Главная страница

1.1 Тақырып. 1. Инженерлік компьютерлік графиканы базалы негіздері 1 Autocad графикалы жйесі, оны ерекшеліктері мен артышылытары. Графикалы редакторды сипаттамасы


Скачать 216.36 Kb.
Название1. Инженерлік компьютерлік графиканы базалы негіздері 1 Autocad графикалы жйесі, оны ерекшеліктері мен артышылытары. Графикалы редакторды сипаттамасы
Дата26.05.2022
Размер216.36 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла1.1 Тақырып.docx
ТипДокументы
#551449



1. Инженерлік компьютерлік графиканың базалық негіздері

1.1 AutoCAD графикалық жүйесі, оның ерекшеліктері мен артықшылықтары. Графикалық редактордың сипаттамасы.
AutoCAD жүйесінің ағылшын және орыс тіліндегі нұсқалары өте көп. Кең таралған қолданбалы бағдарламалар мен жүйелердің көпшілігі сияқты бұл жүйенің қазақ тіліндегі нұсқасы жоқ болғандықтан, дәріс мұқтасарында ағылшын, орыс тіліндегі командаларды және командаларды орындау барысындағы сұраулар мен талаптарды өзгеріссіз, экранда көрсетілгендей беруді жӛн көрдік.

AutoCAD 2008 интерфейсі Windows-қа арналған басқару элементтерінің стандарттық жиынын құрайды. Операциялық жүйенің өзінің немесе Microsoft Office пакетінің интерфейсімен таныс қолданушыға терезе элементтерімен жұмыс, командаларды енгізу қиынға соқпайды. Тӛменде AutoCAD 2008 интерфейсінің базалық компоненттері келтірілген.

AutoCAD-тың басты терезесі

AutoCAD-ты іске қосқанда 1.1-суретте көрсетілген экран пайда болады, ол бірнеше элементтерден тұрады.

Тақырып жолы Мәзір жолы

Меңзер координаталары Қалып-күй қатары

Оның негізгі элементтері:

• мәзір (меню) жолы (терезенің үстіңгі бӛлігінде орналасқан),

• жағдай жолы (терезенің астыңғы бӛлігінде орналасқан),

• графикалық терезе (оны AutoCAD-тың графикалық алаңы деп те атайды),

• командалар жолы,

• курсор (меңзер) қиылысы,

• бірнеше аспаптар панельдері.

Бұл элементтердің әрқайсысының атқаратын қызметі бар, соларды біртіндеп

қарастырайық.

Бұл жол экранның жоғарғы бөлігінде орналасады. Бұрынғы нұсқаларда оны құлама деп атайтын. Онда AutoCAD командалары функциялық қызметіне қарай топтастырылған. Аспаптар панельдері (Панели инструментов) – AutoCAD командаларымен байланысты графикалық элементтер (ішінде суреті салынған төртбұрыш) – пиктограммалар жинағы.

Графикалық алаң

Сызба экранның бас терезесінің графикалық алаңында орындалады. Бұл

алаңның шетін табуға тырыспай-ақ қойыңыз, өйткені оны шексіз деп айтуға болады. Бұл жерде сіз он километрлік су бөгетінің (плотина) немесе миллиметрдің жүзден бір бӛлігіндей микроэлементтердің сызбаларымен 1:1 масштабында қиналмай-ақ жұмыс істеуіңізге болады.

Командалар жолы

Командалық жолда (кейбір әдебиеттерде оны командалар терезесі деп те

атайды) AutoCAD-тың басқару командалары, олардың параметрлері ендіріледі және операцияны орындау жөніндегі ақпараттар көрсетіледі. Командалық жолдың ақпараты мәтіндік терезеде көрсетіліп, командаларды орындау хаттамасына автоматты түрде жазылады. Мәтіндік терезеден командалық жолдағы ендірілген және шығарылған мәліметтерді оқуға болады. Экранда мәтіндік терезені кӛру үшін F2 клавишасын басу керек.

Қалып-күй қатары (Строка состояния)

Бұл жолда курсор қиылысының координаттары және сызу режимдері (Адым,

Тор, Орто, Түзеу және т.б) көрсетіледі. Бұл режимдердің аттары жолда түйме ретінде көрсетілген. Олардың қосылуы немесе ажыратылуы сол түймелерді кӛрсетіп тышқанмен белгілеу арқылы немесе клавиатурадағы F3 – F11 функционалдық клавишаларын басу арқылы жүзеге асады. Қосылып тұрған режимнің түймесі экранда сәл батыңқырап тұрғандай көрінеді.

Курсор қиылысы және таңдау дәлдегіші

Курсор (меңзер) қиылысы сызбада нүктелерді көрсету үшін, ал таңдау

дәлдегіші редакциялау командаларындағы объектілерді таңдау үшін қолданылады.

Редакциялау командаларының объектілерді таңдау жүйесі іске қосылғанда курсор қиылысы бірден таңдау дәлдегішіне айналады.

Егер жүйе нүкте координаталарын сұраса керісінше болады. Курсор мен таңдау дәлдегішін басқару үшін көбіне тышқанды қолданады. Курсордың ағымдық координаталары қалып-күй қатарының сол жақ бұрышында көрсетіледі.

Контекстік мәзір.

Контекстік мәзір тышқанның оң кнопкасын басу арқылы

экранға шақырылады және ол курсор қиылысының қасынан көрінеді. AutoCAD 2008 жүйесінде бұл мәзірге кіретін командалар құрамы бірнеше параметрлерге байланысты, соның ішінде:

• мәзірді шақыру кезінде орындалып жатқан команданың түрі, • курсордың экрандағы орны,

клавишасын мәзірді шақыру кезінде басып тұру.

Контекстік мәзірдің мысалы 1.2-суретте көрсетілген.



написать администратору сайта