Главная страница

ОЙЫНДАР. 12 сәуір ғарышкер күні. Айдын Аанлы Айымбетов


Скачать 19.68 Kb.
НазваниеАйдын Аанлы Айымбетов
АнкорОЙЫНДАР
Дата07.06.2022
Размер19.68 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла12 сәуір ғарышкер күні.docx
ТипДокументы
#574245

Айдын Ақанұлы Айымбетов (27.07.1972, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Өтенай ауылы) - Қазақстан ғарышкері, Халық қаһарманы. Шыққан руы жалайыр.

Білімі

Мектепті алтын медальмен бітірген. 1993 жылы Армавирдегі жоғарғы әскери авиациялық училищені "ұшқыш-истребитель" мамандығы бойынша бітірген.

Әскери қызметі

1993 жылдың мамырынан Қазақстанның Қарулы Күштерінің қатарында қызмет атқарады. Ұшқыш-истребитель. Ғарышкерлер отрядына таңдау алдында Талдықорған қаласы маңындағы авиабазада авиациялық бөлімшенің командирі болып қызмет атқарды. 2009 жылдың желтоқсанынан Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттiгi төрағасының кеңесшісі, агенттік департментінің директоры. 2011 жылдың наурызынан Сұлтанғазиев атындағы ғарыштық зерттеулер институтында ғарыштық технологияларды ақпараттық-білімдік қамтамасыз ету бөлімінің бастығы. 2012 жылдың көктемінен Астана қаласындағы Оқушылар сарайындағы жас ғарышкерлер мектебінде ұстаздық етеді.

Әскери атағы

Қазақстан Республикасы Әскери-әуе қызметінің полковнигі (2014 жылдан).

Ғарыштық даярлығы

1993 жылы алғаш рет ғарышкерлікке өтініш берді.

Екінші мәрте 2001 жылдың 5 мамырында қайта берді.

2002 жылы Ресей-Қазақстан мемлекетаралық бірлескен ғарышқа ұшу келісімі аясында Мәскеу қаласында медициналық комиссиядан өтті.

09.11.2002 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы ведомствоаралық комиссия мәжілісінде Қазақстан Республикасы ғарышкерлері отрядына кіргізу туралы ұсыныс жасалыынды.

12.10.2012 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1304 қаулысы негізінде Қазақстан Республикасының ғарышкері дәрежесі берілді.

26.05.2015 жылы Қазғарыш баспасөз хатшысы Ербол Дәулетов 2015 жылы ғарышкер Айдын Айымбетовті британдық әншінің орнына 2015 жылдың қыркүйегінде ғарышқа жіберу туралы мәселені талқылап жатқандығын хабарлады.

2015 жылы 2 қыркүйекте 2-бортинженер ретінде транспорттық пилоттанған «Союз ТМА-18М» кемесінде ЭП-18 саяхаты аясында Байқоңыр ғарыш станциясынан Халықаралық ғарыш станциясына аттанды.[3]

Айдын Айымбетов ғарышта он күн болып, маңызды зерттеулер жүргізген болатын. Халықаралық ғарыш станциясынан оралған Айымбетовті президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі күтіп алды.

Марапаттары

Ғарыш кеңістігін игеруге сіңірген аса зор еңбегі, ғарышқа ұшу кезінде көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін Қазақстан Республикасының ғарышкері Айдын Ақанұлы Айымбетовке

«Халық қаһарманы» атағы (14.10.2015)

Алтын Жұлдыз айрықша ерекшелік белгісі

«Отан» ордені (2015)[4]

Отбасылық жағдайы

Отбасылы. Жұбайының есімі - Лилия. Екі баласы бар: қызы - Диана (2000), ұлы - Әмір (1998).

Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев — қазақтың 2-ші, ал әлемнің 309-шы ғарышкері, техника ғылымдарының докторы (2008), авиация генерал-лейтенанты (2007). ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасы.

Қысқаша өмірбаяны

1951 ж. қаңтардың 7-сінде Алматы облысы Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында туған.

1974 ж. — Рига азаматтық авиация инженерлері институтын бітірген, инженер.

