Гисталогия. №1 Зертханалық сабақ (1). Зертханалы жмыстар 18, 19, 20б, 25 Таырыбы Нруыздарды жалпы асиеттері
Скачать 46.84 Kb.
|
№1 Зертханалық сабақ Биохимиялық зертханада жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы. Нәруыздар мен жеке амин қышқылдарына түсті реакциялар. Тұнбаға түсу реакциялары Зертханалық жұмыстар № 1, 2, 10, 12, 13, 14 Күрделі нәруыздардың құрамын зерттеу. Зертханалық жұмыстар № 18, 19, 20б, 25 Тақырыбы: Нәруыздардың жалпы қасиеттері. №1-жұмыс. Биурет реакциясы Принципі: Әдіс нәруыздағы және полипептидтегі пептидті топтардың сілтілік ортада Сu2+ ионымен күлгін түсті комплексті қосылыс түзуіне негізделген. Боялу интенсивтілігі тікелей нәруыздағы пептидті байланыстардың санына тәуелді. Анықтау әдісі: 5 тамшы1%нәруыз ерітіндісі бар пробиркаға (немесе кез-келген зерттелетін сұйықтық) 2 тамшы биурет реактивін тамызып, жайлап шайқап, түстің пайда болуын бақылайды.
№2-жұмыс. Нингидрин реакциясы Принципі: Әдіс нингидриннің пептидтердегі, нәруыздардағы α-аминқышқылдарымен әрекеттесіп күлгін немесе көк түсті комплекс түзіуіне негізделген. Анықтау әдісі: 5 тамшы1%жұмыртқа нәруызы немесе 1% желатин бар пробиркаға 2 тамшы нингидрин тамызып қайнағанға дейін қыздырады, 1-3 минуттан кейін ерітіндінің бояла бастағаны байқалады.
№10-жұмыс. Минералды қышқылдар әсерінен нәруыздарды тұнбаға түсіру. Принципі: Әдіс концентрлі бейорганикалық қышқылдардың нәруыздарды дегидратациялау (гидратты қабатын жоғалту), одан кейін денатурациялау қасиетіне негізделген. Анықтау әдісі: 3 пробиркаға 10-15 тамшы концентрлі тұз, күкірт және азот қышқылдарын құяды. Пробирканы 450С- қа еңкейтіп, қышқылға бірдей мөлшерде 1%нәруыз ерітіндісін пробирканың қабырғасы арқылы араластырмай қабат түзетіндей етіп құяды. Осы екі сұйықтықтың шекарасында тұнбаға түскен ақ нәруыз сақинасы байқалады. Қоспаны шайқаса күкірт және тұз қышқылдары бар пробиркадағы белок тұнбасы еріп кетеді де, ал азот қышқылы бар пробиркадағы тұнба өзгермейді.
№12-жұмыс. Органикалық қышқылдардың әсерінен нәруыздың тұнбаға түсуі. Принципі: Әдіс органикалық қышқылдардың нәруыздарды дегидратациялау арқылы нәруыздың кеңістіктік құрылымын денатурациялау қабілетіне негізделген. Анықтау әдісі: Екі пробирканың әрқайсысына 5 тамшыдан 1% жұмыртқа нәруызының ерітіндісінен тамызады; бірінші пробиркаға 2 тамшы 10% үш хлор сірке қышқылын, ал екіншісіне 1 тамшы 10% сульфосалицил қышқылын тамызады. Екі пробиркада да нәруыздың ақ тұнбасы пайда болады.
№13-жұмыс. Ауыр металдардың тұздарының әсерінен нәруыздың тұнбаға түсу реакциясы. Принципі: Әдіс ауыр металдар тұздарының нәруыз молекуласының беткі қабатына адсорбцияланып, нәруыз молекуласының зарядын нейтралдап суда ерімейтін комплекс түзу қабілетіне негізделген. Анықтау әдісі: Үш пробирканың әрқайсысына 5 тамшыдан 1%нәруыз ерітіндісін тамызады. Бірінші пробиркаға 1 тамшы 5% мыс сульфатын, екіншісіне 1 тамшы 5% күмісті азот қышқылын, үшіншісіне 1 тамшы 5% қорғасын ацетаты ерітіндісін тамызады. Барлық пробиркаларда нәруыздыңтұнбаға түскені байқалады. Тұз ерітінділерін көп мөлшерде қосқанда бірінші және үшінші пробиркаларда тұнбаның ерігені байқалады. Кейбір ауыр металдардың тұздарын көп мөлшерде қосқанда тұнба ериді, бұл нәруыз молекуласының қайта зарядталуына байланысты.
