Главная страница

контент-анализ 2д3с3. Контент-анализ әдісі. 3 Контентанализ дісі


Скачать 17.01 Kb.
Название3 Контентанализ дісі
Анкорконтент-анализ 2д3с3
Дата29.03.2023
Размер17.01 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаКонтент-анализ әдісі.docx
ТипДокументы
#1023603

3.3. Контент-анализ әдісі

Контент-анализ - зерттеу мақсаты үшін маңызды саналатын ақпаратты алуға

бағытталған құжаттарды жүйелік талдау әдісі.

Контент-анализ даму тарихында шартты түрде 3 кезеңді көрсетеміз.

1. ІХ ғасырдың соңынан бастап ХХ ғасырдың 30 жылдарына дейінгі кезең.

Мәліметтердің мазмұнын жиілік бойынша талдаулардың қалыптаса бастауы.

2. ХХ ғасырдың 40-шы және 50-ші жылдар кезеңі. Мұнда Г. Лассуел және

Берльсннің классикалық контент анализ кезеңі.

3. ХХ ғасырдың 50 жылдарының соңы 60 жылдар Ч.Осгудтың контент анализ әдісін жетілдіру және Ф.Стоунның контент анализдік компьютеризациялау кезеңі.

Мақсаты - зерттелетін құжат мазмұнындағы объект туралы ақпаратты айқындау: белгілер түрінде тіркеу, оның сенімділігі, маңыздылығын анықтау және сол арқылы зерттеу объектісінің көрсеткіштерін жасап шығару.

Пайдалану аймағы: кез-келген психологиялық зерттеуде басты және қосалқы әдіс ретінде пайдаланылады.

Негізгі нормативтік ережелері: зерттеу мақсатын анықтау болып табылатын текст және болжамды құжат тілінен зерттеу тіліне аудару, мәліметті жинаудағы жүйелілік, құжат мазмұнын қабылдау мен мағыналаудағы субъективтілікті шеттету, тіркеу дәлдігі мен тіркелген мәліметтерді түсіндірудегі бірмағыналылық.

Контент-анализ құжатты талдауға арналған әдіс.

Құжат дегеніміз - хабарларды жеткізуге және сақтауға арналған адам қолынан жасалатын деректер көзі.

Құжаттың классификациясы

1-деңгей.

1. Ақпаратты тіркеу тәсілі бойынша бөлінеді.

а) жазбаша (баспа және қол жазба)

ә) иконо-графикалық (фото, бейнелеу құжаті)

2. Фонетикалық (аудиожазба)

3. Аудио-визуалды (видеожазба, кино)

2-деңгей. Құжат шығатын көздердің статусы бойынша 2-ге бөлінеді.

1. Ресми (мемлекет, қоғамдық орындар)

2. Ресми емес.

3-деңгей. Тұлғаландыру бойынша.

а) жеке

б) қоғамдық

4-деңгей. Хабардың шығу көзі бойынша.

а) алғашқы

б) кейінгі

Контент-анализдің процедуралары

а) зерттеудің негізгі концептуалды ұғымдарын қолдану керек. Оны контент анализдің категориясы дейміз.

б) бұл категориялардың еске салу жиілігін және көлемін сенімді, жүйелі түрде тіркеп отыру керек.

Контент-анализдің объектісі көбіне құжаттардың тексті болады. Сонымен бірге суреттер, БАҚ, аудио-видео жазбалар. Контент анализ – мазмұнды талдау.

Оның басқа құжаттарды зерттеу әдістерінен негізгі ерекшелігі - зерттелінетін текстерінің қандай да бір мағыналарының бірліктерінің кездесу жиілігі тіркеліп отырады. Сөйтіп алынған сандық мәліметтер құжаттарының сандық және латенттік (жасырын) мазмұнын анықтауға мүмкіндік береді. Яғни, контент анализ құжаттарды сандық–сапалық зерттеу әдісі болып табылады.

Контент анализдік зерттеулерді дұрыс жүргізу үшін мынадай талаптар орындалуы қажет.

• Зерттеулердің кілттік концептуалды ұғымдарын қалыптастыру қажет. Оны контент анализдің категориялары деп аталады.

• Талданатын текстегі осы категориялардың кездесу жиілігін сенімді және жүйелі түрде тіркеп отыруы қажет.

