Главная страница
Навигация по странице:

  • Автор қызыл тауықтың қандай екенін қалай түсіндіреді

  • Неге Майраның анасында басқару жүйесінің соңындағы тауыққа деген аяныш сезімі оянды

  • тапсырма. №1 Пирлс тапсырмасы. Аты жні Майра мен ызыл тауы


    Скачать 26.44 Kb.
    НазваниеАты жні Майра мен ызыл тауы
    Анкортапсырма
    Дата08.02.2022
    Размер26.44 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла№1 Пирлс тапсырмасы.docx
    ТипДокументы
    #354728

    Аты – жөні:_____________________________

    Майра мен қызыл тауық

    Авторы Прю Андерсон
    Майра тордың есігінің ілмегін ашты. Есікті ашқысы келіп тартқанда, аулаға лап қойған тауықтарды көріп күлді. Олар қауырсындары дірілдеп, қытқыттап Майра шашқан жемді жей бастады. Қызыл тауық әдеттегідей, басшылықты өзіне алып, ең жақсы кесектерді тартып алды да, жолында бөгет болған тауықты шоқып, қанаттарымен сермеп үркіте бастады. «Неге басқа тауықтар қызыл тауыққа өздерін басқаруға жол береді?» - деп сұрады Майра анасынан. «Тауықтарда басқару жүйесі бар», - деп түсіндірді анасы. «Ең батыл және қайратты тауық басшылық етеді. Ол басқа тауықтардың барлығын шоқиды, бірақ оны ешкім шоқымайды. Басқару жүйесіндегі келесі тұрған тауық, басты тауықтан басқа қалған тауықтардың барлығын шоқи алады, сөйтіп ең төменгі сатыға дейін жалғасады, сондықтан сен ең төмендегі тауықты аяйсың. Тауықтар өктемшіл басшыны жақсы көреді». Бірақ Майраның пікірі басқаша болды. Ол тауықтарды түлкі мен үкілер алып кетпес үшін, күнде кешке торларына қамады. Бұл оның міндеті еді. Оның үлкен жанұясында әркімнің өз міндеті болды. Қараңғы түскенде тауықтар өз торларына қайта оралғанына қуанғандай болды. Қызыл тауықтан басқасының барлығы. Ол тордың есігіне бара жатқандай болып, соңғы мезетте кейін қарай секіріп, Майраның оның ізіне түсуін күтті. Тағы бір айласы, ол ауланың ортасында тұрды. Майра жақындап, оны ұстағысы келгенде, қанаттарын қатты қағып, ұстай алмайтындай қайта қашады. Қызыл тауық Майра артынан көп жүгіргеннен кейін, ол ақырындап торға кірді. Майра оның артынан тордың есігін сарт еткізіп жапқанда, кішкентай қызыл көздерінде жеңістің оты жарқ еткендей болды. Майра қызыл тауықты торға кіргізу үшін, оны алдап жақсы көретін тамағын түнде тордың ішіне қалдырды, бірақ тауық оған көнген жоқ. Майра құмыраның қақпағын соғып, қызыл тауықты қорқытқысы келді, бірақ басқа тауықтарды үркітіп, олар екі күн бойы жұмыртқаларын сала алмады. Майра әкесін іздеуге кетті. «Мен мына қызыл тауықтың сыбағасын беруім керек», - деді ол. «Мен оны бір түнге далада қалдырамын, сосын ол түлкімен, үкімен күресіп көрсін. Осыдан кейін мені көргенде торға кіру керек екендігін білетін болады». «Майра», - деді әкесі оған бұрылып. «Тауық түлкімен де, үкімен де күресе алмайды, бізге тауықтарымыз керек. Олардың барлығының жұмыртқалары керек». Ол күлімсіреді. «Сенің мәселең бұлай шешілмейді, өйткені басқару жүйесіндегі келесі тауық қызыл тауықтың орнын басады». Ол жұмысына қайта оралды.

    «Майра жүгіріп ас үйге кетті. «Анашым, маған өз жұмысым ұнамайды. Маған басқа жұмыс керек». «Бұл оңай», - деді анасы. «Сен түскі ас дайындайсың». Майра үстелде үйілген тамаққа қарады, жанұяның барлығын тамақтандыру үшін оларды жинап, турап, пісіру керек еді. «Сен ыдыс жуасың». Майра ыдыс жуатын шұңғылшада кешегі түннен бері үйіліп тұрған қазан мен табаларға қарады. «Сен балаға қарайсың». Майра бананды бетіне, шашына, киіміне мәз болып жағып жатқан өзінің кішкентай сіңілісіне қарады. Майра ас үйдің есігінен шығып кетті. «Мен сенің жұмысыңды атқарар едім», - деді артынан анасы.

