. А. Ясауи атындаы Халыаралы азатрік университеті Медицина факулЬтеті Хирургиялы аурулар кафедрасы
Скачать 0.5 Mb.
|
Ф-ОБ-012/062 Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Медицина факулЬтеті Хирургиялық аурулар кафедрасы ЖПД жұмысындағы хирургиялық аурулар пәнінен тәжірибелік сабақ өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар Тақырыбы: ЖПД тәжірбиесіндегі обыр және обыралды ауруларды диагностикалау. Астыңғы еріннің обыры, жалпы сипаттамасы, этиологиялық факторлары, обыралды аурулары. Клиникалық түрлері. Диагностикасы. Емдеу принциптері және болжамы. Операциядан кейінгі асқынулардың алдын алу. Хирургиялық науқастардың еңбекке уақытша және тұрақты жарамсыздық сараптамасы. Курсы: V Мамандығы – 5В130100- «Жалпы медицина» Құрастырған оқытушы: Ш.М.Сейдинов Ж.М.Аширбаева Түркістан 2022 жыл1.Тақырып: ЖПД тәжірбиесіндегі обыр және обыралды ауруларды диагностикалау. Астыңғы еріннің обыры, жалпы сипаттамасы, этиологиялық факторлары, обыралды аурулары. Клиникалық түрлері. Диагностикасы. Емдеу принциптері және болжамы. Операциядан кейінгі асқынулардың алдын алу. Хирургиялық науқастардың еңбекке уақытша және тұрақты жарамсыздық сараптамасы. 2.Мақсаты: ЖПД тәжірибесіндегі обыр және обыралды ауруларды ерте диагностика жүргізу. 3. Оқытудың мақсаты: Б1.1 ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ БІЛІМІН ҚОЛДАНУ Білім (когнитивті) домені: Қолданады: осы пәнді игеру барысында пререквизиттерден және осы пәннен алған білімін қолданады. Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлділік: презентация жасауды дәлділікпен орындайды. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үйлестіреді: іс-әрекетінде ғылыми жаңалықтардың құндылықтарын үйлестіреді. Б2.1 ДӘРІГЕР –КЛИНИЦИСТ – КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ДАҒДЫЛАР Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үйлестіреді: науқаспен, оның туыстарымен, әріптестерімен және басқа да медициналық қызметкерлермен барынша сенімді қарым-қатынас орнату және топта жұмыс істеу бойынша коммуникациялық дағдылар принциптерінің құндылыктарын үйлестіреді. Б2.2 ДӘРІГЕР –КЛИНИЦИСТ – НАУҚАСТЫ ЖҮРГІЗУ Білім (когнитивті) домені: Анализ: Қажетті клиникалық-зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерін таңдауды және алынған нәтижелерді талдауды біледі. Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлділік: жүйелер бойынша сұрастыру, қарау, пальпация, перкуссия және аускультация жүргізуді, диагноз құрастыруды, науқастың емдеу жоспарын және реабилитациясын құруды және т.б. дағдыларды дәлділікпен жасайды. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үйлестіреді және ұйымдастырады: жасаған іс-әрекетінің құндылыктарын үйлестіре отырып, дұрыс ұйымдастырады. Тақырыпты меңгеру нәтижесінде студент білуі керек: Онкологиялық қызмет құрылымын. Науқастарды клиникалық топтарға бөлу, дәрігер амалын. Онкологиялық деонтология принциптерін. Онкологиялық науқастарды жүргізу ерекшеліктерін. Тақырыпты меңгеру нәтижесінде студент істей алуы тиіс: Онкологиялық науқастың клиникалық тобын анықтауды. Онкологиялық диагноз алғашқы қойылған науқасқа хабарлама және диспансерлік карта толтыруды. Онкологиялық науқастың ауру тарихынан көшірме жасап үйренуды. Онкологиялық науқасқа асқынған ауру протоколын толтыруды. Онкологиялық науқастың анамнезін жинап білуды. Профессор шолуы негізінде онкологиялық науқас туралы баяндай білуды. Амбулаториялық қабылдау негізінде онкологиялық науқаспен сөйлесе білу, оны тыныштандыру және ем қажеттігін ұғындыруды. 