Жоба. Су табиғи еріткіш. Алтынбек Динара,Амангелді уаныш,Таменова Тахмина ылыми жетекші
Скачать 264.51 Kb.
|
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Жаратылыстану және география Институты Химия және химиялық технологиялар кафедрасы Жобаның тақырыбы: Су – әмбебап еріткіш Автор: «Ғылыми химия» мамандығының 3-курс студенттері Алтынбек Динара,Амангелді Қуаныш,Таменова Тахмина Ғылыми жетекші: физика-математика ғылымдарының кандидаты, «Физика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Рыстыгулова Венера Ботабаевна Алматы, 2022 МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ Тақырыптың өзектілігі: Судың адам өмірі үшін маңызы мен қажеттілігі, пайдасы туралы түсінік бере отырып, суды үнемдеуге, қорғауға үйрету. Оның химиялық құрамымен таныстыру. Табиғи еріткіш екенін дәлелдеу. Жобаның жаңашылдығы: Су туралы толық ақпарат беру. Оның ерігіштік қасиетін анықтау. Жобаның мақсаты: Су – табиғи еріткіш екенін анықтау, дәлелдеу Жобаның міндеттері: Судың құрамын, қасиеттерін талдау; Табиғаттағы су көздерін қарастыру; Судың еріткіштігін қарастыру; Жобаның нысаны: Су Зерттеудің гипотезасы: Айталық ... (тұз суда ериді) Айталық ... (қант суда ериді) Мүмкін ... (құм суда ерімейді) Егер... (бор суда ерімейді) Зерттеу пәні: Судың қасиеті ерігіштік Жобаның сипаттамасы:Жоба кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші бөлімде судың құрамы, қасиеттері мен қолданылуы айтылған. Екінші эксперименттік бөлімде судың еріткіш қасиеті мен адам денсаулығына маңызы туралы атап қарастырылған. Зерттеудің практикалық маңызы: Судың ерігіштігін зерттеу 1. СУДЫҢ ҚҰРАМЫ, ҚАСИЕТТЕРІ МЕН ҚОЛДАНЫЛУЫ 1.1. Су – тіршілік көзі Су — сутегі мен оттегінің қалыпты жағдайларда тұрақтылығын сақтайтын қарапайым химиялық қосылыс. Ауыз су, тіршілік көзі, ол Жер шарының 3 / 4 бөлігін алады, тірі ағзалардың 60-70%-ы, ал өсімдіктердің 90 % -ы судан тұрады.(1-сурет) Жер бетінде тіршілік ең алғаш сулы ортада пайда болды. Су — бүкіл тіршілік иелерінің негізгі құрамдас бөлігі. Бұдан басқа судың тіршілік үшін физикалық-химиялық қасиеттердің: жоғары жылу өткізгіштік және жылу сыйымдылық, жоғары тығыздық, ауа тығыздығының шамамен 800 есе артуы, мөлдірлік, тұтқырлық, қатқан кезде мұздың көлемін ұлғайтуы және тағы басқа қолайлы қасиеттері болады. Біржасушалы және көпжасушалы ағзалар жасушаларының биохимиялық үдерістерінің барлығы сулы ортада өтеді. Су әр түрлі климаттық жағдайлардағы физиологиялық үдерістердің қалыпты өтуіне себепкер болады. Ол сондай-ақ көптеген минералдық және ағзалық заттардың жақсы еруіне себепкер бола алады. Табиғи су құрамында сан алуан тұздың болатыны да сондықтан. Ағзалар жұғымды заттарды тек еріген түрінде сіңіреді. Су – тіршілік көзі. Барлық тірі ағзалардың 75 пайызы судан тұратыны бәріңізге мәлім. Таза сусыз адам өмір сүре алмайды. Су үнемі теңіз, ауа мен құрылық арасындағы айналымды жүзеге асырады. Таза су түссіз, иіссіз, дәмсіз сұйықтық. Сұйық ,қатты,газ: Су 3 түрлі агрегаттық күйде кездеседі. 1-сурет. Су Судың химиялық формуласы-H20 Құрылымдық формуласы- H-O-H Салыстырмалы молекулалық массасы-Mr(H2O)=18 Жай заттардан күрделі заттардың алынуы -синтез(бірігу)деп аталады. Заттың құрамын жай заттарға жіктеу арқылы табу әдісі-талдау(анализ) деп аталады. Су-электр тогын нашар өткізеді.