1974 ж. сәуірдің 1-інен — Бұрындай әуе кәсіпорнында кезекті инженер.

1975—84 жж. — әуе кәсіпорындарында саяси-тәрбие қызметінде.

1984 ж. — Алматы әуе клубында оқу бітірген.

1986 ж. — ұшқыш даярлауын бітіріп азаматтық авиациясының пилоты деген куәлігін алған.

1987—1990 жж. азаматтық авиациясында ұшқыш, ұшақ командирі қызметтерін атқарған.

1991 ж. бастап ғарышқа ұшуға даярлануында. Әскери әуе күштерінде. Қосалқы ғарышкер есебінде екінші экипаждардың мүшелігінде болған.

2000 ж. техника ғылымдарының кандидаттық диссертациясын қорғаған.

2001—05 жж. Ресей ғарыш мекемесінде.

2005 ж. «Бәйтерек» акционерлік қоғамының (Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны) Бас директоры.

2007 ж. ақпан — Қазақстанның әуе-ғарыш агенттігінің директоры.

2007 ж. сәуірдің 11-інен — Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы.

2014 ж. тамыздың 13-інен Үкімет басшысының азаматтық авация және ғарыш қызметі мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі.

2014 ж. тамыздың 21-інен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитетінің төрағасы

Ғарышқа ұшуы

1994 ж. ғарышқа 1-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-19) 126 күн ғарышта өткізген.

1998 ж. ғарышқа 2-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-27) 208 күн ғарышта өткізген. Гиннестің үздік табыстар кітабында бір айдың ішінде 5 рет не бары 30 сағат 8 минут ұзақтығымен ашық ғарышқа шыққанны жазылып алынған. Ұшқанда американ ғарышкері Л. Эйартс пен ресей ғарышкері (шуваш ұлтынының өкілі) Николай Бударинмен бірге. Қонғанда ресей ғарышкерлері Николай Бадурин мен Юрий Батуринмен бірге.

2001 ж. ғарышқа 3-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-32) 8 күн ғарышта өткізген.

Әскери атағы

Әскери атағы - запастағы РФ ӘӘК генерал-майоры, ҚР авиация генерал-лейтенанты (2007 жылдан).

Хоббиі

Хоббиі - фортепианода, гитарада ойнау, ән айту.[1]

Марапаттары

Союз ТМ-32 экипажы - Деннис Тито (Dennis Tito), Талғат Мұсабаев, Юрий Батурин

Қазақстан Республикасы:

«Халық қаһарманы» атағы (1995)

«Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» атағы (1995)

«Отан» ордені (1998)

«Барыс» 1-ші дәрежелі ордені

«Астана» медалі (1999)

Ресей Федерациясы:

«Дружба народов» ордені (1991)

«Герой Российской Федерации» атағы (1994)

«Лётчик-Космонавт РФ» (1994)

«За заслуги перед Отечеством» 3-ші дәрежелі ордені (1998)

«За заслуги перед Отечеством» 2-ші дәрежелі ордені

Аустрия Республикасы:

Аустрия Республикасының ордені

Америка Құрама Штаттары:

«Ғарышқа ұшқан үшін» NASA медалі (1998)

Жанұя жағдайы

Зайыбы — Мұсабаева (Лацис) Виктория Вольдемаровна, 1952 ж. туған, стоматология дәрігері.

Баласы — Мұсабаев Данияр Талғатұлы, 1975 ж. туған, Қазақстанның ІІМ әскери қызметкері.

Қызы — Мұсабаева Кәмилә Талғатқызы, 1981 ж. туған.

Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров (27 шілде 1946 жыл, Қарқаралы ауданы, Қарағанды облысы, Қазақстан) — қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры (1988), Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы (1995), техника ғылымының докторы (1998), профессор (1997), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.[1]

Орта жүздің Арғын тайпасының Қаракесек руының Таз-Бұлбұл бөлімінен шыққан.[2]

Ресей Федерациясындағы Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін (1969), Авиация институтын бітірген (1979).

Қазақстан Республикасының маркасы

1962 – 1965 жылы Теміртау құйма-механика зауытында токарь болды, есімі облыстың Құрмет кітабына алтын әріппен жазылды (1964).