    Сол кеште Майра аулада қызыл тауықты қуып жүргенде, ауланың басқа жағынан төмен қарай түсіп бара жатқан үкіні көрді. Үкі үлкен ақ қанаттарымен шөптің үстінен ұшып өтіп, тышқанды тырнақтарымен ұстап алып, көлеңкеге ұшып кетті. Бұл Майраға ой салды. Келесі күні Майра сым мен ақ мата алып, одан екі ақ қанат жасап, таяқтың басына байлап қойды. Ол өзінің жоспарын ағасы Саматқа түсіндірді. Сол кеште Майра әдеттегідей қызыл тауықтың артынан қуып жүрген кезде, Самат Майра жасаған таяқпен аулаға кіріп келді. Ол қанаттарды қызыл тауыққа қарай сілтеді. Тауық тоқтап өзінің қауырсындарын жазып жіберіп, ашуланып қытқыттап, қанаттарын қағып, шабуыл жасаушымен бетпе-бет кездесуге дайын болды, бірақ ақ қанаттар жақындап келе жатты. Қызыл тауық қытқыттауын тоқтатты. Ол жерге отырып, тұмсығын жоғары қарай бағыттап, мүмкіндігі болса, шоқуға дайын болды. Кенет, Майра арашаға түсті. Майра ақ қанаттыларға айқайлай бастады. Ол өз қолымен қанаттарды ұрып, оларды алысқа қарай итеріп жіберді. Оның ағасы қанаттарды жоғары қарай көтерді. Олар қайтадан келіп, Майра оларға тойтарыс беріп жатты. Моншақ тәріздес қызыл тауықтың көздері барлық оқиғаны бақылап жатты, себебі ол Майраның аяғының астында отырды. Ақырында, қорқынышты қанаттар жеңіліп, ұшып кетті. Майра еңкейіп, қолын созды. Қызыл тауық қарсыласпай, тұмсығын абайлап Майраның қолына салды. Майра тауықтың қауырсынды төсінен кішкентай жүрегінің соғысын сезді, оны торға қайта кіргізбек болды. Ол тауықтың жүрек соғысы жайлағанға дейін, оны құшақтап отырды, ал содан кейін оны абайлап торға кіргізді де Саматқа күлімсіреді. «Енді басқару жүйесінің басында сен тұрсың», - деп күлді Самат.


    CҰРАҚТАР Майра мен қызыл тауық



    1. Әңгіменің басында Майра не істеп жүрді?

    • тауықты ұстап жүрді.

    • тауықтарға тамақ беріп жүрді.

    • жұмыртқаларды іздеп жүрді.

    • қауырсындарды жинап жүрді.

    1. Автор қызыл тауықтың қандай екенін қалай түсіндіреді?

    • тауықтың сыртқы келбетін сипаттау арқылы.

    • тауықтың жақсы көретін тамағын сипаттау арқылы.

    • тауықтың қайда тұратынын сипаттау арқылы.

    • тауықтың іс-әрекеттерін сипаттау арқылы.

    1. Неге Майраның анасында басқару жүйесінің соңындағы тауыққа деген аяныш сезімі оянды?

    ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

    1. Неге қызыл тауық Майраны ызаландырады?

    ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

    1. Неге Майра тордың есігін сарт еткізіп жабады?

    • Майра ашулы.

    • Есік дұрыс жабылмайды.

    • түлкі келе жатты.

    • қызыл тауық қашып кетеді

    6.Неге анасы «Мен сенің жұмысыңды атқарар едім» деді?

        • анасы Майраны аяп кетті.

        • Майра үй ішіндегі жұмысты көбірек істеу керек еді.

        • анасы тауықтардың артынан қарап жүргенді ұнататын.

        • Майра анасының жұмыстары одан қиын екенін түсіну керек еді.

    7.Майра өз идеясына қалай жетті?

    • Майраның ағасы, Самат, оған жоспар құрып берді.

    • Майра үкінің тышқанды ұстап алғандығын көрді.

    • Майраның әкесі оған үкілер туралы айтып берді.

    • Майра таяқ пен ақ матаны көрді.

    8. Неге Майра таяққа ақ қанаттар жасайды?

    • тауықтың қанаттарына ұқсау үшін.

    • шешім қабылдау үшін.

    • үкі болып көріну үшін.

    • Саматқа әсер ету үшін.

    9. Сендердің ойларыңша келесі жолы Майра тауықтарды торға кіргізгенде, қызыл тауық не істеуі мүмкін?

    _____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­_______________________________________________________________________________________

    10.Неге «Майра жаңа тәсіл тапты» деген тақырып бұл әңгіменің тағы бір тақырыбы ретінде жақсы болар еді? Бір себебін жазыңыз.

    ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


    написать администратору сайта