Главная страница
Навигация по странице:

  • 1-жүргізуші.

  • «Тәрбиенің ең тамаша мектебі - отбасы»

  • 2. Олай болса Ой қозғау ретінде шағын бейнероликке назар аударайық Ата-аналар үшін: Сіздер үшін “Отбасы деген ұғымын қалай түсінесіздер”

  • отбасы сценарий. 1жргізуші. Анабала,балаана бір ым Бір бірінсіз жо оларды баыты Омыртаны збеу шін жлынын Екеуіні тсін бірге уаыты 2 жргізуші


    Скачать 15.86 Kb.
    Название1жргізуші. Анабала,балаана бір ым Бір бірінсіз жо оларды баыты Омыртаны збеу шін жлынын Екеуіні тсін бірге уаыты 2 жргізуші
    Дата18.07.2022
    Размер15.86 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаотбасы сценарий.docx
    ТипДокументы
    #632629

    Мұғалім: «Отбасы – шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ – мемлекетіміздің құт берекесі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін ұлттық тәрбиеге байланысты. Бала тәрбиесіндегі ата- ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру;ата –ана және бала арасындағы қарым- қатынасты нығайту мақсатындағы шарамызға қош келдіңіздер.

    1-жүргізуші. Ана-бала,бала-ана бір ұғым

    Бір –бірінсіз жоқ олардың бақыты

    Омыртқаның үзбеу үшін жұлынын

    Екеуінің өтсін бірге уақыты

    2 – жүргізуші: Ана –бала көздің ақ пен қарасы

    Бір-бірінсіз таусылмайтын шарасы

    Әр ананы арманына жеткізер,

    Әр баланың ақылы, ары санасы дегендей бүгінгі «Тәрбиенің ең тамаша мектебі - отбасы» атты танымдық сағатымызды бастаймыз.

    І бөлім. Әдеби – музыкалық монтаж

    ІІ бөлім. «Отан – отбасынан басталады» сайыс

    Ата – ана – өмірдегі ең қымбат адамдар. Олар бізді жақсылыққа әдептілікке, адамгершілікке тәрбиелейді. Сабақта да, үйде де ұқыпты, тәртіпті, саналы бала болса екен деп тілейді. Әсіресе,”Түп қазығың - Отаның, ар - намысың - тілің, кәусар бұлағың - ұстазың, қамқоршың - әкең, ақылшың – анаң” деген сөздер көңілімізде жатталып қалыпты. Бүгінгі шарамызды барлық әке мен аналарымыздың құрметіне ән шашумен бастамақшымыз сыныбымыздың ер жігіттерінің орындауында «Әке-Ана» әні

    2. Олай болса Ой қозғау ретінде шағын бейнероликке назар аударайық

    Ата-аналар үшін: Сіздер үшін “Отбасы деген ұғымын қалай түсінесіздер?” (Ата-аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады.) Әр баланы тәрбиелеудегі басты мақсаты отбасы демекші. Ал енді құраметті ата-аналар сіздердің әр қайсыларыңыздың ойларыңыз құнды, өз ойларыңызды ортаға салыңыздар.

    Оқушылар үшін: Ана, әке сөздеріне синквейн жасау.

    3. Әлем халықтарының салт-саналарымен салыстырғанда ұлттық мәдениетімізде мақтанышпен айтатын қасиетті дәстүрлеріміз баршылық. Соның бірі – ата-бабамыздан жалғасқан, бүгінгі күндегі озық медицинаның дәлелдеуінен өткен жеті аталық ұстаным, жеті атаға толмай қыз алыспайтын қазақи шежірелік жүйе. Ол – қазақ халқының дәстүрлі салт-санасында ата-тектің жалғасуын реттейтін қасиет. Осыған байланысты ежелден бері қазақ халқында өзінің жеті атасын білуі әрбір азаматтың борышы болып саналады. Сонымен бірге бұл – ата-ана үшін отбасылық үлгі-өнегенің әліппесі. Халқымыз баласын кішкентайынан жеті атасын тануға үйретеді. Біріншіден, бабадан тараған ұрпақтар бір атаның балалары саналады. Ал, екіншіден, баладан тарайтын ұрпақ әкеден бастау алып, жалғаса береді. Жеті аталық рулық жүйенің маңызы мен мәні, қоғамдық рөлі мен өнімі жайлы «Қазақ ұлттық энциклопедиясында» былай делінген: «...өз ата-бабасын жеті атасына дейін білу әрбір қазақ азаматы үшін міндет болған.

    4. Ойын “Ата - ананың алақаны-балаға саялы бақ”

    Бізді дүниеге алып келген – Ана. Әлемде ананың алақанынан артық аялы, жылы, жұмсақ еш нәрсе жоқ.

    5. Қара шаңырақ – қазақтың қacтеpлі, қacиетті үйі. Әке шаңырағын «үлкен үй» деп атап, отау иелері құрмет тұтқан. Ал бұл шаңырақ осылай бірнеше ұрпаққа ауысса, ата-бабадан жалғасқан қара шаңырақ деп аталады. Бірге туысқандар өз әкелерінің шаңырағын қара шаңырақ деп емес, «үлкен үй» деп атаған. Отбасымыз мерейлі, қасиетті қара шаңырағымыз мықты болса, Отанымыз мызғымайды, ел тозбайды. Қара шаңырақ – әр саналы жанның сүйеніші, тіреніші, қазынасы, киесі. Лайым, қара шаңырағымыздың, егеменді еліміздің іргесі сөгілмесін! Деген тілекпен қазір сол үйіміздің макетін жасап көрелік.

    «Ұлылардан қалған ұлы сөздер»

    Жанұяда әке мен ананың орны ерекше. Бұл туралы өмірде талай дана , талай ақын жазушыларымыз айтып өткен болатын. Ендеше, «Ұлылардан қалған ұлы сөздерге құлақ түрейік.

    1. оқушы. Мұхаммбет Пайғамбар: «Әуелі анаңды сыйла, сосын анаңды сыйла және тағы да анаңды сыйла!»

    2. оқушы.Кемал Кеніш: «Үйіміздің шуақты нұры аяулы ана болса, асқар тауы, ақылшы тірегі- әке, өзіңсің»

    3. оқушы.Дулат Бабатайұлы: «Ата-ана ақылы-қазылған қара кенмен тең»

    4. оқушы. Махмұд Қашқари: «Атасынан ақыл алса-тентек ұл да жөнделер»

    5.оқушы. Ғабиден Мұстафин.

    «Балаға сіңірген ата-ана еңбегін бала өмір бойы ақтап бола алмайды. Балаға деген махаббат ешбір махаббат теңдесе алмайды, ол өле –өлгенше суынбайтын махаббат»

    Оқушы. Жүсіп Баласағұн «Ата-анадан өсіп ұрпақ таралған , жақсы –жаман бала болса –солардан.

    . Ана

    2. Мейірімді, сүйікті

    3. Өсірді, тәрбиеледі, кұшақтады

    4. Ана бір қолымен әлемді тербетеді.

    5. Мама (апа, шеше, анашым)

    әке
    2)мықты, мейірімді
    3)құтқарады,құшақтайды, сүйеді
    4)менің әкем ең қайырымды
    5) отбасы


    написать администратору сайта