Құрылыс жобаларын ұйымдастыру. 2.такырып. 1. рылысты йымдастыру жобасы Жмыс ндірісіні жобасы
Скачать 354.73 Kb.
|
ҚҰРЫЛЫС ӨНДІРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ЖОБАЛАУ 1. Құрылысты ұйымдастыру жобасы 2. Жұмыс өндірісінің жобасы 3. ҚҰЖ және ЖӨЖ қабылданған шешімдерді техникалық –экономикалық бағалау Құрылыс ұйымын және жұмыс өндірісін жобалаудың құрамы, мазмұны және тәртібі «Құрылыс өндірісін ұйымдастыру» ҚМжЕ 3.01-85 негізгі жағдайлармен регламенттеледі. Жаңа нысандарды кеңейту және қайта құру құрылыс ұйымдастыру жобасы (ҚҰЖ), жоғарыда көрсетілгендей екі сатылы жобалауда бектілетін ұйымдастыру жобасының құрамы жасалынады, ол берілген жобаны толық немесе жобалаушымен келісім бойынша мамандандырылған ұйымдарды орындайды. ҚҰЖ тапсырыс беруші , мердігер, тағыда ұйымдар үшін міндетті құжат болып табылады, олар қаржыландыру және материалдық –техникалық қамтуды жүзеге асырады. ҚҰЖ бастапқы құжаттары: техника-экономикалық негіздеу (ТЭН) немесе есептемелер; инженерлік ізденістер; материалдарды, құрылымдарды және механизациялау құралдарын қолдану бойынша шешімдер; материалдарды және қондырғыларды жеткізу және тасымалдау жағдайлары ; қосушы кешендерге құрылыс нысандарды бөлу; құрылысты электр энегиясымен және сумен қамту көзі жайлы мәліметтер; тапсырыс берушінің және мердігердің басқада талаптары ; құрылыстың директивті мерзімдері. Жұмыс көлемдерге және материадарға энегетикалық ресурстарға қажеттілікті анықтау жеңілдетілген әдіспен жүргізіледі: жұмыс сызбадан таңдаманы қолданумен ұқсас ғимараттың және жабдықтардың жобалар бойынша ; бекітілген көрсеткіштердің сметалық құны және ресурстардың шығыны, сметалық құндар және ресурстардың шығынының көрсеткіштерімен. Машинаға , көлікке, энергетикалық және басқада ресурстарға қажеттілік есептік жолмен анықталады немесе мөлшерлік есептемелермен 1 млн.тн. ҚМЖ жылдық көлемі бойынша. Құрылыста жұмыс жасаушылардың саны орташа жылдық шығарылымның негізінде анықталады. ҚҰЖ жаңа құжаттар болуы тиіс: құрылыстың дайындау және негізгі кезеңіне құрылыс бас жоспары; құрылыстың күнтізбелік жоспары және дайындау перодының бөлек жоспары. Жоспар негізінде құрылыста ҚМЖ өндірісінің сызбасын құрастырады; ұйымдастырушылық –технологиялық жұмыстың кезектілігін көрсетумен нысандардың сызбасы; Кесте 1.1 ҚҰЖ және ЖӨЖ жобасының схемасы
ІІ саты. Жұмысшы құжаттар
Құрылыс, жинақтау және арнайы жұмыстарды анықтау көлемінің ведомствасы; құрылыс нысаны және периоды бойынша құрылымда, бұйымда, материалдарда және қондырғыларда таратумен қажеттілік ведомствасы. ҚҰЖ ЖӨЖ типтік қолданумен жобаланады. Кесте 1.1 және сур.1.1 ҚҰЖ және ЖӨЖ схемасы және жобалау құрамы келтірілген. 2. Жұмыс өндірісінің жобасы Жұмыс өндірісінің жобасы мердігер ұйыммен жобаланады немесе оның ұсынысымен технологиялық ұйымды жобалау - «Оргтехстрой» трестімен, құрылыс бастықтары, комбинаттары және облыстағы құрылыс басқармасының. ЖӨЖ жобалау құны қосымша шығындар есебінен төленеді, өте күрделі нысандар құрылысынан бойынша төленеді. ЖӨЖ құруға бастапқы құжаттар: бұрын бекітілген жоба, оның ішінде ҚҰЖ; ЖҚ және сметалар; технологиялық, энегетикалық және басқа қондырғыларды жеткізу жайлы мәліметтер; жинақтық құрылымдар, бөлшектер , бұйымдар және жартылай заттар жеткізу жайлы мәліметтер; мөлшерлік құжаттар. ЖӨЖ технологиялық құжаттардың үш негізгі түрінен құралады: сызбалар,құр. бас жоспарлар және технологиялық карталар. Жобаның нысанының көлеміне , қолданылуына және күрделілігіне байланысты осы құжаттардың бірдей еместігімен үйлесуі мүмкін. ЖӨЖ жұмыс көлемін ЖҚ бойынша анықтайды, өндірістік мөлшерлер бойынша барлық ресурстар түрлерінің есептемесі. ЖӨЖ құрамына нысанды жасау үшін немесе оның бөліктеріне мыналар енеді: А ) жұмыс өндірісінің күнтізбелік жоспары нысан бойынша немесе кешендік желілік сызба бойынша; Б ) құрылыс бас жоспары; В) құрылыс нысанына құрылымдар, бұйымдар, материалдар және қондырғыларға жеткізу сызбасы; Г) нысан бойынша