Главная страница

Дара кәсіпкерлік қызмет. зге жеке тлалара дара ксіпкерлікті жзеге асыруа тыйым салынады


Скачать 26.35 Kb.
Названиезге жеке тлалара дара ксіпкерлікті жзеге асыруа тыйым салынады
Дата21.05.2023
Размер26.35 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаДара кәсіпкерлік қызмет.docx
ТипДокументы
#1148697

Дара кәсіпкерлік қызмет дегеніміз - Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың таза кіріс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерiнiң меншiгiне негiзделген және жеке тұлғалар атынан, олардың тәуекел етуімен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылатын дербес, бастамашыл қызметi болып табылады.

Өзге жеке тұлғаларға дара кәсіпкерлікті жүзеге асыруға тыйым салынады

Дара кәсіпкерлік келесі түрлерде жүзеге асырылады:

  • өзіндік;

  • бірлескен кәсіпкерлік.

Азамат дара кәсіпкерлік қызметті жеке өзі немесе басқа азаматтармен бірігіп жүзеге асыра алады. Қызмет барысында азамат пайдаланатын мүлік оған меншік, ортақ меншік құқықтары немесе иелену мен пайдалануға мүмкіндік беретін басқа құқық негізінде тиесілі болуы мүмкін.

Дара кәсіпкерлік субъектілерін мемлекет тарапынан бақылау, есепке алу мақсатында олар мемлекеттік тіркеуге тұруға міндетті.

Егер дара кәсіпкер жалдамалы жұмыс  күшін тұрақты пайдаланатын болса  немесе оның жылдық табысы салық салынбайтын  жылдық табыс мөлшерінен жоғары болса мемлекеттік тіркеуден өтуге міндетті. Басқа жағдайларда дара кәсіпкер өз қалауынша мемлекеттік тіркеуден өте алады. Бірақ олар кәсіпкерлік қызметпен айналысуға патент алу үшін мемлекеттік тіркеу құжатын ұсынуы тиіс. Яғни, жеке кәсіпкерлікпен айналысатын барлық тұлғалар мемлекеттік тіркеуден өтуге мүдделі. Тек қана дара кәсіпкерлікпен тұлға жылына 90 күннен аспайтын уақыт айналысып, оның қызметі тұрақты болмаса патент алу қажет емес, және олар мемлекеттік тіркеуден өтпей-ақ қызмет атқара алады.

Мемлекеттік тіркеу кәсіпкерді жергілікті салық органында есепке алу арқылы жүргізіледі. Тіркеуден өту үшін өтініш және тіркеу төлемінің төленгендігі туралы құжат ұсынылады. Бірлескен кәсіпкерлікті тіркеу үшін қатысушылардың барлығы атынан үшінші тұлғалардың және мемлекеттік органдардың алдында өкілдік етуге өкілетті бір тұлға өтініш береді. Тіркеу нәтижесінде кәсіпкерге тіркеу туралы куәлік беріледі және ол мерзімсіз болады. Бірлескен кәсіпкерлікті тіркеу туралы куәлікке оған қатысушы тұлғалардың тізімі тіркеледі.

Дара кәсіпкер өзі өндіретін тауарлар мен қызмет көрсетулердің сапасы үшін жауапты болады. Сыртқы экономикалық қызметте дара кәсіпкерге жеңілдіктер берілмесе олар заңды тұлғалармен тең дәрежеде болады. Дара кәсіпкер сондай-ақ, өз қызметіне фрмалық атау біре алады. Ол заңға сәйкес қорғалады.

Дара кәсіпкер өз міндеттемелері бойынша  жеке мүлкімен, ортақ меншіктегі үлесімен жауап береді.

 

2. Жеке тұлғалармен қатар тұлғалар бірлестігі де дара кәсіпкерліктің субъектісі бола алады. Олардың бірнеше түрі бар:

1.Жұбайлардың бірлескен кәсіпкерлігі. Некеде тұрған азаматтар кәсіпкерлік қызметпен айналысқан жағдайда олардың атынан азаматтық айналымда жұбайлардың біреуі екіншісінің келісімімен қатысады. Екінші жұбайының келісімі кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу кезінде бекітіледі, ал мемлекеттік тіркеу қажет емес жағдайда нотариалды куәландыру арқылы бекітілуі мүмкін. Екінші жұбайының келісімі жоқ болған жағдайда некеде тұрған адам жеке өзі өзіндік кәсіпкерлікпен айналысады деп есептеледі.

2.Жай серіктестіктегі  дара кәсіпкерлік. Жай серіктестік қатысушылардың арасында жасалатын шарт негізінде құрылады. Оның негізінде тараптар бірлесіп кәсіпкерлікпен айналысу үшін бірігеді. Қатысушылар серіктестікке мүлік, мүліктік құқықтар қосады немесе өз еңбегімен қатысады. Шартта басқаша белгіленбесе қосылған үлестер тең деп есептеледі. Қосылған мүлік пен түскен табыс қатысушылардың ортақ үлесті меншігі болып танылады. Шығындарды өтеу, қызметке қаржы жұмсау тәртібі шартта нақты белгіленбесе ортақ мүлік есебінен жүргізіледі, ал ол жеткіліксіз болса қатысушылар арасында олардың үлестеріне сәйкес бөлінеді. Қатысушылардың бірі басқаларының келісімінсіз өз үлесіне билік етуге, оны басқа тұлғаларға беруге құқылы емес. Қатысушы бірлескен қызметке қатысудан бас тарта алады. Одан басқа қатысушыларға келтірілген шығын толық өтелуі тиіс.

3.Шаруа қожалығының кәсіпкерлік  қызметі. Шаруа қожалығы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, өңдеу, сату мақсаттарында ауылшаруашылығы жерлерін пайдаланумен тығыз байланысты кәсіпкерлік қызметпен айналысады. Шаруа қожалығына қатысты ҚР-да «Шаруа (фермер) қожалығы туралы» 31.03.1998ж. қабылданған Заң жұмыс істейді.

Шаруа қожалығы дара кәсіпкерлік, жұбайлардың бірлескен кәсіпкерлігі немесе жай серіктестік нысандарында жұмыс істей алады. 

Дара кәсіпкер жалдамалы  жұмыс күшін пайдаланатын болса, жұмыскерлеріне қатысты зейнетақы жарналарын, әлеуметтік сақтандыру жарналарын төлеу т.б. міндеттерді орындауы қажет.

Мына жағдайларда дара кәсіпкердің қызметі мәжбүрлі түрде  тоқтатылады:

  • банкроттық;

  • мемлекеттік тіркеу кезінде түзеуге келмейтін заң бұзушылықтар

  • болуы себепті тіркеудің жарамсыз деп танылуы;

  • лицензияланатын қызметті лицензиясыз жүзеге асыру;

  • кәсіпкерлік қызметте заңды бірнеше рет немесе өрескел бұзу.

Сондай-ақ, дара кәсіпкер қайтыс болса, әрекетке қабілетсіз деп  танылса, бірлескен кәсіпкерлікте  бір ғана қатысушы қалса немесе мүлдем қалмаса, неке бұзылуы себепті мүлік бөлінсе кәсіпкерлік қызмет тоқтайды.


написать администратору сайта