4. Тақырыптың негізгі сұрақтары: А. Негізгі білім үшін: 1.ЖПД тәжірибесіндегі обыр және обыралды ауруларды ерте диагностикалау. Терінің обыр және обыралды ауруларының ерте диагностикасы. Б. Тақырып бойынша: ЖПД тәжірибесіндегі обыр және обыралды ауруларды ерте диагностикалау. Терінің обыр және обыралды ауруларының ерте диагностикасы. Терінің обыры және обыралды ауруларының сипаттамасы: аурушаңдық және өлім-жітімділік, орналасуы, жасы, эпидемиологиясы. Этиологиялық факторлар. Терінің обыралды аурулары: облигатты (міндетті) және факультативтік. Тері обырының клиникасы, диагностикасы мен емі. Меланоманың жалпы сипаттамасы, орналасуы, бейімдеуіш факторлары, ісік алды жағдайлар. Меланоманың клиникасы, диагностикасы, емдеу принциптері. Астыңғы еріннің обыры, жалпы сипаттамасы, этиологиялық факторлары, обыралды аурулары. Клиникалық түрлері. Диагностикасы. Емдеу принциптері және болжамы. 5. Білім берудің және оқытудың әдістері: ауызша сұрау, тест өткізу, шолуларға қатысу, тақырыптық ауруларды талқылау, науқасты қарау, дискуссия, презентация, қайтымды байланыс, медициналық әдебиеттермен жұмыс істеу, ғалам тордан ақпараттарды іздеу, топтарқа және жеке берілген тапсырмаларды орындау. А) Ауызша сұрастыру тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша Ауызша жауапты бағалау (ОЕ –oral examination)
Ұпайдың максимум саны: 60 (100%). Алған ұпай саны ______ Б) Пікірталас келесі өзекті мәселелер бойынша: 1.Халық арасында туберкулездің алдын-алу шаралары. 2.Ошақтағы алдын-алу іс шаралары. В) Шағын топтарда жұмыс істеу ( диагностикалық алгоритмді талдау). Г) Науқасты тексеру: Студенттің аты –жөні______________________________________________ Науқастың аты-жөні_______________________________________________
Ең жоғары балл – 14. Жинаған балл_______, пайызы_______%. Д) ҚЫСҚА ЖАУАПТЫ СҰРАҚТАР АРҚЫЛЫ БАҒАЛАУ ЖОЛЫМЕН СТУДЕНТТІ БАҒАЛАУ ҮШІН МӘЛІМЕТ ЖИНАУ ТҮРІ (SAQ – Short Answer Questions)
Ұпайдың максимум саны: 24 (100%). Алған ұпай саны ____ (________% ) Г) Тестілеу нәтижесі________% 6. Әдебиеттер. Негізгі: 1. Общая хирургия Стручков В.И. 1988 ж 2. Общая хирургия Гостищев В.К. 1993 ж 3. Практикум общей хирургий 1974 ж 4. К.М. Лисицина , Шапошникова ВПХ М. 1982г. 5. Юмашев Г.С. Травматология учебник для вузов 6. Емханалық балалар хирургиясы //Ормантаев К.С., Қарабеков А.Қ., Елікбаев Ғ.М. 2010 жыл 7. Бақылау( тесттер, есептер т,б) Студенттердің білімін тексеруге арналған тесттік сұрақтар. 1.Ісік ауруларын клиникалық топтары бойынша жіктеу не үшін қажет? дәрігердің жалпы кәсіби дайындығын жоғарылату үшін ісік ауруы бар науқастарды бақылау және мдеу тактикаларын жасау үшін ісік ауруы бар науқастардың құжатын дұрыс толтыру үшін реабилитация әдісін дұрыс таңдау үшін диагностика әдісін таңдау үшін 2.Бірінші “А” клиникалық тобына жататын науқастар: арнайы емді қажет ететін алғашқы рет анықталған ісік ауруы бар науқастар арнайы ісікке қарсы ем алған және ремиссия жағдайындағы «уақытша сауыққан» ісік ауруы бар науқастар ісік алды ауруы бар науқастар ракқа күмәнді науқастар симптоматикалық емді қажет ететін науқастар 3.Бірінші “Б” клиникалық тобына жататын науқастар: арнайы емді қажет ететін алғашқы рет анықталған ісік ауруы бар науқастар арнайы ісікке қарсы ем алған және ремиссия жағдайындағы «уақытша сауыққан» ісік ауруы бар науқастар ісік алды ауруы бар науқастар ракқа күмәнді науқастар симптоматикалық емді қажет ететін науқастар 4.