Қателіктер Назгүл Қожабек - ❌ санкциялық тізім
- ✅ санкция тізімі
- Биылғы жыл, былтырғы жыл, осы жыл, өткен жыл"
- Мұның бәрі - орысшадан калька. Орыс тілінде біздегі сияқты жыл атауын білдіретін бір үстеу сөз жоқ, сондықтан олар "год" деген сөзді анықтауышпен тіркестіріп қолданады: "прошлый год, прошедший год, этот год, следующий год".
- Қазақша - "биыл, былтыр", болды, басқа ештеңенің керегі жоқ.
- "Келер жыл" дегенді білдіретін бір үстеу ғана жоқ қазақ тілінде. "Жарын" деген сөз бар, бірақ ол, неге екенін, кең қолданысқа енбеген. Осы "келер жылдың" өзін "келесі жыл" деп "следующий год" дегеннен калькалау бар, ол да қате.
- Айтпақшы, "биылғы жыл" деп айтар/жазар алдында "бұл жылғы жыл" дегелі отырғаныңызды ескеріп қойыңыз))
- медаль жеңіп алды жеңу - қарсыласынан басым түсу процесі, яғни біреу біреуді ғана жеңеді қандай да бір жүлдені ұтып алады
- қоламен оралды вернулся с бронзой қола медаль алып қайтты
- ❌ пара алу күдігімен ұсталды
- ✅ пара алды/алған деген күдікпен ұсталды
|