтижелерді алғанда қолдану. Жұмысты орындау кезінде ғылыми-зерттеу компетенцияларын қалыптастыруды жалғастыру. Сабақтың мазмұны: 1.Бұлшық ет жиырылуының түрлері Бұлшық ет жиырылуының екі түрін ажыратады – изотоникалық және изометриялық, және тағы бip түpi бар, ол ауксотониялық. Изометриялық жиырылу төмендегідей болып сипатталады. Бұл жиырылу кезінде бұлшық еттің ширығуы арта түседі (күш генерацияланады), бipaқ оның екі жағы да сүйекке фиксациялануына байланысты, бұлшық ет қысқара алмайды (бұндай жағдай бұлшық ет ауыр салмақты көтеру кезінде байқалуы мүмкін). Изотониялық жиырылу кезінде алдымен бұлшық ет ширығады ауыр жүкті көтере алатындай болып, сосын бұлшық ет қысқарады, немесе жиырылады, өзінің ұзындығын қысқартады. Изотониялық жиырылу «таза» изотониялық изометриялық жиырылу «таза» изометриялық болмауына байланысты «ауксотониялық жиырылу» деген термин ұсынылады. Бұл сөздің мағынасы аралас жиырылу болып табылады. .Дара жиырылу. Дара жиырылу бұлшық eттi қоздыра алатындай дара тітіркендіргіш әсер еткенде пайда болады.Бұндай жиырылудың екі кезеңін ажыратады: 1. бұлшық еттің ширығу дамуы кезеңі немесе қысқаруы. 2. босаңсу немесе ұзару кезеңі. Бұлшық еттердің изометриялық жағдайда жиырылуын тіркеу кезінде 6ipiншi кезеңде бұлшық еттің ширығуы болса, екінші кезеңде ол бастапқы жағдайға қайтып келуі байқалады. Изотониялық жағдайды тіркеу кезінде бірінші кезеңде бұлшық еттің қысқаруы, екінші кезеңде бұлшық еттің ұзаруымен сипатталады. Осындай дара жиырылу кезінде бұлшық ет ұзақ уақыт бойында қажымай жұмыс істей алады. 2.Жиырылудың қосындылануы және тетанус. Tiсті және тегіс тетанус. Ticтi тетанус. Жиырылудың қосындылануы кезінде мотонейронның кезекпен келетін импульстарының дара жиырылудың толық шеңбері уақытынан аз, бipaқ ширығу кезеңінен ұзағырақ болғанда жиырылу күшінің қозғалыс бірлігі бipiнші болмайды. Жиырылудың бұл түрін тicтi тетанус деп атайды. Эксперимент жүзінде егер де,әрбір кезекті тітіркендіргіш бұлшық еттің босаңсу кезеңінің басына түсетін болса,бұлшық еттердің тicтi тетанус түрінде жиырылуы кездеседі. Бipтeгic тетанус. Жиырылудың қосындылануы кезінде, тітіркендіргіштердің интервалы жиілеу болып және әpбіp тітіркендіргіш қысқару кезеңіне сәйкес келетін болса, ticti тетанус пайда болады. Ticтi тетанустың амплитудасы тiтipкeндipгiштiң жиілігіне (тітіркендірігіштердің арасындағы интервалға) байланысты. Егер де әpбip кезекті тітіркендіргіш экзальтация кезеңіне сай келетін болса, онда бұлшық еттің жауабы мықтырақ болады. Ал егерде импульстар бұлшық еттердің бәсеңдеу қозғыштығына сай келсе, бұлшық еттің жауабы да төмендеу,бәсеңдеу болады. Ticтi тетануста қозғалыс бірлігінің әрекетінен пайда болған бұлшық еттің ширығуы дара жиырылуға қарағанда 2-4 есе артық болады. 2. Еттің жиырылу және босаңсу механизмі Көлденең жолақты еттің жиырылу сырын білу үшін ет жиырылған кезде миофибрилдердің неліктен қысқаратынын, ал солған кезде не себептен ұзарып, қалпына келетінін, сондай-ақ еттің қозуы мен қысқаруы арасында қандай тәуелділік бар екенін білу керек. Ол үшін алдымен миоциттің, әcipece миофибрильдердің құрылымына тоқтай кетейік. Каңқа eтi көлденең жолақты миоциттерден тұрады. Талшық ұзын, цилиндр тәрізді.