Екінші клиникалық топқа жататын науқастар: арнайы емді қажет ететін алғашқы рет анықталған ісік ауруы бар науқастар арнайы ісікке қарсы ем алған және ремиссия жағдайындағы «уақытша сауыққан» ісік ауруы бар науқастар ісік алды ауруы бар науқастар ракқа күмәнді науқастар симптоматикалық емді қажет ететін науқастар 5.Үшінші клиникалық топқа жататын науқастар: арнайы емді қажет ететін алғашқы рет анықталған ісік ауруы бар науқастар арнайы ісікке қарсы ем алған және ремиссия жағдайындағы «уақытша сауыққан» ісік ауруы бар науқастар ісік алды ауруы бар науқастар ракқа күмәнді науқастар симптоматикалық емді қажет ететін науқастар 6.Төртінші клиникалық топқа жататын науқастар: арнайы емді қажет ететін алғашқы рет анықталған ісік ауруы бар науқастар арнайы ісікке қарсы ем алған және ремиссия жағдайындағы «уақытша сауыққан» ісік ауруы бар науқастар ісік алды ауруы бар науқастар ракқа күмәнді науқастар симптоматикалық емді қажет ететін науқастар 7.Ракқа күмәнданғанда дәрігердің тактикасы қандай? бір жылдың ішінде тексеру бір айдың ішінде тексеру бірден онкологиялық мекемеге жіберу бір айдың ішінде тексеріп, содан соң онкологиялық мекемеге жіберу 10 күннің ішінде тексеріп, содан соң онкологиялық мекемеге жіберу 8.Облигатты рак алды ауруын анықтағанда дәрігердің тактикасы қандай? № 90-У үлгісін толтырып, дереу онкологиялық диспансерге жатқызу онкологиялық ауру ретінде есепке алып, №30-У үлгісін толтыру және 5 жыл бойы ем жүргізу бір жыл ішінде әр ай сайын бақылау және емдеу есепке алып, емдеп және жыл бойы әр 3 ай сайын бақылау есепке алып, емдеп және 4 ай бойы әр 6 ай сайын бақылау 9.Факультативті рак алды ауруын анықтағанда дәрігердің тактикасы: № 90-У үлгісін толтырып, дереу онкологиялық диспансерге жатқызу онкологиялық ауру ретінде есепке алып, №30-У үлгісін толтыру және 5 жыл бойы ем жүргізу бір жыл ішінде әр ай сайын бақылау және емдеу есепке алып, емдеп және жыл бойы әр 3 ай сайын бақылау есепке алып, емдеп және 4 ай бойы әр 6 ай сайын бақылау 10.Ісік ауруына түбегейлі ем жүргізілген науқасты стационардан шығарғанда, районколог дәрігерінің тактикасы қандай болады? № 90-У үлгісін толтырып, 1-ші жылы әр 6 ай сайын, -ші жылдан бастап 3 жылға дейін жылына 1 рет бақылау № 30-У үлгісін толтырып, IV-ші клиникалық топ бойынша бақылау № 7- У үлгісін толтырып , III-ші клиникалық топ бойынша бақылау № 30-6\У үлгісін толтырып , III-ші клиникалық топ бойынша бақылау № 90-У үлгісін толтырып, 3 жыл бойы әр 1 ай сайын бақылау, содан соң әр 3 ай сайын өмір бойы бақылау 11.Ісік ауруының асқынып кеткен түрімен емделген науқасты стационардан шығарғанда, дәрігердің тактикасы қандай болады? науқасты 1 “А” клиникалық топқа тіркеп, шара қабылдау арнайы ісікке қарсы ем жүргізіп, әр ай сайын бақылау науқасты III- клиникалық топқа тіркеп, бақылау тұрғылықты жерінде симптоматикалық ем жүргізу науқасты 1 “Б” клиникалық топқа тіркеп, бақылау 12.Бүйрек рагында кездеспейтін гистологиялық түрін көрсетіңіз: Ашық түсті жасушалы рак (гипернефроидты рак) Бездік рак Ауыспалы жасушалы рак Ұршық тәрізді жасушалы рак Дәнді жасушалы рак 13.Бүйрек рагында кездеспейтін гистологиялық түрін көрсетіңіз: Ашық түсті жасушалы рак (гипернефроидты рак) Бездік рак Дәнді жасушалы рак Ұршық тәрізді жасушалы рак Жалпақ жасушалы рак 14.Бүйрек рагына тән гистологиялық түрін көрсетіңіз: Ашық түсті жасушалы рак (гипернефроидты рак) Шырышты рак Ауыспалы жасушалы рак Жалпақ жасушалы рак Ұсақ жасушалы рак 15.