жұмысшы кадрлардың қозғалу сызбасы ; Д) технологиялық карталар Е) өндірістік геодезиялық жұмыстар бойынша шешімдері; З) сыртқы тасқындық бригадалық мердігердің әдісімен жұмысты орындау бойынша іс-шаралар; И) су- , жылу және энергиямен қамту және жарықтандыру бойынша орнатулар шешімі, К) технологиялық инвентарлар және жинақтау жабдықтар тізімі, тағыда жүктердің сызбалары; Л) қабылданған шешімдер, ТЭК және жұмыс әдісін негіздеумен түсініктеме жазбалар. Дайындық жұмыстарға ЖӨЖ осы номенклатурада орындалады. ЖӨЖ техникалық күрделі емес нысандар үшін тек күнтізбелік жоспар, стройген жоспар және қысқаша түсініктеме жазбасына ие. Типтік жобалар бойынша нысандар үшін ЖҚ ның құрамына КЖЖ өндірісі бойынша негізгі жағдайлар кіреді. 3 ҚҰЖ және ЖӨЖ қабылданған шешімдерді техникалық –экономикалық бағалау Құрылыс жұмысын ұйымдастыруды жобалаудың деңгейін сипаттаушы негізгі көрсеткіштерге: құрылыс ұзақтылығы, негізгі жұмыс түрлерін механизациялау деңгейі, еңбек және машина уақытының салыстырмалы шығындары, құрылыс өнімінің бірлікке жатқызылған энегетикалық ресурстардың салыстырмалы шығындары( мысалы, адам -күнге 1м ғимарат аумағының еңбек сыйымдылығы , электр энергия шығыны квт сағ 1 м бетон құрылым, ақшалай немесе табиғи анықтамада орташа күндік шығарылым және т.б.). Алынған техникалық –экономикалық көрсеткіштерді алдыңғы қатарлы отандық және шет елдік тәжрибемен ұқсас нысандарда қол жеткізілген көрсеткіштерді салыстырумен талданады. Күрделі жобалаулар үшін жобалаудың жалпы принциптеріне сәйкес ЖӨЖ нұсқалары орындалуы . Экономикалық салыстыруларды құрылыстағы капиталдық салымдардың экономикалық тиімділігін анықтау бойынша нұсқаулықтарға сәйкес жүзеге асырылады (СН,423-71). ҚҰЖ нұсқалары құрылыс ұзақтылығын және құрылыс ұйымдарының негізгі өндірістік қордың құнын есепке алып бағалайды. Нұсқаларды және экономикалық бағалауды салыстыруды мына өрнекпен жүргізеді Мұндағы экономикалық тиімділік мөлшері; Т- үлкен құрылыс ұзақтылығымен нұсқа бойынша нысанды жасау ұзақтылығы; 0,12- құрылыста тиімділіктің нормативтік коэффициент; - нұсқаларды салыстыру бойынша құрылыс жылдары бойынша өндірістік қордың негізгі орташа жылдық құны; тұрақты шығындарды қысқарту тиімділігі; - тұрғылып жатқан кәсіпорындарда негізгі өндірістік қордың іс әрекетінің жедел тиімділігі; - капиталдық салымдарды таратудың тиімділігі; Д- қосымша шығындар. Қосымша тұрақты шығындарды қысқартудан тиімділік және негізгі өндірістік қорды жедел қолдануды мына өрнекпен анықтаймыз Мұндағы Н- тұрақты қосымша шығындар; - норма бойынша құрылыстың ұзақтылығы; - салыстырылып отырған нормалар бойынша құрылыс ұзақтылығы; Ф- негізгі өндірістік қордың іс әрекетіне енгізілген сметалық құн. Тұрақты қосымша шығындарға әкімшілік –шаруашылық шығындар жатады, олар басқару аппаратымен, титулдық емес жабдықтардың тозуымен байланысты. Тұрақты қосымша шығындардың орташа өлшемі шығындардың нормативті мөлшерінен 60% тең. Жылдар бойынша құрылысқа капиталдық салымдарды түрлі тарату тиімділікті салыстыру нұсқаларында мынаны құрайды Мұндағы және - нормативттер және салыстырмалы нұсқалары бойынша капиталдық салымдардың орташа мөлшері, руб; Мұндағы -1-ші және 2-ші және келесі күнтізбелік периодқа құрылыстың барлық уақытында артушы капиталдық салымдардың қортындысы; салыстырылып отырылған нұсқалар бойынша құрылыс ұзақтылығы. ЖӨЖ нұсқалар құрылыстың бірдей ұзақтылығымен құрылыстық –монтаждық жұмыстар бойынша , негізгі және қайтымды өндірістік құрылыстық және монтаждық ұйымдардың қорының құны бойынша бағаланады: Мұндағы C1 және C2 -салыстырылып отырған құрылыстық –монтаждау жұмыстарының өзіндік құны ерекшеліктері; - салыстырмалы нұсқалары бойынша негізгі және қайтымды өндірістік қордың құнының ерекшеліктері. Егер салыстырмалы нұсқалар құрылыс ұзақтылығы бойынша ерекшеленеді, онда қосымша уақыт факторының әсерінен тиімділікті есепке алады. Сур.1 Құрылысты және жұмыс өндірісінің жобасын ұйымдастырудың жоба құрамы |