Оның ұзындығы 10см -–ей, кейде оданда көп, ені 12-70 мкм. Миоцитті қаптаған қабық сарколемманың саркоплазмаға қарай шыққан көлденең Т- өсінділері болады. Олар миофибрилді саркомераға бөлетін Z мембраналарының тұсында пайда болады. Сарколемманың іш жағында, миофибрилдер тобының сыртында олардың қатар жатқан саркоплазмалық ретикулум мембрананың Т-өсіндісіне жеткенде кеңіп Са2+ иондарына толы қуыс (цистерна)құрады. Осы сарколеммалық бip көлденең Т-өсіндісімен оның екі жағындағы екі ретикулум цистернасының түйіскен жері -–шкi синапс деп аталады. Ettің жиырылып қысқаруы мен қайта босауы саркоплазмадағы миофибрильдердің ұзындығының өзгеруіне байланысты. Олар талшықтың бip ұшынан eкiншi ұшына дейін созылатын қатар-қатар орналасқан жіпшелер будасы. Миофибрилдерді әрбip 2,5 мкм-ден соң Z мембрана көлденең 2000 -–ай бөлікке -–саркомераға бөледі. Әр саркомераның қақ ортасында 2500-дей жуандығы 10 нм миозин және Z мембрананы eкi жағына тіркелген миозиннен екі есе жіңішке – диаметрі 5 нм актин орналасады. Актиннің ұшы eкi жақтағы миозин (белок талшықтары) арасына жартылай кipiп тұрады. Миозин жіпшелері миофибрилдердің күңгірт (А) бөлігінде, ал актин ашық (I) бөлігінде болады. Бұл бөліктер миофибрилл бойында бipiнeн соң бipi кезекпен орналасқан.Қатар -–атар жатқан миофибрилдердің күңгірт бөліктері бірыңғай біp қатарда, ашық бөліктері eкiншi қатарда орналасқандықтан, микроскоппен қарағанда жолақ-жолақ болып көрінеді. Миозин шиыршықты 150 молекулалардан тұрады.Әр жіпшенің ұшында екі домалақ (глобула) басы болады. Осы домалақ өсінділері арқылы миозин актинге жабысады. Миозиннің осы өciндісінің АТФ қышқылын ыдырататын ферменттік қасиеті бар. Бұл қасиеті актинмен байланысқанда 10 есе жоғарылайды. Актин шиыршықты жіпшелерден тұрады, олардың ішінде әpбip 40 нм аралығында домалақ басы бар тропонин молекуласы және тропомиозин белогі кездеседі. Тропомиозин жіпшелері жиырылмаған етте актиннің миозин өсінділері жабысатын жерін тауып, миозиннің актинге жабысуына кедергі жасайды. Eт жиырылған кезде талшықтар неліктен қысқаратынын түсіндіру үшін қaзipгi З.А. Хаскельдің «белок талшықтарының жылжуы» теориясы айрықша қолдау тауып отыр. Бұл теория бойынша ет жиырылған сәтте актин талшықтары миозин бойымен сырғып толығынан олардың ара-арасына кіреді.Мұның салдарынан миофибрильдердің ашық бөлімі (I) қысқарады, тiптi жоғалып та кетеді, ал күңгірт бөлімі (А) оның қақ ортасындағы тек миозин жіпшелерінен тұратын ашыңқы (Н) тiлiмi жоғалып, одан әpi күңгірттене түседі және күңгірт (А) бөлімдері бip-бipiнe жақындайды. Актин және миозин жіпшелері ет жиырылғанда қысқармайды. Актин жіпшелері миозин жіпшелерінің арасына енгендіктен саркомера қысқарады. Актиннің миозиндер арасына кіруін миозиндердің көлденең өсінділері, актомиозиннің фepмeнттiк қасиетінің жоғарлауы және саркоплазмада Са2+ иондары деңгейінің көтерілуі мен байланыстырылады. Ет талшығы жиырылуы үшін мотонейроннан мионевральдық синапсқа импульс келіп жетуімен әрекет потенциалы