Төменде көрсетілген белгілердің қайсысы бүйрек рагының классикалық үштігіне жатады? Артериалық гипертензия гематурия дене қызуының 380 C жоғарылауы екіншілік эритроцитоз гиперкальциемия 16.Төменде көрсетілген белгілердің қайсысы бүйрек рагының классикалық үштігіне жатады? Артериалық гипертензия гиперкальциемия варикоцеле екіншілік эритроцитоз ісіктің қолға сезілуі 17.Төменде көрсетілген белгілердің қайсысы бүйрек рагының классикалық үштігіне жатады? Артериалық гипертензия гиперкальциемия дене қызуының 380 C жоғарылауы екіншілік эритроцитоз ісіктің қолға сезілуі 18.Төменде көрсетілгендердің қайсысы бүйрек рагын анықтауда қолданылмайды? бүйректі УДЗ - зерттеу цистоскопия экскреторлы урография іш пердесі артындағы кеңістік ағзаларына КТ – зерттеу. лабораторлық зерттеу әдістері ( ЖҚА, ЖЗА ) 19.Бүйрек рагын анықтауда ең тиімді әдісті көрсетіңіз? ангиография цистоскопия экскреторлы урография іш пердесі артындағы кеңістік ағзаларына КТ – зерттеу лабораторлық зерттеу әдістері ( ЖҚА, ЖЗА ) 20.Бүйрек рагын анықтауда ең тиімді әдісті көрсетіңіз? бүйректі УДЗ - зерттеу лабораторлық зерттеу әдістері (ЖҚА, ЖЗА) экскреторлы урография цистоскопия ангиография 21.Төменде көрсетілген әдістердің қайсысы бүйректің функционалдық қабілетін анықтау үшін қолданылады? бүйректі УДЗ - зерттеу цистоскопия экскреторлы урография іш пердесі артындағы кеңістік ағзаларына КТ – зерттеу лабораторлық зерттеу әдістері (ЖҚА, ЖЗА) 22.Бүйрек рагын емдеудегі ең тиімді әдісті көрсетіңіз? нефруретроэктомия + иммунохимиотерапия химиосәулелік ем полихимиотерапия химиоиммунотерапия гормонотерапия + сәулелік ем 23.Төменде көрсетілген факторлардың қайсысы қуық рагының дамуына жиі алып келеді? майлы тамақты жиі қолдану артериалық гипертензия ішімдікті пайдалану гормоналды дисбаланс уростаз 24.Төменде көрсетілген факторлардың қайсысы қуық рагының дамуына жиі алып келеді? анилинді бояғыштар гиподинамия ішімдікті пайдалану гормоналді дисбаланс афлотоксиндер 25.Төмендегі клиникалық белгілердің қайсысы қуық рагында кездеседі? гематурия артериалық гипертензия жүрегі айынып, құсу дене қызуының жоғарылауы варикоцеле 26.Төмендегі клиникалық белгілердің қайсысы қуық рагында жиі кездеседі? ісіктің қолға сезілуі артериалық гипертензия дизурия дене қызуының жоғарылауы варикоцеле 27.Төмендегі клиникалық белгілердің қайсысы қуық рагында кездеспейді? гематурия ішінің ауыруы дизурия варикоцеле зәрдің шықпай қалуы 28.Төмендегі әдістердің қайсысы қуық рагын анықтағанда қолданылмайды? Қуықты УДЗ-мен зерттеу Қуықты КТ-мен зерттеу экскреторлы урография ирригоскопия цистоскопия жасап биопсия алу 29.Қуық рагын анықтағанда мәліметі аз әдісті көрсетіңіз? Қуықты УДЗ-мен зерттеу Қуықты КТ-мен зерттеу қуықтың шайындысын цитологиялық тексеру лапароскопия цистоскопия жасап биопсия алу 30.Қуық рагын морфологиялық түрде дәлелдеу үшін қандай әдіс қолданылады? ретроградты цистография қуықтың шайындысын цитологиялық тексеру кіші жамбас астауының аағзаларын УДЗ-ден өткізу экскреторлы урография екіжақтық төменгі жамбастық лимфография 31.Қуық рагын морфологиялық түрде дәлелдеу үшін қандай әдіс қолданылады? цистоскопия жасап күдікті жерден биопсия алу экскреторлы урография кіші жамбас астауының аағзаларын УДЗ-ден өткізу Қуықты КТ-мен зерттеу екіжақтық төменгі жамбастық лимфография 32.Қуық рагы кезінде қандай емдеу әдісі қолданылмайды? хирургиялық әдіс сәулелік ем БЦЖ терапия гормондық терапия полихимиотерапия 33.Тері рагының дамуына қандай факторлар ықпал етеді? гормональды бұзылыстар Эпштейн-Барр вирусы инсоляция мен радиация алкоголизм Битнер вирусы 34.