әндер сөзі. Тыдаан кілдегі толамымды Шыдаан трбие мен таламымды
Скачать 13.93 Kb.
|
Тыңдаған көңілдегі толғамымды Шыңдаған тәрбие мен талғамымды Өмірдің маған сыйы деп білемін Өзіңдей жанға шәкірт болғанымды Источник text-pesni.com Талпынған балапан ем ұядағы Қырандай жетілдірдің қиядағы Ұстазға деген ыстық сағынышым Бір әнге қалай ғана сыя алады Ұстазым менің, қамқорым едің Баулыған асыл өнерге Жүрегің дархан, өзіңнің арқаң Биікке шықсам егерде Өмірдің мен білмейтін қатпарларын Жаныма сіңіргенше тоқталмадың Алдымнан шықты бүгін қолын бұлғап Қанша жыл қиялдаған тәтті арманым Ұстазым менің, қамқорым едің Баулыған асыл өнерге Жүрегің дархан, өзіңнің арқаң Биікке шықсам егерде Алғаш әріп танытқан Ұстаз деген жарық таң Бойға білім дарытқан нұр боп Еңбегі бар ақталған Бала қиял тәтті арман Ұстазыма сақталған сыр көп Қайырмасы Бас иемін мәңгі ұстаз лайық құрметке Қабылда бұл әнді шәкіртіңнен Алғысы деп айтқан жүректен Есімде гүл ұсынған Көкке қиял ұшырған Құпияңды жасырған кезде Ақ тілегі ақ кеме Талай жанға бақ берген Өмір жолын сап берген сіздей Қайырмасы Бас иемін мәңгі ұстаз лайық құрметке Қабылда бұл әнді шәкіртіңнен Алғысы деп айтқан жүректен Еңбегін сенін ұстазым менін Жеткізген асқақ арманға Мейіріммен мен берген білімін Сыйлаған жан жүрек жылуы |