1969 – 1975 жылы Кеңес Одағы Әскери-әуе күштерінің Қиыр шығыс әскери округінде ұшқыш, звено командирі, эскадрилья командирінің орынбасары.

1975 – 1976 жылы Мәскеу ұшқыштар-сынақшылар мектебін, Мәскеу авиация институтын бітірген (1979).

1976 – 1992 жылы Мәскеудегі А.Микоян атындағы Тәжірибелік конструкторлық бюроның ұшқыш-сынақшысы міндеттерін атқарды.

1988 жылы Кеңес одағында тұңғыш рет әуеде ұшаққа 2 рет жанармай құйдыру арқылы солтүстік полюске ұшу сапарын ерлікпен орындады.

1989 жылы 1-болып, авиатасушы крейсердің алаңқайшасына «МиГ-29к» реактивті ұшағын үлкен шеберлікпен дәл қондырды. Сондай-ақ, ол реактивті ұшақтың 50-ден аса жаңа түрін сынақтан өткізді.

1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынды.

1991 жылы 2 сәуірде Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. Ғарыш кемесі жер төңірегіндегі «Мир» орбиталық кешенімен түйісті. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал туған аймағы бойынша ғылыми-зертуған жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу процесі, сол зиянды аэрозолдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына таралуының ғарыштық суреттері алынды. Сондай-ақ, Қазақстан аумағындағы атмосфераны және жер бетін зерттеу, жұлдызды аспан астрофизика бақылау жұмыстары да ойдағыдай өтті. 1991 жылы 10 қазанда Жерге оралды. Ғарыштан оралған соң Қазақстандағы ғарыштық даярлығын зерттеулердің негізін қалауға, отандық Қарулы Күштердің әскери даярлығын жетілдіруге, әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға белсене араласты.

1992 – 1993 жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 1-орынбасары

1993 – 1994 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық аэроғарыштық агенттігінің бас директоры – Ғылым және жаңа технология министрінің орынбасары

1994 – 95 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты – Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды.

1996 жылдан Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.

2001 жылы №44 Қызылорда сайлау округі бойынша Қазақстан Республикасы Парламентінің мәжілісіне депутат болып сайланды. Қызылорда қаласының құрметті азаматы.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 12 шақырылым депутаты, ҚР Жоғарғы Кеңесінің 13 шақырым депутаты, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің 3-ші шақырылым депутаты болып сайланған.

Ғарышқа ұшуы

1991 Ю.А. Гагарин атындағы ғарышкер дайындау орталығында әзірлігін бастады, сынаушы ғарышкер-ұшқышы, сынаушы. «Союз ТМ» ғарыш кемесінде және «Мир» орбиталды кешенінде сынаушы ғарышкер-ұшқышы жылдамдатылған машықтануын ұшу бағдарламасы бойынша өтті.

1991 жылы қазанның 2-інде Тоқтар Әубәкіров зерттеуші ғарышкер есебінде, Александр Волков және аустрия ғарышкері Франц Фибөк, «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшуға кірісті. Апта бойы «Мир» орбиталды кешенінде жұмыс істеді.

1991 жылы қазанның 10-ында Тоқтар Әубәкіров, Анатолий Арцебарский, аустрия ғарышкері Франц Фибөк «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен Жерге қайтып қонды. Ғарышта өткізген мерзімі — 7 күн 22 сағат 13 минут.

Марапаттары

Қазақстанның:

«Халық қаһарманы»атағы

«Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» атағы

«Отан» ордені (1995)

Кеңес Одағының:

Құрмет Белгісі ордені (1987)

Кеңес одағының батыры атағы (1988),

Алтын Жұлдыз медалі (1988)

«Ленин» ордені (1988),

КСРО-ға еңбек сіңірген сынақшы ұшқыш (1990)

КСРО ғарышкер-ұшқышы (1991)

Қазан төңкерісі ордені (1991)

Австрия Республикасының:

«Алтын Крест» ордені 1988)

«Алтын Крест» ордені (1993)


написать администратору сайта