Су неғұрлым таза болса,электр тогын соғұрлым нашар өткізеді. 1.2. Жер бетіндегі су қоры Су — бұл шексіз теңіздер мен мұхиттар, ағысты өзендер және мөлдір көлдер. Дегенмен су тек қана көре алатын, ыстық күндері сүңгіп кететін су айдындарында ғана болмайды. Судың көлемді бөлігі адам көзінен тыс жер астында жасырынған. Бұндай су айдындары жер асты сулары деп аталады. Ғалымдардың зерттеуінше су жер бетінде ең көп кездесетін сұйықтыққа жатады. Судың қазіргі кезде қаупі бар. Адамдардың суды үнемдемей құртуының әсерінен тұщы судың жойылу төтенше жағдайлар қатарында. Ал жер шарына қауіптілігі су басу жағдайы. Антрактида мұзының еруі. Жер асты сулары өзінің ерекшелігі және құрылысы бойынша жер үстінде орналасқан судан ерекшеленеді. Жер асты сулары жерге жауатын жауындардан толықтырылады. Дегенмен бұндай толықтырулар біркелкі емес, өйткені көп жағдайда жергілікті жердің рельефінен, жауын түрінен, сондай-ақ жақсы өткізетін және суды ұстап тұра алатын топырақтан да байланысты болады, ол астыңғы қабатқа өту үшін жол бермеуі де мүмкін. Бұдан өзге, жер асты сулары өз қорын жер үсті су айдындары есебінен де толықтырады. Өз кезегінде жер асты сулары осындай су айдындарын өздері қоректендіреді. Жер астына түсіп су, әдетте, бір жерде жинақталмайды, өзінің орналасу заңдылығы болады. Солай су ерекше жоғарғы және төменгі қабатты ұйымдастырады. Атмосфера үнемі су буымен байып отырады, себебі жер бетіндегі өзендер мен көлдер, мұхиттар мен теңіздер, мұздақтар үнемі буланады. Бірақ атмосферадағы су буының мөлшері тым көбейіп кеткенде, ол асқын қанығуға жетіп конденсацияланып, қайтадан жерге жаңбыр мен қар күйінде қайтып отырады. Табиғаттағы су айналымының өзгеруі жер бетінін, әр жерінде әр түрлі табиғи апаттарға әкеліп соғады. Жердің су қоры теория жүзінде сарқылмайды, себебі тиімді пайдаланған жағдайда су ресурстарының әлемдік су айналымы барысында үздіксіз қалпына келіп отырады. Өкінішке орай, соңғы жылдары Әлемдік Мұхиттарға мұнай өнімдерінің төгілуі, биологиялық алуан түрліліктің азаюы ұлғайып, тропикалық жағалауларга антропогендік қысым көп түсуде. Теңіз жағалауларының өсімдіктер жамылғысы тозып (Индонезия, Филиппин, Тайланд), күріш алқаптарын кеңейту және асшаяндар өсіру үшін тоғандар жасалып, мангра тоғайлары жойылу. 2.ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ 2.1 Су – табиғи әмбебап еріткіш Судың сапалық құрамы сутек пен оттектен тұратыны, ал сандық құрамы екі сутек атомы мен бір оттек атомынан тұратындығы мәлім. Судың айырылуы электр тогының әсерінен жүреді, бұл реакциямен сендер сутекті алу әдісі бойынша таныссыңдар: 2H2O→2H2↑+O2 Су — біршама инертті биологиялық еріткіш сүйықтық, онда кептеген органикалық жөне бейорганикалық заттар ериді, бірақ олардың ерігіштіктері әр түрлі. Қатты заттардың еруін біз қант пен тұзды еріткенде, ал газ күйіндегі заттардың еруін газдалған су ішкенде немесе суды қайнатқанда бөлінген көпіршіктерді байқау арқылы көрсек, сұйық күйіндегі заттардың еруін сірке суын еріткенде байқаймыз. Сонымен суда ерімейтін зат болмайды екен. Заттардың суда еруі тек физикалық құбылыс қана емес, күрделі физико-химиялық үдеріс, еру барысында еріген заттың молекулалары