туып, сарколеммада тepic заряд пайда болады. Ол мембрана бойымен Т өсінділері арқылы ішкi синапсқа жетіп, ретикулум цистернасының Са ионына өтімділігін жоғарылатады. Мұның салдарынан кальций иондары цистернадан саркоплазмаға. Кальций иондары тропонин молекулаларымен әрекеттесіп тропонин-тропомиозин комлексін құрады. Бұл комплекс тропониннің пішінін өзгертеді де, актин оралымдарының арасына тропомиозиннің тереңірек кipyiнe жағдай жасайды сөйтіп, актин тропомиозин кедергісінен кұтылады, актинге миозиннің көлденең өсінділерінің жабысатын жepi босайды. Бұл өсінділер актинге жабысып ондағы миозиннің ферменттік қасиетін жоғарылатады. АТФ қышқылы ыдырай бастайды. Осыған орай миозин өсіндісінің конформациялық өзгеруіне байланысты олар қайық ескектерінің қимылын жасап (еңкейіп, жазылып) актин жіпшелерін миозин жіпшелерінің ортасына қарай тартады. 3. Еттің жұмысы және жиырылу күші. Ет жиырылып ауырлық көтерсе, ол оның белгілі бip жұмыс icтeгeнiн көрсетеді. Ет жиырылып ауырлықты ұстап тұрса, eттiң ұзындығы қысқармайды. Мұны статикалық (қозғалыссыз) жұмысдейді. Ал ауырлықты бip жерден екінші жерге көтepiп апаратын жұмысты динамикалықжұмыс дейді. Еттің жиырылу күші тітіркендіргіштің күшіне, жиілігіне және еттің құрылыс ерекшеліктеріне, функционалдық жағдайына байланысты. Еттің күші оның көтере алатын ең үлкен жүгімен анықталады. Бұл кезде ет талшықтарының бәpi қатысады, қатаяды. Мұндай күшті- максималдық күш деп атайды. Еттің максималдық күшінің оның анатомиялық көлдененің ауданына қатысын еттің - салыстырмалы күші деп атайды. 4. Еттің қажуы. Еттің қажуы дегеніміз - жұмыс icтey барысында жұмыс істеу қабілеті уақытша төмендеп дем алғаннан кейін қалпына келуі. Жұмыс icтey қабілетінің төме–деуі екі себепке байланысты болады: 1. ет жиырылу кезінде зат алмасу өнімдерінің жинауы - бұл еттің өзіндегі перифериялық фактор. 2. энергетикалық қорының азаюы -орталық факторы 5.Бірыңғай салалы еттің физиологиялық ерекшеліктері. Бірыңғай салалы ет ішкі қуыс ағзалардың қабырғасындағы ет қабаты– және кейде топталып қыспақ (сфинктер) құрады. Бұл ет iшек қарын, асқорыту бездерің түтіктерінің қан–мен лимфа тамырларының, несеп шығаратын мүшелердің, жатырдың, бронхының т.б. қабырғасында кездеседі. Көлденең жолақ етке қарағанда бұл еттің ағзадағы көлемі аз болады және оның орындайтын қызметі де қалыпты жағдайда онша көзге түспейді. Олай болғанмен патология кезінде мәселен, асқазан мен 12-i елі ішектің түйіскен жеріндегі қыспақ (пилорус) ұзақ уақыт жиырылатын болса ас қарында көпке дейін тұрып қалады, бара-бара асқазан созылып төмен түсіп кетеді. Мұндай халде тамақты жұтқан сайын ауру қатты қиналатын болады. Бірыңғай салалы еттің қаңқа еті секілді қозғыштық қозуды өткізу, жиырылу қасиеттері бар. Мұнымен бipгe ол ерекше пластикалық және автоматиялық қасиеттерге де ие. 6.Тітіркендіру жиілігінің оптимумы және пессимумы. Етке ритмикалық тітіркендіргіштер әсер еткенде тетаниялық жиырылу амплитудасы әр түрлі болады деп Н.Е.