Алынатын сандық мәліметтерді статистикалық әдістемелерді қолдана отырып өңдеу және зерттеу мақсатына сәйкес интерпретациялау қажет. Контент-анализ қандай да бір тұлғалардың немесе әлеуметтік топтардың хабарламасы арқылы олардың әлеуметтік психологиялық сипаттамасын анықтауда сұрақтама әдістемелерінде респонденттің (жауап берушінің) жауабын талдауда проективті әдістемелер арқылы алынатын текстік мәліметтерге талдау жасауға қолданылады.

Контент-анализдік зерттеудің процедуралық кезеңдері.

1-кезең. Мәселенің теориялық негізін және зерттеу объектісін анықтау,

категориялы аппаратын өңдеу. Контент анализдерінің сай келетін сапалық және сандық бірлігін таңдап алу. Бұл этап зерттеу программасын тікелей байланысты. Егер де әңгіме зерттеуге байланыссыз құжаттар туралы болса, мысалы, газет-журнал, тексті онда талдау қажеттігі туады. Мысалы: БАҚ мәтіндеріне контент-анализ жасаған кезде, алғашында оның шығару ұйымы талдап алынады. Содан соң № және хабарлаудың типі алынады. Мысалы: рубрикалар немесе публикация типі.

Контент анализдің бірлігі. Контент анализдің бірлігін 2 топқа бөлеміз. 1

сапалы. 2 санды.

Сандық бірліктер тексте мағыналық ұғымдарды қалай санау керек? деген сұраққа жауап берсе, сапалық бірліктер тексте нені санау керек ? деген сұрақтарға жауап береді.

Сапалық бірліктерге - категорияларды және олардың текстегі бірліктерін, референттерін, индикаторларын жатқызуға болады. Осы категориялардың өзі басқа да ұсақ бірліктерге ішкі категорияларға (подкатегоряияларға) бөліне алады.

Контент-анализдің сандық бірлігі ретінде контекст бірлігі мен есептеу бірлігі алынады.

2-кезең. Код беру нұсқаулығын қалыптастыру кезеңі. Бұл этапта контент анализдің категориялары мен ішкі категорияларын текстің нақтылы мазмұнды текстерінің нақтылы мазмұнды әлемдер мен сәйкестендіру жүреді. Яғни, таңдап алынған зерттеу категорияларына сәйкес текстердің индикаторлары анықталады.

Барлық категориялармен ішкі категорияларға қандай да бір сандық немесе әріптік белгі –код беріледі.

3-кезең. Тексті пилотажды кодтау. Бұл кезеңде әдістемені апробациялау.

Мақсаты мен текстің зерттелінетін көлемінің бір бөлігіне ғана кодировка енгізіледі. Пилотажды кодировка әдістемелерінің сенімділігін тексеруге мүмкіндік береді.

4-кезең. Зерттелінетін текстердің барлық көлемін кодтау. Бұл кезеңде квантивикация процесі жүреді. Квантивикация – барлық зерттелінетін тексті сандық мәнге ауыстыру. Категориялар мен ішкі категориялардың кездесу жиілігі арнайы дайындалған карталарға енгізіледі.

5-кезең. Алынған сандық мәліметтерді статистикалық өңдеу кезеңі. Әдетте жиілік және проценттік үлестірулер мен корреляция коэффициенті кездеседі. Жиі жағдайларда жалпы текстегі мағыналық категориялардың басым салмағын анықтағанға байланысты мына формула қолданылады:

100%

(2 )



+

+

=

Å Ê Êќ

Êíåã Ê

Ó

á

ќос

Â

УВ - мағыналық бірліктің басым салмағы

Êíåã

- К негізгі мағыналық бірлік негізгі болған жағдайлар

Êќос

- мағыналық бірлік қосалқы болған жағдайда

Е – талданған құжаттардың саны

Шын мәніндегі (фактілік жағдай) және ықтималды өлшемдерді салыстыра отырып қандай тәуелділіктің кездейсоқ емес екендігін анықтауға болады. Ықтималдық мән мен фактілік мән бір –бірімен сәйкес келген жағдайларда тәуелділік кездейсоқ емес.

6-кезең. Алынған мәліметтерді интерпретациялау.

Контент-анализ әдісінің түпкі мақсаты - текстен тыс шындыққа жету, яғни құжаттегі текст негіздерінде оны талдау нәтижесінде, біз нақты адамдар мен құбылыстар жалпы қорытынды жасаймыз.


написать администратору сайта