еріткіштің молекулаларында біркелкі таралып қана қоймайды, олармен химиялық әрекеттесе де алады. Оны күкірт қышқылын еріткенде жылу бөлінетіндіктен, сол сияқты құрғатылған мыс сульфатының ақ түсті кристалдарын еріткенде кегілдір түсті ерітінді түзілгенінен байқауға болады. Кез келген табиғи су ерітінді болып теңіз суында — 260 г /л тұз бар, сондықтан онда тіршілік жоқ, яғни атына сай. Ерігіштік — берілген температурада еріткіштің (су) 100 немесе 1000 грамында ери алатын зат массасымен және көлемімен анықталатын шама (г/100 г, г/1000 г Н20, моль/л) Ерігіштік заттың табиғатына тәуелді, мысалы: қант ерімтал болса, бор, әк нашар еритін заттар. Газ күйіндегі заттар үшін ерігіштік қысым мен температураға байланысты. Газдардың ерігіштігі қысым артқан сайын артады, ал температураны арттырғанда кемиді. Қатты заттардың көпшілігі үшін температураны арттырғанда ерігіштігі де артады. Сұйық күйіндегі заттардың ерігіштігі олардың табиғатына байланысты, мысалы, спирт суда жақсы ерісе, ал бензин нашар ериді. табылады. Мысалы, Каспий теңізінде 13 г / л , Қара теңізде 19 г/л, Өлі Ерітінді деп еріткіш пен еріген заттан тұратын біртекті (гомогенді) жүйені айтады. Берілген зат еріткіштің белгілі бір мөлшерінде осы температурада әлі де ери алатын болса, ерітінді қанықпаған, ал ери алмаса — қаныққан деп аталады. Ерігіштік-бір зат екіншісімен салыстырғанда қаншалықты еритінін көрсету Ерігіштіктің сандық мөлшері ерігіштік немесе еру коэффициенті арқылы анықталады.Ол белгілі бір температурада қаныққан ерітінді түзген зат масасының еріткіштің көлеміне қатынасы тең.Өлшемі: г/см3, кг/м3, г/мл, г/л. Берілген температурада одан әрі ерімейтін ерітінді қаныққан, ал одан әрі ери алатын ерітінді қанықпаған деп аталады. 2.2 Адам денсаулығына судың маңызы Су барлық биохимиялық процестер жұрiп өтетiн орта болып табылады. Су газдардың, минералды тұздардың, нейтралды, полярлы қосылыстардың универсалды ерiткiшi болып табылады. Су гидролиз, гидратация, аминсiздену, тотығу- тотықсыздану реакциялары сияқты көптеген биохимиялық реакциялардың тiкелей қатысушысы болады. Жоғары жылу сыйымдылығының арқасында су термореттелуге қатысады. Ауаның 350 С-тан жоғары температурасы кезiнде тер бөлiну организммен сыртқы ортаға жылу берудiң бiрден-бiр қолайлы әдiсi болады. Су қызметтiк активтiлiгiне әсер ететiн клеткалардың, субклеткалық құрылымдардың тургорын қамтамасыз етедi. Дипольдi жағдаймен иемдене отырып, су иондардың, сонымен қатар белокты коллоидты бөлшектер аймағына тұсiп, олардың айналасында сольватты (гидратты) қабықша түзедi. Ересек адамның организмiндегi судың жалпы мөлшерi 60% құрайды. Осы себептен 70 кг салмағы бар адамда 42 л су болады. Бұл өлшем тұрақсыз және жынысқа, жасқа, организмнiң физиологиялық жағдайына, ауруларға және сыртқы жағдайларға тәуелдi. Эмбрионда судың мөлшерi 97%-ке жетедi, жаңа туғандарда – 77% дене салмағының. Жас ұлғайғанда судың керектiмөлшерi азаяды және 80 жастан асқан қарттарда оның мөлшерi 48%-ке дейiн төмендейдi. Еркектерде (64%) әйелдерге (54%) қарағанда соңғыларда майдың керектi салмағының жоғары болуына байланысты бiршама көп. Жеке ткандерде судың мөлшерi олардағы алмасу процестерiнiң жұруiне байланысты. Қанда, бұйректе, өкпеде, жұректе, көк бауырда, бұлшық еттерде, бас миында 70-83% су болады. Бұлардан ерекше майлы, сұйек ткандерi, тiстiң қатты ткандерi суға кедей (10-30%), ал тiстiң эмалiнде барлығы 4-5% қана су болады. Судың біз білмейтін өзге де қасиеттері бар: 1. Иммунитет жүйесін құрайтын жілік майының түрлі ауруға қарсылығын күшейтеді. 