Практикалық маңызы: нәруыздардың ауыр металдардың тұздарымен байланысып,тұнба түзуін медициналық практикада ауыр металдардың тұздарымен уланғанда қарсы қолданады. Нәруыз ауыр металдармен ерімейтін комплекс түзіп, олардың сіңірілуіне кедергі жасайды. №14-жұмыс. Алкалоидты реактивтермен нәруыздытұнбаға түсу реакциясы. Принципі:Бұл реактивтер нәруыздардытұнбаға түсіруге қабілетті. Әдіс нәруыздың құрамында алкалоидтардың молекулаларындағыдай азоттық гетероциклдік топшаларының болуына негізделген. Анықтау әдісі:Төрт пробиркаға 5 тамшыдан 1%нәруыз ерітіндісін тамызады. Барлық пробиркаларға 2 тамшыдан 1% сірке қышқылын құяды. Одан кейін пробиркаларды шайқап: 1-ші пробиркаға 2 тамшы пикрин қышқылының қаныққан ерітіндісін, 2-ші пробиркаға 2 тамшы қаныққан танин ерітіндісін, 3-ші пробиркаға 3 тамшы 5%-ті темірдің синероидты калий ерітіндісін K4Fe(CN)6, 4-ші пробиркаға 3 тамшы қаныққан фенол ерітіндісін тамызады Барлық пробиркада нәруызтұнбаға түседі.
Практикалық маңызы: алкалоидты реактивтерді күйіктерді емдеуге қолданады. Күйген аймақтың нәруыздары алкалоидты реактивтермен өңдегенде денатурацияланып, кеуіп кетуден және инфекцияның енуінен қорғайтын қабат түседі. 10-14 жұмыстарды рәсімдеу.
Практикалық маңызы: а)зерттелетін биологиялық материалдағы нәруызды тұнбаға түсіріп, ары қарай оның құрамын анықтауға болады; б)биологиялық сұйықтықтардағы нәруыздың бар екенін анықтау және оның сандық құрамын анықтау үшін; в) № 13 және 14 жұмыстарды қараңыз; г) санитралық жұмыстарда қалдықтарды өңдеу үшін; д) теріні және кілегейлі қабаттарды дезинфекциялау үшін қолданылады. №18-жұмыс. Сілекейден муциннің бөлінуі және оның құрамы мен қасиеттерін зерттеу. Принципі: Әдіс муциннің қышқыл қасиетіне, қышқылдармен тұнбаға түсуіне негізделген. Муциндер суда ерімейді, тұз қышқылында және сілті ерітінділерінде ериді. Гликопротеиндердің құрамын және қасиеттерін зерттеу реакциялары олардың құрамында көмірсулар, олардың туындылары және нәруыздардың болуына негізделген. Анықтау әдісі: Ауызды мұздай сумен шайып тастағаннан кейін, пробиркаға сілекейді жинауқажет. 3 пробиркаға жиналған сілекейді 10 тамшыдан тамызып, оларға 1% сірке қышқылының ерітіндісін муцин түйіршігі пайда болғанша тамызады. Муцин түйіршігін шыны таяқшамен ұстап тұрады да, сумен жуады.Муцин түйіршігі бар бір пробиркаға 10 тамшы 10% натрий гидроксидінің ерітіндісін тамызып, ерітіп биурет реакциясын жүргізеді. Ал екінші пробиркаға 10 тамшы 0,1% тұз қышқылының ерітіндісін құйып тұнбаның еруін байқайды. Үшінші пробиркаға 5 тамшы α-нафтолдың спирттегі ерітіндісін тамызып шайқап, оның үстіне концентрлі күкірт қышқылын қабат түзетіндей етіп пробирканың қабырғасы арқылы құяды. Осы кезде екі сұйықтың шекарасында күлгін сақина түзіледі. №19-жұмыс. Сиалды қышқылдарды ашу Күкіртті сірке қышқылының реактивімен реакция Анықтау әдісі: пробиркаға 5 тамшы сілекей және 20 тамшы күкіртті сірке қышқылының реактивін (95 бөлімі мұзды сірке қышқылы және 5 бөлімі концентрациялы күкірт қышқылы) тамызып, жақсылап араластырып, одан соң пробирканы 30 минутқа қайнап жатқан су моншасына қояды. Осы уақыт өткеннен кейін пробиркада боялған комплексті қосылыс түзілгені байқалады. Дифениламин реактивімен реакция Анықтау әдісі: пробиркаға 5 тамшы сілекей тамызып, оның үстіне 20 тамшы дифениламин реактивін (95 бөлімі мұзды сірке қышқылы, 5 мл концентрлі күкірт қышқылы және 1 г дифениламин) қосады. Пробирканы шайқап араластырып 30 минутқа қайнап жатқан су моншасына қояды. Пробиркадағы қоспа күлгін көк түске боялады. Клинико-диагностикалық маңызы: әр түрлі биологиялық материалда сапалық реакциялар арқылы гликопротеиндердің простетикалық тобын ашуға қолданады. Гликопротеиндердің сандық мөлшерін анықтау осы реакцияларға негізделген. №20-жұмыс. Гемоглобиннің гемин тобына сапалық реакция Принцип: әдіс гемоглобиннің сутегінің асқын тотығын ыдыратуға негізделген. Бензидин пробасы Анықтау әдісі: пробиркаға 5000 рет сұйтылған қаннан 5 тамшы тамызады, оған 1 тамшы концентрлі сірке қышқылында қаныққан бензидин (немесе 0,2% бензидиннің спирттегі ерітіндісі) қосады. Осыдан кейін 1 тамшы 3% сутегінің асқын тотығын қосып араластырғанда көк түске боялады, ол біраз тұрғаннан кейін қоңыр түске өтеді. |