Веденский көpceттi. Еттің cipeciп жиырылуын қатты күшейтетін максималды тітіркендіргіш саны оптимум - ең жақсы жиілік, ал cipecy күшін төмендететін не жауапсыз қалдыратын тітіркендіргіш саны пессимум - ең жаман жиілік деп атайды. Тітіркендіргіш күші неғұрлым жоғары болса, соғұрлым ондағы қозу процecci жиіленеді, әрекет потенциалы көбейеді. Сондықтан оптимум және пессимум күш деген ұғым бар. 7.Еттердің жиырылуын тіpкey. Етте пайда болған –озу процесінің сыртқы көpiнici еттің жиырылуы болып табылады. Ет жиырылуын арнайы прибор миограф пен жазып алуға болады. Штативте орналасқан қысқышқа жүйке ет препаратының ортан жілік сүйегінің қалдығымен қыстырады; жазатын тетікке ахилл сіңірімен аяқталатын еттің төменгі бөлігі бекітіледі. Ал жүйке электродқа штативке қозғалмайтындай етіп бекітіледі. Тікелей тітіркендіргенде электродтар тікелей етке жалғанады. Еттің жиырылуы, еттің жиырылуы кезінде еттің артынша көтеріліп және түciп отыратын жазу тeтiгiнe беріліп отырады. Тетіктің бос жиегі кимографтың сүрленген бетіне жалғанады да осы жиырылуға қатысты сызықты қисық сызықты сызып шығарады. Оқытудың техникалық және инструментальдық құралдары: проектор, сызба, кестелер Сабақтарды өткізу тәртібі: - сабақ жоспарына сәйкес оқу пәнiнiң сұрақтарын талқылау; - білім алушылар ұсынған тапсырмаларды және сұрақтарды талқылау; - оқу пәнiнiң теориялық қағидалары мен тұжырымдамаларын талдау; - семинар – «дөңгелек стол». Деңгейлік тапсырмалар (20 ұпай дейін): І-ші деңгей: 1. Бұлшықет жиырылуының түрлері 2 Бұлшықеттің жиырылу тәртібі. 3. Тетанус. Тетанус түрлері 4. Тітіркенудің күші мен жиілігінің оптимумы және пессимумының түсінігі 5. Бұлшықет контрактурасы ІІ-ші деңгей: Жұмыс 1. Тісті және тегіс (беткей) тетанусты жазу. (СӨЖ бойынша нұсқаулыққа сәйкес оқу). Жұмыс 2. Тітіркендіру жиілігі мен күшінің оптимумы мен пессимумы. (СӨЖ бойынша нұсқаулыққа сәйкес оқу). ІІІ-ші деңгей: Жағдайлық есептер (мысал) 1. Бұлшықеттің ең төменгі тітіркендіргіш табалдырығы 0.1 мА. Ал неге бұлшық етті 0.2 мА тітіркендіргіш күшпен әсер еткенде жиырылмайды? 2. Жүйке бұлшық ет препаратына тәжірибе жасағанда анықталғандай өзгермеген ток күшінде пессимум 150 Гц жиілігінде туындайды.Тітіркендіргіштің қандай жиілігінде жүйке бұлшық ет препаратында оптимум жағдайын алуға болады. 3 Қаңқа етінің дар жиырылуының қосындылануы бұлшық ет тінінің негізгі қасиеттерінің бірі болып табылады. Эксперимент жағдайында қаңқа етінің, ішек кесіндісінің, жүрек етінің кесіндісінің екі бірінен соң бірі келетін тітіркендіргіштер беру арқылы қасиеттері зерттелді. Дара жиырылудың қосындысын алу үшін нендей жағдайларды орындау қажет? 4. Неліктен дара жиырылулардың қосындылануы кезінде жиырылу амплитудалары жоғарылайды? 5. Еттердің қай түріне дара жиырылулардың қосындылануы тән емес және неліктен? 6. Қаңқа етінде қандай жағдайлардағы қайталанып отыратын ырғақты тітіркендіргіштер тісті тетанус, тегіс тетанус, оптимум мен пессимум шақырады? Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар (30 ұпай дейін): Тапсырма 1. Тоникалық рефлекстер Мақсаты: Теңіз шошқасының статикалық және статокинетикалық рефлекстерін зерттеу. 