Главная страница
Навигация по странице:

  • 8.2 Зертханалық жұмысқа тапсырма

  • Бақылау сұрақтары

  • файл 8 л.ж. Зертханалы жмыс 8. Файлдар жне олармен жмыс жасау Масаты


    Скачать 16.62 Kb.
    НазваниеЗертханалы жмыс 8. Файлдар жне олармен жмыс жасау Масаты
    Дата24.05.2023
    Размер16.62 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлафайл 8 л.ж.docx
    ТипПрограмма
    #1155337

    Зертханалық жұмыс №8. Файлдар және олармен жұмыс жасау

    Мақсаты: С++ те файлдармен жұмыс әдеттерін тәжірибе жүзінде алу.

    8.1 Жалпы мағлұмат

    Файл дегеніміз жалпы аты бар бір типті элементтерді айтамыз. Элементтер санына (файл ұзындығы) шектеу қойылмаған. Файлдар магнитті таспада, магнитті дискте, басқада құрылғаларда, сондай-ақ компьютердің оперативті жадысында құрылады.

    C++ тіліндегі программа файлдармен жұмыс жасау үшін файлдың қосу керек.

    а) файлдан берілгендерді жазу екі режимде жүреді:

    1) жаңа файлдың құрылуы ( құылған файлдан алдыңғы файлды қайта жазу) келесі операторлармен орындалады:

    ofstream ағын_аты ("файлдың_аты.ұлғайту");

    2) сол файлға берілгендерді енгізу:

    ofstream out_file ("файлдың_аты. ұлғайту", ios::app);

    Файлдың нәтижесі келесі оператор комегімен орындалады: (<<).

    Файлды жабу үшін close() функциясы орындалады.

    б) Файлды ашу үшін келесі оператор орындалады:

    ifstream in_file("файлдың_аты. ұлғайту");

    Файлға енгізу келесі оператормен орындалады: (>>).

    Кейде файлды жазу талап етіледі және файлдан символды жолдер емес күрделі түрлер оқылады. Бұл мақсаттар үшін C++ жүйесінде write (жазу) және read (оқу) функциялары қолданылады.

    8.2 Зертханалық жұмысқа тапсырма

    8.1. кестеде берілген тапсырмаларды нұсқаларға сай орындау керек. Программаға блок-сұлба тұрғызу.
    7.1 кестеТапсырманың нұсқалары

    Нұсқа

    Тапсырма

    1

    Белгілі бір файлдан екінші файлға көрсетілген символдарды көшіру керек және олардың жалпы сандарын есептеу керек.

    2

    Файлдан тексті оқу және экранға шығару керек, яғни сөйлем, тырнақшаға алынып қорытындыланады.

    3

    Әрбір екі көрші сөздердің орындарын ауыстырып файлдағы тексті оқу және экран бетіне шығару.

    4

    Файлдан тексті оқу және экранға тек қана берілген сөз саны бойынша сөйлемді шығару.

    5

    Файлдағы тексті оқу және ондағы барлық сөйдемдерді кері ретпен экран бетіне шығару.

    6

    Файлдың ішіне А(10,10) квадрат матрицасын келесі түрде құру және шығару керек - матрицаның барлық нөлдік элементтері шахматты ретпен орналасып 2х2 квадраты бойынша орналастырылған.

    7

    Баған мен жолдың индекстері жұп болған элементтердің мәні жолдың индексі квадратталған санына тең болатын С(12,12) квадрат матрицасын файлға құру және шығару керек.

    8

    Файлға А(6,6) квадрат матрицаны құрып шығару керек. Матрицаның элементтердің мәні индекстердің қосындысына тең болып анықталады.

    9

    С(8,8) квадрат матрицасы берілген. Сол матрицаны транспонирлеп, оның нәтижесін файлға шығару керек.

    10

    В (7,7) квадрат матрицасын файлға құрып шығару керек. Бұл матрицаның барлық нөлдік емес элементтері шахматты ретпен қойылған және 1-ші жолдың 1-ші элементтен басталады.

    11

    Құрылымда сақталған бір факультеттің студенттерінің сессияларының нәтижесі белгілі. Көрсетілген топтағы студенттердің сессияларының нәтижелерін файлға шығару керек.

    12

    Файлда сақталған бір топтың студенттерінің сессия нәтижелері берілген. Көрсетілген емтихан нәтижелері бойынша ақпаратты экранға шығару керек.

    13

    Бізге файл берілген және ол файлда ұшу кестесі сақталған: рейс нөмірі, самолеттің түрі, күні және ұшу уақыты, ұшу пункттерінің аттары, жолдағы уақыты. Рейстің нөмірі бойынша сұрыптап, ұшу кестені экранға шығару керек.

    14

    Натурал төрт мәнді сандар пробел арқылы жазылған файл берілген. Әрбір санның қосындысын экранға шығару керек.

    15

    Сабақ кестесі жазылған файл берілген. Экранға көрсетілген пән бойынша лекция, семинар және зертханалық жұмыс сабақтарының санын шығару.



    Бақылау сұрақтары

    1. Файл денегіміз не?

    2. Файлдың қандай түрлерін білесіз?

    3. Файлдармен жұмыс барысында қандай кітапханалық функциялар орындалады?

    4. Файлдармен жұмыс жасау қандай қадамдар арқылы жиналады?

    5. Файлмен жұмыс барысында қандай операторлар қолданылады?

    6. Файлда берілген жазбалардың режимін есептеңіз?

    7. Файлға берілген информацияны қалай енгізеді?

    8. Файлдағы берілгендерді оқуға мысал көрсетіңдер?

    9. Файлдағы массив жазбаларына мысал келтіріңдер?

    10. Файлдағы массив жазбаларының ерекшелігі неде?


    написать администратору сайта