2. Су – азық, дәрумен және минералдардың негізгі еріткіші. 3. Су азық құрамындағы керекті элементтердің ағзаға сіңуін арттырады. 4. Эритроциттің жұмыс өнімділігін күшейтеді. 5. Жасушаларды оттегімен қамтамасыз етіп, қалдық газдарды өкпеге тасымалдайды. 6. Улы қалдықтарды жинап, бауыр мен бүйрекке жеткізеді. 7. Су – буын қуыстарын негізгі майлаушы зат. 8. Омыртқа дискілеріндегі шокты су көпшіктеріне айналдырады. 9. Ішек жұмысын реттейді, майлануын қамтамасыз етеді. 10. Дене температурасын реттейді. 11. Су – мидың функциялары үшін күш және электрлік энергия көзі. 12. Жүрек ауруы мен сал (параллич) ауруынан сақтайды. 13. Мидан гормонар бөлінуі үшін қажет. 14. Су адам зейінін ашады. 15. Жұмыс өнімділігін арттырады. 16. Ешқандай кері әсері жоқ. 17. Стресс пен депрессияны басады. 18. Ұйқыны жөнге келтіреді, шаршағанды басады, теріні жұмсартады. 19. Көзге көру қасиетін береді, ағзада қан жасалуын реттейді. 20. Инфекция мен рак ауруына қарсы иммунитетті күшейтеді. 21. Қанды сұйылтып, қан айналымы кезінде қоюлануының алдын алады. 22. Дене қызуын басады. 23. Қанды сұйылтып, қатты заттардың шөгуіне кедергі жасайды. 24. Жүктілікте жүрек айнуын азайтады. 25. Кәрілікте есінен алжасудың алдын алуға көмектеседі. ҚОРЫТЫНДЫ Су – мықты еріткіш. Су – біршама инертті биологиялық еріткіш сұйықтық, онда көптеген органикалық және бейорганикалық заттар ериді, бірақ олардың ергіштіктері әртүрлі. Қатты заттардың еруін біз қант пен тұзды еріткенде, ал газ күйіндегі заттардың еруін газдалған су ішкенде немесе су қайнатқанда бөлінген көпіршіктерді байқау арқылы көрсек, сұйық күйіндегі заттарды еруін сірке суын еріткенде байқаймыз. Сонымен, суда еримейтін зат жоқ екенін біле аламыз. Су – табиғи байлық. Ол табиғатқа және де қоғам шаруашылығына да маңызды. Су тіпті зат алмасу процессін қамтамасыз етеді. Ол – бүкіл тіршілік иелерінің бойында бар зат. Сусыз тіршілік жоқ. Судың құрамында еріген оттегі болғандықтан жануарлар және өсімдіктер өмір сүре алады. Су болмаса тірі ағзалар өледі. Және де су санитарлық талаптарға да керек, себебі сусыз тазалық бола алмайды. Су - біршама инертті биологиялық еріткіш сүйықтық, онда кептеген органикалық жөне бейорганикалық заттар ериді, бірақ олардың ерігіштіктері әр түрлі. Қатты заттардың еруін біз қант пен тұзды еріткенде, ал газ күйіндегі заттардың еруін газдалған су ішкенде немесе суды қайнатқанда бөлінген көпіршіктерді байқау арқылы көрсек, сұйық күйіндегі заттардың еруін сірке суын еріткенде байқаймыз. Сонымен суда ерімейтін зат болмайды екен. Пайдаланылған әдебиеттер 1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО»ҒӨФ. 2007.-29 1 б. ISBN 9965-08-234-0 2. Биология: Жалпы білім беретін мектептің, 9-сыныбына арналған оқулық, 2-басылымы, өңделген/ М. Гильманов, А. Соловьева, Л. Әбшенова. — Алматы: Атамұра, 2009. ISBN 9965-34-927-4 3. Экология (оқулық) — Алматы, 2008 — ISBN 9965-32-223-6 4. ISBN 5-7667-8284-5 |