Тері рагын тудыратын факторлар Семіздік Жоғарғы мөлшердегі инсоляция Аз мөлшердегі инсоляция гормональды бұзылыстар Битнер вирусы 35.Төменде көрсетілген аурулардың қайсысы терінің облигатты ісік алды ауруларына жатады? Дюбрейль меланозы Гиршпрунг ауруы пигментті ксеродерма Терінің мүйізденуі Актиникалық кератоз 36.Төменде көрсетілген аурулардың қайсысы терінің облигатты ісік алды ауруларына жатады? Дюбрейль меланозы Гиршпрунг ауруы Кейр эритроплазиясы Терінің мүйізденуі Актиникалық кератоз 37.Төменде көрсетілген аурулардың қайсысы терінің облигатты ісік алды ауруларына жатады? Дюбрейль меланозы Гиршпрунг ауруы Боуэн ауруы Терінің мүйізденуі Актиникалық кератоз 38.Төменде көрсетілген аурулардың қайсысы терінің облигатты ісік алды ауруларына жатады? Дюбрейль меланозы Гиршпрунг ауруы Педжет ауруы Терінің мүйізденуі Актиникалық кератоз 39.Төменде көрсетілген аурулардың қайсысы тері меланомасына алып келетін облигатты ісік алды ауруларына жатады? Дюбрейль меланозы Педжет ауруы Боуэн ауруы Теріішілік невус пигментті ксеродерма 40.Төменде көрсетілген аурулардың қайсысы терінің факультативті ісік алды ауруларына жатады? Дюбрейль меланозы Гиршпрунг ауруы Педжет ауруы пигментті ксеродерма Актиникалық кератоз 41.Төменде көрсетілген аурулардың қайсысы терінің факультативті ісік алды ауруларына жатады? Манганоти хейлиті Гиршпрунг ауруы Педжет ауруы жалпақ капилярлы ангиома Терінің мүйізденуі 42.Берілген сипаттама қандай ісік алды ауруына қатысты: ” дене терісі мен сыртқы жыныс мүшелерінде жеке-жеке орналасатын экзематозды және беті папилярлы сарғыш-қоңырқай түсті табақшалар тәрізді“. Гистологиялық жағынан атипиялық жасушылары бар дискератоз болып табылады. кәрілік кератоз пигментті ксеродерма себореилі керато-акантома Боуэн ауруы Кейр эритроплазиясы 43.Берілген сипаттама терінің қандай ісік алды ауруына қатысты: сүт безі ареоласының маңайында, сирек жағыдайда сыртқы жыныс мүшелері аймағында орналасатын, беті қабыршақпен қапталған экзематозды терінің облигатты рак алды ауруы босанғаннан кейінгі емізік аймағының эрозиясы себореилі керато-акантома кәрілік кератома Педжет ауруы Кейр эритроплазиясы 44.Берілген сипаттама терінің қандай ісік алды ауруына қатысты: Туылғаннан кейін бетімен дененің ашық жерлерінде күн сәулесінің әсерінен жұқару, қызару, мүйізденумен және пигментті дақ пайда болады, бұл науқастардың 100%-ында жалпақ жасушалы ракқа айналады: Дюбрейль меланозы Херчесон сепкілі пигментті ксеродерма Боуэн ауруы Педжет ауруы 45.Науқас санының артқы бетіндегі теріде кең көлемді тыртықты зақымдануына шағымданғанда, дәрігердің тактикасы қандай болуы керек? науқасты 4-ші клиникалық топ бойынша есепке алу керек науқасты 3-ші клиникалық топ бойынша есепке алу керек науқасты 1 А клиникалық топ бойынша есепке алу керек науқасты I Б клиникалық топ бойынша есепке алу керек науқасты -ші клиникалық топ бойынша есепке алу керек 46.Тері рагының қандай гистологиялық түрі қолайлы болып табылады? аденокарцинома ұсақ жасушалы рак базальды жасушалы рак солидті рак жалпақ жасушалы рак 47.Тері рагының қай морфологиялық түрі жиі метастаз береді? аденокарцинома ұсақ жасушалы рак солидті -шырышты рак базальды жасушалы рак төмен дифференцацияланған жалпақ жасушалы рак 48.Метастаз бермейтін жергілікті жерді деструкциялаушы тері рагының түрін көрсетіңіз Аденокарцинома Жалпақ жасушалы мүйізденетін рак Жалпақ жасушалы мүйізденбейтін рак Базальді жасушалы рак пісіп жетілмеген рак Тапсырма: |