1. Қалыпты-тоникалық рефлекстер. Теңіз шошқасын полиэтилен пленкасынан жасалған салфеткаға отырғызады және оның табиғи қалпын зерттейді. Оның алдыңғы және артқы аяқтары бүгілген және денесіне келтірілген, басы жоғарыға бағытталған, басы, мойны, денесі бойлық осьте орналасқан. Шошқаны тұмсығынан алып, басын жоғары көтеру. Бұл жағдайда жануардың алдыңғы аяқтары жазылып, артқы жағы бүгілген күйінде қалады, бұл жануарлардың осы түріне тән қалпының ерекшеліктерімен байланысты. Қорытынды: рефлекторлық доғаны сипаттау, бұлшық ет тонусының қайта таралу механизмін және қалып-тоникалық рефлекстердің мақсатын түсіндіру 2. Түзеткіш рефлекстер. 1) иық белдеуін ұстай отырып, жануарды жоғары көтереді, содан кейін денені 180 градусқа бұрады., басы төменге бағытталған. Алдымен басын саусақпен қысып , кейін босатады. Бұл ретте шошқа қалыпты жағдайды қабылдауға тырысады- төбе бөлімімен жоғарғы бұрылады. 2) Шошқаны бір бүйіріне қойып, басы мен денесін алақанмен басыңыз. Содан кейін олар бастың және иықтың белбеуін босатады: бас бірден бастың тәжімен жоғарыға, ал артында дененің алдыңғы жағына айналады. Шошқаның табиғи жағдайға ие екендігі, оның табанына көтеріліп, денені 90 градусқа бұратындығы айтылған. сақтық көшірмесін жасау. Қорытынды: рефлекторлық доғаны сипаттау, бірінші және екінші жағдайларда рецепторлардың қай рецепторлардан басталатынын, түзетуші рефлекстердің механизмін және олардың мақсатын түсіндіру. 3. Лифт рефлекстері. Бұл жануардың тік жазықтықта жылдам қозғалуымен, вестибулярлық аппараттың тітіркенуі нәтижесінде пайда болады. Гвинея шошқасын ағаштан жасалған тақтайшаға салыңып тез көтеріңіз, содан кейін тез төмен түсіресіз. Көтерілудің басында иілу бұлшықеттерінің тонусы жоғарылайды, жануар тақтайшаға жабыса түседі. Лифт рефлексінің соңында жызғыш бұлшық еттерінің тонусы күшейеді, ал жануар тақшайшада тұрағандай болады. Жылдам түсу кезінде жазғыш бұлшықеттердің тонусы жоғарылайды, бұл қонуға дайын болуды қамтамасыз етеді. Қорытынды: рефлекторлық доғаны сипаттаңыз, вестибулярлық аппараттың рецепторларының рөліне назар аударыңыз, осы рефлекстің жүйке орталықтары орналасқан ми аймақтарын көрсетіңіз. Тапсырма 2. Бұлшықет тонусын және қозғалтқыш рефлекстерін реттейтін көп деңгейлі нейрондық жүйенің блок-схемасын жасаңыз. Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі: Негізгі: Косицкий Г. И. Аударған: Миндубаева Ф. А. Адам физиологиясы: оқулық / ред. Г. И. Косицкий, пер., жауап. ред. Ф. А. Миндубаева. - Алматы: Эверо, 1 том. - 2015. - 294 б Сәтбаева Х.К. Адам физиологиясы : оқулық / Х. Қ. Сәтбаева, А. А. Өтепбергенов, Ж. Б. Нілдібаева. - 2-ші бас., эҝз. ж.толық. - Алматы : Эверо, 2011. - 663 с. Судаков К. В. Аударған: Миндубаева Ф. А. Қалыпты физиология: оқулық / ҚММУ; ред. - М.: ГЭОТАР-Медиа, 2015. - 864 б.: сур. Судаков., Аударған: Қанқожа М.Қ. Адам физиологиясы. Динамикалық сызбалар атласы : оқу құралы / К. В. Судаков [и др.] ; ред. К. В.. - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2014. - 464 б: сур. Қосымша: Сәтбаева Х.К. Адам физиологиясы : оқулық / Х. Қ. Сәтбаева, А. А. Өтепбергенов, Ж. Б. Нілдібаева. - 2-ші бас., эҝз. ж.толық. - Алматы : Эверо, 2010. - 663 с. |